Болтаева ә. М



бет43/89
Дата19.06.2023
өлшемі350,96 Kb.
#102180
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   89
Байланысты:
2022 Болтаева А.М. ОПНИ

Эксперименттік топ – эксперименттік факторлар (тәуелсіз айнымалы) әсер ететін топ. Бұл топқа қойлатын талаптар: объектілердің репрезантативтілігі, топ құрудың тұрақтылығы, жүйелі қадағаланатын бақылау жүргізу мүмкіндігі, кей жағдайда эксперимент жүргізуге топ немесе жеке адам келісімі.
Бақылау тобы - зерттеудің барлық талаптарына эксперименттік топпен бірдей жауап бергенімен, бұл топқа ешқандай эксперименттік фактор арқылы әсер етпейді. Бақылау тобы қатысатын эксперименттік зерттеулер нәтижесі жоғары, құнды болып есептеледі.
Эксперименттік және бақылау тобын іріктеудің бірнеше әдістері бар: полярлық іріктеу, жиілік үлестірім, кездейсоқ (рандомизация) іріктеу, комбинациялық т.б.
Эксперименттік ситуация - эксперимент өтетін жағдайлар мен шарттардың жиынтығы.
Эксперименттік айнымалылар - зерттелетін объект жағдайына тікелей және жанама әсер ететін бақыланатын және бақыланбайтын факторлар.
Тәуелсіз айнымалы - эксперименттік топ іс-әрекетін енгізілетін зертеуші тарапынан өзгертілетін факторлар.
Тәуелді айнымалы - тәуелсіз айнымалы әсерінен өзгеріске ұшырайтын факторлар.
Эксперименттік бақылау - эксперименттің барлық кезеңдеріндегі нәтижелік процедураның бірі болып табылады. Оның негізгі қызмет - эксперимент тазалығын қамтамасыз ету. Ол объект нақты бақылау – айнымалыларды тіркеу, объект параметрлік жағдайларын қамтамасыз ету мақсатында жалпы процесті реттеу міндетін атқарады.
Инструментарий - эксперимент инструменті бақылау әдісінің барлық құралдарын: хаттама, күнделік, карточка, анкета т.б. қамтиды.

Эксперимент протоколы:


  • Эксперименттік зерттеу тақырыбының атауы.

  • Күні, уақыты.

  • Эксперименттік топ сипаттамасы.

  • Эксперимент жағдайына сипаттама.

  • Айнымалылар құрамы туралы түсінік.

  • Эксперименттік фактор.

  • Эксперименттік ситуацияларға зерттеу қатынасы.

  • Экспериментті аяқтау мерзімі.

  • Эксперименттің нәтижелерін тіркеу.

Эксперимент себеп-салдар байланысын тексерудегі ең бір объективті әдіс деп есептелінгенмен, ол каузальды байланыс туралы болжамды тексерудегі барлық сұрақтарға сенімді жауап бере алмайды. Алынған мәліметтердің тікелей эксперименттік әсері нәтижесі екенін дәлелдеуді эксперимент валидтілігі қамтамасыз етеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   89




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет