Болтаева ә. М


Ғылыми зерттеудің әдіснамасы, қағидалары мен әдістері



бет6/89
Дата19.06.2023
өлшемі350,96 Kb.
#102180
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   89

Ғылыми зерттеудің әдіснамасы, қағидалары мен әдістері


Кез–келген ғылымның мақсаты ақиқатқа жету, ал оның тәсілі ғылыми зерттеу болып табылады. Қазіргі кезде психология ғылымы өте көп фактілі материалдар жинап, өзінің дамыған эксперименттік ғылыми-әдістемелік аппаратын қалыптастырды. Алайда осы эксперименттік фактілердің көп болуы кейде психологиялық зерттеуде дезорганизациялық қызмет атқарып, ғылымның ары қарайғы дамуына тежеу болуы мүмкін. Осы мақсатта зерттеудің теориялық, әдіснамалық негіздері қарастырылады.
Қазіргі кезде теориялық, әдіснамалық зерттеулердің даму қажеттілігі айқын көрінеді. Олардың міндеті-алынған фактілік материалды белгілі-бір жүйеге негіздей отырып реттеу, мақсатқа бағыттала отырып жаңа материалды алу. Бұл сұрақтарға жауап беру үшін, яғни әдіснамалық негізді қалыптастыру үшін, зерттеудің категориялары мен ұстанымдары анықталуы керек. Ғылыми психологиялық зерттеу мәнін тереңірек түсіну үшін, осы зерттеу барысында пайдаланылатын ұғымдар мен терминдер жүйесін жан-жақты талдау қажет.
Әдіснама - ғылыми таным мен ақиқаттық құрылымдарды жасау әдістері, формалары, қағидаларі туралы ілім. Ол ғылымның әр түрлі салаларында құрылымы, логика, ұйымдастыру, әдістері мен қызмет құралдары, оның теориясы мен практикасы туралы ілім. Әдіснама - білім негіздері туралы ілім ретінде зерттеушінің ғылыми білім үрдісіне негізделген философиялық, идеологиялық ұстанымдарын талдайды және бағалайды.
Әдіснамалық талдаудың әр түрлі деңгейлерін бөліп көрсетуге болады:
Динамикалық деңгей - ғылымның нәтижелерін дүниетанымға сай интерпретациялау, оның категориялық ықпалының ортақ нысандары мен ғылыми ойлау әдістерін талдау;
Статикалық деңгей - жалпы ғылыми сипаты бар қағидалар, ғылыми-зерттеу тәсілдері мен формалары;
Аналитикалық және синтетикалық деңгей - яғни нақты ғылыми әдістемесі әдістер мен қағидаларының жиынтығы ретінде, ол ғылымның белгілі бір саласында пайдаланылады ;
Пәндік деңгей зерттеу әдістері мен қағидаларының жиынтығы қандай да бір ғылыми пәнде немесе нақты ғылымның пәндер қиылысында қолданылады.
Пәнаралық деңгей - кешенді пәнаралық ғылыми-зерттеу әдіснамасы, ғылыми зерттеу логикасына сәйкес ол түрлі ғылымдардың арақатынасы болып табылады2.
Әдіснама - ғылыми-зерттеу әдістері мен техникасын зерттеу ретінде - зерттеу жалпы бағытын құрайтын білім нақты әдістерін маңызды сипаттамаларын қарастырады. Ондай әдістер теориялық және эмпирикалық зерттеу кезеңдерінде тәсілдері мен әдістерін қамтуы тиіс.


2 Волков Б.С., Волкова Н.В., Губанов А.В. Методология и методы психологического исследования. М.: Академический Проект, 2010.-382 с.
Әдіснаманың маңыздылығы ғылыми білімнің барлық көлемін жүйелендіре отырып келешекте болатын эффективті зерттеу бағыттарына мүмкіндік жасайды. Ғылыми білімнің әдіснамасының негізгі мақсаты - ғылыми білімнің жинақталған синтезі болып табылады. Ол практикалық мақсаттар үшін ғылым жетістіктерін пайдалануға әкеледі. Әдіснама әр түрлі білім жүйелерін анықтайтын, қабылданатын және жасалатын әдістер, құралдар мен тәсілдерін зерттейді.
Әдіснамалық аппарат қамтиды:

  • Ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру және жүргізу қағидалары;

  • Ғылыми-зерттеу әдістемелері және оның стратегиясын анықтау тәсілдері;

  • Ғылыми аппарат: ғылыми зерттеулердің ұғымдық-категориялық негізі (өзектілігі, ғылыми жаңалығы, эвристикалық мәні, теориялық және практикалық маңыздылығы, зерттеу мәселесі, объектісі, пәні, гипотеза, мақсаты мен міндеті).

Ғылыми зерттеудің барлық компоненттері бірігіп, зерттеудің әдіснамалық аппаратының негізін қалыптастырады. Сонымен әдіснама дегеніміз бұл шындықты ғылыми жолмен танудың және қайта өңдеудің әдістері, формалары, ұстанымдары туралы ілім.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   89




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет