Болтаева ә. М



бет7/89
Дата19.06.2023
өлшемі350,96 Kb.
#102180
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   89
Зерттеу логикасы. Ғылыми білімнің басты элементі ретінде ғылыми зерттеудің логикасы қарастырылады, бұл ғылыми ізденістегі белгілі бір жолды түсіндіреді. Ғылыми-зерттеу мынадай талаптарға сай келетін шындық салыстыру заңдылықтары ретінде ұтымды ойлаудың негізделген нақты қадамдар, логикалық дәйектілігі мынаны талап етеді: нақтылық, дәлелділік, реттілік.
Логика (грек. logos–ақыл, ой.) – ойлау заңдылықтары туралы ғылым, объективті шындық туралы білімге бағытталған ойды дұрыс құрайтын әдістері. Зерттеу логикасыныың басты міндеттері: шынайы білімге қол жеткізу; ақыл-ой үрдісін қалыптастыру; білім шынайы әдістерін пайдалану және т.б. Логиканың төмендегідей типтерінің көмегімен ойлау жүзеге асады: теориялық, интуитивті, тәжірибелік.
Зерттеу маңыздылығы. Ол теориялық және практикалық сипаттарға негізделінеді. Зерттеулердің теориялық маңыздылығы- оның нәтижесінде қалыптасқан тұжырымдамалар, болжамдар, ашылған заңдылықтар, әдістер, бағыттар, көзқарастармен сипатталса, ал зерттеудің практикалық маңыздылығы- алынған мәліметтер негізінде болашақта жаңа ұсыныстар, әдістемелік нұсқаулар, әдістер және т.б. дайындауға алғышарт болады.
Қағида – бұл қандай да бір теорияның, тұжырымдаманың алғышарты, негізгі түсінігі. Қағида практикада, әдісте көрінеді. Қағида мен әдістің айырмашылығы: қағидалар зерттеу әрекетінің неғұрлым тұрақты, өзгермейтін ұстанымдары. Ал, әдістер ғылыми бағытқа, теориялар сипатына байланысты өзгеріп отырады.
Жалпы ғылыми психологиялық зерттеулерде әдіснамалық қағидаларының 4 деңгейін бөліп көрсетуге болады3.


3 Загвязинский В.И., Атаханов Р. Методология и методы психолого-педагогического исследования: Учебное пособие для студентов высших педагогических учебных заведений. - М.: Изд. Центр "Академия", 2001.-208с.
А) Философиялық әдіснамалық қағидалар; Ә) Жалпы ғылыми әдіснамалық қағидалар; Б) Жалпы психологиялық қағидалар;
В) Тікелей эксперименттік әдіснамалық қағидалар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   89




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет