Болтаева ә. М


І. ҒЫЛЫМИ ЗЕРТТЕУЛЕРДІҢ ҰҒЫМДЫҚ – КАТЕГОРИЯЛЫҚ ЖҮЙЕСІ



бет4/89
Дата19.06.2023
өлшемі350,96 Kb.
#102180
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   89
Байланысты:
2022 Болтаева А.М. ОПНИ

І. ҒЫЛЫМИ ЗЕРТТЕУЛЕРДІҢ ҰҒЫМДЫҚ – КАТЕГОРИЯЛЫҚ ЖҮЙЕСІ




1. 1. Ғылым – таным процесінің ерекше формасы ретінде


Ғылым - табиғат, қоғам және ойлау заңдарын зерделеу, болмыс туралы объективті білімді тұжырымдау және теориялық жағынан жүйелеу болып табылатын адам қызметінің құрылымы өте күрделі саласы. Ғылымды жүйе ретінде сапалы және сандық жинақталған ғылыми білімдердің біртұтас бірлігі және олардың арасындағы өзарабайланысы ерекшелейді. Жүйе кең мағынасында дүниедегі барлық процестер, заттар және құбылыстардың бір-бірімен тығыз, өзара байланыста екенін анықтайды. Сондықтан да ғылым жүйе ретінде қоғамдық санада көрініс табады. Қоғамдық сана өз құрылымына табиғат, қоғам және адам туралы ғылымдар кіретін адамзат болмысының мағынасын суреттейді. Қоғамдық сана формасы шеңберіне ғылыми құрылымдар, әдіснама, теория және ғылыми құрылымдар кіреді.
Ғылымның мақсаты - қоғам және табиғаттың даму белгілерін тану, олардың логикалық және абстрактілі ойлау арқылы жүзеге асатын заттар мен құбылыстарға әсер етуі, олардың ерекшеліктері мен қатынасын айқындау. Ғылымның танымдық үрдісі ұғымдар, категориялар және критерийлер арқылы жүйелілік және жалпылауға жататын фактілердің жинақталуын ескереді. Ғылыми білім табиғат және қоғамның заңды даму үрдісін бейнелейтін бір-бірімен арақатынастағы ұғымдардың жүйесі ретінде көрінеді. Ғылыми білімнің жүйелік дамуы, оның жүйеленуі, апробациясы және кемелдендіруі ғылыми зерттеулер арқылы жүзеге асады.
Қазақстанда ғылым және ғылыми-техникалық қызмет саласындағы қоғамдық қатынастарды ғылым туралы заңы реттейдi. Бұл заң бойынша зерттеуші ғалым ретінде ғылыми зерттеулерді жүзеге асыратын әрі ғылыми және ғылыми- техникалық қызмет нәтижелеріне қол жеткізетін жеке адамды қарастырады1.
Ғылым - бұл қоғам тәжірибесінің даму мақсатына тәуелді, адамзат әрекетінің нәтижесі болып табылады. Сондықтан да нақты ғылым деп тек қоршаған орта туралы білімнің жиынтығы ғана емес, нақты ғылыми түсініктермен және ой- пікірлер көмегі арқылы көрсетілген, табиғат заңдары мен қоғамның өзара байланысы нақты тұжырымдалған білімдер жүйесін де айта аламыз. Ұғымдар мен пайымдаулар ғылыми әдістер арқылы алынса (эмпирикалық, теориялық) және тәжірибелік тексеру кезінде дәлелденсе, олар ғылыми тұжырымдар болып саналады. Нәтижесінде, ғылым – адам және қоғам, табиғат туралы жаңа білімдерді алуға бағытталған зерттеу әрекетінің бір саласы болып табылады.
Ғылым қоғамда бірқатар маңызды қызмет атқарады: әлеуметтік ес ретінде өткен дәуір тәжірибесін «жинақтау–сақтау–тасымалдау» қызметін атқарады; гнесеологиялық (танымдық) қызмет - қойылған мәселелерді дұрыс шешу үшін қоғамды


1 Қазақстан Республикасының «Ғылым туралы» Заңы // Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 18 ақпандағы N 407-IV Заңы// "Егемен Қазақстан" 2011 ж 25 ақпан № 59-61.
керек біліммен қамтамасыз етеді; нормативті жүйе ретінде нормалар мен этикалық ережелер арқылы ғылыми құрылымдар арасында байланыс орнатып оны реттеп отырады; коммуникативті қызмет - әлеуметтік ортада түсінікті әрі қажетті қарым- қатынас орнатады; аксиологиялық қызмет - ғылыми жаңалықтарды адамзат игілігіне жарату мақсатында қоғамда құнды бағдар жасайды; креативті (шығармашылық) қызмет - адамзаттың қуатты интеллектуалды әлеуетін жасап шығарудың арқасында жүзеге асады; тәрбиелік қызмет қоғамда білім деңгейін жоғарлатуға мүмкіндік етеді. Мұндай білімдерді жинақтау үрдісі ғылыми таным деп аталады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   89




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет