БоөЖ №13 Реферат Тақырып


Құқық қорғау органдарының түрлері



бет2/6
Дата06.09.2023
өлшемі32,76 Kb.
#106306
түріРеферат
1   2   3   4   5   6
Құқық қорғау органдарының түрлері. Құқық қорғау органдарына Қазақстан Республикасының прокуратура, ішкі істер, коррупцияға қарсы және экономикалық тергеу қызметі, мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдары жатады.
Құқық қорғау органдарына қызметке жасы 18-ге толған, өзінің жеке, моральдық, іскерлік, кәсіби қасиеттері, денсаулығы мен дене бітімінің даму жағдайы, білім деңгейі жөнінен өзіне жүктелген лауазымдық міндеттерді атқаруға қабілетті Қазақстан Республикасының азаматтары ерікті негізде қабылданады.
Сонымен қатар арнаулы мемлекеттік органдар да бар. Оларға ұлттық қауіпсіздік қызметі, сыртқы барлау саласындағы уәкілетті органдар, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Күзет қызметі жатады. Арнаулы мемлекеттік органдар ҚР Президентіне тікелей бағынады және есеп береді, Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету күштерінің құрамдас бөлігі болып табылады. Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігіне қатер төнуіне жол бермеу мақсатында барлау және қарсы барлау қызметін, сондай-ақ жедел іздестіру және техникалық шаралар кешенін жүзеге асыратын мемлекеттік органдар.
Қазақстан Республикасының прокуратурасы – Қазақстан Республикасының аумағында заңдардың, ҚР Президенті Жарлықтарының және өзге де нормативтік-құқықтық актілердің дәлме-дәл және біркелкі қолданылуын, жедел-іздестіру қызметінің, анықтау мен тергеудің, әкімшілік және атқару-орындаушылық іс жүргізудің заңдылығын жоғарыдан қадағалауды жүзеге асыратын мемлекеттік орган. Прокуратура органдары төменгі прокурорларды жоғары тұрған прокурорларға қатаң бағындыратын бірыңғай орталықтандырылған жүйені құрайды. Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасын Бас Прокурор басқарады.
Прокуратура органдары жүйесіне: Бас Прокуратура; облыстардың прокуратуралары; республика астанасы мен республикалық маңызы бар қалалардың прокуратуралары; ауданаралық; аудандық; қалалық және оларға теңестірілген әскери және мамандандырылған прокуратуралар кіреді.
Прокурордың қызметі:

  • қылмыстық істің қозғалуының негізі бар екендігін анықтайды немесе қылмыстық істі өзі қозғайды, жалпы тергеуді бақылауда ұстайды;

  • прокурор алдын ала тергеудің бікенінен кейін қылмыстық істің әрі қарай қозғалысын анықтайды, ол дегеніміз қылмыстық істің біткенін прокурордың бекітуімен ғана соттың қаралуына өткізіледі;

  • сотта прокурор мемлекеттік айыптауды қолдайды және ол қодаудан жеке өзіне байланысты себептермен бас тартуға хақысы жоқ;

  • прокурор тергеушінің немесе анықтама анықтау органының маңызды процессуалдық шешімдерін (күзет қарауына алу, тінту жүргізу, пошта-телеграф корреспондеттігін қамауға алу) бекітеді;

  • прокурор тергеушінің және анықтау органдарының іс әрекетіне жасаған шағымдарды қарайды және осы туралы шешім қабылдайды;

  • прокурор тергеу біткен соң істі толық тексереді және айыптау қорытындысын бекітеді;

  • анықталған заңбұзушылықтарға прокурор қылмыстық іс қозғауға тиіс, тәртіп бұзушыларға қатысты заңды шешіп қабылдауы қажет.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет