БоөЖ №13 Реферат Тақырып



бет3/6
Дата06.09.2023
өлшемі32,76 Kb.
#106306
түріРеферат
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
тарих 13 боөж (копия)

Ішкі істер органыҚұқық қоғау органдарының жүйесінде Қазақстан Республикасының Ішкі істер органдары айрықша орын алады. Олар қоғамдық тәртіпті сақтау және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарына, мемлекет пен қоғамның мүдделеріне қылмыстық және өзге де құқыққа қарсы қолсұғушылықтардың алдын алу және оларды болдырмау жөніндегі қызметті жүзеге асырады.

Ішкі істер министрлігі (ІІМ), оның құрамына кіретін департаменттер мен өзге де құрылымдық бөлімшелер, оған бағынатын облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың ішкі істер басқармалары және қалалық, аудандық, ауылдық, көліктегі жол бойының ішкі істер органдары, ішкі әскерлер, оқу орындары мен өзге де ұйымдары Ішкі істер органдарының бірыңғай жүйесін құрайды.
Ішкі істер органдарының бүкіл жүйесін ішкі істер министрі басқарады.
Заң көмегін басқа да қоғамдық институттар жасайды. Оларға адвокатура және нотариат жатады.
Адвокатура – құқықтық институт, ол адвокаттық қызметпен шұғылданушы адамдар және жеке адвокаттық операциямен шұғылданушы тұлғалардың кәсіптік бірлесулерін өз ішіне алады. Адвокатураның басты мақсаттары: қылмыстық істер бойынша қорғау, азаматтық, әкімшілік, қылмыстық және басқа да істер бойынша өкілдік ету, сондай-ақ азаматтардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін, сондай-ақ заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау мен іске асыруға жәрдемдесу. Әдетте, азаматтар заңнаманың негізгі ережелері мен ғана таныс болады, ал өз құқығын қоғау үшін тереңірек білу қажет. Осы жағдай кәсіби адвокаттың көмегіне жүгінуге мәжбүрлейді.
Адвокат – яғни қоғаушы, оның міндеті мен мақсаты жеке тұлғаның мүддесін қорғау. Адвокат жеке адамға заңи кеңес береді, клиенттің мүддесін сотта өкіл етеді. Адвокат болу үшін заң білімі болуы тиіс және мемлекет атынан рұқсат (лицензия) алу керек.

Нотариат – азаматтық құқықтар мен заңдық нысандарды даусыз куәландыру жолымен жеке және заңды тұлғалардың мүдделерін заң жүзінде бекітуге бағытталған нотариалдық іс-әрекеттерді орындайтын, заңдық тұрғыда бекітілген органдар жүйесі. Нотариат пен сот азаматтық іс айналымында заңдылықты алдын ала және істен кейін бақылаудың бірыңғай қызметін жүзеге асырады. Бірақ азаматтық іс жүргізуде құқық туралы дауды қарайтын соттан айырмашылығы – нотариат азаматтық құқықтарды заң жолымен бекітуге және олардың болашақта бұзылу мүмкіндігін алдын алуға бағытталған қызметтерді орындайды.
Осылайша нотариаттың қызметіне келесі іс-әрекеттер кіреді: 22-сурет
Нотариаттың қызметі ескертпе болып табылады. Нотариалды түрде бекітілген келісімшарт шындықты дәлелдеуді жеңілдетеді, себебі келісімшарттың мазмұны, келісімшартқа қатысқан мүшелердің қолының шынайылығы, уақыты және өткен орны тағы басқа мәліметтер ресми түрде нотариуспен бекітілген.
Осылайша адвокатура мен нотариат – заңдылық режімінің күшеюіне, әділ соттың орнауына, азаматтар және ұйымдардың құқығын қорғау үшін жасалатын нотариалдық іс-әрекеттерді орындайтын, заңдық көмек көрсетуге дайын заңгерлер ұйымы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет