БоөЖ #9 Бірінші дүниежүзілік соғыс жылдарындағы Қазақ далас: 1916 жылғы 25 маусымлағы “Тыл жұмыстарына бұратана халықтарды реквизициялау туралы” Жарлық



Pdf көрінісі
бет4/5
Дата06.04.2023
өлшемі205,32 Kb.
#80115
1   2   3   4   5
«ҚАЗАҚСТАН-РЕСЕЙ МЕДИЦИНАЛЫҚ 
УНИВЕРСИТЕТІ» МЕББМ 
 
NSEO «KAZAKH-RUSSIAN MEDICAL 
UNIVERSITY» 

Қаратоғай, Сарытоғай, Қарақопа болыстарын, сондай-ақ негізінен арғындар мекендеген Тосын, 
Майқарау, Сарықопа, Наурызым, екінші Наурызым болыстарын қамтыды. Көтерілістің етек жаюы 
барысында Әбдіғаппар Жанбосынов қыпшақ көтерілісшілерінің ханы етіп жарияланса, Шолақ 
Оспанов арғын көтерілісшілерінің ханы болып сайланады. Кейіннен 1916 жылы 21 қарашада 13 
болыс (6 болыс арғын, 6 болыс қыпшақ, 1 болыс найман) өкілдерінің құрылтайында халық 
арасындағы атақты Нияз бидің ұрпағы Әбдіғаппар Жанбосынов көтеріліске шыққан Торғай уезінің 
ханы болып сайланады. Құрылтайға қатысушылардың келісімімен Кенесары Қасымовтың серігі
атақты Иман батырдың немересі Амангелді Иманов көтерілісшілердің сардарбегі болып 
тағайындалады. Орталық Ресейден келген және көп кешікпей көтерілісшілерге қосылған, осы 
жерлерде туып-өскен Әліби Жангелдин көтерілісшілердің “рухани көсемі” болды. Ондаған мың 
ұйымдаспаған көтерілісшілерден Ә.Жанбосынов, А.Иманов және олардың ең жақын серіктері 
ондықтарға, жүздіктерге және мыңдықтарға бөлінген тәртіпті жасақ құрды. Әрбір қолды басқаруға 
тиісінше онбасы, елубасы, жүзбасы, мыңбасы тағайындалды. Сардарбек жанында әскери кеңес 
жұмыс істеді.
22 қазанда А.Иманов бастаған 15 мың қол Торғай қаласын қоршады. Қаланы қоршау бірнеше 
күнге созылып, қоршау кезінде генерал-лейтенант А.Лаврентьевтің жазалаушы корпусы қалаға 
қарай үш бағытта бет алды. 16 қарашада А.Иманов бастаған 12 мың адамға жуық сарбаздар 
Түнқойма пошта станциясына шабуыл жасайды. Көтерілістің негізгі көпшілігі адам күшін сақтау 
үшін қарашаның екінші жартысында Торғайдан 150 шақырым жерге жетіп, Батпаққара ауданына 
шоғырланады. Осы жерден 1916 жылғы қарашаның екінші жартысынан 1917 жылғы ақпанның 
ортасына дейін жазалаушыларға қарсы партизандық жортуылдар жасалады. Көтерілісшілер мен 
жазалаушылар арасында Татырда, Ақшығанақта, Доғал-Үрпекте, Күйікте шайқастар болды. 
Шайқас 1917 жылғы ақпанның екінші жартысына, яғни ақпан революциясына дейін созылды.
Қазақ халқының 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілісі Торғайдан өзге барлық аймақтарда қатаң 
басып-жаншылды. Семей және Ақмола облыстарында көтерілісшілерге қарсы 12 атты әске 
шақырылғандар көптеп шоғырланған қалалар мен елді мекендерде болып, оларға қолдан келген 
көмектерінің бәрін көрсетті. Олар шақырылғандардың құқықтарын қорғау және олардың майдан 
өңірі аудандарындағы тұруы мен жұмыс істеуі үшін қажетті жағдайлар туғызу жөнінде нақты 
қадамдар жасады. Ал мұның өзі кеңес заманында көп жылдар бойы айтылып та, жазылып та келген 
Алашорда 1916 жылғы көтеріліс кезінде ұлттық мүддеге сатқындық жасады деген пікірдің 
сыңаржақ тұжырым екендігін көрсетеді. Алаш көсемдері көтерілісшілерге де, майданның қара 
жұмысына шақырылғандарға да ешқандай сатқындық жасаған жоқ.
1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліс қазақ халқының сан ғасырлық қозғалысының тарихында 
ерекше орын алады. Бірінші дүниежүзілік соғыс жағдайларында көтерілістің жалпы жұрт таныған 
басшылары Ә.Жанбосынов, А.Иманов, Ж.Мәмбетов, Ұ.Саурықов, Б.Әшекеев, О.Шолақов, 
А.Жүнісов, С.Қанаев көтерілісшілердің саяси көсемдері Т.Бокин, Т.Рысқұлов, С.Меңдешев, 
Ә.Жангелдин, Б.Алманов және басқалар кезінде Сырым Датов, Исатай Тайманов, Махамбет 
Өтемісов, Жанқожа Нұрмұхамедов, Кенесары Қасымов және басқалар жүргізген тәуелсіздік 
жолындағы күреске халықты көтерді. К.Қасымов басшылық еткен ұлт-азаттық қозғалыстан кейін 
1916 жылғы көтеріліс бірінші рет кең-байтақ өлкенің барлық аймақтарын әр түрлі дәрежеде қамтып, 
бүкілқазақтық сипат алған көтеріліс болды. 1916 жылғы көтерілістің айрықша ерекшелігі өлкенің 
бірқатар аудандарында (негізінен, Қазақстанның оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында) оған 
қазақтармен қатар қырғыз, ұйғыр, өзбек және басқа да халықтар өкілдерінің де қатысуы болды.
Қазақстан мен Орталық Азиядағы 1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліс тұтас алғанда Ресей 
империясындағы саяси және әлеуметтік-экономикалық дағдарыстың одан әрі асқына түсуіне 
себепші болды. Ол Ресейдегі әскери-отаршылдық басқару жүйесінің іргесін шайқалтып, шығыстың 
отар халықтарының импералистік езгіге қарсы XX ғасырдың басында өріс алған бүкіл ұлт-азаттық 
қозғалысының құрамдас бөлігі болды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет