БоөЖ #9 Бірінші дүниежүзілік соғыс жылдарындағы Қазақ далас: 1916 жылғы 25 маусымлағы “Тыл жұмыстарына бұратана халықтарды реквизициялау туралы” Жарлық



Pdf көрінісі
бет3/5
Дата06.04.2023
өлшемі205,32 Kb.
#80115
1   2   3   4   5
«ҚАЗАҚСТАН-РЕСЕЙ МЕДИЦИНАЛЫҚ 
УНИВЕРСИТЕТІ» МЕББМ 
 
NSEO «KAZAKH-RUSSIAN MEDICAL 
UNIVERSITY» 

мекемелердің шенеуніктерін, дворян және құрметті азамат құқықтарын пайдаланатын адамдарды 
әскерге алудан босатты.
Стихиялы қозғалыс бірте-бірте ұйымдасқан сипат алып, қарулы көтеріліске ұласып, оның ірі 
ошақтары (Жетісу мен Торғайда) пайда болды. Көтеріліс бүкіл Қазақстанды қамтыды. Бұл 
көтерілістің басты мақсаты ұлттық және саяси азаттық болды. Сол арқылы ол қазақ халқының 
бостандық пен тәуелсіздік жолындағы бұрынғы бүкіл күресінің қорытындысын шығарды. 
Көтерілістің негізгі күші ұлттық шаруалардың қалың тобы, сондай-ақ сол кезде туып келе жатқан 
жергілікті жұмысшы табының өкілдері, қолөнершілер болды.
Сонымен бірге көтерілістің ұлт-азаттық сипатта болуы себепті қазақ халқының барлық 
топтарының өкілдері (екінің бірінде байлар, болыс басқарушылары, билер), сондай-ақ 
демократияшыл зиялылардың жекелеген өкілдері қатысты.
Қазақстанның әр түрлі аудандарында пайда болған стихиялы қозғалыс бірте-бірте ұйымдасқан 
сипат ала бастады: Жетісуда (басшылары: Бекболат Әшекеев, Ұзақ Саурықов, Жәмеңке Мәмбетов, 
Тоқаш Бокин, Әубәкір Жүнісов, Серікбай Қанаев, Монай және Мұқан Ұзақбаевтар және т.б.) және 
Торғайда (басшылары - Әбдіғаппар Жанбосынов, Амангелді Иманов, Әліби Жангелдин және 
басқалар) оның ірі ошақтары пайда болды.
Жетісудағы көтеріліс тарихын: 1) шілде - стихиялық наразылық көріністері, 2) тамыз - оның 
қарулы көтеріліске ұласуы және 3) қыркүйек-қазан - көтерілістің біртіндеп бәсеңдеуі және жеңіліс 
табуы деген кезеңге бөлуге болады.
М.Тынышбаевтың мәліметі бойынша, 25 маусымдағы патша жарлығы Жетісу қалаларында 8 
шілдеде белгілі болған. Облыстың жекеленген уездерінде жұмысшыларды шақыру туралы 
телеграммалар одан бұрын, 2 және 3 шілдеде келіп түскен. Шілде айының бас кезінде-ақ толқулар 
Верный уезінің батыс және оңтүстік бөліктерін қамтып, оларда көтерілісшілерге Бекболат Әшекеев, 
Тоқаш Бокин, Аққоз Қосанұлы және басқалар басшылық етті. Соғыс ошағы ұлғайып, халық 
наразылығы үдеп кетуіне орай, патша үкіметі ендігі тұста көтеріліс қимылдарын басу үшін іс-
шаралар қолдануды ұйғарды. Нәтижесінде 17 шілдеде Жетісуда және Түркістан өлкесінде соғыс 
жағдайы жарияланып, патша үкіметі мұнда ірі әскери күштер алып келді. Әскери гарнизондарды 
нығайтып, Жетісудағы қоныс аударушы халықтың ауқатты топтарынан қазақ және қырғыз 
көтерілісшілерін жазалау үшін қарулы отрядтар құрды. Жетісу облысы Жаркент уезі 
көтерілісшілерінің Асы жайлауында, Қарқараның таулы алабында, Самсы, Кастек, Нарынқол, 
Шарын, Жалаңаш, Құрам елді мекендері аудандарында, Лепсі уезінің Садыр-Матай болысында 
және басқа жерлерде патша жазалаушыларымен ірі қақтығыстар болады.
Осындай жағдайда Верный уезінде Б.Әшекеев Жетісудың бытыраңқы көтерілісшілер 
топтарын біріктіру үшін шаралар қолданып, 1916 жылғы 13 тамызда Ошақты деген жерде әр түрлі 
болыстар өкілдерінің съезін шақырады. Съезде тыл жұмыстарына адамдар алу туралы жарлық 
шығарған үкімет орындарына қарулы қарсылық көрсетуге дейін барып, бағынбауға шешім 
шығарды. Өз жақтастарымен Үшқоңыр тауындағы Ошақты сайына орнығып алған Б.Әшекеев 
қарулы қарсылыққа дайындала бастады, сонымен бірге көтерілісшілердің қатарын жаңа күштермен 
толықтыру жөнінде шаралар қолданды. Алайда, бұл әрекеттер айтарлықтай жетістіктер бермей 
Б.Әшекеев басшылығымен орын алған Жетісудағы ұлт-азаттық көтеріліс басылып-жаншылады. 7 
қыркүйекте Верный қаласында Верный әскери гарнизонының соты болып, көтеріліс 
басшыларының бірі Б.Әшекеевті өлім жазасына кесіп, дарға асу туралы үкім шығарды. Соттың 
үкімін облыстың әскери губернаторы Фольбаум нақ сол күні бекітіп, үкім бір күннен соң, яғни 1916 
жылғы 9 қыркүйекте Верныйдың жанындағы Боралдай деген жерде орындалады.
Сотсыз және тергеусіз атылғандарды есептемегенде, сот үкімімен Түркістан өлкесінде 1917 ж. 
1 ақпанына дейін 347 адам өлім жазасына, 168 адам каторгалық жұмыстарға, 129 адам түрмеге 
жабылуға кесілді. Патша өкімет орындары қудалаған 300 мың қазақтар мен қырғыздар немесе 
Жетісудың байырғы тұрғындарының төрттен бірі Қытайға қашуға мәжбүр болды.
Дәл осындай көтерілістің ірі ошақтарының бірі - Торғай өңірі болды. Көтерілісшілер саны 50 
мыңға жетеді. Бұл кезде Торғай уезі негізінен қыпшақ және арғын рулары шоғырланған 13 болыстан 
тұратын. Көтерілістің бастапқы кезеңінде толқулар қыпшақтар мекендеген Қайдауыл, Аққұм, 




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет