Бопсалау туралы не білесің? Зорлық-зомбылық құқықта «Бір адамның екінші бір адамға, оның жеке басына тиіспеушілік құқығын бұзатын тәни және психикалық ықпал жасауы»


Отбасында зорлық-зомбылық болған жағдайда не істеуге болады?



бет2/2
Дата07.01.2022
өлшемі22,51 Kb.
#20179
1   2
Отбасында зорлық-зомбылық болған жағдайда не істеуге болады?

Ең алдымен балалардың заңмен қорғалатын құқықтары бар екенін білу қажет! Әрбір бала полицияға арыздана алады. Заң бойынша кәмелетке толмағандарға қатысты зорлау істері арыз берілмей-ақ қозғалады.

Егер қандай да бір себептермен кәмелетке толмаған баланың полицияға баруға мүмкіншілігі болмаса, анасына, достарына, жақсы таныс көршілерге, мұғалімдерге оқиға туралы айтуы қажет немесе сенім телефонына қоңырау шалуға болады.



Ата-аналарға кеңес!

  1. Өз балаңды құрметте, баланың еркінен тыс бірнәрсе жасауға мәжбүрлеме және басқаларға да жол берме!

  2. Егер сіз көршінің баласы зорлық-зомбылыққа және ата-аналарының тарапынан соққыға ұшырағанын білсеңіз, онда ол туралы полицияға дереу хабарлаңыз.

  3. Егер балаңыз сіздің күйеуіңіздің оған теріс пиғылы жөнінде айтса, оның сөзіне құлақ салыңыз, күйеуіңізбен сөйлесіңіз, баланы онымен бірге жалғыз қалдырмаңыз, ал егер олардың арасындағы қарым-қатынастар өте тереңге кетсе, ол адамнан айырылысыңыз, балаңыздың бақытынан қымбат нәрсе жоқ.

  4. Жыныстық өмірге қатысты балаңызды қызықтыратын барлық сұрақтар бойынша, сондай –ақ сақтану  жөнін де онымен әкесі сөйлесіп, түсіндіруі қажет.

  5. Қызға қарама-қарсы жыныстағылармен өзін қалай ұстау жөнінде анасы түсіндіруі қажет.

  6. Егер сіз балаңыздың мінез-құлқынан оғаш қылық байқасаңыз, оны мазалап жүрген мәселе жөнінде сөйлесіңіз. Ал ер баламен анасының қатысуынсыз әкесі сөйлескені

 

Қорытынды: Отбасында адам бойындағы асыл қасиеттер жарқырай көрініп, қалыптасады. Отанға деген ыстық сезім – жақындарына, туған-туысқандарына деген сүйіспеншіліктен басталады. (Н.Ә.Назарбаев) — деп елбасымыздың сөзімен қорытындылай келе сөз соңында мынандай тілекпен аяқтағым келеді:

 
ХХІ ғасырға – 21 тілек

ХХІ ғасыр, қазақ халқының ғасыры болсын.

Қазақ елі мәдениетті дамыған ел болсын.


Қазақстан тәуелсіз егемендігін сақтасын.
Елде бейбітшілік орнасын.
Данышпан адамдардың саны көбейе берсін.
Қазақ тілі мемлекеттік тіл болсын.
Сырт елдермен достығымыз нығая берсін.
Экономикамыз өрге бассын.
Салт – дәстүрімізді сақтай,қадірлей білейік.
Қазақстан елі – байтақ ел болсын.
Демография жағынан қазақ халқының саны көбейе берсін.
Отандық өнеркәсіп дамысын.
Жастарымыз білімді,мықты болсын.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет