«Ботай-дала өркениетінің бастауы»



бет2/9
Дата20.02.2023
өлшемі10,12 Mb.
#69445
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
Ботай дала өркениетінің бастауы[1]

Тарихнамасы. Энеолит кезеңіне жататын ескерткіштер соңғы уақытта терең зерттелді. Көшпелілік тақырыбы, егіншілік және көшпелілік мәдениеттердің өзара әсері негізгі зерттеу тақырыптардың бірі болып аталды. В.Ф. Зайберттің бастауымен Қызылжар қаласының археологтары Ботай қонысын ашып, энеолит дәуіріне жататын ертедегі Ботай жылқы шаруашылығы мәдениетін бөліп көрсетті. Басқа өңірлерге қарағанда солтүстік аймақтардан энеолит ескерткіштері толымды түрде қарастырылып, бірқатар археологиялық мәдениеттері анықталған. Дәуір ескерткіштерінің өзіндік ерекшеліктерін В.Н. Логвин, С.С. Қалиева, сондай-ақ В.Ф. Зайберт [3] көрсетіп берген, мәдени дамуын айқындаған. Ал С.В. Захаров сынды зерттеуші энеолит дәуірі ескерткіштерінің зерттелу тарихын жүйелеп шыққан. Энеолит және одан басқа да тарихи дәуірлердің бірқатар мәселелері кейбір ғалымдардың (В.И. Заитов, В.К. Мосин, т.б.) еңбектерінде де қарастырылған. Қазақстанда кеңінен зерттелінген ірі мәдени-тарихи кезеңдердің бірі қола дәуірі болып табылады. 1926 жылы
3
Батыс Қазакстанда М.П. Грязновтың I Киргильд пен II Киргильд қабірлерін, Орал сайды, Құнанбай сайды ашып, қазба жұмыстарын жүргізуі бай материал берді және андронов мәдениеті тек Батыс Сібірге ғана тән деп орныққан пікірді өзгертті.
Дәуірді зерттеу тарихын өткен ғасырдың алғашқы жартысында-ақ археологиялық экспедициялар жасақтап, ұзақ жылдар бойы жүйелі жұмыстар 10 жүргізген С.С. Черников, А.Н. Бернштам секілді ғалымдардың еңбектерінен бастаса да болады. Осы уақыттарда зерттеу жұмыстарын жүргізген М.П. Грязнов, П.С. Рыков, М.Н. Комарова, К.В. Сальников, т.б. еңбектерінің ғылыми мәні зор екендігін атап кетуге болады. Аты аталған ғалымдардың ізденістері Қазақстан аумағы қола дәуірі мәдениеттері таралған ірі мәдени ошақ екендігі дәлелденген еді. Қола дәуірі ескерткіштерін зерттеумен екінші дүниежүзілік соғыстан соң отандық зерттеушілер де кеңінен айналыса бастады. Орталық Қазақстанда жүргізілген бірнеше жылдық археологиялық ізденістер кейіннен Ә.Х. Марғұлан, К.А. Ақышев, М.Қ. Қадырбаев, Ә.М. Оразбаев сынды ғалым- дардың бірлескен іргелі жұмысында көрініс тапты. Академик Ә.X. Марғұлан басқарған Орталық Қазақстан экспедициясы (ОҚАӘ) Сарыарқадағы қола кезеңге жататын ескеркіштерді іздестіріп, зерттеп келеді. Солтүстік Бетпақ- далада – Ақсай, Сартабан обалары, Атасу алқабында – Қараөзек обасы, сондай-ақ кен орындары зерттеліп жатты. Қарқаралы ауданы мен Баянауыл тауларында көптеген андронов ескерткіштері табылып, зерттелді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет