«Ботай-дала өркениетінің бастауы»



бет4/9
Дата20.02.2023
өлшемі10,12 Mb.
#69445
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Жұмыс құрылымы. Жұмыс кіріспеден, тараудан, қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттерден және қосымшалардан тұрады.

5
1.Ботай мәдениетінің тарихы


Ауданы 15 га Ботай қоныс-мекені Солтүстік Қазақстан облысы, Айыртау ауданының Никольск ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 1,5 шақырым жерде, Иманбұрлық өзенінің (Есіл өзенінің оң жақ саласы) оң жақ құлама жағасындағы тегістелген еңіс алаңқайда орналасқан.


Қоныс-мекен пайда болған кезде 200-300 баспана тұрғызылған. Бұл санды жер бетіндегі 109 қазаншұңқырлар мен қазу жұмыстары кезінде ашылған баспаналардың жалпы қатынасының жиынтығынан шығаруға болады. Осы графикалық жобалау жағдайы ескеріле отырып, ескерткіштің әртүрлі бөліктерінде - жағалық, оңтүстік, орталық және солтүстік - 1980-1982 жж. аралығында 24 қазындымен барлығы 7528кв.м. мәдени қабат ашылды. Бір қазаншұңқырдың орнына қалпына келтірілген баспана тұрғызылды[1].
Қоныс баспаналары, шаруашылық құрылыстар мен археологиялық материалдар қазындылар бойынша сарапталды, өйткені соңғылары ескерткіштің әртүрлі жерлерінде орналасқан әрі өздерінің мәдени және хронологиялық сипаттамаларында өзіндік ерекшелітері бар болатын.
Қазаншұңқырлар мен олардан тысқары жерлерде көптеген шаруашылық шұңқырлары тіркелді. Олар көбіне аттың сүйектерімен, артефактілермен толтырылған. Құрылыстардың едендерінде ошақтар немесе ошақтардың белгілері байқалды. Ошақсыз кездесетін қазаншұңқырлар да бар, бірақ есесіне баспанааралық тұстарда жағылған оттың қалдықтарын көрдік. Бағана шұңқырлар көп жағдайда қазаншұңқырлардан тысқары жерлерде кезікті. Тұрғын және шаруашылық құрылыстары бір-бірімен өткелдер арқылы жалғасқан[2].
Алғашқы жылдары қоныс-мекеннің орталық бөлігінде жалпы ауданы 2027 шаршы метр болатын №№ II, V, VIII, IX, X, XI, XV, XVI, XIX, XXIV қазындылар салынды. Бұл жерлерден барлығы 15 тұрғын құрылма қазып алынды. Мұндағы мәдени шөгінділер мен құрылмалардың сипаты жағадағы қоныс-мекеннің мәдени қабатының құнарлығына және баспаналарының реңкіне қарағанда біраз өзгешеліктері бар.
Қоныстың мәдени қабаты теориясының мысалы ретінде бір-біріне жалғасып жатқан №№ V, VIII, XVI қазындыларда жүргізілген бақылау жұмыстарын алайық. Бұл жердегі қазылған жердің ауданы 679 шаршы метр.Тұрғын үй қазаншұңқырлары қазылған жердің 47,3% құрайды әрі барлық табылған заттардың 51,2% осы жерлерден шықты. Олардың жалпы саны - 7658 зат. Тұрғын үйдің ішкі бөлігімен барлық табылған заттардың жартысынан көбісінің байланысы бар, оларды жатқан орындарына қарай, еденнің үстінен табылған бұйымдар мен өндіріс қалдықтары және қабырғаларынан құлаған сазды балшықтардың арасынан табылған заттар кешені деп бөлуге болады[3].
Табылған заттардың көпшілігі қазаншұңқырдың еденінде жатса, тек екі баспанадан табылған заттар толтырылмадан шықты.

6
Бұл екі баспана кейбір белгілері бойынша тұрпаты жағынан (көлемі әдеттегіден кішірек,


пішімі тік төртбұрышты) өзгешелеу. Мұнымен құрал-саймандардың сипаты да сәйкес келеді. Төрт баспанасының еденінен олардың екі жүзден астамы табылды. Соңғы баспананың еденіндегі құрал-саймандардың саны басқаларға қарағанда екі есе аз болды[5].
Баспаналарға кіретін есіктер барлығында бірдей табылған жоқ. Белгіленген кіретін есіктер сілемнің ішінде де, сыртында да орналастырылды.№17 баспана айналасындыларға қарағанда кейінірек құлаған сияқты, өйткені сүйектермен толтырылмапты. Есесіне олар көршілес қазаншұңқырлардың қабырғаларынан табылды. №17 баспанамен бірге №18 баспана қатар жұмыс істеген. Олардың ұзақ уақыттан бері тұрғанына едендегі сылақ қабаттары дәлел. Екі баспанада да әртүрлі деңгейде орналасқан екі ошақ болды. Бұл да баспаналардың айтарлықтай ертеректе пайдалынылғанын көрсетсе керек[4].
Баспаналар арасындағы құрал-саймандардың көп бөлігі №17 баспананың солтүстігіндегі және №18 баспананың оңтүстік-шығысындағы алаңқайларда шоғырланған. Олардың едәуір бөлігі, сондай-ақ шаруашылық шұңқырлардан да табылды.
Шаруашылық деп шартты түрде аталып отыр. Бұл шұңқырлар баспана қазаншұңқырларынан тысқары, көбіне қабырғалардың еніндей қашықтықта орналасқан. Әсте, олар қабырғалар мен төбелерді соққан кезде пайда болса керек. Олардан сылақ үшін сапалы балшық алынған. Шұңқырдың түбі желге мүжілген кен жыныстарының беткі қабаты деңгейінен төмен емес. Қазаншұңқырларда заттардың 7658 данасы бар. Қарашірік жер қабатындағы заттардың негізгі бөлігі пана қазаншұңқырларында тіркелді. Жалпақ тілік бұйымдардың 80% ботайлық кезеңге жатады Бұны нуклеустердің күйреуіктігі, шикізат ретінде сапасыз
яшмокварциттердің пайдаланылуы, тіліктердің бір бөлігі б.з.д. VI мыңжылдықта осы аумақта орналасқан неолит тұрақтарына тиесілі[5].
Сүйектен жасалған бұйымдар бұдан да азырақ кездеседі (шамамен тастан жасалған бұйымдардан 4 есе кем). Жиірек ұшырасатындары тұйықтар (28) мен қазықтар (13). Қалыптар, сүңгілер, әшекейлер, қашаулар, саптар, қалақшалар секілді бұйымдар бірлі-жарым. Баспаналарда аттардың ойылған бақайшық сүйектері табылды. Сүйектен жасалған заттардың үштен бір бөлігін типологиялық жағынан және қандай мақсатқа пайдаланылғандығын анықтау қиынға түсіп отыр.
Табылған заттардың телімдердің арасында орналасуының бір ерекшелігі бар. Кейбір жиындылар қазаншұңқырдың түбіне жақын жерден табылды. Мысалы, №14 баспананың солтүстік-шығыс қабырғасында , №13 баспананың шығыс жағында,№16 және №13 баспаналардың арасында, №32 баспананың батысында. Бұл аталған баспаналардың көршілерінен кейінірек тұрғызылғандығының дәлелі болса керек, яғни алаңқай мәдени
7
заттарға толған тұста, қалдықтар жаңа қабырғалардың іргетасымен жабылып қалған.Толтырылған 14-қазаншұңқырда екі жағы өңделген дайындамалар, дөңгелек бұйымдар басымырақ болса, ал қырғыштар мен
пышақтар тек толтырылмалардың өзінде ғана табылды.
Баспаналарда табылған құрал-саймандардың арасында, әдеттегідей қырғыштар көп, олар 30%-ға дейін жетеді. Пышақтардың пайыздық мөлшері 0,5%-дан 6%-ға дейін, кейде 10%-ға дейін өзгеріп отырады. Сондай-ақ үлкен қырғыштар 0,5%-дан 5%-ға дейін кездеседі[6] .
Құрал-саймандардың басқа түрлері, әдетте, пайыздың қандай да бір бөлігін құрайды және жалпы талдау кезінде олардың қаншалық бар-жоғын айтуға болады. Өндірістік мамандандырудың мәні, қайсыбір технологияларды баспаналар бойынша таратып жайғастыру емес, қайта құрал-саймандарды жасап шығарып, оларды кәдеге жаратумен байланысы жоқ, шикізатты өңдеумен, терілерді ұқсатумен, сүйектертерді қайнатумен және басқадай өзгеше істермен айналысатын жұмыс түрлерін көрсету еді.
Ботайда бұл жұмыстарды баспаналардан алыс, судың жағасында, желдің өтінде, бастырманың яки ашық аспан астында орындаған. Сондықтан да жағалауда шаруашылық құрылмалардың алаңшалары, ошақтар, шұңқырлар, кәдеге жаратылған сүйектер, құралдар көптеп кездеседі[7].
Қоныс мекеннің орталық бөлігінде негізінен тұрғын үйлер орналасқан, дегенмен де, олардың кейбірі азық-түлік қорларын сақтау үшін пайдаланылған да шығар. Ал қыста оларда қызу жұмыстар жүргізіліп, нәтижесінде артефактілер пайда болса керек.
Жалпақ тіліктер және олардың бұйымдары (3898) барлық артефактілердің 2,3%-ын құрайды. Жалпақ тіліктер де нуклеустер сияқты екі мәдени-хронологиялық кешенге: энеолитке дейінгі және энеолиттік "ботайлық" болып бөлінеді. Ертедегі бөлшектелген жалпақ тіліктер ішбет ретінде қолданылған, олардан пышақтар, біздер, қырғыштар және басқа танымал бұйымдар жасалған[8].
Ботай заманындағы жалпақ тіліктер пышақ, тұтқа және т.б. ретінде пайдаланылды. Бұл пластикалық өнеркәсіптің пайда болғанының бірден-бір көрінісі еді.Кремнийден басқа жыныстардан жасалған бұйымдар (545) 0,3% құрайды.Соқпалы құралдар. Шикізат ретінде кварциттер, әртүрлі құмдауық тастар, тақта тастар, мәрмәр жыныстар пайдаланылған. Олардың көбі шамалы түзетілген табиғи сынықтар. Осының нәтижесінде құралдар дөңгелек, сопақ немесе шошайма пішінге келіп, жұмыстық қырлары тарылтылған.Барлық түрлерінің соғылған жерлері тіркелген. Өлшемі 6,2-20 см аралығында. Шой балғалар мен өңдеуіш балғалар атқаратын қызметіне қарай өзгешелеу. Біріншілері әдетте шомбалдай және үлкен кесек заттарды бұзу үшін, ал екіншілері кішірек, құралдардың жұмысшы бөліктерін түзету үшін қолданылған[9].
Балғалардың жұмысқа пайдалылығынан басқа, діни мәнінің болғанын да атап өткеніміз жөн шығар. Бір қызығы, тесігі жоқ бір балғадан

8
басқалары бөліктер күйінде кездеседі. Балғалардың бір бүйірі фаллостың


басы іспетті жасалған, ал басқа бүйірі - сопақша - ірі тікбұрышты ұяшықтары бар қашалған тормен оюланған.
Шабу құралдары (486) 2,7% құрайды. Құралдарды даярлаудың шикізаты
ретінде тақта тастар, құмдақ тастар, әк тастар және т.б. тас жыныстары пайдаланылған. Жиынтықтарды зерттеу барысында бізге дейін жеткен құралдардың түрлері, олардың жасалуы және қаншалық тозғандығы ескерілді:
1) ірі бастапқы жарықтары бар дайындамалар;
2) бүйір шеттері жөнделген және жүздері бар дайындамалар;
3) жүздері тегістелген дайындамалар;
4) бүйір жақтары тегістелген және жүздері бар жұмысқа дайын құралдар;
5) жұмыстық жүздері жылтыратылған және іздері түзу құралдар ;
6) жұмыстық жүзі жарылған және кертілген құралдар;
7) түзету іздері бар құралдар;
8) істен шыққан құралдар.
Шабатын құралдардың арасында балта мен шот көзге түседі. Бұл құралдардың ерекшелігі қырында - балталарда ол симметриялы, ал шоттарда - ассиметриялы. Барлық ағаш өңдейтін құралдардағы микроіздер ағашқа үйкелу нәтижесінде түскен жіп тәрізді сызықтар болып келеді, алайда көп жағдайда микроіздермен қатар жүздері ағаштың қатты жерлеріне ("көзге") тигеннен қалған кетіктер мен сынықтар да бар[10].
Моншақтар (200-ден астам) седептен жасалған. Негізінен молалардан табылған. Моншақтардың диаметрі 0,9-0,95 см, қалыңдығы 0,11-0,12 см. Тесігінің диаметрі 0,15-0,2 см.Бойтұмарлар күңгірт-сұр түсті сланец тақтасынан жасалған, ұзындығы 5,2 см, ені 1,1 см, қалыңдығы 0,8 см. Бүйірлері дөңгеленген, қимасындағы түрі буынтық тәрізді. Бойтұмарды байлау үшін бір жақ ұшынан терең жүз жасалынған. Бір қырымда 11, екіншісінде 15 кертік бар. Сыртқы жағына 5 кертік түсірілген.Аса қымбат емес жыныстардан және қабыршақтардан тізілген салпыншақтар өте қызықты. Саз балшықтан және саз балшықты сланецтерден жасалған бұйымдар (қуыршақтар) қылқанды ағаштардың бүршігіне ұқсайды. Олар тамшы тәрізді сопақша, ұзындығы 6-9 см, қимасында дөңгеленіп келген, диаметрі 2-3 см.XXI қазындыдан табылған кішігірім антропомофты мүсін көңіл аударарлықтай. Мүсін саз балшықты тақта тастан жасалған, шамалы шалқалай тізерлеп отырған адам бейнеленіпті. Басы сақталмаған. Тізелері қосылып, аяқтарының ұштары жерге тірелген, қолдары ішінің үстінде айқастырылған, саусақтары толық аяқталмапты. Адамның үстінде кеңдеу тігілген киімі бар[11]. Белінде - белдік. Мүсіннің биіктігі 4 см, ені 2-5 см.Тесілген дөңгелектер.Тек Ботай қонысының өзінде бұлардың 1000 данасынан астамы сақталған. Энолиттің басқа жерлерінде де мұндай дөңгелектердің пайызы жоғары.
9


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет