«Ботай-дала өркениетінің бастауы»


Жылқыны демостикациялау мәселесіне қатысты археологиялық теориялар мен негізгі қорытындылар



бет6/9
Дата20.02.2023
өлшемі10,12 Mb.
#69445
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Жылқыны демостикациялау мәселесіне қатысты археологиялық теориялар мен негізгі қорытындылар

Мал шаруашылығы түрлерінің шығу және даму мәіселелері, соның ішінде Еуразия даласындағы жылқы шаруашылығына қатысты проблемалар жүз жыл бойы зерттеліп келеді.Палеозооологтар критерий негізіне морфололгиялық және түрлік өзгешелікті жатқызады. Алайда жабайы жылқының диагностикалық белгілерін анықтау жолында үлкен қиындықтар тұр, сондықтанда да бұл мәселе жқнінде палеозоолог ғалымдардың арасында біржақты толыққанды пікір жоқ.Жануарларды демосттикациялау мәселелерімен археологтар да айналысады. Археология ғылымының өзіндік ерекшеліктерінің өзі каталған мәселелерді шешудің кешенді тәсілдерін ойластыруды талап етеді. Соңғы 20 жылдың ішінде Днепр, Еділ, Орал, Қазақстан (Васильев, Даниленко, Зайберт, Логвин, Матюшин, Телегин) аймақтарында ашылған тап осындай археологиялық жаңалықтар Еуразия даласында табиғи-экологиялық жағдайларды және палеоклиматтық өзгерістерді ескере отырып, үлкен фактологиялық материалдардың негізінде мал шаруашылығыныцң пайда болуы мен дамуының нақты моделін ұсынуға жол ашты[17].


Тұғңыш рет жылқыны қолға үйретудің құрал-саймандық дәлелдемелері пайда болды. Бұны ботайлық остеологиялық материалдарды талдау барасында ағылшындық және америакандық зерттеушілер жүзеге асырды. Жылқы сүйектері қоныста 99,9% құрайды. Сүйектердің арасында қаңқаның барлық бөліктері бар.
Еkі көбі омыртқалар, қабырғалар, жамбастар, жекелеген тістер, бақайшықтар (І,ІІ,ІІІ), табандар, толарсақтар. Қоныстың түрлі қазындыларының барлық қабаттарынан, жер бетінен 10-110 ссм аралығындағы тереңдіктен табылған 133 мың сүйек жан-жақты тексерілгеннен кейін, барып, бізде сенімді ақпарат пайда болады.133 мың сүйектің ішінен тұтастау деген (бұлардың 29,1% жасқа дейінгілер) 10 мыңы биометриялық жолмен өңделді. Бұлар аяқ-қолдардың ұзын түтікше тәрізді сүйектер, метаподилер, табан, бақайшық сүйектер. Табан және бақайшық сүйектерді диалогтық есептеу комплекісінде алдын ала сараптау нәтижесі бойынша алынған биометриялық деректер Ботай аттарының аяқтарының жуандығы, бойының биіктігі жағынан әртүрлі болғанын көрсетті: орташа аяқтылар 42,3% құрайды, жартылау жіңішке аяқтылар-10% және жуан аяқтылар-6,8% [4].
Диафиз жалпақтығының индексі бойынша (16,4) Ботайдан табылған алдыңғы аяқтың табан сүйектері 1-Слоеное аймағынан табылған осындай сүйектерге ұқсас (16,27), сондай-ақ Шығыс Еуропадағы Озерное қоныс-мекенінен табылған неолит ескерткішіндегі жылқының алдыңғы табан сүйегіне да сәйкес келеді.
13

Қола дәуіріндегі Қазақстан аттарының, Пржевальский аттарының, тарпанның алдыңғы табан сүйектерінің диафиз жалпақтыңының индексі мұншалық жоғары емес.Ботай жылқысының аяқ-қол сүйектері құрылымының және бойының биіктігінің әртүрлілігі оның қолға үйретілгенннің және бір дәлелі. Посткраникалды қаңқаның және жота бойы биіктігінің көп өзгермелілігі қолға үйретілген жылқы түрлеріне тән екендігін Алтайдың ежелгі жылқыларын зерттеген Н. Ермолаева да, Пазырык аттарын зерттеген В.Витт де атап көрсетеді. Ал жабайы жылқы түрлерінің аяқ-қол сүйектерінің түзілістері бірдей келеді. Сонымен, Пржевальский жылқысы ішінде диафиз енінің жоғары көрсеткіші барлары кездескен жоқ, бұл табылған жылқы сүйектері текғ жартылай жіңішке жіне жіңішке аяқтылардың тобына тиесілі[9].


Әзірше Қазақстандағы неолит-энеолит дәуіріндегі жылқылардың қолға үйретілгендігінің басты морфологиялық көрсеткіші 1-Соленное көлі жылқысының бірінші бақайшық сүйектері өлшемдерін қола дәуіріндегі Атасу қоныс-мекеніндегі тап осындай жылқылардың сүйек өлшемдерімен статистикалық салыстырмалы сараптау нәтижелері болып табылады. Осы зерттеудің қорытындысы бірінші бақайшықытарда пәлендей айырмашылықтың жоқ екендігін анықтап берді, яғни, осы сүйектердің диафиз еніндегі өзгешелікті қоспағанда, 1-Слоеное көлінің жылқысы жуан аяқты болған деген тұжырымға келеміз. Ботай аттарының бірінші бақайшықтары Атасу аттарының сүйектеріне ұқсас болып шықты[10].
Ботай жылқыларының қолда бар жоғарғы және төменгі жақ сүйектері мен тіс қалдықтарына қарап, тістердің жалпақ және жіңішке, ірі және майда болғанын байқаймыз. Тістердің пішіні мен өлшемі бас сүйектерінің құрылымына байланысты болуы мүмкін.
Айырмашылық пен ұқсастыцқ ботайлық және кейінгі плейстоцендік жылқылардың тістеріндегі эмаль іздерін салыстырғанда байқалады. Мәселен, мезостильді тес тістердің түбінен бқлі соңғыларына ғана тән. Кейінгі плейстоцендік аттардың тістерімен эмаль іздері ұқсайтын ботайлық жылқылардың тістері бар. Сонымен қатар, бұлардың ұқсамайтын жақтары да кездеседі. Яғни кейінгілердің кеңейтілген, тіпті қосарланған мезостилін азу тістерінен де көруге болады, ал бұл нағыз жылқылардың ұзартылған протоконы сияқты прогрессивті белгі болып табылады[11].
Зерттеулердін көрініп тұрғандай, ботайлық жылқылардың өлшем бірліктері Қазақстанның, Шығыс Еуропаның қола дәуіріндегі үй жылқыларының парамметрлерінің ауытқушылық деңгейіндк жатқанын байқаймыз, сондай-ақ Бибикованың келтірген деректерінде дәлелденгендей, дереивка қонысының неолит дәуіріндегі жылқылардың кейбір сүйектерінің параметрлеріне ұқсайтындығын да аңғарамыз. Сондықтан біз ежелгі замандағы үй жылқыларының доместикациялық белгілерінің жеткілікті ауқымда зерттелмегендігіне қарамастан, алынған өлшемдер мен қоныстанушылардың шаруашылық салттары
14

туралы археологияылық деректерді ескер отрырып, ботайлық жылқылардың қолға үйретілген жылқылардың түріне жатқызуға әбден болады деп есептейміз.


Ботайлық жылқылардың қолға үйретілгендігінің және бір дәлелі, ұқсас сүйектердің қоныстың өнебойында жаппай табылуы болып табылады.
Оңтүстік Шығыс Еуропа мен Еділдің арғы жағалаулары бойынша келтірілген осынау мысалдар Ботай қонысының жылқышылықпен айналысқанын көрсетсе керек, әрі бұл деректер жылқыны қолға үйрету аумаңының шығыс шекарасының кеңейе түскендігі туралы біздің түсінігімізді толықтырып, аталмыш шекараны Қазақстанға қарай жылжытады. Ботай жылқыларының сүйектері арқылы біз тұңғыш рет кейбір параметрлер бойынша абсолюттік өлшемдерді анықтап, олардың арақатынасын есептеп шығаруға мүмкіндік алдық[15].
Аймақты жылқыны қолға үйрету болашақ өндіруші экономиканың элементтерін біріктіру үшін қажетті жағдайлар тудырған неолит дәуірінен бастау алады.Жылқының тұңғыш рет қазақ даласында қолға үйретілгенін дәлелдейтін Ботай мәдениетін бүкіл әлем мойындап отыр. [11].
Асхат Байұзақов қазақ халқының тарихын ғана емес, алдымен ұлы далада өмір сүрген ежелгі протомемлекеттер тарихын оқып, үйренуіміз қажеттігін алға тартады. Оның пайымынша, түпкі тарихын біліп, онымен ұрпақтың мақтаныш сезімін, рухын ояту заман талабы. «Біздің эрамызға дейін Қытайды тізе бүктірген ғұн патшасы Мөде қағанның тарихын біріміз білсек, біріміз біле бермейміз. Мұндай көне тарих посткеңестік мемлекеттерде кімде бар? Ал сақ дәуіріндегі алтын адамдар ше? Ол - ежелгі Мысыр пирамидаларынан кейінгі ерекше көзге ұратын тарихи құбылыс. Қазақ археологтары қазба жұмыстардың нәтижесінде ежелгі сақ тұрмысы мен қазақтың ХVІІІ ғасырдағы тіршілігінде айырмашылық жоқ деген көзқарасты ұстанып отыр. «Еуроцентристік көзқарас сақтар мен ғұндар және басқа да бүгінгі түркі халықтарының арғы бабасы саналатын этностық топтар ұлтымыздың тарихи этногенезінің ажырамас бөлшегі болғаны туралы бұлтартпас фактілерді көруге мүмкіндік берген жоқ», - дейді Елбасы. Иә, бұл шын мәнінде әлемдік деңгейдегі өте терең сұрқия саяси ұстаным болып келді. Еуроцентристік көзқарас бұдан әрі түркі тарихын бұғаулап ұстап тұра алмайды.
Себебі, түркі тұқымдас елдердің қолы тәуелсіздікке жеткелі ширек ғасырдан асып, іргесі нығайып, мемлекет құрап, өзінің түбін іздей бастады. Осы мәселеге келгенде, бүкіл түркі мәдениетінің тарихтағы орнын көрсетуге Елбасы тағы да бірінші болып, біртұтас түркі елдерінің келешегі үшін аса қажетті идеяларын ортаға салып отыр», - дейді ол. Оның айтуынша, Елбасы тарихи-мәдени жетістіктеріміздің үш қайнар көзін атап көрсетіп отыр. Олар қазақтың ұлттық этногенездік тамырын тану мәселесі, Ұлы даладағы бабаларымыздың қол жеткізген биіктерінің сырттан келемегендігі, сосын Ұла далының жаһандық тарихтағы орны. 
15


«Міне, осы үш мәселенің басы ашылып, қоғамдық түсінікке бойлап енгенде ғана Қазақстанда толық мәнді бәсекеге қабілетті ұрпақ өсіп шығатынына сеніміз кәміл болады.
Мәселен, Ботай мәдениеті жылқы түлігінің қазақ даласында алғаш рет қолға үйретілгендігінің дәлелі екенін дүние жүзі тарихшылары мойындап отыр. Тарихшылардың тілімен айтқанда, бұл жаңалық, яғни адам баласының жылқыға тақым салуы - бүгінгі аспан әлемін бағындырып жатқан космос кемелерінің, зымырандардың шығуынан кем емес құбылыс. Бұл жетістік әлемде алғаш рет біздің ата-бабамыздың қолынан келді.
Мақтаныш па? Әрине! Әлем халқының бүгінгі киім үлгісінің түп-төркіні көшпенділердің атқа міну мәдениетінен бастау алады екен. Былай қарағанда, аса бір айта қаларлықтай болып көрінбегенімен, осы бір ойдың негізінде көшпенділердің әлем өркениетіне қосқан өзіндік үлесі жатыр. Мысалы, қару-жарақ асынған Рим мен Батыс жауынгерлерін бүгінде ұрпақтары аспан сайбақ қылып, асыра мақтан қылып жатқанда, темір құрсанған Еділ патша әскерлері әлемді дүр сілкіндірді. Кезінде тас қашаған түркілерді түп-тегі темір өңдеуді кәсіп қылды. Шыңғыс ханның азан шақырып қойған атының өзі темірмен байланысты болуы да тегін емес[12].
Жезқазған даласында қола дәуірде сақтардың, мұны қытай тарихшылары айтқандай үйсіндердің алтын, күміс өндіріп, оның өңдеу технологиясын меңгеруі, алтын адамдар арқылы әлем жұртшылығын мойындатып отыр. Кезінде қытай патшалары ғұндармен соғысу үшін атқа міну керектігін, олардың қару-жарағын асынып, киімін киіп, соғыс тактикасын үйрену керектігін түсініп, бұл шараларды мемлекет деңгейінде жүзеге асырған. Сол кезде түркінің жауынгерлік болмысы бүкіл әлемге үлгі болды. Елбасы аң стилін де ұлы даланың жеті қырының біріне балап, ерекше бренд ретінде таңдап алып отыр. Көшпенділердің киген етігінің басы өрге қарай қайқы болып келеді. Басы қайқы етік шөп тамырына зиян келтірмейді.
Табиғатты түсінуге тырысқан бабамыздың ұлы қасиеті осындай. Көшпенділердің жануарлар бейнесін өрнектеуі - адам баласының қол жеткізген жетістіге болып саналатын өнер. Өздері біте қайнасып өмір сүрген табиғатты көшпендіден артық түсінген халық жоқ шығар, сірә», - деді ол.
Яғни ата-бабамыздың кім болғанын, қазақы түсініктің тамыры тым тереңде жатқанын алдымен өзіміз оқып үйреніп, содан кейін өзгеге түсіндіретін кез жетті. Осының бәрі - ұлттық идеологияға қызмет ететін құрал. Ұлы даланың тарихы көп қырлы, терең сырлы. Санай берсек, шыға береді. Алайда, Ұлы даланың жеті қыры дегенде, Елбасы жеті санын тегін алып отырған жоқ. Жеті - қазақта қасиетті сан. Сенің қасиетің тегіңде жатыр деген ойды меңзеп тұр», - деп қорытындылады А.Байұзақов. Айта кету керек, 21 қарашада Елбасы «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласын жариялаған болатын.
16
1.3 Ботайлықтардың өндірістік қызметтерін бұрынғы қалпына


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет