«Ботай-дала өркениетінің бастауы»


Баспаналар мағынасы мен керамикалық өндіріс



бет5/9
Дата20.02.2023
өлшемі10,12 Mb.
#69445
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
Ботай дала өркениетінің бастауы[1]

1.1 Баспаналар мағынасы мен керамикалық өндіріс
Ботай баспанасы дүние құрылымының көшірмесін жасаған іспетті. Дөңгелек көпбұрышты пішіні, шар тәрізді жабындысы - күмбез, баспананың ортасы - ошақ, от - жасанды күн. Күндіз күн сәулелері дөңгелек түтіндіктен түсіп тұрады, түнде алау - ошақ баспанаға жарық береді. Сонымен қатар, түтіндік жасанды және табиғи күннің қосылуының сиқырлық рөлін атқарады. Осы құбылыстың таңбасы ретінде қазақтардың дөңгелекті құлыптар, кесенелердің күмбездері ретінде бейнелейтіндігін атауға болады. Ботай заманында баспаналардың кәдеге жаратылатын және әдет-ғұрыптық функциялары күрделі дүние тану мен тұрмыстық бірлікпен қатар қолданылды. Оған бірден-бір мысал - баспаналардың ішінен қабірлер жасау, кіре беріске итті немесе оның бас сүйегін көму, табыну мақсатында баспаналарда адамдардың саз балшықпен сыланған бас сүйектерін пайдалану. Баспана құрылысын бастаған кезде құрбандық шалу әдет-ғұрпы[12].
Барлық баспаналардың пішіндері және ішіндегі ошақтардың, шаруашылық шұңқырлары мен қуыстардың орналасуы бірдей емес.
Ауданы 70 шаршы метрге дейін жететін көпбұрышты-сопақ түрлерінен басқа, ауданы 25 шаршы метр шамасындағы шаршы баспаналар да болды. Олардың ошақтары көбіне үйдің ортасына емес, қабырғаға жақын орналастырылды.
Кейбір үлкен баспаналарды ботайлықтар қоғамдық мақсаттарға пайдаланса керек. Мысалы, қоныс-мекендердің дәл ортасында орналасқан №62 баспананың еденінде ошақтың қасынан 12 оюланған тұсаулы аттың сүйектері табылды. Бақайшық сүйектері ұзына бойы, кейде жағалай кертіктермен, ал жазық беттері бір-бір геометриялық нақыштармен оюланған. Құпия сыры мол осынау заттар үш бағытта талданды: олардың функциялары, оюдың иконографиялық сипаттамасы және оның сандық шарттылығы, семиотикалық мәні. Әлбетте, бұл талдаулар археологиялық және тарихи мән-мәтінге байланысты болмақ[13].
Жиынтықтың ішінде керамика ерекше оын алады. Бұл Қазақстанның тас дәуірі ескерткіштерінің қатарында тұңғыш рет кеңінен көрсетілуі. Статистикаға 12279 қалдықтар мен ыдыстар енгізілді.
Ботай керамикалық материалдарының өзіндік ерекшеліктері ескеріліп, өңдеу бағдарламасына қажетті түзетулер енгізілді. Жалпылама кестенің шегінен шыққан, керамиканың сол немесе басқадай жағын сипаттайтын белгілерінің әрқайсысына жеке сандық шифр берілді[14].
Ал бұл аталмыш белгілер олардың құрамдас элементтерін толығырақ жіктеуге мүмкіндік берді. Қабылданған осындай өзгертулер уақытты қысқартып, қоныс керамикасының жіктелуін жеңілдетті.
10
Пішіндері бойынша жартылай жұмыртқа тәрізді ыдыстар екі түрге бөлінді: I - аузы жабық, II - тік қабырғалы. Сурет салу техникасы бойынша керамика екі үлкен топқа жіктелді: ирек тісті қалыппен және "жіп" сияқты нақышталған ыдыстар.
Сыртқы және ішкі бетінде тоқымасы бар ыдыстар да ұшырасады. Тоқымалық таңбалардың сипаты матаның ыдыс қалыбында атқарған қызметі мен пайдалану тәсілін анықтауға мүмкіндік береді. Біркелкі айқындылығына және тоқыма іздерінің беттегі тереңдігіне қарап, таңбалар ыдысты дайындап жатқан кезде тоқыманы балшықты таспаға қысқаннан пайда болған деп жорамалдауға болады, бірақ керісінше емес. Бұл болжам ыдыстың ішкі бетіндегі ирек тісті қалыппен таралған іздер арқылы беки түседі. Осы тарамдардың сипатына қарағанда, қалып қандай да бір үлгіге салынған мата қабының ішінде (мысалы, жердегі немесе құмдағы шұңқыр) шығарылған. Тісті құралдың пайдаланылуы әбден орынды, өйткені саз балшықтың артық жерін негізгі массаны қозғамай-ақ кесіп тастауға болады.
Оюдың және бір ерекшелігі, ыдыстың тәжін немесе оның жоғары ішкі бетін безендіріп тұрған "шынжыр табан" болып табылады.Керамиканың әрбір тобы оюланған және оюланбаған болып тағы бөлінеді. Соңғысы қалдықтардың жалпы санының 6% құрайды.Оюларды түсіру үшін қалыптардың бірнеше түрлері қолданылған: тарақ тісті, жіптік, цилиндрлік (таяқшалар).Жіптік қалыптардың бедерлері өзіндік белгілеріне қарай жіктелген - таңба ені мен қатты негізге оралған жіп орамдарының ара қашықтығы: ірі қадамды тар қалып, майда тісті тар қалып, ірі қадамды кең қалып және майда қадамды кең қалып. Шұңқырлы басулар қималары дөңгелек, шаршылы, үшбұрышты және мәнерлі болып келген цилиндр қалыптармен (таяқша) орындалған. Керамиканың бір бөлігі түтікшенің бедерімен оюланған. Суреттерді түсірген кезде тарақ тісті қалыптар ыдыс бетіне перпендикуляр, қойылады.
Керамикадағы оюлардың композициялары ондаған мақамда орындалған, оларды мынадай екі топқа бөлуге болады: жиі және сирек кездесетіндер. Жиі кездесетін ою мақамдарына тік көп қатарлы иректер, адымдаушы тарақтың тік қатарлары, көлденең сызықтар, ромб тәрізді торлар, басылған дөңгелек шұңқырлардың қатары, "шынжыр табан" бедерлері жатқызылды. Мақамдардың екінші тобына көлденең немесе аралары өте сирек қиғаш түрлі сызықтармен созылған үшбұрыштар, көлденең иректер және басқыштардың әртүрлі пішіндері, қысқа тік сызықтар, сызықты ромбылар, асты тұйықталмаған үшбұрыштар жатқызылды.
Ыдыстар мен олардың көптігіне қарағанда (12 мың бірлік), керамикалық өндіріс Ботай қонысында ерекше орын алған.

11


Трасологтар ыдыстардан басқа, жиынтықтардан керамиканы дайындау барысында пайдаланылған әртүрлі аспаптарды да анықтады.
Импорттық сортаңдылық және боборықтық керамикалардан басқа, ыдыстардың негізгі тобы табиғи қоспаларға бай жергілікті Ботай саз балшығынан жасалған.
Энеолиттік тұрғындардың осы жерге қоныстауының басты себептерінің бірі, осындағы саз балшық физика-химиялық құрамы жағынан өте сапалы болған. Тіпті қазірдің өзінде жергілікті халық сол балшықпен үйлерін, қора-қопсыларын сылап қана қоймай, одан жоғары сапалы бояу жасайды.
Қалыптау техникасының үш түрі анықталды: жапсыру техникасы, түйіп істеу техникасы, мата қаптың ішіндегі қалыптау техникасы. Соңғысын тоқыма таңбалары бойынша И.Чернай ашты. Ол қалыпқа салу матамен қапталған кесек темірде жасалды деген тұжырымға келді. Бәлкім, басқа тәсілдер де бар шығар. Қалыптау тарақ тіс таңбамен ыдысты айналдыра қабырғаларын тегістеу жолымен де жасалуы мүмкін. Қалыптау кезіндегі артық массалар тісті құралмен кесіп тасталып отырған[6].
Алдыңғы екеуінде (жапсыру мен түйіп істеу) дәстүрлі тәсілдер пайдаланылса керек. Қажетті массаны әзірлеу барысында оған минералдық және органикалық қоспалар қосылған: қиыршық тастар, құм, күйдірілген топырақ, құрғақ балшық, күйіс қайыратын жануарлардың қиы, құстың саңғырығы және т.б. Ыдыс қабырғасының қалыңдығы 0,6-0,9 см, алайда кейбір жағдайларда азды-көпті ауытқулар бар.Оюлау үшін қалыптардың бірнеше түрлері қолданылған: тарақ тісті, жіптік, цилиндірлік (таяқша). Тарақ тісті қалыптың бедерлері тістерінің сырт пішіні бойынша, ал жіптік қалыптың бедерлері таңбасының жалпақтығы мен жіптің екі орамының ара қашықтығы бойынша ажыратылады. Шұңқыр оюлар цилиндірлік қалыппен - қимасы дөңгелек, шаршылы, үшбұрышты және мәнерлі таяқшамен орындалған[16].
Ыдысты күйдіру оюланып, кептірілгеннен кейін жүргізілген. Мамандардың пікірінше, күйдіру қышқылдандыру арқылы, төменгі температурада атқарылған. Бұны керамиканың технологиясы бойынша Ботайда жүргізілген тәжірибелік жұмыстар да дәлелдеп отыр.

12





    1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет