Ботакөз Лесбекқызы мен Мадина Тулкунқызы Сандар тізбегі


Жауабы: В) 22,5 км 2-МЫСАЛ



бет14/76
Дата02.12.2023
өлшемі0,56 Mb.
#131401
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   76
Жауабы: В) 22,5 км
2-МЫСАЛ.Масштабы 1:2 000 000 болатын картада екі елді мекеннің арасы 5 см .Осы елді мекеннің жердегі арақашықтығын табыңыз.
А) 115 км В) 110 км С) 124 км
Д) 100 км Е) 215 км

Шешуі: Формула бойынша:
х= 5 • 2000000
х = 10000000 см = 100000 м = 100 км
х = 100 км
Сонда екі елді мекеннің шын мәніндегі, жердегі арақашықтығы 100 км-ге тең.

Жауабы: Д) 100 км
Эйлер-Венн диаграммасы
Эйлер диаграммасы (Эйлер шеңберлері) — бұл жиындар арасындағықатынасты, геометриялық схемалар аркылы көрсету үшін пайдаланылатын диаграммалар.Ең алғаш оны Леонардо Эйлер қолданысқа енгізген болатын, ал оны ары қарай дамытып алгебра және логикалық есептерді шығаруға өз кітабында қолданған Джон Венн болатын.Сол себепті қазіргі танда бұл диаграммалар Эйлер-Венн диаграммасы болып қалыптасып, көптеген салаларда пайдаланылады, мысалы: математикада, логикада, менеджментге және т.б. қолданбалы бағыттарда пайдаланылады. Біз болсақ бұл диаграммаларды логикалық және алгебралық есептерді шығаруға, түсінуге пайдаланатын боламыз.Ал ендеше бұл теорияны түсіну үшін жиындарды қарастырайық.Кез келген А және В жиындары берілсін.
А жиыннының элемснттерің А {1,2,3,4,5,6,7} болсын, ал В жиынынын элементгері В{1,3,5,7,9,11} болсын делік. Енді осы жиындарды пайдаланып Эйлер - Венн диаграммасын сызып көрелік.

Енді осы жиындарға амалдар қолданып көрелік.


БІРІГУ АМАЛЫ (ҚОСЫНДЫСЫ).
А мен В жиындарының бірігуі деп - осы жиындардың барлық элементтерінен тұратын үшінші жиынды айтады.Оны АВ арқылы белгілейді. Сонда екі жиынның бірігуін (қосынды) табу үшін екі жиынға да тиісті элементерді теріп жазамыз (диаграммадағы жасыл, сары және көк түстегі бөліктердегі сандар):АВ {1,2,3,4,5,6,7,9,11} деген жаңа жиынды аламыз.

ҚИЫЛЫСУ АМАЛЫ.
А мен В жиындарының қиылысуы деп осы жиындардың ортақ элементтерінен тұратын үшінші жиынды айтады. Оны АВ арқылы белгілейміз. Сонда тек екі жиынға да ортақ элементтерді теріп жазамыз (диаграммадағы тек көк түсті бөліктегі сандар): АВ {1,3,5,7} деген жаңа жиынды аламыз.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   76




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет