Екі жақты жазу. Шаруашылық әрекеттерді бір мезгілде, бірдей соммада екі шотта көрсету, яғни әрбір шаруашылық әрекетін екі рет тең соммамен бір шоттың дебетінде және басқа шоттың кредитінде жазу әдісі
Екі жақты жазу. Шаруашылық әрекеттерді бір мезгілде, бірдей соммада екі шотта көрсету, яғни әрбір шаруашылық әрекетін екі рет тең соммамен бір шоттың дебетінде және басқа шоттың кредитінде жазу әдісі.
Бағалау. Жалпы кәсіпорын бойынша ағымдағы немесе есепті кезеңге жалпылама мәліметтерді алу үшін шаруашылық құралдарын, міндеттемелерді және шаруашылық әрекеттерін ақшалай түрде көрсету әдісі.
Калькуляциялау.Шығындарды топтастыру, өнімдердің жеке бір түрлерін және өндіріліп дайындалған материалдық құндылықтарын, өзіндік құнын анықтау.
Бухгалтерлік баланс. Белгілі бір мерзімде және ақшалай бағалау мен көрсетілген кәсіпорынның шаруашылық құралдарын экономикалық топтастыру және жалпылау әдісі болып табылады.
Есеп беру. Есепті кезеңге кәсіпорынның шаруашылық құралдарын, міндеттемелердің қозғалысын және қаржылық жағдайын сипаттайтын әрбір белгілі бір кесте нысанында көрсетілген бухгалтерлік есеп көрсеткіштерінің жиынтығы.
Кез келген ғылымның, соның ішінде бухгалтерлік өз принципінің болуы заңдылық. Латын тілінен аударғанда принцип сөзі мағынасы жағынан- бастамасы негізі деген түсінікті білдіреді. Қаржылық есеп беру тұжырымдамасы (концепциясы) шаруашылық үрдістері барысында шешім қабылдау үшін бухгалтерлік ақпараттық мәліметтердің қажеттілігін анықтайды. Жалпы оқулықтар мен оқу құралдарын оқи отырып бухгалтерлік есептің жиырмадан астам принципін кездестіруге болады. Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп стандарттарында бухалтерлік есептің мына төмендегідей принципі анықталған:
есептеу;
үздіксіз (ұдайы);
түсініктілік;
мәнділік;
бейтараптық;
әділетгі әрі тура көрсету;
сенімділік;
маңыздылық;
сақтық;
толықтылық;
салыстырмалық;
дәйектілік.