237
3) 2800000 теңгеге құрылыс материалдары. Бұл жағдайда бух-
галтерлік жазу төмендегіше болады:
Дт Кт Сома Ескерту
1317 — 5020 = 2800000 3 типті операция
А (+) П (+)
4) 1600000 теңге сомада қолма-қол ақша. Бұл жағдайда бухгал-
терлік жазу төмендегіше болады:
Дт Кт Сома
Ескерту
1010 — 5020 = 1600000 3 типті операция
А (+) П (+)
б) Номиналды құн бойынша айналымнан акцияларды алып
тастаудан. Бұл шаруашылық операциялар № 5010 «Жарияланған
капитал» пассивті шотында бейнеленеді. Акцияларды айналымнан
алып тастау номиналды құн бойынша болатындықтан, шаруашылық
операциялардың жазуы № 5010 шоттың дебетіне № 5210 шоттың
кредитінен жасалады. Проводка төмендегіше болады:
Дт Кт
Құжаттар
5010 — 5210 Жиналыстардың хаттамалары,
қайта тіркеу құжаттары
Жазудың
дұрыстығын тексереміз: дебеттік жағында тек қана
пассивті шот орналасқан. Бұл жағдайда баланстың пассивінде тек
қана өзгерістер болатын 2 типті «Пассивті-пассивті» операция орын
алады. Бір жағынан кәсіпорын құрылтайшылары мен қатысушылары
салымдарының көлемі, екінші жағынан бір мезгілде сол сомаға оның
жарғылық капиталы көбейеді. Бұл жағдай жазудың дұрыстығын
білдіреді.
Достарыңызбен бөлісу: