Бухгалтерлік есеп



Pdf көрінісі
бет132/162
Дата22.06.2022
өлшемі2,74 Mb.
#37181
1   ...   128   129   130   131   132   133   134   135   ...   162
Мысалдар келтіреміз: 1) шойын құю цехының жұмысшылары 
мен линиядағы персоналға қыркүйек айында 2005 жылы сол айдағы 
жүктелімдерге сәйкес, 2800000 теңге сомада еңбекақы есептелді. 
Бұл жағдайда бухгалтерлік жазу төмендегіше болады:
Дт Кт Сома Ескерту
8012 — 3350 = 2800000 3 типті операция
А (+) П (+)
2) кәсіпорында сырт ұйымдардың қаражаттарын пайдаланғаны 
үшін 2005 жылы қыркүйек айының 13 жұлдызындағы № 3 келісіміне 
сәйкес, 38000 теңге сомада сыйақылар есептелді. Бұл жағдайда 
бухгалтерлік жазу төмендегіше болады:
Дт Кт Сома Ескерту
7310 — 3380 = 38000 3 типті операция
А (+) П (+) 
3) кешенді бригада дәнекерлеушісі А. Сәрсенбаевтың 2005 жы-
лы қыркүйек айындағы еңбекақысынан ережеге сәйкес, 4500 теңге 
сомада Халық банкінің жинақтаушы зейнетақы қорына 10 %-дық 
мөлшерде ұсталым жасалды. Бұл жағдайда бухгалтерлік жазу 
төмендегіше болады:


218
Дт Кт Сома Ескерту
3350 — 3220 = 4500 2 типті операция
П (-) П (+) 
4) цех бастығы Р. Абдуллаевтың 2005 жылы қыркүйек айындағы 
еңбекақысынан 2005 жылы қыркүйек айындағы № 2 төлем ведомо-
сына сәйкес, заттай берілген тауарлар үшін 18000 теңге сомада 
ұсталым жасалды. Бұл жағдайда бухгалтерлік жазу төмендегіше 
болады:
Дт Кт Сома Ескерту
3350 — 3390 = 18000 2 типті операция
П (-) П (+)
Енді міндеттемелердің кему (орындалу) жағдайларын қараймыз. 


219
Қысқа мерзімді міндеттемелердің кемуі (орындалуы)
Аталған жағдайларда олар дебет бойынша өтеді. Бұл жерде 
біз кәсіпорынның тауар-материалдық қорларының құны қандай 
элементтерден пайда болады немесе есептелетін міндеттемелер 
қандай көздерден ұсталатынына назар аударуымыз керек.
а) Қарыздарды төлеу (жабу). Бұл операциялар № 3010, 3020 «Қыс-
қа мерзімді қарыздар» шоттарының дебеті бойынша бейнеленеді. 
Несиелердің жабылуы (төленуі) болатындықтан, шаруашылық опе-
рация № 1010, 1040 шоттардың кредитінен № 3010, 3020 шоттардың 
дебетіне жасалады. Бухгалтерлік жазу төмендегіше болады:
Дт Кт Құжаттар
3010, 3020 1010, 1040 Келісімдер, несиелерді есептеу
бойынша есептер, төлем тапсырмалары
Жазудың дұрыстығын тексереміз: кредиттік жағында тек қана 
активті шоттар орналасқан. Бұл жағдайда баланстың активі мен 
пассиві кемитін 4 типті «Пассивті-активті» операция орын алады. 
Бір жағынан кәсіпорынның ақша қаражаттары, екінші жағынан бір 
мезгілде сол сомада несие берушілерге кредиторлық қарыздары 
кемиді. Бұл жағдай жазудың дұрыстығын білдіреді.
Мысал келтіреміз: кәсіпорын 2005 жылы наурыз айының 29 
жұлдызындағы № 857 төлем тапсырмасы мен банктің келісім шартына 
сәйкес, 500000 теңге сомада банктің қысқа мерзімді несиесін жапты 
(төледі). Бұл жағдайда бухгалтерлік жазу төмендегіше болады: 
Дт Кт Сома Ескерту
3010 — 1040 = 500000 4 типті операция 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   128   129   130   131   132   133   134   135   ...   162




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет