Мысал келтіреміз: кәсіпорында тозған жабдық өткізілді (жойыл-
ды). Кәсіпорын жұмысының уақытысында бұл жабдық бойынша
290000 теңге мөлшерде тозу есептелді (жиналды). Өткізу (жою)
нәтижесінде 2005 жылы сәуір айының 10 жұлдызындағы жабдықты
өткізу (жою) актісіне сәйкес, тозудың бұл сомасы жабдықтың
206
баланстық құнынан шығыс етіледі (кемітіледі).
Бұл жағдайда бухгалтерлік жазу төмендегіше болады:
Дт Кт Сома Ескерту
2423 — 2413 = 290000 4 типті операция
П (-) А (-)
б) Негізгі құралдардың кем шығуы. Бұл шаруашылық операция-
лар № 2180 «Өзге ұзақ мерзімді дебиторлық берешек» активті
шотында бейнеленеді. Кем шығу анықталған жағдайда шығыстар
бұл активті шотқа шығыс етілетіндіктен, шаруашылық операцияның
жазуы № 2180 шоттың дебетіне № 2412—2417 шоттардың кредитінен
жасалады. Проводка төмендегіше болады:
Дт Кт Құжаттар
2180 2412—2417 Түгелдеу актісі, айыпты
тұлғалардан зиянды өндіру
туралы басшының бұйрығы,
сотқа берілетін талап арыз
Жазудың дұрыстығын тексереміз: дебеттік жағында активті шот
орналасқан. Демек, баланстың активінде тек қана өзгерістер болатын
1 типті «Активті-активті» операция орын алады.
Бір жағынан негізгі құралды өндіру бойынша шығыстар көбейеді,
ал екінші жағынан сол сомаға кәсіпорын активтері шығыс етіледі.
Бұл жағдай жазудың дұрыс жасалғанын білдіреді
Мысал келтіреміз: кәсіпорында негізгі құралдарды түгелдеу
жүргізілді, нәтижесінде 85000 теңгеге жабдықтың кем шығуы
анықталды. Түгелдеу актісіне сәйкес, көрсетілген сомаға айыпты
тұлғаның үстінен сотқа талап арыз беру туралы 2005 жылы қараша
айының 24 жұлдызында кәсіпорын директорының бұйрығы шықты.
Бұл жағдайда бухгалтерлік жазу төмендегіше болады:
Дт Кт Сома Ескерту
2180 — 2413 = 85000 1 типті операция
А (+) А (-)
207
Сонымен, біз айналымнан тыс активтер мөлшерлерінің көбею
және азаю жағдайларын қарап, талдадық.
Енді 1-бөлімге жата тұрып, пассивті болатын 5 (2320, 2420, 2620,
2720, 2740) шоттарды қараймыз, өйткені олар активтердің тозу және
амортизациясының көздерін бейнелейді.
Тозу және амортизация деген не?
Тозу — негізгі құралдардың тозуының құндық шамасы.
Амортизация, өтелім — негізгі құралдардың, материалдық емес
активтердің моральдық және табиғи тозуы шамасына байланысты
айналымнан тыс активтер құнының, олардың көмегімен өндірілетін
өнімге (немесе қызметке) негізгі құралдардың қайта қалпына келуі
үшін ақша қаражаттарының орнын толтыру мақсатымен, біртіндеп
ауыстыру процесі.
Олардың көбеюін (есептелуін) қараймыз.
Бұл жағдайда олар кредит бойынша өтеді. Мұнда біз активтердің
есептелген тозуының (амортизациясының) құны қайда шығыс
етілетініне (бағытталатынына) назар аударуымыз керек.
Материалдық емес активтерде тозу деген ұғым болмайды, өйткені
олардың табиғи негізі жоқ екендігін есте сақтауымыз керек.
Бұл шаруашылық операциялар — № 7110 «Өнімдерді сату
және қызметтер көрсету бойынша шығыстар», 7210 «Әкімшілік
шығыстар», 8045 «Негізгі құралдардың тозуы және материалдық
емес активтердің амортизациясы» шоттарында.
Үш жағдайда да шығыстар осы активті шоттарға шығыс етіле-
тіндіктен, тозу мен амортизация енді кредиттік жағында болады және
шаруашылық операцияның жазылуы № 7110, 7210, 8045 шоттардың
дебетіне № 2720, 2740, 2421, 2429 шоттардың кредитінен жасалады.
Проводка төмендегіше болады:
Дт Кт Құжаттар
7110 2720, 2740 Активтер тозуының
7210 2421—2429 (амортизациясының) сомасын
8045 есептеулер
Жазудың дұрыстығын тексереміз: дебеттік жағында активті
шоттар орналасқан, демек, баланстың активі мен пассивінде көбею
жағына өзгерістер болатын 3 типті «Активті-пассивті» операция
208
орын алады. Бір жағынан тозу мен амортизация есептеу бойынша
шығыстар, ал екінші жағынан бір мезгілде кәсіпорын активтері
тозуы мен амортизациясының есептелуі көбейеді. Бұл жағдай
жазудың дұрыстығын білдіреді.
Мысалдар келтіреміз: 1) кәсіпорында 2005 жылдың I-тоқсанында
өндіріске қызмет ететін машиналар мен жабдықтардың тозуы 28000
теңге сомада есептелді. Бұл жағдайда бухгалтерлік жазу төмендегіше
болады:
Дт Кт Сома Ескерту
7110 — 2423 = 28000 3 типті операция
А (+) П (+)
2) 2005 жылдың II-тоқсанында жалпышаруашылық өндіріс
объектілері бойынша лицензиялық келісімдердің амортизациясы
18000 теңге сомада есептелді. Бұл жағдайда бухгалтерлік жазу
төмендегіше болады:
Дт Кт Сома Ескерту
7210 — 2710 = 18000 3 типті операция
А (+) П (+)
3) 2005 жылдың III-тоқсанында негізгі құралдардың тозуы
125000 теңге сомада есептелді. Бұл жағдайда бухгалтерлік жазу
төмендегіше болады:
Дт Кт Сома Ескерту
8045 — 2421 = 125000 3 типті операция
А (+) П (+)
Енді тозу мен амортизацияның кемуін (шығыс етілуін) қарай-
мыз.
Бұл жағдайларда олар дебет бойынша өтеді. Мұнда біз есептелген
немесе жиналған тозудың сомасы қай объектілердің құнынан шығыс
етілетініне (шегерілуіне) назар аударуымыз керек. Бұл өткізу немесе
жойылу нәтижесінде активтердің шығыс етілуі кезінде болатын
209
жағдай.
Аталған шаруашылық операциялар № 2710—2730 «Материалдық
емес активтер», 2412—2417 «Негізгі құралдар» шоттарының креди-
тінен бейнеленеді. Екі жағдайда да тозу мен амортизация негізгі
құралдар және материалдық емес активтердің құнынан шығыс
етілетіндіктен (шегерілетіндіктен), олар № 2710—2730, 2412, 2417
шоттардың кредитімен байланысады. Проводка төмендегіше бо-
лады:
Дт Кт Құжаттар
2720—2740 2710—2730 Есептер, активтерді өткізу
2421—2429 2412—2417 немесе шығыс ету актісі
Жазудың дұрыстығын тексереміз: дебеттік жағында активті
шоттар орналасқан. Демек, баланстың активі мен пассивінде кему
жағына өзгерістер болатын 4 типті «Пассивті-активті» операция
орын алады.
Бір жағынан тозу мен амортизация кемиді (жабылады), ал екінші
жағынан бір мезгілде кәсіпорын активтерінің құны кемиді (шығыс
етіледі). Бұл жағдай жазудың дұрыстығын білдіреді.
Мысалдар келтіреміз: 1) кәсіпорында патенттер қалдық құны
бойынша өткізіледі. Сол кезде олардың баланстық құны 158000
теңгені құраған, ал олар бойынша есептелген амортизация 36000
теңгеге тең болған. Осыған сәйкес 2005 жылы тамыз айының 26
жұлдызындағы № 128 шот-фактура 122000 теңге сомада жазылды
(158000—36000).
Бұл жағдайда бухгалтерлік жазу төмендегіше болады:
Дт Кт Сома Ескерту
2720 — 2712 = 36000 4 типті операция
П (-) А (-)
2) комиссия қорытындысы актісінің нәтижелері бойынша қалдық
құны бойынша тозған жабдық жойылды. Ол кәсіпорында 10 жылдан
артық уақыт қызмет етті. Кәсіпорынның балансына 380000 теңге
сомада қабылданған, ал ол бойынша жиынтық тозу 365000 теңгеге
тең.
210
Бұл жағдайда бухгалтерлік жазу төмендегіше болады:
Дт Кт Сома Ескерту
2423 — 2413 = 365000 4 типті операция
П (-) А (-)
Сонымен, біз 2 бөлімнің шоттары бойынша шаруашылық
операциялар құрудың мүмкін болған үлгілерін қарап шықтық.
III. БӨЛІМ. ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ МІНДЕТТЕМЕЛЕР
Бұл бөлімнің пассивті және 6 (№ 30, 31, 32, 33, 34, 35) бөлімшелерден
тұратындығы кестеден көрініп тұр. Қысқа мерзімді міндеттемелер
пассив болып табылады, өйткені олар шаруашылық құралдар, ақша
қаражаттары, салықтар мен ұсталымдардың есептелуі және басқа
кредиторлық қарыздардың келіп шығу көздерін бейнелейді.
Олардың келіп шығуын (есептелуін) қараймыз.
Қысқа мерзімді міндеттемелерінің келіп шығуы (есептелуі)
Аталмыш жағдайда олар кредит бойынша өтеді. Бұл жерде біз
кредиторлық берешектер қандай элементтерден пайда болуына
назар аударуымыз керек.
а) Заемдер (несиелер) алудан. Бұл операциялар № 3010—3050
«Банктік және басқа да қарыздар» пассивті шоттарының кредиті
бойынша бейнеленеді. Активтер несие берушілерден келгендіктен,
шаруашылық операцияның жазуы № 1010, 1040 шоттардың де-
бетіне № 3010—3050 шоттардың кредитінен жасалады. Проводка
төмендегіше болады:
211
Дт Кт Құжаттар
1010, 1040 3010—3050 Келісімдер, несиелерді есептеу
бойынша есептер, төлем
тапсырмалары
Жазудың дұрыстығын тексереміз: дебеттік жағында тек қана
активті шоттар орналасқан. Бұл жағдайда баланстың активі мен
пассиві көбейетін 3 типті «Активті-пассивті» операция орын алады.
Бір жағынан кәсіпорын ақша қаражаттары, екінші жағынан бір
мезгілде сол сомаға оның несие берушіге кредиторлық қарыздары
көбейеді. Бұл жағдай жазудың дұрыстығын білдіреді.
Мысал келтіреміз: кәсіпорын банктен 2005 жылы тамыз айының
28 жұлдызындағы № 1326 төлем тапсырмасы мен банктің келісім
шарттарына сәйкес, 3000000 теңге сомада қысқа мерзімді несие
алды. Бұл жағдайда бухгалтерлік жазу төмендегіше болады:
Дт Кт Сома Ескерту
1040 — 3010 = 3000000 3 типті операция
А (+) П (+)
ә) Салықтар мен бюджетке басқа міндетті төлемдерді есептеуден.
Бұл операциялар № 3110—3190 «Салықтар мен бюджетке басқа
міндетті төлемдер» шоттарының кредиті бойынша бейнеленеді.
Салықтардың есептелуі өзіндік құн, жалпы және әкімшілік шы-
ғыстары немесе калькуляциялық шоттарға апарылатындықтан, сон-
дай-ақ персоналдың еңбекақысынан ұсталатындықтан, шаруашылық
операция № 3110—3190 шоттардың кредитінен төмендегі шоттардың
дебетіне жасалады:
Дт Кт Құжаттар
1210, 3350, 7010 3110—3190 Салықтарды есептеу бойынша
7210, 7710, 8013 есептер, МСИ-ның
декларациялары, шот-фактуралар
Жазудың дұрыстығын тексереміз: дебеттік жағында активті және
пассивті шоттар орналасқан. Активті шот (№ 1210) орналасқан кезде
баланстың активі мен пассиві көбейетін 3 типті «Активті-пассивті»
операция орын алады. Бір жағынан кәсіпорынның дебиторлық қарыз-
212
дары, екінші жағынан бір мезгілде сол сомаға салықтар бойынша
кредиторлық қарыздары көбейеді. Бұл жағдай жазудың дұрыстығын
білдіреді.
Пассивті шот (№ 3350) орналасқан кезде баланстың пассивінде тек
қана өзгерістер болатын 2 типті «Пассивті-пассивті» операция орын
алады. Бір жағынан еңбекақы бойынша кредиторлық қарыздар кемиді, ал
екінші жағынан бір мезгілде сол сомаға салықтар бойынша кредиторлық
қарыздар көбейеді. Бұл жағдай жазудың дұрыстығын білдіреді.
Мысалдар келтіреміз: 1) кәсіпорында 2005 жылдың 1 тоқсанында
2005 жылы наурыз айының 31 жұлдызындағы өткізу актісіне сәйкес,
өткізілген өнім мен тауарларға 360000 теңге сомада ҚҚС есептелді.
Бұл жағдайда бухгалтерлік жазу төмендегіше болады:
Дт Кт Сома Ескерту
1210 — 3130 = 360000 3 типті операция
А (+) П (+)
2) кәсіпорында 2005 жылдың 1-тоқсанында 2005 жылы наурыз
айының 31 жұлдызындағы есептер мен МСИ-ның декларацияларына
сәйкес, 28000 теңге сомада жер салығы есептелді. Бұл жағдайда
бухгалтерлік жазу төмендегіше болады:
Дт Кт Сома Ескерту
7210 — 3160 = 28000 3 типті операция
А (+) П (+)
3) кәсіпорында 2005 жылдың 1-тоқсанындағы есептер мен
МСИ-ның декларацияларына сәйкес, өндірістік жұмысшылардың
еңбекақысынан 189000 теңге сомада әлеуметтік салық есептелді.
Бұл жағдайда бухгалтерлік жазу төмендегіше болады:
Дт Кт Сома Ескерту
801 — 3150 = 189000 3 типті операция
А (+) П (+)
4) кәсіпорында 2005 жылдың 1-тоқсанындағы есептер мен МСИ-
213
ның декларацияларына сәйкес, жеке тұлғалардан табыс салығы
16400 теңге сомада есептелді. Бұл жағдайда бухгалтерлік жазу
төмендегіше болады:
Дт Кт Сома Ескерту
3350 — 3120 = 16400 2 типті операция
А (-) П (+)
б) Еншілес (қауымдастырылған) ұйымдарға кредиторлық қарыз-
дардан. Бұл операциялар № 3320—3340 «Еншілес (бағынышты)
ұйымдарға кредиторлық қарыздар» пассивті шоттарының кредиті
бойынша бейнеленеді. Қарыздардың есептелуі еншілес (бағынышты)
ұйымдардың есебінен болатындықтан, шаруашылық операция
№ 3320—3340 шоттардың кредитінен төмендегі шоттардың дебетіне
жасалады:
Дт Кт Құжаттар
2411—2930
1310—1315, 1317
1010, 1040 3320—3340 Келісімдер, шот-фактуралар,
3010—3020 төлем тапсырмалары,
3310 жүкқұжаттар
Жазудың дұрыстығын тексереміз: дебеттік жағында активті және
пассивті шоттар орналасқан. Активті шоттар (№ 2411—2930) орналасқан
кезде баланстың активі мен пассиві көбейетін 3 типті «Активті-пассивті»
операция орын алады. Бір жағынан кәсіпорынның шаруашылық құрал-
дары мен ақша қаражаттары, екінші жағынан бір мезгілде сол сомаға
еншілес ұйымдарға кредиторлық қарыздары көбейеді.
Пассивті шот (№ 3310) орналасқан кезде баланстың пассивінде
тек қана өзгерістер болатын 2 типті «Пассивті-пассивті» операция
орын алады. Бір жағынан жеткізіп берушіге кредиторлық қарыздар
кемиді, ал екінші жағынан бір мезгілде сол сомаға еншілес ұйымдарға
кредиторлық қарыздар көбейеді. Бұл жағдай жазудың дұрыстығын
білдіреді.
Мысалдар келтіреміз: 1) кәсіпорында еншілес ұйымдарға
қарыздар есебінен 2005 жылы шілде айының 30 жұлдызындағы
№ 124 шот-фактура мен жүкқұжаттарына сәйкес, 2700000 теңге
214
сомада материалдар сатып алынды. Бұл жағдайда бухгалтерлік
жазу төмендегіше болады:
Дт Кт Сома Ескерту
1310 — 3320 = 2700000 3 типті операция
А (+) П (+)
2) кәсіпорында бағынышты ұйымдарға қарыздар есебінен
2005 жылы мамыр айының 31 жұлдызындағы № 2 келісімі мен 6
маусымдағы № 1339 төлем тапсырмасына сәйкес, 2000000 теңге
сомада банктің қарыздары жабылды. Бұл жағдайда бухгалтерлік
жазу төмендегіше болады:
Дт Кт Сома Ескерту
3010 — 3340 = 2000000 2 типті операция
П (-) П (+)
3) кәсіпорында бірлесіп бақыланатын ұйымдарға қарыздар
есебінен 2005 жылы ақпан айының 28 жұлдызындағы № 699 төлем
тапсырмасына сәйкес, 1800000 теңге сомада жеткізіп берушілердің
шоттары төленді. Бұл жағдайда бухгалтерлік жазу төмендегіше
болады:
Дт Кт Сома Ескерту
3310 — 3330 = 1800000 2 типті операция
П (-) П (+)
в) Қысқа мерзімді аванстар алудан. Олар бойынша есептер
№3510 «Алынған қысқа мерзімді аванстар» пассивті шоттарында
бейнеленеді. Активтер кредиторлардан алынатындықтан, шаруашы-
лық операция № 3510 шоттардың кредитінен № 1010, 1040 шоттардың
дебетіне жасалады. Бухгалтерлік жазу төмендегіше болады:
Дт Кт Құжаттар
1010, 1040 3510 Келісімдер, төлем тапсырмалары
Жазудың дұрыстығын тексереміз: дебеттік жағында тек қана
215
активті шоттар орналасқан. Бұл жағдайда баланстың активі мен
пассиві көбейетін 3 типті «Активті-пассивті» операция орын алады.
Бір жағынан кәсіпорынның ақша қаражаттары, екінші жағынан
бір мезгілде сол сомаға алынған аванстар бойынша кредиторлық
қарыздары көбейеді. Бұл жағдай жазудың дұрыстығын білдіреді.
Мысал келтіреміз: кәсіпорын тауар-материалдық қорларды
жеткізіп беру үшін 2005 жылы наурыз айының 21 жұлдызындағы
№ 933 төлем тапсырмасы мен келісіміне сәйкес, 2000000 теңге
сомада қысқа мерзімді аванс алды. Бұл жағдайда бухгалтерлік жазу
төмендегіше болады:
Дт Кт Сома Ескерту
1040 — 3510 = 2000000 3 типті операция
А (+) П (+)
г) Жеткізушілерге болған кредиторлық қарыздардан. Бұл опера-
циялар № 3310 «Жеткізушілерге қысқа мерзімді кредиторлық бе-
решек» пассивті шотының кредиті бойынша бейнеленеді. Активтер
жеткізіп берушілерден келетіндіктен, шаруашылық операция № 3310
шоттың кредитінен № 1310—1315, 1317, 1330, 1420, 7210, 8010 шоттар-
дың дебетіне жасалады. Бухгалтерлік жазу төмендегіше болады:
Дт Кт Құжаттар
1310—1315 Келісімдер, шот-фактуралар,
1317, 1330 3310 жүкқұжаттар
1420
7210, 8010
Жазудың дұрыстығын тексереміз: дебеттік жағында тек қана
активті шоттар орналасқан. Бұл жағдайда баланстың активі мен
пассиві көбейетін 3 типті «Активті-пассивті» операция орын
алады. Бір жағынан кәсіпорынның материалдық ресурстары мен
шығыстары, екінші жағынан бір мезгілде сол сомаға жеткізіп
берушілер бойынша кредиторлық қарыздары көбейеді. Бұл жағдай
жазудың дұрыстығын білдіреді.
Мысалдар келтіреміз: 1) кәсіпорын жеткізушіден 2005 жылы
қыркүйек айының 26 жұлдызындағы жүкқұжат пен 845 шот-
фактураға сәйкес, 1000000 теңге сомаға құрылыс материалдарын
216
алды. Бұл жағдайда бухгалтерлік жазу төмендегіше болады:
Дт Кт Сома Ескерту
1317 — 3310 = 1000000 3 типті операция
А (+) П (+)
2) құрылыс материалдары келіп түсуінің нәтижесінде сол шот-
фактураға сәйкес, 150000 теңге мөлшерде өтелуге тиіс ҚҚС-ның
сомасы пайда болды. Бұл жағдайда бухгалтерлік жазу төмендегіше
болады:
Дт Кт Сома Ескерту
1420 — 3310 = 150000 3 типті операция
А (+) П (+)
3) су шаруашылығы мекемесінен мақтаны суару үшін
пайдаланған суға 2005 жылы шілде айының 30 жұлдызындағы №
168 шот-фактурасына сәйкес, 160000 теңге сомада шот алынды. Бұл
жағдайда бухгалтерлік жазу төмендегіше болады:
Дт Кт Сома Ескерту
8011 — 3310 = 160000 3 типті операция
А (+) П (+)
д) Басқа кредиторлық берешектерді есептеуден. Бұл операциялар
№ 33 «Қысқа мерзімді кредиторлық берешек» бөлімшесі шоттарының
кредиті бойынша бейнеленеді. Кредиторлық қарыздардың есеп-
телуі өзіндік құнға, жалпы және әкімшілік шығыстар немесе
калькуляциялық шоттарға апарылатындықтан, сондай-ақ пер-
соналдың еңбекақысынан ұсталатындықтан, шаруашылық операция
№ 3220, 3350, 3380, 3390 шоттардың кредитінен төмендегі шоттардың
дебетіне жасалады:
Дт Кт Құжаттар
3350, 7010, 7210 3350, 3380, Еңбекақыны, сыйақыларды
7310, 8012, 8013, 3220, 3390 есептеу және МСИ-ның
217
декларациялары бойынша
есептер
Жазудың дұрыстығын тексереміз: дебеттік жағында активті
және пассивті шоттар орналасқан. Активті шоттар (№ 7010, 7210,
7310, 8012, 8013) орналасқан кезде баланстың активі мен пассиві
көбейетін 3 типті «Активті-пассивті» операция орын алады. Бір
жағынан кәсіпорынның шығыстары, екінші жағынан бір мезгілде
сол сомаға оның кредиторлық қарыздары көбейеді.
Пассивті шот (№ 3350) орналасқан кезде баланстың пассивінде тек
қана өзгерістер болатын 2 типті «Пассивті-пассивті» операция орын
алады. Бір жағынан кәсіпорынның еңбекақы бойынша кредиторлық
қарыздарының көлемі кемиді, ал екінші жағынан бір мезгілде сол
сомаға оның кредиторлық қарыздары көбейеді.
Бұл жағдай жазудың дұрыстығын білдіреді.
Достарыңызбен бөлісу: |