Мысал келтіреміз: кәсіпорын тауар-материалдық қорларды
жеткізіп беру үшін 2005 жылы наурыз айының 21 жұлдызындағы
№ 933 төлем тапсырмасы мен келісіміне сәйкес, 2000000 теңге
сомада ұзақ мерзімді аванс алды. Бұл жағдайда бухгалтерлік жазу
төмендегіше болады:
Дт Кт Сома Ескерту
1040 — 4410 = 2000000 3 типті операция
А (+) П (+)
г) Жеткізушілерге болған ұзақ мерзімді кредиторлық қарыз-
дардан. Бұл операциялар № 3310 «Жеткізушілерге ұзақ мерзімді
кредиторлық берешек» пассивті шотының кредиті бойынша
бейнеленеді. Активтер жеткізіп берушілерден келетіндіктен,
шаруашылық операция № 3310 шоттың кредитінен № 1310—
1315, 1317, 1330, 1420, 7210, 8010 шоттардың дебетіне жасалады.
Бухгалтерлік жазу төмендегіше болады:
Дт Кт Құжаттар
1310—1315 Келісімдер, шот-фактуралар,
1317, 1330 3310 жүкқұжаттар
1420
7210, 8010
Жазудың дұрыстығын тексереміз: дебеттік жағында тек қана
активті шоттар орналасқан. Бұл жағдайда баланстың активі мен
пассиві көбейетін 3 типті «Активті-пассивті» операция орын
алады. Бір жағынан кәсіпорынның материалдық ресурстары мен
шығыстары, екінші жағынан бір мезгілде сол сомаға жеткізіп
берушілер бойынша кредиторлық қарыздары көбейеді. Бұл жағдай
жазудың дұрыстығын білдіреді.
Мысалдар келтіреміз: 1) кәсіпорын жеткізушіге берілетін
ұзақ мерзімді берешек есебінен 2005 жылы қыркүйек айының
26 жұлдызындағы жүкқұжат пен 845 шот-фактураға сәйкес,
1000000 теңге сомаға құрылыс материалдарын алды. Бұл жағдайда
бухгалтерлік жазу төмендегіше болады:
230
Дт Кт Сома Ескерту
1317 — 4110 = 1000000 3 типті операция
А (+) П (+)
2) құрылыс материалдары келіп түсуінің нәтижесінде сол шот-
фактураға сәйкес, 140000 теңге мөлшерде өтелуге тиіс ҚҚС-ның
сомасы пайда болды. Бұл жағдайда бухгалтерлік жазу төмендегіше
болады:
Дт Кт Сома Ескерту
1420 — 4110 = 140000 3 типті операция
А (+) П (+)
Енді міндеттемелердің кему (орындалу) жағдайларын қараймыз.
Ұзақ мерзімді міндеттемелердің кемуі (орындалуы)
Аталмыш жағдайларда олар дебет бойынша өтеді. Бұл жерде
біз кәсіпорын тауар-материалдық қорларының құны қандай эле-
менттерден пайда болады немесе есептелетін міндеттемелер қандай
көздерден ұсталатынына назар аударуымыз керек.
а) Ұзақ мерзімді қарыздарды төлеу (жабу). Бұл операциялар № 4010,
4020 «Ұзақ мерзімді қарыздар» шоттарының дебеті бойынша
бейнеленеді. Несиелердің жабылуы (төленуі) болатындықтан,
шаруашылық операция № 1010, 1040 шоттардың кредитінен № 4010,
4020 шоттардың дебетіне жасалады. Бухгалтерлік жазу төмендегіше
болады:
Дт Кт Құжаттар
4010—4020 1010, 1040 Келісімдер, несиелерді
есептеу
бойынша есептер, төлем тапсырмалары
Жазудың дұрыстығын тексереміз: кредиттік жағында тек қана
активті шоттар орналасқан. Бұл жағдайда баланстың активі мен
пассиві кемитін 4 типті «Пассивті-активті» операция орын алады.
231
Бір жағынан кәсіпорынның ақша қаражаттары, екінші жағынан бір
мезгілде сол сомада несие берушілерге кредиторлық қарыздары
кемиді. Бұл жағдай жазудың дұрыстығын білдіреді.
Мысал келтіреміз: кәсіпорын 2005 жылы наурыз айының 29
жұлдызындағы № 857 төлем тапсырмасы мен банктің келісім
шартына сәйкес, 500000 теңге сомада банктің ұзақ мерзімді несиесін
жапты (төледі). Бұл жағдайда бухгалтерлік жазу төмендегіше
болады:
Дт Кт Сома Ескерту
3010 — 1040 = 500000 4 типті операция
П (-) А (-)
ә) Еншілес (қауымдастырылған) ұйымдарға ұзақ мерзімді кре-
диторлық берешектерді жабу (төлеу). Бұл операциялар № 4120—
4140 «Еншілес (қауымдастырылған) ұйымдарға ұзақ мерзімді
кредиторлық берешек» шоттарының дебеті бойынша бейнеленеді.
Еншілес (бағынышты) ұйымдарға кредиторлық қарыздар жабы-
латындықтан, шаруашылық операция № 1010—1040 шоттардың
кредитінен дебетіне жасалады. Бухгалтерлік жазу төмендегіше
болады:
Дт Кт Құжаттар
4120—4140 1010, 1040 МСИ-ның декларацияларын
есептеу бойынша есептер, шот-
фактуралар, төлем тапсырмалары,
квитанциялар
Жазудың дұрыстығын тексереміз: кредиттік жағында тек қана
активті шоттар орналасқан. Бұл жағдайда баланстың активі мен
пассиві кемитін 4 типті «Пассивті-активті» операция орын алады.
Бір жағынан кәсіпорынның ақша қаражаттары, екінші жағынан
бір мезгілде сол сомада еншілес ұйымдар бойынша кредиторлық
қарыздары кемиді. Бұл жағдай жазудың дұрыстығын білдіреді.
Мысал келтіреміз: кәсіпорын 2005 жылы маусым айының 30
жұлдызындағы № 174 төлем тапсырмасына сәйкес, 2200000 теңге
сомада еншілес ұйымдарға ұзақ мерзімді қарызын жапты (төледі).
232
Бұл жағдайда бухгалтерлік жазу төмендегіше болады:
Дт Кт Сома Ескерту
4120 — 1040 = 2200000 4 типті операция
П (-) А (-)
б) Алынған ұзақ мерзімді аванстарды жабу. Олар бойынша есептер
№ 4410 «Алынған ұзақ мерзімді аванстар» пассивті шоттарының
дебеті бойынша бейнеленеді. Бұрын алынған аванстардың жа-
былуы (төленуі) болғандықтан, шаруашылық операция № 1010,
1040 шоттардың кредитінен № 4410 шоттың дебетіне жасалады.
Бухгалтерлік жазу төмендегіше болады:
Дт Кт Құжаттар
4410 1010, 1040 Келісімдер, салыстыру актілері,
төлем тапсырмалары
Жазудың дұрыстығын тексереміз: кредиттік жағында тек қана
активті шоттар орналасқан. Бұл жағдайда баланстың активі мен
пассиві кемитін 4 типті «Пассивті-активті» операция орын алады.
Бір жағынан кәсіпорынның ақша қаражаттары, екінші жағынан
бір мезгілде сол сомада алынған аванстар бойынша кредиторлық
қарыздары кемиді. Бұл жағдай жазудың дұрыстығын білдіреді.
Мысал келтіреміз: кәсіпорын 2005 жылы ақпан айының 29
жұлдызындағы № 439 төлем тапсырмасы мен келісім шартына
сәйкес, 1700000 теңге сомада тауар-материалдық қорларды жеткізіп
беру үшін бұрын алынған ұзақ мерзімді авансты жапты (төледі). Бұл
жағдайда бухгалтерлік проводка төмендегіше болады:
Дт Кт Сома Ескерту
4410 — 1040 = 1700000 4 типті операция
П (-) А (-)
в) Жеткізушілерге ұзақ мерзімді кредиторлық қарыздарды
жабу (төлеу). Бұл операциялар № 4110 «Жеткізушілерге берілетін
ұзақ мерзімді берешек» пассивті шотының дебеті бойынша
бейнеленеді. Жеткізушілерге кредиторлық қарыздарды жабу (төлеу)
233
болғандықтан, шаруашылық операция № 4110 шоттың дебетіне
№ 1010, 1040, 1210—1240, 1610, 3010—3020 шоттардың кредитінен
жасалады. Бухгалтерлік жазу төмендегіше болады:
Дт Кт Құжаттар
2110—2140 Келісімдер, шот-фактуралар,
4110 2910 жүкқұжаттар, төлем тапсырмалары,
1010, 1040 квитанциялар
3010—3020
Жазудың дұрыстығын тексереміз: кредиттік жағында активті
және пассивті шоттар орналасқан. Активті шоттар (№ 1040, 1210,
1610) орналасқан кезде баланстың активі мен пассиві кемитін
4 типті «Пассивті-активті» операция орын алады. Бір жағынан
кәсіпорынның материалдық ресурстары мен ақша қаражаттары,
екінші жағынан бір мезгілде сол сомаға оның жеткізіп берушіге
кредиторлық қарыздары кемиді.
Пассивті шот (№ 3010) орналасқан кезде баланстың пассивінде тек
қана өзгерістер болатын 2 типті «Пассивті-пассивті» операция орын
алады. Бір жағынан кәсіпорынның жеткізіп берушіге кредиторлық
қарыздардың көлемі кемиді, ал екінші жағынан бір мезгілде сол
сомаға оның несиелер бойынша кредиторлық қарыздары көбейеді.
Бұл жағдай жазудың дұрыстығын білдіреді.
Мысалдар келтіреміз: 1) кәсіпорын 2005 жылы тамыз айының
16 жұлдызындағы № 951 төлем тапсырмасына сәйкес, 2600000
теңге сомаға ұзақ мерзімді берешек есебінен берілген құрылыс
материалдары үшін жеткізушінің шоттарын төледі. Бұл жағдайда
бухгалтерлік проводка төмендегіше болады:
Дт Кт Сома Ескерту
4110 — 1040 = 2600000 4 типті операция
П (-) А (-)
2) кәсіпорын ұзақ мерзімді берешек есебінен алынған құрылыс
материалдары үшін 2005 жылы мамыр айының 17 жұлдызындағы
№2 салыстыру актісі мен шот-фактураға сәйкес, 1500000 теңге
сомаға айырбастау (бартер) жасады. Бұл жағдайда бухгалтерлік
234
проводка төмендегіше болады:
Дт Кт Сома Ескерту
4110 — 2110 = 1500000 4 типті операция
П (-) А (-)
3) кәсіпорын бұрын алынған ұзақ мерзімді аванстар есебінен 2005
жылы шілде айының 23 жұлдызындағы №11 салыстыру актісіне
сәйкес, 170000 теңге сомада жерді күрделі тегістеуге пайдаланған
су үшін есеп айырысты. Бұл жағдайда бухгалтерлік проводка
төмендегіше болады:
Дт Кт Сома Ескерту
4110 — 2910 = 170000 4 типті операция
П (-) А (-)
4) кәсіпорын банкіден алынған ұзақ мерзімді қарыздар есебінен
2005 жылы қазан айының 23 жұлдызындағы банктің келісімі мен
№ 18 төлем тапсырмасына сәйкес, 3700000 теңге сомада жеткізіп
берушіден алынған табақ металл үшін есеп айырысты. Бұл жағдайда
бухгалтерлік проводка төмендегіше болады:
Дт Кт Сома Ескерту
4110 — 4010 = 3700000 2 типті операция
П (-) П (+)
Сонымен, біз 4 бөлімнің шоттары бойынша шаруашылық опе-
рацияларды құрудың үлгілерін қарап, талдадық.
235
V. БӨЛІМ. КАПИТАЛ МЕН РЕЗЕРВТЕР
Бұл бөлімнің пассивті екені және 5 (№ 50, 51, 52, 53, 54)
бөлімшелерден тұратындығы кестеден көрініп тұр. Капиталдың
түрлері пассив болып табылады, өйткені ол шаруашылық құралдар,
ақша қаражаттарының және т.б. пайда болу көзін бейнелейді.
Капитал элементтерінің пайда болуын (есептелуін) қараймыз.
Бұл жағдайда олар кредит бойынша өтеді. Бұл жерде біз капи-
талдың қандай элементтерден ұйымдастырылатынын немесе ол
қандай баптарға алып барылуына назар аударуымыз керек.
а) Капиталды жариялаудан (тіркеуден). Бұл шаруашылық
операциялар № 5 «Капитал мен резервтер» бөлімінің пассивті
шоттарында бейнеленеді. Жарияланған капитал құрылтайшылар
мен қатысушылардың салымдары есебінен жарияланатындықтан,
шаруашылық операция № 5010 шоттың кредитінен № 5020 шоттың
дебетіне жасалады. Бухгалтерлік жазу төмендегіше болады:
Дт Кт Құжаттар
5020 — 5010 Құрылтай құжаттары,
жалпы жиналыстың хаттамалары
Жазудың дұрыстығын тексереміз: дебеттік жағында тек қана
пассивті шот орналасқан. Бұл жағдайда баланстың пассивінде тек
қана өзгерістер болатын 2 типті «Пассивті-пассивті» операция орын
алады. Бір жағынан жарғылық капитал жарияланады (тіркеледі),
екінші жағынан бір мезгілде сол сомаға оның пайда болу көздері
бойынша міндеттемелер келіп шығады. Бұл жағдай жазудың дұ-
рыстығын білдіреді.
Мысал келтіреміз: жаңадан ұйымдастырылған кәсіпорында
2007 жылы мамыр айының 17 жұлдызындағы ұжымның жалпы
жиналысының № 29 хаттамасына сәйкес, құрылтайшылар мен
қатысушылардың салымдары есебінен 10000000 теңге мөлшерде
жарғылық капитал жарияланды (тіркелді). Бұл жағдайда бухгалтерлік
жазу төмендегіше болады:
Дт Кт Сома Ескерту
5020 — 5010 = 10000000 2 типті операция
П (-) П (+)
236
ә) Жарияланған капиталға салымдар есебінен. Бұл шаруашылық
операциялар № 2710, 2730 «Материалдық емес активтер», 2410—2417,
2510, 2520, 2930 «Негізгі құралдар», 1310—1317 «Тауар-материалдық
қорлар», 1330, 1350 «Тауарлар», 1010, 1020, 1040 «Ақшалар» активті
шоттарында бейнеленеді. Салымдар жағдайында жоғарыда көр-
сетілген тауар-материалдық құндылықтар дебеттік жағында орна-
ласқандықтан, шаруашылық операцияның жазуы № 5020 шоттың
кредитінен жоғарыдағы шоттардың дебетіне жасалады. Проводка
төмендегіше болады:
Дт Кт Құжаттар
2710, 2730
2410—2417 5020 Құрылтай құжаттары, көшірмелер,
1310—1317 жүкқұжаттар, қабылдау-өткізу актілері,
1330, 1350, 1010, 1020, 1040 кіріс кассалық ордерлер
Жазудың дұрыстығын тексереміз: дебеттік жағында тек қана
активті шоттар орналасқан. Бұл жағдайда баланстың активі мен
пассиві көбейетін 3 типті «Активті-пассивті» операция орын алады.
Бір жағынан кәсіпорын активтері мен ақша қаражаттары, екінші
жағынан бір мезгілде сол сомаға оның жарғылық капиталының
мөлшері көбейеді. Бұл жағдай жазудың дұрыстығын білдіреді.
Мысалдар келтіреміз: жаңадан ұйымдастырылған кәсіпорында
2007 жылы қаңтар айының 26 жұлдызындағы ұжымның жалпы
жиналысы № 2 хаттамасының шарттарына сәйкес, жарияланған
капиталға құрылтайшылармен төмендегілер енгізілді:
1) 800000 теңгеге бағдарламалармен қамтамасыз ету. Бұл
жағдайда бухгалтерлік жазу төмендегіше болады:
Дт Кт Сома Ескерту
2711 — 5020 = 800000 3 типті операция
А (+) П (+)
2) 1200000 теңгеге көлік құралдары. Бұл жағдайда бухгалтерлік
жазу төмендегіше болады:
Дт Кт Сома Ескерту
2414 — 5020 = 1200000 3 типті операция
А (+) П (+)
237
3) 2800000 теңгеге құрылыс материалдары. Бұл жағдайда бух-
галтерлік жазу төмендегіше болады:
Дт Кт Сома Ескерту
1317 — 5020 = 2800000 3 типті операция
А (+) П (+)
4) 1600000 теңге сомада қолма-қол ақша. Бұл жағдайда бухгал-
терлік жазу төмендегіше болады:
Дт Кт Сома Ескерту
1010 — 5020 = 1600000 3 типті операция
А (+) П (+)
б) Номиналды құн бойынша айналымнан акцияларды алып
тастаудан. Бұл шаруашылық операциялар № 5010 «Жарияланған
капитал» пассивті шотында бейнеленеді. Акцияларды айналымнан
алып тастау номиналды құн бойынша болатындықтан, шаруашылық
операциялардың жазуы № 5010 шоттың дебетіне № 5210 шоттың
кредитінен жасалады. Проводка төмендегіше болады:
Дт Кт Құжаттар
5010 — 5210 Жиналыстардың хаттамалары,
қайта тіркеу құжаттары
Жазудың дұрыстығын тексереміз: дебеттік жағында тек қана
пассивті шот орналасқан. Бұл жағдайда баланстың пассивінде тек
қана өзгерістер болатын 2 типті «Пассивті-пассивті» операция орын
алады. Бір жағынан кәсіпорын құрылтайшылары мен қатысушылары
салымдарының көлемі, екінші жағынан бір мезгілде сол сомаға оның
жарғылық капиталы көбейеді. Бұл жағдай жазудың дұрыстығын
білдіреді.
Мысал келтіреміз: кәсіпорында 2007 жылы тамыз айының 23
жұлдызындағы ұжымның жалпы жиналысы № 6 хаттамасының
шарттарына сәйкес, 3200000 теңге сомаға меншікті акциялар
айналымнан алынып тасталды. Бұл жағдайда бухгалтерлік жазу
төмендегіше болады:
238
Дт Кт Сома Ескерту
5010 — 5210 = 31200000 2 типті операция
П (-) П (+)
в) Кәсіпорынның акцияларын құрылтайшылар мен акционерлер
тарапынан ақша немесе басқа мүлік арқылы алудан. Бұл ша-
руашылық операциялар № 2710, 2730 «Материалдық емес актив-
тер», 2410—2417, 2510, 2520, 2930 «Негізгі құралдар», 1310—1317
«Тауар-материалдық қорлар», 1330, 1350 «Тауарлар», 1010, 1020,
1040 «Ақшалар» активті шоттарында бейнеленеді. Салым ретінде
жоғарыда көрсетілген тауар-материалдық құндылықтар дебеттік
жағында орналасқандықтан, шаруашылық операцияның жазуы жо-
ғарыдағы шоттардың дебетіне № 5020 шоттың кредитінен жасалады.
Проводка төмендегіше болады:
Дт Кт Құжаттар
2710, 2730
2410—2417 511 Құрылтай құжаттары,
көшірмелер,
1310—1317 жүкқұжаттар, қабылдау-өткізу актілері,
1330, 1350, 1010, 1020, 1040 кіріс кассалық ордерлер
Жазудың дұрыстығын тексереміз: дебеттік жағында тек қана
активті шоттар орналасқан. Бұл жағдайда баланстың активі мен
пассиві көбейетін 3 типті «Активті-пассивті» операция орын алады.
Бір жағынан кәсіпорын активтері мен ақша қаражаттары, екінші
жағынан бір мезгілде сол сомаға оның жарғылық капиталының
мөлшері көбейеді. Бұл жағдай жазудың дұрыстығын білдіреді.
Мысал келтіреміз: жаңадан ұйымдастырылған кәсіпорында
2007 жылы мамыр айының 24 жұлдызындағы ұжымның жалпы
жиналысы № 6 хаттамасының шарттарына сәйкес, жарияланған
капиталға құрылтайшылармен төмендегілер енгізілді:
1) 1800000 теңгеге бағдарламалармен қамтамасыз ету. Бұл
жағдайда бухгалтерлік жазу төмендегіше болады:
Дт Кт Сома Ескерту
2711 — 5020 = 1800000 3 типті операция
239
А (+) П (+)
2) 2100000 теңгеге көлік құралдары. Бұл жағдайда бухгалтерлік
жазу төмендегіше болады:
Дт Кт Сома Ескерту
2414 — 5020 = 2100000 3 типті операция
А (+) П (+)
3) 1900000 теңгеге құрылыс материалдары. Бұл жағдайда бухгал-
терлік жазу төмендегіше болады:
Дт Кт Сома Ескерту
1317 — 5020 = 1900000 3 типті операция
А (+) П (+)
4) 3200000 теңге сомада қолма-қол ақша. Бұл жағдайда бухгал-
терлік жазу төмендегіше болады:
Дт Кт Сома Ескерту
1010 — 5020 = 3200000 3 типті операция
А (+) П (+)
5) 2000000 теңге сомада тауарлар. Бұл жағдайда бухгалтерлік
жазу төмендегіше болады:
Дт Кт Сома Ескерту
1330 — 5020 = 2000000 3 типті операция
А (+) П (+)
г) Капитал резервтеріне қаржы бөлуден. Бұл шаруашылық опера-
циялар № 5430 «Өткен жылдардағы пайда (залал)» пассивті шотында
бейнеленеді. Резервтік капитал бөлінбеген пайданың есебінен ұйым-
дастырылып және кредиттік жағында болатындықтан, шаруашылық
операцияның жазуы № 5430 шоттың дебетіне № 5310, 5340 шоттар-
240
дың кредитінен жасалады. Проводка төмендегіше болады:
Дт Кт Құжаттар
5430 — 5310, 5340 Кәсіпорын жарғысы, есептер,
қаржы бөлулер
Жазудың дұрыстығын тексереміз: дебеттік жағында тек қана
пассивті шот орналасқан. Бұл жағдайда баланстың пассивінде тек
қана өзгерістер болатын 2 типті «Пассивті-пассивті» операция орын
алады. Бір жағынан кәсіпорынның резервтік капиталы көбейеді, ал
екінші жағынан бір мезгілде сол сомаға оның бөлінбеген табысы
кемиді.
Бұл жағдай жазудың дұрыстығын білдіреді.
Достарыңызбен бөлісу: |