[15:10, 24.03.2022] Туризм Рахат:
Кәсіпорындар мен ұйымдарда болып отыратын күнделікті операциялардың, үдерістердің маңызы әр түрлі. Осы үдерістермен операцияларды бухгалтерлік есептің көмегімен бақылап, тексеріп олардың дұрыс орындалмағандығын немесе орындалмай жатқанын қарап, одан нәтиже шығарып отыруға болады. Осы айтылғандардың орындалуы барысында бухгалтерлік есепте әр түрлі тәсілдер қолданылады. Сол барлық қолданылатын тәсілдердің жиыны және олардың ғылыми тұрғыдан басқарылатындай бір жүйеге келтірілуі бухгалтерлік есептің әдістері болып саналынады.
Бухгалтерлік есептің әдістері келесідей түрлерден тұрады:
• Құжаттау;
• Түгендеу;
• Шоттар;
• Екі жақты жазу;
• Бағалау;
• Калькуляциялау;
• Бухгалтерлік баланс;
• Есеп беру;
Құжаттау
Барлық ұйымдарда өздерінің күнделікті жұмысы барысында әр түрлі шаруашылық операциялары орындалады. Ал бұл операцияларды бухгалтерлік есепке алу үшін оларға алдымен құжаттар толтырылуы қажет.
Түгендеу
Ұйымның шаруашылық операцияларының орындалуы барысында барлық операцияларын сол сәтінде құжатқа жазуға мүмкіндік бола бермейді.Тіпті құжаттар толтырылғанның өзінде де қателіктер кетуі мүмкін және материалдарды сақтау кезінде олар табиғи кеміп азайып отырады. Шоттар
Бухгалтерлік есеп шоттары дегеніміз – шаруашылық құралдары мен олардың қорлану көздерін белгілі бір ұқсастықтарына және маңызы мен көрсеткіштеріне сәйкес жинақтап топтау құралдары болып табылады.
Екі жақты жазу әдісі
Шаруашылық үдерістері барысында орындалатын әрбір операция негізінде кәсіпорынның қаржылары мен олардың пайда болу көздерінде екі жақты және тең өзгерістер болып отырады. Калькуляциялау әдісі
Қандай ұйым болмасын белгілі бір қызметпен айналысатындығы белгілі. Осы үдерістерді орындау барысында кәсіпорын жұмысшы күшін, еңбек құралын және материалдық құндылықтарды пайдаланатын болғандықтан барлық кеткен жұмсалған шығындардың жиынтығын анықтауына тура келеді.
Бағалау әдісі
Бухгалтерлік есепте материалдық құндылықтар ақшалай өлшеммен есептелінеді. Кәсіпорындағы мүліктердің және міндеттемелердің құнын ақшалай өлшемге айналдырып есептеу әдісн бухгалтерлік есептің бағалау әдісі деп атайды.
Бухгалтерлік баланс
Кәсіпорынның активтерімен олардың қорлану көздерінің белгілі бір мерзімге бір жүйеге келтіріліп ақшалай өлшем түрінде теңестіріліп екі жақты кестеде бейнеленуін бухгалтерлік баланс деп атаймыз.Оның сол жағында кәсіпорынның активтері, ал оң жағында қорлану көздері, яғни міндеттемелерімен меншікті капиталы бейнеленеді.
Қорытынды есеп
Ұйымның қандайда бір өткен уақыт аралығындағы, есепті кезеңдегі операцияларының, шаруашылық үдерістерінің қорытындыланып, белгілі бір есеп беретін күнге бір жүйеге келтірілуі қорытынды есеп деп аталады. Қорытынды есептің құрамына кәсіпорынның бухгалтерлік балансы, меншікті капиталының өзгерісі туралы есебі, қаржы нәтижесі туралы есебі, ақшаларының қозғалысы туралы есебі, түсініктемелік хаты және басқа да бухгалтерлік есеп стандарттарында көрсетілген ақпараттық мәліметтері кіреді.
3 сурак
Шаруашылық қызметті жүзеге асыру процесінде әртүрлі әрекеттерден кәсіпорын мүлкі мен оларды көздерінің өзгерісі болады.
Шаруашылық операцияларының әсерінен мүлік өзгереді, ал ол бухгалтерлік баланста көрсетілетін болғандықтан, оның әсерін баланс та өзгереді.
Мысалы, ай ішінде келесіден шаруашылық операциялары жүзеге асқан.
1.
Жұмысшылардың еңбек ақысын төлеу үшін кассаға есеп айырысу шотынан ақша түсті – 145 000 теңге.
2.Банк несиесі есебінен мердігерлер шоты төленді – 180 000 теңге.
3.
Алынған материалдар үшін жабдықтаушы шоты төлемге қабылданды – 80 000 тг.
4.
Кассадан еңбек ақы берілді – 140 000 теңге.
Сөйтіп, шаруашылық операциядардың нәтижесінде баланаста келесіндей өзгерістер болады:
1.
Активті А + және А –
А = П
Активтіеі бір бап көбейеді, ал екіншісі сол сомаға азаяды. Баланс валютасы өзгермейді.
2.
Пассивті П + және П –
А = П
Пассивтің 1 бабы көбейеді де, екіншісі сол сомаға азаяды. Баланс валютасы өзгермейді.
3.
Көбею жағына активті- пассивті А + және П +
А = П
Бірдей сомаға активтегі де, пассивтегі де баптар көбейеді. Баланс валютасы да сол сомаға көбейеді.
4.
Азаю жағына активті пассивті А - және П –
А = П
Активтегі және пассивтегі баптар бірдей сомаға азаяды. Баланс валютасы сол сомаға азаяды.
Кез келген шаруашылық операцияның нәтижесінде баланс активі мен пассивінің тепе-теңдігі әрқашан сақталады.
[15:10, 24.03.2022] Туризм Рахат: 2 сурак
. Баланс және оның құрылысы
Кәсіпорынды басқару шаруашылық құралдарының тиімділігін және сақтығын бақылау мақсатында бөлігі бір мерзімге құрамы және шамасы жөнінде ақпараттар қажет. Мұндай ақпаратты бухгалтерлік баланс көмегімен алады.
Бухгалтерлік баланс шаруашылық құралдары мен олардың көздерін белгілі бір мерзімге ақшалпй өлшемде топтастыруды білдіреді.
«Баланс» термині латын сөздерінен bis – екі рет және lans – таразы табағы дегенді білдіреді, яғни теге-теңдік мағынасын (ұғымын) білдіреді.
Баланс екі бөліктен тұрады: активтен және пассивтен. Сол жағы актив деп, оң жағы пассив деп аталады. Шаруашылық субъектінің балансы келесідей бөлемдермен көрсетілген актив:
ұзақ мерзімді активтер: негізгі құралдар, яғни жер, ғимараттар мен құрылыс жайлары, машиналар мен жабдықтар, көлік құралдары, жіктеуге сәйкес негізгі құралдардың басқа да түрлері; жинақталған тозуы, аяқтамлмаған күрделі құрылыс;
материалдық емес активтер; амортизация кезеңі, әдісі және есеп беру кезеңіндегі есептен шығарылуы көрсетіле отырып; гудвим, патенттер, тауар белгілері және т.б.
- ұзақ мерзімі инвестициялар: еншілес серіктестіктерге инвестициялар; тәуелді заңды ұйымдарға инвестициялар; басқа ивнестициялар, егер олардың (бастапқы құны) баланстық құнынан өзгеше болса, ағымдағы құны көрсетіле отырып.
- ұзақ мерзімі дебиторлық қарыздар: алынуға тиісті шоттар, алынған вексельдер, негізгі шаруашылық секіртестік пен оның еншілес серіктестіктері арасындағы ішкі топтық операцилар нәтидесінде пайда болған дебиторлық қарыздар; акционерлік қоғамның қызметкерлерінің дебиторлық қары; басқа да дебиторлық қарыздар;
- алдағы кезең шығындары.
Қысқа мерзімді активтер. Ашылуға тиіс мына баптарды қамтиды: өңдеу өткізу мерзіміне тәуелсіз түрде тауарлық - материалдық қорлар; бір жыл ішінде есептен шығарылуы мүмкін алдағы кезең шығындары; ақша қаражаттары; қысқа мерзімді қаржылық инвестициялар: бір жыл ішінде алынатын дебиторлық қарыз; ағымдағы активтерді сатып алу үшін аванстық төлемдер; алынуға тиісті шоттар; алынған вексельдер; негізгі шаруашылық серіктестік пен оның еншілес секіртестіктері арасындағы ішкі топтық операциялар нәтижесінде пайда болған дебиторлық қарыз, басқа да дебиторлық қарыз.
Пассив:
- меншікті капитал: жарғылық капитал, қосымша төлеген капитал, қосымша төленбеген капитал ( нег. құралдарды, инвестицияларды қайта бағалау сомалары), резервтік капитал, бөлінбеген табыс (зиян).
- ұзақ мерзімді міндеттемелер: қамтамасыз етілген несиелер, қамтамасыз етілмеген несиелер, негізгі шаруашылық серіктестік пен оның еншілес серіктестіктерінің бір-біріне беретін несиелері, кейінге қалдылырған салықтар.
- қысқа мерзімді міндеттемелер: қысқа мерзімді несие және овердрафт; ұзақ мерзімді несиелердің ағымдағы бөлігі, кредиторлық қарыз (төленуге тиісті шоттар және вексельдер, алынған аванстар, салықтар бойынша қарыздар, төленуге тиісті дивиденттер басқа да кредиторлық қарыздар), төленуге тиіс есептелінген шығындар, алдағы кезеңдердің табыстары және басқалады.
Достарыңызбен бөлісу: |