Мысалдар келтіреміз: 1) кәсіпорын жеткізушіден 2005 жылы қыркүйек айының 26 жұлдызындағы жүкқұжат пен 845 шот- фактураға сәйкес, 1000000 теңге сомаға құрылыс материалдарын
алды. Бұл жағдайда бухгалтерлік жазу төмендегіше болады:
-
құрылыс материалдары келіп түсуінің нәтижесінде сол шот- фактураға сәйкес, 150000 теңге мөлшерде өтелуге тиіс ҚҚС-ның сомасы пайда болды. Бұл жағдайда бухгалтерлік жазу төмендегіше болады:
-
Дт
|
Кт
|
Сома
|
Ескерту
|
1420
А (+)
|
— 3310
П (+)
|
= 150000
|
3 типті операция
|
су шаруашылығы мекемесінен мақтаны суару үшін пайдаланған суға 2005 жылы шілде айының 30 жұлдызындағы № 168 шот-фактурасына сәйкес, 160000 теңге сомада шот алынды. Бұл жағдайда бухгалтерлік жазу төмендегіше болады:
Дт Кт Сома Ескерту
-
8011
|
— 3310
|
=
|
160000
|
3 типті операция
|
А (+)
|
П (+)
|
|
|
|
д) Басқа кредиторлық берешектерді есептеуден. Бұл операциялар
№ 33 «Қысқа мерзімді кредиторлық берешек» бөлімшесі шоттарының кредиті бойынша бейнеленеді. Кредиторлық қарыздардың есеп- телуі өзіндік құнға, жалпы және әкімшілік шығыстар немесе калькуляциялық шоттарға апарылатындықтан, сондай-ақ пер- соналдың еңбекақысынан ұсталатындықтан, шаруашылық операция
№ 3220, 3350, 3380, 3390 шоттардың кредитінен төмендегі шоттардың дебетіне жасалады:
-
Дт
|
Кт
|
Құжаттар
|
3350, 7010, 7210
|
3350, 3380,
|
Еңбекақыны, сыйақыларды
|
7310, 8012, 8013,
|
3220, 3390
|
есептеу және МСИ-ның
|
декларациялары бойынша
есептер
Жазудың дұрыстығын тексереміз: дебеттік жағында активті және пассивті шоттар орналасқан. Активті шоттар (№ 7010, 7210, 7310, 8012, 8013) орналасқан кезде баланстың активі мен пассиві көбейетін 3 типті «Активті-пассивті» операция орын алады. Бір жағынан кәсіпорынның шығыстары, екінші жағынан бір мезгілде сол сомаға оның кредиторлық қарыздары көбейеді.
Пассивті шот (№ 3350) орналасқан кезде баланстың пассивінде тек қана өзгерістер болатын 2 типті «Пассивті-пассивті» операция орын алады. Бір жағынан кәсіпорынның еңбекақы бойынша кредиторлық қарыздарының көлемі кемиді, ал екінші жағынан бір мезгілде сол сомаға оның кредиторлық қарыздары көбейеді.
Бұл жағдай жазудың дұрыстығын білдіреді.
Достарыңызбен бөлісу: |