Регрессивті ассимилияция
Регрессивті ассимилияция заңы бойынша алдыңғы дауыссыз кейінгі дауыссызды дауыстыцң қатысы
жағынан өзіне сәйкестендіріп, толық тәуелді етіп тұрады. Алайда бұл заңға кейбір қосымшалардың
басында кездесетін с, ш қатаңдары көне бермейді.
Үнді дауыссыздар да дауыстылар секілді басқа дауыссыздарға күштілік жасайды да, оларға ықпал
етіп тұрады
Үнділерден қазақ тілінде з және ждыбыстары ғана сөзді аяқтай алады. Оның өзінде ж санаулы ғана
түбір морфеманың құрамында ұшырайды, ал з дыбысы әлдеқайда актив. Бұл жіктік, тәуелдік
жалғауларында да кездеседі. Алдыңғы морфема з, ж дыбыстарына бітіп, кейінгі морфема с, ш және з,
ж дыбыстарынан басталса ілгерінді, кейінді ықпалдың нәтижесінде бірспыра дыбыс алмасулары
болады.
Қатаң дауыссыздардың бәрі де сөзді аяқтап тұра алады.Олардың ішінде регрессивті ассимилияция
кезінде алмасуға икемділері к, қ, п, с.
|