Прогрессивті ассимилияция
Прогрессивті ассимилияция заңы бойынша алдыңғы морфеманың соңғы дауыссыз дыбысы кейінгі
морфеманың басқы дауыссыз дыбысына акустикалық жақтан ықпал етіп игеріп тұрады. Бұл, әсіресе
сөз бен қосымшаның аралығында жақсы сақталады, яғни қосымшаның басқы дыбысы түбірдің соңғы
дыбысына толық тәуелді болып тұрады.
Үнді дауыссыздар сөзді аяқтап тұра алады және бұлар дауыстылар секілді өзінен кейінгі
морфеманың тек ұяң, үндіден басталуын талап етеді
Қазақ тілінде ұяң дауыссыздардан тек ж, здыбыстары ғана сөз соңында келеді. Оның өзінде ж
дыбысына аяқталатын сөздер санаулы-ақ
Қатаң дауыссыздардың бәрі де сөзді аяқтап тұра алады. Сөз соңындағы қатаңдар өзіне кейінгі
морфемалардың тек қатаң дауыссыздардан басталабасталуын талап етеді.
|