дауыссыздардың ішінде келесі морфеманың басында кездесетін дыбыстың сапасынан сергек
қосымша жалғағанда ұяңданып ғ, г, б дауыссыздарымен алмасады.
Бір қарағанда бұлжымастай көрінетін осы
заңнан ауытқу да
ұшырайды:
а) Еліктеуіштер бұл заңға илікпейді: жарқ етті, жарқыл, күңк
етті.
ә) Екінші буынындағы қысаң дауыстылар түсіп қалған
жағдайда. Үрік: үрк-ек, үрк-е, үрк-іп, үрк-у.
б) Сын есім тудыратын -ы жұрнағы жалғанғанда: қазақы
қалмақы, тозақы.
в) Фамилияға -ов, -ев қосылғанда: Беков, Кеңесбаев.т.б.
г) Тәуелдік жалғауы жалғанғанда екі сөздің соңындағы п
сақталады: тарапы,сапында.
Дауыссыз дыбыстардың бір-біріне ықпалын
үшке бөліп қарауға болады:
1. Прогрессивті ассимилияция
2. Регрессивті ассимилияция
3. Тоғыспалы ассимилияция