Ерін үндестігі
Дауыстылардың бір сөз көлемінде еріннің қызметі жағынан ыңғайласып, үйлесіпкелуін ерін үндестігі
дейді. Бұл заң бойынша сөздің бірінші буынында еріндік дауысты болса,
қалған буындарында да
еріндіктер тұруға тиіс. Сөздің басындағы немесе бірінші ашық буындағы ұ, ү, у, о, ө дыбыстары және
екі дауыстының ортасында келген у дыбысы келесі буындағы ы, і дыбыстарыфн өзгертіп, ұ, ү-лерге
жуықтатынқырап естіртеді.
Осыдан бір ғасыр бұрын қазақ тілінде ерін үндестігі мықты
болғанын
ірі тюркологтар В.В.Радлов , П.М.Мелиоранский т.б. ғалымдардың
еңбектерінен жақсы көруге болады. Академик В.В.Радлов «Опыт
словаря тюрских наречи» деп аталатын даңты еңбегінде қазақ
сөздерін мол қамтыған. Фонетика тұрғысынан сөздіктің бір
артықшылығы сөздер орыс алфавиті негізінде жазылған. Ал араб
алфавитімен жазылған сөздерден әсірісе ерін үндестігін айқындау
мүлдем қиын болатын. Тек еріндік дауыстылар ғана емес, қос ерін у
дауыссызы да өз айналасындағы қысаң дауыстыларға азды-көпті
әсер етеді. Мұны кезінде В.В.Радлов та, П.М. Мелиоранский де
байқаған. Қазақ тілі фонетикасын экспериментті жолмен зерттеп
жүрген ғалым Ә.Жүнісбеков сингорманизм туралы «соны
сүрлеуінде» ерін үндестігінің күшін шектемейді.
Аккомодация
Аккомадация—морфемалар жігінде қатар келген дауысты және дауыссыз дыбыстардың бір-біріне
ықпал етіп, бейімделіп айтылуы. Дауыстылар мен
дауыссыздардың және керісінше, дауыссыздардың
дауыстылармен көрші тұруында тарихи дамудың нәтижесінде қалыптасқан заңдылық бар.
Аккомодация құбылысында қазақ тілінде негізінен дауыстылар дауыссыздарға күштілік жасап, өз
ықпалын жүргізеді, көбіне дауыстың қатысы және айтылуы жағынан өзіне бейімдеп тұрады.
Дауыстың қатысы жағынан дауыссыздарды игеріп тұр деп түсіну керек. Дауыстылардың
артикуляциялық жақтан әсері дегенде, әсіресе тілдің қалпы жағынан дауыссыздарға етер ықпалын
айту керек.