Буын. Зерттелуі және түрлері



бет2/13
Дата15.02.2023
өлшемі38,3 Kb.
#68031
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
Байланысты:
Буын. Зерттелуі ж не т рлері

жалаң буын (тек дауысты)

  • ашық буын (дауыссыз-дауысты)

  • жеңіл тұйық буын (дауысты - дауыссыз)

  • жеңіл бітеу буын (дауыссыз-дауысты-дауысыз)

  • ауыр тұйық буын (дауысты-созылыңқы дауысты-қатаң дауыссыз)

  • ауыр бітеу буын (дауыссыз-дауысты-созымды дауыссыз-қатаң дауыссыз).

    Жалаң буын жалғыз-ақ дыбыстан жасалады, ол дыбыс та дауысты дыбыс болады. Мысалы, А, неғыл дейсің? О, осының дұрыс! Ә-кел, ұ-зын, ө- ріс деген сөздердегі а, о, ә, ү, ө буындары сияқты.
    Ашық буын екі дыбысты болады, алдыңғысы дауыссыз, соңғысы дауысты. Аягы дауыстыға біткендіктен ашық деп те атаймыз. Мысалы, мә!, жә!, те-ре-зе, су-ла-ма дегендегі буындар осы түрге жатады.
    Жеңіл тұйық буын алды ашық болып тұрып, аяғы дауыссызға тірелгендіктен, мұны тұйық буын дейміз. Мысалы, ас, ер, ән, ат, өс, ер-ке, ән-ші, іс-кер деген сөздердің бас буындары осы жеңіл тұйық буын болып табылады.
    Дауысты дыбыс ортада қалып, екі басы бірдей бітеу, дауыссыз болғандықтан бітеу буын дейміз. Қар, жел, сол, жөн, түр, сіз - бәрінде бітеу буындар. Осы айтылған буынның төртеуі - қазақ тілі буындарының негізгі түрлері болып саналады. Ең көп ұшырайтыны да осылар. Бұл төрт түрлі буынды бірге қосып, жеңіл буындар деп атаймыз. Себебі, бұлар құрылыстары жағынан ең ретті, айтылыстары жағынан ең жеңіл құрылған буындар. Ал қалған екі түрлі буынды ауыр буындар дейміз, өйткені оларда екі дауыссыз қатар келіп айту мен естілуді ауырлатады.
    Ауыр тұйық буында дауысты дыбыстан кейін сол буынның өз ішінде екі дауыссыз қатар келеді. Бірақ көрінген дауыссыз қатар келе бермейді, белгілі түрлері ғана келеді. Мысалы, айт, елт, өрт, әуп! аңц. Дауысты дыбыстан кейін, соңгы дауыссыздың алдында й, л, м, н, ң, р, у, м дыбыстар ғана тұра алады. Бұл дауыссыздарды ғылым тілінде сонор дауыссыздар не созымды дауыссыздар дейді.
    Ал ауыр бітеу буында бас дыбысы дауыссыз, екінші дыбысы дауысты, үшіншісі - созымды дауыссыз, төртіншісі - қатаң дауыссыз болады. Мысалы, сарт, селт, тәйт, дүңк, қант, тарт т. б. Бұл арада ескеріп кететін нәрсе сол: бұл ауыр буындардың соңғы екі дауыссызының алдыңғысы созымды, соңғысы қатаң болатындығы» деп буын түрлеріне жаңаша атау беріп, олардың бір-бірінен айырмашылығын атап өтеді. [2, 300-307 б]


    Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




    ©emirsaba.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет