Буын. Зерттелуі және түрлері


ВВА: ста-нок ста-кан; ВВВА



бет8/13
Дата15.02.2023
өлшемі38,3 Kb.
#68031
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13
ВВА: ста-нок ста-кан;
ВВВА: стра-тег, стра-тофсера;
Тұйық буын - дауыстыға басталып, дауыссызға аяқталады. Буынның екі түрлі дыбысты және үш дыбысты деген түрлері бар. Тұйық буын өз алдына сөз болып көбінесе сөз басында кездесіп отырады. Мысалы: ой, ал, өрт, алау, алмац, өртке, т.б.
АВ: ат, үй;
АВВ: ант, өрт;
ВАВ: бас-тар, жас-тық;
ВАВВ: былқ-былқ, қант;
Бітеу буын - дауыссызға басталып, дауыссызға аяқталады, дауысты
дыбыс ортасында тұрады. Бітеу буын үш дыбысты және төрт дыбысты болып келеді. Төрт дыбысты болып келген бітеу буынның соңы қатаң болып, алдында үнді дыбыс тұрады. [11, 52 б]

Буын сипатын, түрлерін, жігін, дыбыс құрамын кеңінен талдаған С.Мырзабеков «Қазіргі қазақ тілінің фонетикасы»: «Құрамындағы дауысты және дауыссыз дыбыстардың орын тәртібіне қарай қазіргі қазақ тіліндегі буынның 2 түрі бар: ашық буын және тұйық буын. Бұлай бөлу буынның теориялық та, практикалық та мәніне сай келеді және есте сақтауға ыңғайлы» деп көрсетеді. Буын түрлері мен оның дыбыстық құрамын талдай келе ғалым қазіргі қазақ тіліндегі буындар мынадай болып келеді:



  • бір дыбысты: а-та, а-ла, о-қы, і-ні, т.б.

  • екі дыбысты: ба-ла, та-за-ла, ой-на, жа-ға, та-за т.б.

  • үш дыбысты: бас, бет, көз, акт, бөл-шек-тер т.б.

  • төрт дыбысты: қант, төрт, кадр, жалт, такт, порт, т.б.

  • бес дыбысты: пункт, спорт, текст, спирт, стенд т.б.

  • алты дыбысты: спектр, спринт т.б.

Буынның, оның құрамындағы дыбыстардың сандық-сапалық нәтижелері буын жігін ажыратудың акустикалық көрсеткіштері бола алатындығы дәлелденген.
Ашық буын - бір дауысты немесе дауыссызға басталган және дауыстыға аяқталған фонемалардан тұрады. Қос дыбысты ашық буын жалғыз тұрып сөз бола алады. Қазақ сөздерінің көбіне басында, ортасында және соңгы позицияларында да келе береді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет