Буын. Зерттелуі және түрлері


К. Аханов «Тіл білімінің негіздері»



бет7/13
Дата15.02.2023
өлшемі38,3 Kb.
#68031
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   13
Байланысты:
Буын. Зерттелуі ж не т рлері

К. Аханов «Тіл білімінің негіздері»: Буын бір дыбыстан немесе бірнеші дыбыстың тіркесінен жасалады. Кез- келген дыбыс буын құрай бермейді. Буын құрайтын тек дауысты дыбыстар ғана емес, сонымен бірге кейбір тілдерде, мысалы: чех, серб тілдерінде дауыссыз дыбыстар да буын құрай алады. Мысалы: чех тілінде (волк-қасқыр), серб тілінде прст (палец - саусақ) деген сөздер бір өңкей дауыссыздардың тіркесінен жасалганмен, әрқайсысы бір-бір буынды сөздер ретінде қаралады.
Сөздердің айтылуындағы буын саны мен жазылуындағы буын саны бір- біріне сай келе бермейді. Мысалы: литр сөзі айтылуда екі буынды (литір) болып айтылады. Ал керсінше сөздердің айтылуындағы буын санынан, жазылуындағы буын саны көп болады. Мысалы, Сарыарқа деген сөздің құрамындағы қатар келген дауыстының алдыңғысының түсуімен айтылуда бір буын кемиді.
Түркі тілдерінде, соның ішінде қазақ тілінде, үш дыбысты тұйық буын мен төрт дыбысты бітеу буынның соңындағы қатар келген екі дауыссызының ең соңғы дыбысы қатаң, оның алдыңғысы үнді болып келуі шарт. Мысалы: ант, өрт, бұлт, тарт, қант, т.б. [10, 241б]


Б. Қалиев «Қазақ тілінің фонетикасы»: Буынның, оның құрамындағы дыбыстардың буынның үш түрін көрсетеді:

  • Ашық буын

  • Тұйық буын

  • Бітеу буын

Ашық буын - бір дауысты немесе дауыссызға басталган және дауыстыға аяқталған фонемалардан тұрады. Қос дыбысты ашық буын жалғыз тұрып сөз бола алады. Қазақ сөздерінің көбіне басында, ортасында және соңгы позицияларында да келе береді.
А: а-на ә-же;
ВА: ба-ла-сы де-не;


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет