Ашық буын - бір дауысты немесе дауыссызға басталган және дауыстыға аяқталған фонемалардан тұрады. Қос дыбысты ашық буын жалғыз тұрып сөз бола алады. Қазақ сөздерінің көбіне басында, ортасында және соңгы позицияларында да келе береді.
Тұйық буын - дауыстыға басталып, дауыссызға аяқталады. Буынның екі түрлі дыбысты және үш дыбысты деген түрлері бар. Тұйық буын өз алдына сөз болып көбінесе сөз басында кездесіп отырады. Мысалы: ой, ал, өрт, алау, алмац, өртке, т.б. Бітеу буын - дауыссызға басталып, дауыссызға аяқталады, дауысты
дыбыс ортасында тұрады. Бітеу буын үш дыбысты және төрт дыбысты болып келеді. Төрт дыбысты болып келген бітеу буынның соңы қатаң болып, алдында үнді дыбыс тұрады.
Алмасу жайлы сөз еткенде І.Кеңесбаев төрт түрлі алмасуды көрсетеді:
а)екі дыбысты ашық буыннан соң жалаң ашық буын немесе тұйық буын келсе, қатар тұрған дауыстының алғашқысы түсіп ықшамдалып қалады. Мысалы: сары ала — сарала, т.б. ә) жалаң ашық буын екі дыбысты тұйық буыннан кейін келсе дауыссыз дыбыс кейінгі буынға сырғып кетеді. Мысалы: ант-ы, арт-а, т.б. б)екі дыбысты тұйық буыннан кейін тұйық буын келсе алғашқы соңғы дауыссызы кейінгі буынға сырғиды.Мысалы: атаң. в)үш дыбысты тұйық буын, үш дыбысты бітеу буыннан кейін келсе, алғашқы буынның соңғы дауыссызы кейінгі буынға жылысады. Мысалы: жоқ + алт - жоғалт
Академик Кеңесбаев сөздердің буын құрамы жайлы да сөз етеді.
Бір буынды сөздер үш түрлі жолмен жасалады:
жалаң дауысты (Е, солай ма!)
тұйық буыннан (өт, ат, ет)
бітеу буыннан (бал, кел)
Көп немесе екі буынды сөздер:
бір түбірлі тұлғалы сөздер (ата-ана)
қосымшалар жалғанған сөздер (ат-ты)
бірігу жолмен жасалған сөздер (биыл - бұл+жыл). [6, 413-417 б].