Буйраева Ж.Ө., Ахантаева Ә. Ж. ҚАзақстан тарихы электронды оқу құралы


Қола дәуірі адамдарының діні мен өнері



Pdf көрінісі
бет8/74
Дата09.10.2024
өлшемі1,51 Mb.
#147318
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   74
Байланысты:
Электронды Казахстан тарихы

Қола дәуірі адамдарының діні мен өнері.
Қола дәуірінің тайпалары табиғат 
күштеріне табынған. Жерленген адамның басы батысқа немесе оңтүстіқ-батысқа қаратылып, 
қол-аяғын бүгіп жатқызды. Бұл сәби қалпындағы адам болып жер қойнауына беріледі деп 
түсінді. Өлікті матаушы ажал құдайы Ямаға сыйынған. Ерте қола дәуірінде жерлеу салтында 
мәйітті өртеу (кремация) рәсімі болған. Демек, андроновтықтардың отқа табынған деп 
пайымдаймыз. Кейінгі қола дәуірінде жерлеудің кесенемен бірге өртеу түрі де болған. Үй 
салмастан бұрын құрбандық шалған. Құрбандыққа сүт толы ыдыстар, бұқа не бағлан 
шалынған. Сүт ішіліп, ет желініп болғасын, құмыралар мен сүйектер болашақ үйдің 
ошағының басына, оның табалдырығының астына көмілген. Отбасының киелі орны ошақты 
қатты құрметтеген. Мәйітті көкке әкететін от құдайы – Агнияға арнап құрбандыққа ешкі 
сойған. Қола дәуірінің соңына қарайғы кезде күнге, айға және жұлдыздарға табынған. Ата-
баба аруағына сиыну және о дүниеге сену деген наным күшейді.
Қола дәуірінде жартастарға салынған суреттерге мән берсек, ертедегі адамдар 
жартастардың тегіс бетіне қатты да үшкір тас сынықтарын, жануарлар, Күн бейнелі адамдар 
суретін, соғыс арбалары мен шайқас көріністерін салған. Демек, адамның рухани мәдениеті 
және оның дүниетанымы жөніндегі түсінік болды. Қазақстанда жартастағы суреттер - 
петроглифтердің саны көп және олар әр алуан болып келеді. Таңбалы, Ешкіөлмес, Қаратау, 
Маймақ, Тарбағатай, Бөкентау аймақтарындағы петроглифтер әлемдік мәдениеттің қорына 
енген. Қола дәуірінің адамдары мифологиялық тұрғыда ойланған. Жартастарда салынған 


13 
суреттерден андроновшылардың өздерін қоршаған дүние жайлы түсініктерін байқауға 
болады. Суреттерде жиі кездесетін бейне – мүйізін алға кезеп, шоқтығы күдірейіп, алып 
денесі шиыршық атып, аяқтарымен жер тіреп тұрған турдың – жабайы бұқаның суреті. 
Әлемді жарату жөніндегі мифтерде дүние – Күн құдайы Митра құрбандыққа шалған 
бұқаның мүшелерінен жасалған делінеді. Сонда Митра бұқамен қатар қойылып, бірдей 
саналады. Ешкіөлмес тауындағы суреттердің бірінде Митра, басы күн шұғыласымен 
қоршаулы адам бейнелес секілденіп, бұқа үстінде түрегеп тұрған күйде бейнеленген. 
Бірқатар киелі орындарда ертедегі адамдардың басы күн шұғылалы Митраға тағзым етіп, 
табынып жатқан кездегі көрінісі салынған. Таңбалы шатқалында күн басты бір кісінің 
маңында айнала билеп жүрген кішкентай адамдар, парымен бірге және жеке өзі билеп 
жүрген адамдар бейнеленген. Бұқа бейнесі молшылық, құдіреттілік пен күшті білдіреді. 
Жартас көркем өнеріндегі жиі кездесетін суреттердің бірі – қос өркешті бактриян түйесінің 
бейнесі. Ол ирандықтарда күн күркіреу құдайы – Веретрагна, үнділіктерде – Индра бейнесі 
болып саналады. Қола дәуірі петроглифтерінің арасында соғыс арбасын да көп бейнелеген. 
Қаратау тастарындағы суреттерде соғыс арбасы 49 жерде кездеседі, олар Таңбалыда да, 
Ешкіөлместе де бар. Олардың көпшілігінде екі доңғалақты аңшы және соғыс арбалары 
бейнеленген. Ат пен арба жайлы ирандықтар арасында көктегі күн күймесі жөнінде аңыз 
бар. Олар жоғарғы құдайлардың бәрі аспанда пырақ жегілген күймелермен заулап жүреді 
деп есептеген. Тастағы суреттердің ішінде жер жырту көріністері де кездесіп қалады, оларда 
соқаға жегілген бұқалар, аттар мен ешкілер бейнеленеді. Соқа басында адам болады. Бұл 
көріністер жаңа жылды мейрамдауға, күн мен түннің теңелуі, табиғаттың жаңару 
мейрамына, құнарлылыққа байланысты бейнелесе керек. Бұл мерекенің ең бір маңызды 
бөлегі – түрен тарту. Бірінші түрен тарту құқы, яғни алғашқы соқа салу құрметі патшаға 
берілген. 
Қорыта айтқанда, Қазақстандағы қола дәуірінің өзіндік мәдениеттері болған, олар 
Қазақстан аумағында таралып, белгілі-бір даму сатыларынан өткен. Осы дәуірде аридтық 
табиғи-географиялық жағдай көшпелі тұрмыс пен көшпелі мал шаруашылығына өтуге өз 
әсерін тигізді.
Бақылау сұрақтары: 
1.
1933 жылы КСРО Ғылым академиясы Орталық Қазақстанды зерттеу мақсатымен 
қандай экспедиция ұйымдастырды? 
2.
Андронов, Беғазы-Дәндібай мәдениеті қай жерлерден табылған? 
3.
Андроновшылардың баспаналары қандай болды? 
4.
Жартаста салынған суреттер қоршаған дүние туралы адамдардың түсінігі қола 
дәуірінде қандай болғанын көрсетеді? 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   74




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет