Буйраева Ж.Ө., Ахантаева Ә. Ж. ҚАзақстан тарихы электронды оқу құралы



Pdf көрінісі
бет7/74
Дата09.10.2024
өлшемі1,51 Mb.
#147318
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   74
Байланысты:
Электронды Казахстан тарихы

Қоғамдық құрылысы
Қола дәуірінде мал шаруашылығы мен
 
металлургияның жедел 
дамуы ер адамдардың еңбегін көп қажет еткендіктен қоғамда ер адамдардың рөлі артып
аталық отбасылық қатынас орнады, аналық ру орнына аталық ру - патриархат келді. 
Андроновтықтар қоғамында барлық іс халық жиналысында шешілді: ру басшыларын сайлау, 
айыптыларды ел алдында жазалау және т.б. Қоныстардан табылған материалдарға қарағанда 
көзге түсерліктей ешбір елеулі әлеуметтік және мүліктік теңсіздік байқалмайды, алайда 
қорымдарды зерттеу ісі адамның байлық дәрежесі мен қоғамдағы мәртебесінің қандай 
дәрежеде болғанын айқындауға мүмкіндік береді. Ертедегі қола дәуірінің өзінде көптеген 
біркелкі молалар ішінен өзгелерге қарағанда қабірі үлкенірек те тереңірек, ағаш мазарының 
құрылысы да күрделі, мола ішіне қойылған құмыралары мен тағамы да мол зиратқа назар 
аударғанда, мұндай қабірлерден соғыс арбасының жұрнағы мен аттардың сүйектері, мәйіт 
басынан қола қанжарлар, жебелер табылған. Орта және кейінгі қола дәуірлерінде де осындай 
заттар кездеседі. Қорымдардағы қарапайым қабірлер арасынан ірі тастардан екі немесе үш 
қабат қоршауы бар бірнеше аса үлкен оба не мазарлар көзге түседі. Обалар салып, қабірлер 
қазу ісімен, онда қойылатын заттар арасындағы елеулі айырмашылықтарға жүгінсек, 
андронов қоғамы біртекті болмаған. 
 
Үлкен қорымдарда сол кезде қоғамда айрықша топқа 
бөлінген жауынгерлер қойылған. Қоғамның жіктелуі басталған – оның қатардағы қалың 
мүшелері арасынан бөлініп «патшалар» - билеушілер, жауынгерлер – кшатрийлер шыққан. 
Олардың жақындары да қоғамда жоғары дәрежеге ие болған. Үнді-иран шежірелеріне 
қарағанда абыздар да жоғары дәрежеде болған. Олар діни жоралғыларды жүргізді, ежелгі 
дәстүр мен білімді сақтады. Олардың өзгелерден айрықша бір белгісі – ағаш табақ пен 
ерекше бас киімі (бөркі) болды.
Қола дәуірінде еңбек құралдарының жетіліп, шаруашылықтың дамуымен азық-түлік 
қоры молайды. Қоғамда біреулер байып, басқаның еңбегін пайдалана бастады. Сондықтан 
тұтқындарды өлтірмей, оларды құлға айналдырды. Рулық ұжымдық меншіктің орнына жеке 
меншік келіп, еңбекті қанау басталды. Бұл мүлік теңсіздігінің шығуына алып келді. Сөйтіп, 
қола дәуірінде рулық қауым ыдырап, шағын отбасылардың рөлі артып, патриархалдық-
рулық қатынастарды сақтаған көршілік қауым дамыды. Кейінгі қола кезеңіне қарай 
отбасылық қауымдар бөлшектеніп, ақыры алғашқы қауымдық құрылыс ыдырай бастады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   74




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет