135
5. Қытай
ХVІІІ ғасырдың соңында — ХІХ ғасырдың басында Қытай
Цин династиясының басшылығында құлдырау кезеңін бастан
кешіріп жатты. Осы кезеңде Англия жəне Франция сияқты
мемлекеттердің Қытайды өзінің жартылай колониясына
айналдыруға ұмтылысы өрши түсті. Осының нəтижесінде, 1850
жылғы маусымда Тайпиндік көтеріліс ретінде танылған ша-
руалар соғысы басталды. 1853 жылғы наурыз айында көте-
ріліске шыққандар Тайпин мемлекетінің астанасы болған Нан-
кин қаласын басып алды.
Тайпин мемлекетінің басшылары “Аспан династиясының
жер жүйесі” атты мемлекет пен қоғамның реформасы бойынша
бағдарламалық құжатты жариялады. Елде теңдестірілген жер
иелену жарияланды. Тяньванның (“аспан князі”) басшылы-
ғымен “Ұлы жақсылықтардың аспан патшалығы” құрылды.
Басқа басшылар əртүрлі мəселелерге қатысты бюрократиялық
аппараттары бар ван атағына ие болды. Село əкімшілігін уездік
басқарманың басшылығымен уездік бастықтар басқарды, одан
жоғары үкіметпен тағайындалатын округ бастықтары басқа-
ратын округ басқармалары болды.
1864 жылғы шілдеде Нанкинді Цин əскері құлатты.
Тайпин көтерілісін басудағы қиындықтар, Англия жəне
Франциямен соғыстың нəтижелері Цин империясының
үстемдік құрушы таптарын реформа (ең алдымен, əскери)
жасауға итермеледі. “Теңіздің ар жағындағы істерді меңге-
рудің” ғалымдары пайда болды. 1862 жылы реформалардың
негізін салушы ғалымдардың бірі императорға мемлекетті
күшейтуге қатысты саясатты ұстануға меморандум ұсынды.
Осыдан соң зауыттардың арсеналдардың құрылысы басталды,
шетелдік капиталдың ағымы күшейе түсті. Алайда, “мемле-
кетті күшейту саясаты” Қытайды 1894-1895 жылдардағы
жапон-қытай соғысындағы жеңілістен құтқара алмады. Ше-
телдік державалар Қытайға қатысты əсер ету салаларын
күшейте түсті (1897 жылы Гонконг Ұлыбританияға 100 жылға
жалға берілді). Осының барлығы халық арасында кең көңіл
толмаушылыққа жəне реформаға деген жаңа қозғалыстарға
əкеліп соқты. Қозғалыс өз көзқарастарын Ұжымдық мемо-
136
рандумда көрсетіп өтті, мұнда мемлекетті басқару жүйесін
өзгерту, əскерді қайта құру, конституциялық монархияны ор-
ната отырып, парламентті құру ұсынылды.
Бұл құжат үшінші талпыныстан соң ғана алдыңғы қатарлы
күштерді басқарған жас император Гуансюйдің қолына тиді.
Реформаторлар мемлекеттік басқаруға тартылды: “реформалық
жүз күнде” өнеркəсіптік дамуды күшейтуге, университеттер
ашуға жəне т.б.бағытталған бірқатар прогрессивтік жарлықтар
қабылданды. Алайда, реформатарларға билікті сақтап қалу
үшін саяси күштер жетіспеді. 1893 жылғы күзде император
Цыси (Қытайды 1861 жылдан бастап басқарған) төңкеріс
жасады, Гуансюйді билігінен айырып, оның атынан жарлықтар
шығарды, бұл жарлықтар бойынша ол регентша болып, мем-
лекетті басқару құқығын иеленді. Консерватитвік құрылым
сақталып қалды, елде басылып-жаншылып отырған бірқатар
көтерілістер бас көтерді.
1905 жылы Сунь Ятсен “Қытайдың жандану одағын” іші-
нара қайта құрды. Сол кезде ол өзінің “Үш халықтық қағида”
атты бағдарламасын ұсынды. Ол бағдарламаның мақсаты Цин
империясын жою, демократиялық реформа жүргізіп, демо-
кратиялық халықтық үкімет құру болған.
1905-1908 ж.ж. ел ішінде қайтадан көтерілістер басталды.
Цин үкіметі 1906 жылы конституцияны даярлауға кірісті, бірақ
ол император билігінің сақталуын көздеді.
Жағдай күннен-күнге шиелене берді, ақырында, 1911 жылы
қазанда Уган қаласындағы қарулы көтеріліс революциялық
күштердің жеңуімен аяқталды. Синьхай революциясы бастал-
ды (Синь Хай — ескіқытай күнтізбесі бойынша 1911 жылы).
1911 жылғы қазан айының соңында көптеген провинцияларда
Цинь патшалығының билігі жойылды.
1911 жылғы желтоқсанда Нанкин қаласында Уақытша үкі-
мет құрылды, мемлекет басшысы болып Юань Ши Кай тағай-
ындалды.
137
6. Жапония
МЭЙДЗИ РЕВОЛЮЦИЯСЫ
ХІХ ғасырдың ортасында Жапония феодалдық құрылымның
ыдырауының салдарынан болған елдің дамуына кедергі болып
отырған құлдырау жағдайында болды. ХІХ ғасырдың бірінші
жартысында ең алғашқы капиталистік мануфактура пайда
болды. Алайда, феодалдық қатынастардың қалдықтары мен
ішкі нарықтың тар болуы (шаруалар — халықтың негізгі бөлігі
— өнеркəсіп өнімдерін алмады) жаңадан қалыптасып келе
жатқан өндірістің дамуына кедергі жасады.
Сыртқы саяси жағдай да күрделене түсті. 1853 жылы
американдық эскадра адмирал Перридің басшылығымен
жапония жағалауларына келіп, АҚШ бір жақты түрде сауда
шартын бекітуді талап етті. 1858 жылы аталынған шарт
бекітілді, ол бойынша Жапония АҚШ-тан келетін тауарларға
белгіленген мөлшерден тыс (5-тен 35 пайызға дейін) баждар
қоя алмайтын жəне де Жапонияда жүрген американдықтардың
аумақтық тиістілік қағидасы (олардың жергілікті соттарға
бағынбауы) танылды. Осыдан соң Англиямен, Франциямен,
Голландиямен тең емес шарттар бекітілді. Сегунның үкіметі
аталған шарттардың барлығына өз келісімін берді.
Бөтен елдердің ашық түрдегі шабуылына жапон қоғамының
барлық топтары — шаруалар, жұмысшылар, жас буржуазия,
самурайлар өз қарсылықтарын білдірді. Феодалдыққа қарсы
күрес ұлт-азаттық қозғалыспен ұштасты, бұл қозғалысты
император Муцухитоның жақтаушылары (шынайы билік
Токугава руынан шыққан сегунның қолында болды) басқарды.
Сегун əскердің бас қолбасшысы болып табылды, алайда,
императордың жақтастары жəне княздық-самурайлық топ
сегунатты құлатуды жəне имперторды қайта билік басына
əкелуді, оның атынан реформалар жүргізуді мақсат етіп қойды.
1867 жылғы қазан айында императорлық топтың басшы-
лары сегун Кэйкадан жоғарғы билікті императорға беруді
талап етті. 1868 жылғы қаңтарда сегунның əскері княздық-
самурайлық əскермен шайқаста жеңілді. Императордың билігі
қалпына келтірілді. Мэйдзи революциясы жүзеге асырылды.
Ел дамудың буржуазиялық жолына бет бұрды. 1868 жылы цех
138
бойынша бөлініп жұмыс істеу жойылып, халықтың барлығына
еркін кəсіп таңдау жəне сауда жасау мүмкіндігі берілді. Мем-
лекет бойынша бірыңғай заңдар енгізіліп, сословиелік артық-
шылықтар жойылды. 1871 жылы жерді еркін сату-сатып алуға
рұқсат етілді. 1872 жылы жерге жеке меншік құқығы бекітіліп,
бірыңғай жер салығы енгізілді.
Сол жылы Германияның үлгісі бойынша жалпы əскери
міндеттілік енгізілді, самурайлардың əскери қызметке деген
артықшылықты құқықтары жойылды. Əскер германдық үлгі
бойынша, ал флот ағылшындық үлгі бойынша құрылды.
Ел губернияларға бөлінді, оларды тағайындалатын губер-
наторлар басқарды. Құқыққа қайшы халықаралық шарттар
күшін жойды. Саяси партиялар құрыла бастады. 1881 жылы
либералдық партия, бір жыл өткен соң конституциялық ре-
формалар партиясы құрылды.
Реформалар кешенінің аяқталуы болып 1889 жылы консти-
туцияны қабылдау табылды. Үлгі ретінде Пруссияның кон-
ституциясы алынды, бұл конституция феодалдық басқару мен
қалыптасып келе жатқан буржуазияның арасындағы келісу-
шілікті мейлінше толық көрсеткен құжат болып табылды.
Императордың тұлғасы қасиетті жəне қол сұғылмайтын
ретінде жарияланды, ол министр-президентті (атқарушы билік-
тің басшысы) жəне оның ұсынысы бойынша министрлер
кабинетін тағайындайтын.
Парламент екі палатадан тұрды: пэрлер палатасы жəне
депутаттар палатасы. Пэрлер палатасына титулдарға ие ақсүй-
ектер (мұның алдында еуропалық титулдар енгізілген болатын:
князь, виконт, маркиз, барон, граф) жəне император тегінің
мүшелері сайланатын. Депутаттар палатасы сайлауда жеңген
тұлғалардан тұрды.
1890 жылғы заңмен сайлауға қатысу құқығы 25 жасқа
толған, əскери міндеттілігі жоқ, кем дегенде 15 иен тікелей
салық төлейтін жəне белгілі бір жерде 1,5 жыл тұрғылықты
өмір сүрген жапон азаматтарына берілді. Екі палата мен
Үкіметке де заңшығару ынтасын білдіру құқығы берілді. Заң
жобаларын палаталар жекелеген отырыстарда талқылайтын
жəне көпшілік дауыспен қабылданатын.
139
1890 жылы мемлекет үшін біртектес соттарды құруға
бағытталған заң қабылданды. Округтарда бірінші инстанция
бойынша округтық соттар жұмыс жасайтын болды. Округтар
губерниялардың құрамына енді, келесі сатыда губерниялық
соттар тұрды, одан жоғары жеті апелляциялық сот пен жоғарғы
империялық сот жұмыс жасады.
Сонымен бір мезетте прокуратураның мəртебесі бекітлді.
Оған мынадай өкілеттіктер берілді: алдын-ала тергеу,
мемлекеттік айыптау жəне соттарды қадағалау. Адвокатураға
да сотта қорғаушы орган ретінде мəртебе берілді. 1890 жылы
қылмыстық іс жүргізу кодексінің жаңа басылымы шықты
(бірінші басылымы 1880 жылы шыққан болатын). Император-
дың жанында Құпия кеңес пен императордың сегунмен
соғысындағы оны жақтаушы ақсүйектерден тұрған генро
жұмыс жасады. Бұл органдардың құрамында əскери ақсүйек-
тердің орны ерекше болды, олар Жапонияны біртіндеп
милитаризациялауға күш салды. Бұл мақсаттарда бюджеттен
əскерді қаруландыруға жəне дамытуға көптеген қаржы бөлінді.
Оңтүстік-шығыс Азия үшін қуатты əскері жəне флотының
болуы Жапонияның сыртқы саясатының сипатын анықтады.
1872 жылы Жапония Ликей аралдарын басып алды. 1894-1895
жылдары ол Қытайға басып кіріп, Пескадор аралдары мен
Тайвань аралын жаулап алды. 1904 жылы Ресей үшін сəтсіз
болған орыс-жапон соғысының нəтижесінде Жапония Оңтүстік
Сахалинді өзіне бағындырды. 1910 жылы Кореяны басып алды.
140
7. Латын Америкасы
Америка материгі 1492 жылы испандық қызметте тұрған
Христофор Колумб үшін жаулап алуға жəне одан əрі қанауға
ашық болды. Испандықтар аса қатігездікпен Оңтүстік Амери-
каның тұрғындарын өздеріне бағындырды. 15 миллионнан кем
емес халық санын құрайтын бұл материктің тұрғындары
Мексика жəне Орталық Америкада тұрды. Үндістердің көп-
шілік бөлігі алғашқы қауымдық құрылымда өмір сүрді, алайда,
инктер, ацтектер, майялар таптық қоғамға ауысқан болатын.
Олардың мемлекет басында абыздар мен көсемдер тұрды.
Жекелеген кастаны əскерилер құрады, сонымен қатар, құлдар
(көршілес əлсіз тайпалардан) болды.
Алғашқы соққыны өздеріне Гаити, Куба, Пуэрто-Рико қа-
былдады, олардың халқының басым көпшілігі өлтірілді
(миллионға жуық адам).
1518-1521 жылдары Кортестің испандық отряды Майя мем-
лекетін талқандап, Мексиканы басып алды. Кейінірек Перудегі
инктер мемлекеті жойылды. Сол ғасырда португалдықтар
Бразилияны жаулап алуды бастады. Португалия мен Испания-
ның арасындағы Бразилияға қатысты аумақтық дау 1494 жылы
Рим папасының шешімімен басылған болатын.солтүстік Аме-
рика ХVІІ ғасырда колонияға айналды жəне ол Англия мен
Францияның арасында бөлінді.
ОҢТҮСТІК АМЕРИКАНДЫҚ КОЛОНИЯЛАРДЫҢ
ƏКІМШІЛІК ЖҮЙЕСІ
Америкадағы испан əкімшілігін вице-патша басқаратын.
Олар төртеу болды: біреуі Мексика мен Орталық Американы,
екіншісі Перу мен Чилиді, үшіншісі Венесуэла, Эквадор жəне
Колумбияны, төртіншісі Боливия, Парагвай, Уругвай жəне Ар-
гентинаны басқарды.
VІІІ ғасырдың басынан Америкадағы испандық жəне
португалиялық колонияларда жер иеленудің екі нысаны болды:
асьенда жеке құлиеленушілік плантация. Асьендада жағдайы
бойынша басыбайлы шаруаларға теңестірілген батырақтар
(негізінен, үндістер), ал құлиеленушілік плантацияларда Афри-
кадан əкелінген негр-құлдар жұмыс істеді. Халықтың негізгі
141
бөлігін креолдар (ақ колонистердің ұрпақтары), метистер,
үндістер жəне негр-құлдар құрады.
РЕВОЛЮЦИЯЛЫҚ ЖƏНЕ ҰЛТ-АЗАТТЫҚ ҚОЗҒАЛЫСТАР
Алғашқы күшті көтерілістік қозғалыс болып Гаитидегі
(француз колониясы) 1791 жылғы 22 тамызда Туссен-Лювер-
тюрдың басшылығымен басталған негр-құлдардың көтерілісі
болды. Туссеннің əскері жергілікті плантаторларды, Гаити
аралын басып алмақшы болған ағылышындарды, Наполеон
жіберген Леклерктің француздық экспедициялық корпусын
ойсырата жеңді. 1804 жылы Гаити Франциядан тəуелсіз
мемлекетке айналды.
ХІХ ғасырдың басында испан колониялары революция
алдындағы жағдайды бастарынан өткерді. Тəуелді халық
(негрлер, метистер, үндістер, жəне кейбір креолдар) арасында
толқулар байқалды. Колониялардың жергілікті халқы жоғарғы
биліктің, əскердегі, əкімшіліктегі жауапты лауазымдардың
испандықтардың қолында болуына қарсылық білдірді.
Жергілікті буржуазия колонияны метрополийдің шикізат
базасы ретінде пайдалануына наразылық білдірді.
Испандық таққа Бонапарттардың бірін əкелген (1808 ж.)
Францияның Испанияға қарсы соғысы ұлт-азаттық револю-
циялар үшін қолайлы жағдай туғызды. 1810 жылы Аргенти-
нада көтеріліс басталды, 1816 жылы Аргентина тəуелсіз мем-
лекет болып жарияланды. 1821 жылы Боливия тəуелсіздікке
қол жеткізді, осы жылы Орталық Америка да тəуелсіздікті
иеленді. Осы жылы Мексика босатылды. Бразилия шетелдік
қанаудан 1822 жылы құтылғанымен, 1889 жылға дейін
монархиялық режимді сақтап қалды. 1844 жылы Доминикан
мемлекеті тəуелсіздікке қол жеткізді, 1898 жылы Куба, ал 1903
жылы Панама тəуелсіздікті иеленді.
Жаңа констиуциялар (барлығы жазбаша нысандағы) АҚШ
констиуциясы үлгісі бойынша жасалды: президент, екі палата,
сайлаушылардың шектелген саны. Бұрынғы колониялардың
барлығында билік ірі жер иеленушілердің (креол) қолында
сақталып қалды. Сонымен қатар, құлдық пен пеонаж (басы-
байлы тəуелділік жүйесі) сақталды. Латын Америкасында құл-
142
дықты жою 1811 жылдан (Чили) бастап 1888 жылға (Бразилия)
дейін созылды.
1889 жылы Бразилиядағы монархия құлады. 1891 жылғы
Бразилияның конституциясы нысаны бойынша, тіпті, федерал-
дық құрылымына дейін, АҚШ конституциясынан көшірілген.
Бразилия 20 штаттан құралды, елдің ресми атауы “Бразилия-
ның құрама штаттары” болды.
Тəуелсіздік алған соң 30-50 жыл аралығында Латын
Америка елдеріндегі билік каудильоға (əскери диктаторлар)
тиесілі болды. Олар билік басына өз əскеріне сүйене отырып
келетін болған.
АҚШ-ТЫҢ ЖЕРГІЛІКТІ ЖЕРЛЕРДЕГІ САЯСАТЫ
1846 жылы АҚШ Мексикадан Техас, Калифорния, Аризона
жəне т.б. штаттарды тартып алды. 1898 жылы Испаниямен
соғыстан соң АҚШ-қа Куба мен Пуэрто-Рико жəне де Филип-
пины өтті.
Латын Америкасына экономикалық тұрғыдан енуді бастаған
соң АҚШ “революцияларды” (əскери төңкеріс) жəне кауди-
лизмді (диктаторлық) өз мүддесіне пайдаланды. Мысалы, Ве-
несуэладағы Каудильо Гоместің режимі АҚШ-тың көмегімен
орнады (1908 жылы).
АҚШ-тың сыртқы саясатын Латын Америкасының шикізат
байлығына жəне өз тауарларын өткізу нарығына мүдделі ірі
сауда-өнеркəсіптік жəне тау-кен монополиялары анықтады.
143
8. Италия
Өзінің бүкіл тарихи дамуында ыдыраушылық сипатты
иеленді жəне нашар басқарылды. Күшті Еуропалық дер-
жавалар тұрақты түрде оны бағындырып отырды. Алғашқы
болып Франк мемлекеті мен Германия жауласа, кейін ХV
ғасырдан бастап Франция мен Испания жаулап алды. Ешбір
шетелдік мемлекет Италияны саяси бірлікке əкелмеді. ХVІІ
ғасырдың соңына дейін Италия 11 мемлекеттен құралды.
Соның ішінде ең маңыздылары болып Неаполитандық жəне
Пьемонттық патшалықтар, Милан жəне Тоскана (Флоренция)
герцогствосы, Папалық облыс, Венециандық республика
табылды.
ХVІІІ ғасырдың басында Австрияға Италияның солтүстік
провинциялары Ломбардио (Милан) жəне Тоскананы жаулап
алуға мүмкіндігі туды. Наполеон Италияда қысқа мерзімге
отырды, сонда да буржуазиялық қатынастардың дамуына өз
үлесін қосып кетті. Наполеонның жеңілгені көрініс тапқан
Вена трактатынан (1815 ж.) кейін, Австрия Италиядағы
үстемдік құрушы державаға айналды. Ломбардия мен Венеция
Венадан басқарылды, бес басқа монархиялар орталықтан кел-
ген австриялық шенеуніктермен басқарылды, Неапольда
билікке Бурбондар келді. Тек Сардиндік патшалықта (Пье-
монтта) тəуелсіз Савой династиясы сақталып қалды. Пьемонт
карбонарилердің азаттық қозғалысының орталығына айналды.
1848 жылы ұлт-азаттық қозғалыс үш монархиядан (Тоскана,
Модена, Пармадан) австриялық əкімшілікті қуып шықты.
Италияны австриялық əскерлерден тазалау үшін Пьемонт
Австрияға қарсы соғыс жариялады. 1860 жылы Модена, Парма,
Ломбардия жəне Тоскана Сардин патшалығының құрамына
кірді. Неаполь жəне Папалық облысты қосу үшін басшылық
Мадзини жəне Гарибальдидің демократиялық қозғалыстары-
мен бірлесіп қызмет етуге бел буды. 1860 жылы Неаполь
Пьемонтқа қосылды. 1870 жылы Пьемонтқа Венеция жəне
Папалық облыс қосылды, ол мемлекеттің астанасы болып Рим
жарияланды.
Конституция ретінде 1848 жылғы Пьемонт статуты
жарияланды. Мемлекеттің басында патша тұрды. Заңшығару
билігін сенат пен депутаттар палатасынан құралған парламент
144
жүзеге асырды. Сенаттың құрамына ақсүйектер енді. Депутат-
тар палатасы халықтың 2-3
%— нен сайланды, себебі, мүліктік
ценз өте жоғары болған. 1882 жылы мүліктік цензді сауатты-
лық цензіне ауыстырды, сайлаушылардың саны 2
%-тен 7 %-ке
дейін өсті. 1912 жылы тағы да бір реформа жүзеге асырылды
— сөйтіп, сайлаушылардың саны (тек ер адамдар) 8 миллионға
дейін өсті.
145
Төртінші бөлім
ЖАҢА ЗАМАН ҚҰҚЫҒЫНЫҢ НЕГІЗГІ СИПАТТАРЫ
ҰЛТТЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҚ ЖҮЙЕЛЕРДІҢ ҚАЛЫПТАСУЫ
Буржуазиялық революциялардың жеңіске жетуі жаңа
құқықтық (буржуазиялық) жүйелердің қалыптасуына алып
келді, бұл жүйе жаңа экономикалық қатынастарды реттеуге
бағытталған болатын.
Буржуазиялық қоғамда ерекше орынды шарт иеленеді.
Кəсіпкерлер арасындағы, кəсіпкерлер мен жұмысшылар жəне
т.б. арасындағы қатынастар шарттық негізде қалыптасады.
Кезкелген шартты бекітудің алғышарттары болып жеке бас
бостандығы бар тұлғалардың заңды түрдегі теңдігі мен жалпы
құқыққабілеттілік табылады. Заңды теңдік қағидасымен
заңдылық қағидасы тығыз байланысты, бұл қағида бірдей
құқықтар мен міндеттерді, жəне заң алдындағы бірдей жауап-
кершілікті білдіреді. Осы ережелердің барлығы буржуазиялық
құқыққа жалпы мағына берген.
Сонымен қатар, буржуазиялық құқықтың шегінде екі негізгі
құқық жүйелері байқалады: континенталдық жəне ағылшын-
саксондық. Құқықтың континенталдық жүйесі француздық жə-
не германдық құқықтың əсерімен қалыптасты, ал бұл құқық-
тарға, өз кезегінде, рим құқығы ерекше əсер етті. Құқықтың
континенталдық жүйесі құқықты жеке жəне жариялық деп
бөледі. Жеке құқық жеке тұлғалардың мүдделерін мемлекеттің
де, жекелеген азаматтардың да қол сұғуынан қорғайды. Жеке
құқыққа азаматтық, отбасылық жəне сауда құқықтары жатады.
Жариялық құқық билік пен басқару органдарының ұйым-
дастырылу жəне қызмет ету тəртібін анықтайды жəне жалпы
қоғам мен мемлекеттің мүдделерін кезкелген қол сұғушы-
лықтардан қорғайды. Жариялық құқыққа мыналар жатады:
конституциялық, халықаралық, əкімшілік, қылмыстық, іс
жүргізушілік құқықтар.
Құқықтың континенталдық жүйесі құқықты материалдық
жəне процессуалдық деп бөледі. Құқықтың негізгі қайнар көзі
болып заң табылады, ол жүріс-тұрыстың жалпы ережелері мен
146
құқықтық қағидаларды орнықтырады. Сот нормашығарушы
қызметпен айналыспайды.
Ағылшын-саксондық құқықтық жүйесі Англияда ХІ-ХІІ
ғасырларда пайда болған жалпы құқыққа негізделеді. Құқықты
жеке жəне жариялық деп бөлу бұл құқық жүйесіне тəн емес,
сонымен қатар, материалдық жəне процессуалдық құқықтар да
аса ажыратылмаған. Құқық салалары да нақты анықталмаған.
Жəне бұл құқық жүйесінде кодификация орын алмаған.
Құқықтың ағылшын-акондық жүйесінің елдерінде құқық-
тың негізгі қайнар көзі сот прецеденті болды, ол барлық соттар
үшін ұқсас істерді қарау барысында міндетті болып табылды.
Сот құқықты жасайды, алайда, жалпы емес, казустық нор-
маларды, яғни, нақты бір істі шешуге арналған ережелерді
шығарады. “Құқық” жəне “заң” түсініктері бір мағынаны біл-
дірмейді. Парламенттік заң елдің құқығына оны сот қолданған
жəне түсіндірген жағдайда ғана айналған. Бұл елдерде консти-
туциялық əдет-ғұрыптар мен келісімдер де ерекше орынды
иеленген. Келісімдер мемлекеттік билікті жүзеге асыру сала-
сында аса кең қолданылатын.
Ағылшын-саксондық құқық жүйесіне ерекше терминология,
басқа елдерде кездеспейтін институттардың болуы тəн.
ҰЛЫБРИТАНИЯНЫҢ ҚҰҚЫҒЫ
Англиядағы құқықтың қайнар көздері кодификациялан-
баған. Жеке құқық белгілі бір дəрежеде сот прецеденті құқығы
нысанында дамыған, бұл құқық екі бөлімнен тұрған: жалпы
жəне əділдік құқығы. 1873-1875 жылдары жалпы құқық сотта-
ры жəне əділдік құқығының соттары біртұтас сот жүйесіне
біріктірілді. Алайда, жалпы құқық пен əділдік құқығы қазіргі
кезге дейін сақталған.
Прецедентпен қатар құқықтың негізгі қайнар көзі болып заң
табылды. ХІІІ ғасырдан бастап Англияда белгілі бір жүйеге
келтірілмеген көптеген заңдар қабылданды. Англияның азамат-
тық құқығы субъектілер ретінде азаматтарды да, заңды тұлға-
ларды да таниды. Алайда, кейбір тұлғалардың құқық қабілеттігі
шектелген, бұл — күйеуі бар əйелдер мен шетелдіктер. Сенім-
герлік меншігі институтына негізделген заңды тұлғалар кеңі-
нен таралған. Серіктестіктер ұзақ уақыт бойы заңды тұлғалар-
147
дың құқықтарын иеленбеді, алайда, кейіннен оларға бұл
құқықтар берілді.
Англиядағы заттық құқық аса кең мағынада түсіндіріледі,
затттық құқыққа авторлық, өнертабыстық құқық сияқты кейбір
абсолюттік құқықтар да жатқызылған. Ағылшындық құқық
зат-тарды жылжитын жəне жылжымайтын деп бөлмеген.
Заттар шынайы жəне жеке деп бөлінген. Шынайы заттар: жер,
өсімдіктер, ғимараттар, жерге құқықты орнықтыратын құжат-
тар, жəне жермен байланысты заттар. Жеке заттар екі түрге
бөлінді: иеліктегі заттар — материалдық заттар жəне материал-
дық субстратқа ие емес заттар (авторлық құқық). Бұрын
болмағанына қарамастан, қазіргі кезде ағылшын құқығында
заттарды жылжитын жəне жылжымайтын деп бөлу кездеседі.
Англиядағы барлық заттық құқықтар меншік құқығының бір
түрі ретінде қарастырылады. Оларға мыналар жатады: жылжы-
майтын мүлікті жалға берудің əртүрлі нысандары; сервитуттар;
сенімгерлік меншік; ипотека.
Жерге деген меншік құқығы өзіндік ерекшеліктерге ие
болды: жер тек патшаның меншігінде, ал қалған тұлғалар оны
пайдаланушы ретінде ғана қарастырылды. Алайда, иелену
құқығы меншік құқығынан ажыратылмады (мерзімсіздігі жəне
басқа тұлғаға еркін түрде беру құқығы).
Сенімгерлік меншік (траст немесе трэст) — бір тұлға
(сенімгерлік меншік иесі) оған үшінші тұлғаның (бенефциант)
пайдасына екінші тұлға (құрылтайшы) берген мүлікке билік
ететін жəне басқаратын меншік нысаны. Мүлікті пайдалану-
дың мақсаттары мен табыстарын құрылтайшы анықтайтын.
Міндеттемелік құқық.
Англияда міндеттеменің жалпы ұғымы қалыптаспаған.
Азаматтық құқықтың жекелеген салалары ретінде шарттық
құқық пен құқықбұзушылықтардан туындайтын міндеттемелік
құқық танылды. Ағылшындық шарттық құқығының ерекше
сипаттары болып тараптардың құқықтары мен міндеттерін
нақты анықтау, борышкерден міндеттемені толық жəне өз
еркімен орындауды талап ету табылды. Шығындардың, соның
ішінде құқыққа қайшы əрекеттерден (деликтілерден) туында-
ған мүліктік емес шығындардың (моральдық) орнын толтыру
туралы ережелері дамыды.
148
Англиядағы отбасылық құқық ұзақ уақыт бойы феодалдық
қатынастардың қалдықтарын сақтап қалды. Шіркеулік неке
1836 жылға дейін сақталды. Ерлі-зайыптылардың жеке қаты-
настары ерінің билігіне негізделді. Мүліктік қатынастарда
əйелдің құқықтары шектелген болатын. Əйел адам құқықтың
субъектісі болып табылмады. 1822 жылғы заңмен күйеуге
тиген əйелдің аз да болса мүліктік дербестігі орнықты. 1857
жылға дейін ажырасуға рұқсат етілмейтін. 21 жасқа дейінгі
балалар əкесінің билігіне бағынатын, ал ол болмаған жағдайда
анасының қамқорлығында болған.
Англияда мұрагерлік өсиеттің еркіндігі негізінде жүзеге
асырылатын. 21 жасқа толған кезкелген тұлға мүлкін өзі қа-
лаған адамға мұрагерлікке бере алатын. Заң бойынша мұра-
герлікте жерді жəне басқа да мүлікті алуға байланысты арнайы
əртүрлі ережелер орын алған болатын.
Қылмыстық құқық пен іс жүргізуді тек ХVІІІ ғасырдың
ортасында атақты заңгер Блэкстон бір жүйеге келтірген. Қыл-
мыстық құқық, əсіресе, жазалау мəселесіне байланысты кон-
сервативтік сипатты иеленген. 1810 жылы дене мүшелеріне
зақым келтірумен сипатталатын жазалар аса кең таралған болатын.
Ағылшындық іс жүргізудің ерекшелігі болып айыптау про-
цесінің бір мезетте жарыссөз процессі болғандығы табылды.
1907 жылы ағылшындық қылмыстық құқықа шартты соттау
жəне превентивтік (ескертушілік) қамауға алу түсініктері
енгізілді.
ФРАНЦИЯНЫҢ ҚҰҚЫҒЫ
Француз заңгерлері революция кезінің өзінде де коди-
фикация жасауға талпыныстарды жүзеге асырған. 1791 жылы
қылмыстық кодекстің жобасы, ал 1793, 1794, 1796 жылдары
азаматтық кодекстің жобалары жасалып, ұсынылды. Алайда,
тұрақты мемлекеттік билік болмағандықтан олар еш нəтиже
бермеді. Тұрақтылық тек Наполеон Бонапарттың тұсында
орнады. Оның үкіметі жарлықтар арқылы революцияға дейінгі
құқықты түбірімен жойды. Наполеондық дəуірдегі заңгерлер
бес негізгі кодекстерді қабылдады: азаматтық, қылмыстық,
149
саудалық, қылмыстық іс жүргізушілік, азаматтық іс жүргі-
зушілік.
1804 жылғы француздық азаматтық кодекс (Наполеон
кодексі).
Кодекс жобасын дайындаумен айналыысқан комисияның
құрамына Тронше, Порталис, Малльвиль, Биго-Преамке сияқ-
ты Францияның ұлы заңгерлері енді. Жоба төрт айдың ішінде
жасалды. 1804 жылғы 21 наурыздағы заң барлық 36 титулды
(тарауларды) біртұтас Азаматтық Кодекстің құрамына бірік-
тірді. 1807 жылдан бастап ол Наполеон Кодексі деп аталды.
Бұл акт 1789 жылғы “Адам жəне азамат құқықтары деклара-
циясында” бекітілген келесі азаматтық-құқықтық қағидаларды
одан əрі дамытқан: заңды теңдік, заңдылық, құқықтар мен
бостандықтардың тұтастығы. Кодекстің құрылымына рим құ-
қығы əсер еткен. Ол интституциялық жүйе бойынша құрас-
тырылған.
Кодекс кіріспелік титулдан жəне үш кітаптан тұрған.
Кіріспелік титулда заңдарды жариялау, қолдану жəне олардың
күші туралы айтылған. Бірінші кітап тұлғаларға, екінші кітап
мүліктер мен меншіктің түрлеріне, үшінші кітап меншікті
иелену тəсілдеріне арналған.
Азаматтық құқықтың субъектілері.
Азаматтар (француздар) барлық азаматтық құқықтарды пай-
даланатын. Шетелдіктер мен күйеуі бар əйелдердің құқықтары
шектелген болатын. Заңды тұлғалар азаматтық құқықтың субъ-
ектілері ретінде танылмады.
Меншік құқығы.
Кодексте меншік құқығына анықтама берілмеген, алайда,
544-бапта меншік иесінің негізгі құқықтары — мүлікті пайда-
лану жəне оған билік ету аталып өткен. Үшінші тұлғалардың
мүддесі үшін кодекс меншік иесінің құқықтарын белгілі бір
дəрежеде шектейді. Кодексте жер учаскесі иесінің құқықтары,
сервитут, жерді жалға беру жəне т.б. жоғары деңгейде реттеліп
өткен.
Жер учаскесінің иесінің құқықтары 552-бапта анықталған:
“Жерге меншік жер үстіндегі жəне жер астындағы заттарға
меншікті біріктірген”. Жылжитын мүлік иелері (банкирлер,
саудагерлер) 2279-баппен қорғалған: “Жылжитын мүліктерге
150
қатысты иелік бұл затқа құқықтың заңды негізі болып
табылады”. Негісіз иелік дəлелденуі тиіс болған (2268-бап).
Кодекспен реттелген заттық құқықтарға сонымен қатар
мыналар жатқан: бөтен заттарға құқық, иелік, затты ұстау.
Міндеттемелік қатынастар.
Кодексте міндеттемелердің жалпы түсінігі берілмеген,
алайда 1101-бапта шартқа нақты анықтама берілген: “Шарт
дегеніміз бір немесе бірнеше тұлғалардың басқа тұлғаның
немесе тұлғалардың алдында белгілі бір əрекеттерді істеуге
немесе істемеуге, бір затты беруге немесе бермеуге мінде-
ттенуі”.
Шарттың жарамдығының жағдайы ретінде тараптардың
келісімі, шынайы келісім (қорқытусыз, алдаусыз, адасусыз —
1108,1109-баптар) танылған.
Шарттың өзгертілмеу қағидасы 1134-бапта бекітілген:
“Заңды түрде бекітілген келісімдер оларды бекіткен тұлғалар
үшін заңды күшке ие. Олар тек тараптардың өзара келісімі
бойынша немесе заңмен көзделген жағдайларда тоқтатылады.
Бұл шарттар міндетті түрде орындалуы тиіс болатын”.
Кодекс мүліктердің эвикциясы мəселесін де қарастырып
өткен. Мүліктің айқын көзге көрініп тұрған кемшіліктері үшін
сатушы жауап бермейді, ал жасырын кемшіліктерін сатушы
міндетті түрде көрсетуі тиіс (1641,1642-баптар).
Зиян келтірген жағдайдағы міндеттемелер 1384-бапта қарас-
тырылып өткен: ”Тапсырма берген тұлғалар, оны орындаушы
тұлға қызметтік міндеттерді орындау барысында зиян кел-
тірген болса, сол зиян үшін жауап береді”.
Кодексте “заттай міндеттемелер” де талданған, оларды
орындауды сот тəртібімен талап етуге болмайтын. Алайда, егер
міндеттеме орындалып қойса, оған тыйым салынбайтын.
Кодексте “заттай міндеттеме” ретінде балаларға жасау беру
міндеті аталған.
Неке-отбасы қатынастары күйеу мен əкенің билігіне жəне
əйелдің шектелген құқық қабілеттігіне негізделген. Азаматтық
неке мен ажырасуға рұқсат беру кодекстің енгізген жаңалық-
тары болып табылды. Кодекс некені шарт ретінде қарасты-
рады, сол себепті, ерлі-зайыптылардың келісімі маңызды роль
атқарған. Неке жасы анықталды (ерлер үшін — 18 жас, əйелдер
151
үшін — 15 жас), сонымен қатар, қажетті жағдай ретінде басқа
некеде болмау танылған.
Ажырасуға мына себептер бойынша рұқсат етілген: зина-
қорлық; өзара өкпелер; ерлі-зайыптылардың бірін ауыр жəне
ұятты жазаға тарту; ерлі-зайыптылардың келіспеушілігі ( 229-
233-баптар).
Ерлі-зайыптылардың мүліктік қатынастары неке шартымен
анықталған. Егер неке шартымен əйел мүлкінің режимі рет-
телмесе, ол толығымен күйеуінің иелігіне өтетін.
Некеден тыс туылған балаларды асырап алу тек еріктілік
негізде жүзеге асырылатын. Мұндай балалар кейбір құқықтар-
ды пайдалана алатын, алайда олар заңды некеден туған
балалардың құқықтарын талап ете алмайтын.
Мұрагерлік құқық.
Өсиет бойынша жəне заң бойынша мұрагерлік танылған.
Бұған қарамастан, кодекс өсиет қалдыру бостандығын шекте-
ген жəне мұра қалдырушының балалары болуы-болмауына
қарай өсиетті жүзеге асыруды көздеген. Бір бала болған
жағдайда мүліктің жартысына, екі балада мүліктің үштен бір
бөлігіне билік етуге болатын. Егер балалары болмаса, алайда
əкесі не шешесі жағынан туыстары болса, мұра қалдырушы
мүлкінің үштен бір бөлігіне, ал егер екі жақтан да туыстары
болса — мүлкінің жартысына билік ететін. Өсиеттен тыс
қалған мүлік заң бойынша мұраға қалатын.
Заң бойынша мұрагерлікте алғашқы туысқандық қағидасы
жойылды. Заң бойынша мұрагерлік құқығын 12 деңгейге
дейінгі туыстары иеленген. Туыстары болмаған жағдайда мү-
лік қайтыс болған адамның жұбайына өтетін. Некеден тыс
туылған балалар əкесінің мүлкіне шектелген құқықты иеленген
болатын: олардың үлесі заңды некеден туған баланың үлесінің
үштен біріне теңелетін, олар өсиет қалдырылмаса, заң
бойынша мұраны иелене алмайтын.
1917 жылы мұрагерлердің шеңбері туыстықтың алты
деңгейіне дейін азайтылды.
Азаматтық-іс жүргізушілік кодекс.
Бұл акт 1667 жылғы азаматтық əділ сот туралы ордонан-
стың негізінде 1806 жылы қабылданды. Кодекс бір қатар
күрделі талаптарды орындауды, іс жүргізушілік құжаттар
152
жазуды талап ететін процесті орнықтырды. Бұл сот процесінің
тежелуіне алып келді. Жалпы соттарда адвокаттың міндетті
түрде қатысуы талап етілді. Кейінгі жылдарда кодекстің
өзгеруі байқалмады.
Француздық саудалық кодекс азаматтық кодекстен бөлек
1807 жылы қабылданды. Оның негізіне мына ордонанстар
алынды: 1673 жылғы құрғақ жердегі сауда туралы жəне 1681
жылғы теңіз саудасы туралы ордонанстар. Ордонанстардың
ережелері өзгертілмегендіктен, Саудалық кодекс қабылданған
кезінен бастап ескірген сипатты иеленді.
Саудалық кодексте саудаға қатысты арнайы құқықтық
нормалар көрініс тапты, ал егер олар болмаған жағдайда,
азаматтық кодекстің нормалары қолданылатын.
Саудалық кодекс төрт кітаптан тұрды: бірінші кітапта жал-
пы сауда туралы (саудагерлер, биржа-делдалдар, вексельдер
туралы), екінші кітапта теңіз саудасы туралы, үшінші кітапта
банкроттық туралы, төртінші кітапта сауда заңдары туралы
айтылды.
Кодекстің көптеген нормалары біртіндеп өз күшін жойды.
1810 жылғы қылмыстық кодекс.
Азаматтық кодекстен кейін қылмыстық кодекс маңызды
орынды иеленді. Кодекс қылмыстық əрекеттерді түрлерге
бөлетін ережелерден басталды. Əрбір əрекеттің негізінде
жазаның сипаты көрініс тапқан:
—
полициялық жазалаумен жазаланатын қылмыстық əре-
кет құқық бұзушылық болып табылады;
—
түзетушілік жазалаумен жазаланатын қылмыстық əре-
кет теріс қылық болып табылады;
—
қорлаушы жəне азаптаушы жазалаумен жазаланатын
қылмыстық əрекет қылмыс болып табылады (1-бап).
Осылай, кодекс қылмыстық əрекеттерді əдеттегідей үш
топқа бөліп қарастырады: 1) қылмыстар — аса қауіпті қыл-
мыстық əрекеттер; 2) теріс қылықтар; 3) полициялық құқық
бұзушылықтар.
Кодекске төрт кітап енген, олардың алғашқы екеуін жалпы
бөлім, кейінгі екеуін ерекше бөлім деп атауға болады.
Бірінші кітап қылмыстық (азаптаушы жəне қорлаушы) жəне
түзеу жазаларына арналған. Оларға мыналар жатқызылған:
153
елден қуу, өлім жазасы, айдап жіберу (каторга), азаматтық өлім
(саяси құқықтардан айыру).
Екінші кітап жауапкершіліктің негіздерін жəне жауапкер-
шіліктен бостау негіздерін (ессіздік, қылмысты жасауды
күшпен мəжбүрлеу) қарастырған. 16жасқа дейінгі тұлғаларға
жазаның жеңіл түрлері қолданылған. Алайда, кінəнің нысан-
дары, ескіру мерзімдері, қылмыстар жиынтығы анықталмаған
болатын.
Үшінші кітап жеке жəне жариялық қылмыстар мен теріс
қылықтарды қарастырған. Жариялық құқықбұзушылықтарға
мыналар жатқан: мемлекеттік құрылымға, қоғамдық қауіпсіз-
дікке, империялық конституцияға қарсы қылмыстар. Жеке
құқықбұзушылықтарға жеке тұлғалар мен меншікке қарсы
қылмыстар жатқан.
Төртінші кітап полициялық құқықбұзушылықтар мен жаза-
ларға арналған.
Кейінірек Қылмыстық кодекске бірқатар өзгертулер енгізілді.
1808 жылғы Қылмыстық-іс жүргізушілік кодекс.
Бұл алғашқы таза іс жүргізушілік кодекс болып табылды.
Ол соттарды үкіметтің тағайындау қағидасын бекітіп, сот-
тардың Қылмыстық кодексте көзделген құқықбұзушылықтар-
дың үш түріне сəйкес үш дəрежелік жүйені құрауын
орнықтырды. Қылмыстық істер бойынша қарапайым полиция
соты функцияларын жүзеге асыратын бейбіт судья бірінші
инстанция болып табылды; екінші инстанция болып түзеу
полициясы соты табылды, бұл орган алқалық заседательдердің
қатысуынсыз алқалық сот нысанын иеленді; үшінші болып
апелляциялық сот табылды, ол қылмыстық жəне азаматтық
істер бойынша бөлімшелерден құралды, алқалық сипаты
иеленді жəне бұл сотқа заседательдер қатыстырылатын. Сот
жүйесін кассациялық сот басқарды. Соттың жанында айып-
тауды қолдайтын жəне қаулылардың заңдылығы мен сот
қызметіне қадағалау жасайтын прокуратура тұрды.
1808 жылғы кодекс процестің аралас жарыспалылық-
іздеушілік нысанын орнықтырды. Бірінші кезең — алдын ала
тергеу нысаны бойынша іздеушілік процеске сəйкес келді, сот
тергеуінің екінші кезеңінде процесс жарыспалылық сипатты
иеленді.
154
ГЕРМАНИЯНЫҢ ҚҰҚЫҒЫ
Азаматтық құқықтың бірінші кодификацияланған қайнар
көзі болып 1896 жылғы Германдық азаматтық ереже табылды,
ол заңды күшіне 1900 жылғы 1қаңтарда енді.
Германдық азаматтық ереже белгілі бір дəрежеде рим
құқығы мен герман құқығының ережелеріне, сонымен қатар,
ХVІІІ-ХІХ ғасырлардағы заңгерлердің буржуазиялық қатынас-
тарды дамытуға əсер еткен ережелеріне негізделді.
Бұл ереже “пандекттік” жүйеге сəйкес құрастырылған,
барлық институттар үшін жалпы нормалар жалпы бөлімде
(бірінші кітапта) жинақталған. Бұдан басқа тағы да төрт кітап
бар: екінші кітап міндеттемелік қатынастарға, үшінші кітап
заттық құқыққа, төртінші кітап отбасылық құқыққа, бесінші
кітап мұрагерлік құқыққа арналған. Ереженің ерекшеліктері
болып жалпы заңи анықтамалардың болмауы табылды; мұнда
арнайы заң түсініктерін қолданған жəне сипаттаушы белгілерді
иеленген параграфтар өте көп; сонымен қатар, құқықтық
мазмұнға емес, “адал ар-ұят”, “жақсылық” сияқты моральдық
мазмұнға ие түсініктерге негізделген параграфтар да кездеседі.
Азаматтық құқықтық қатынастардың субъектілері.
Жеке тұлғалардың құқыққабілеттігі заңды теңдікке
негізделген, алайда, əйелдердің құқыққабілеттігі белгілі бір
дəрежеде шектелген болатын. Кəмелетке толу жасы болып 21
жас саналған. 7 жастан 21 жасқа дейін Ереже əрекетқабі-
леттікті шектеудің əртүрлі дəрежелерін орнықтырған.
Заңды тұлғалар азаматтық құқықтың субъектілері ретінде
танылған. Ереже заңды тұлғалардың екі түрін атайды:
ферейндер (қоғамдар мен одақтар) жəне мекемелер. Ферейндер
ретінде мүшелері мүшелік құқықтар мен міндеттермен байла-
нысқа түскен тұлғалар одағы танылған. Бұл одақтар
шаруашылық (қызметінің мақсаты — пайда табу) жəне
шаруашылық емес (мəдени, ғылыми) деп бөлінген. Мекемелер
мекемені құру үшін өз мүлкінің белгілі бір үлесін бөлген жеке
тұлғалардың ерік білдіруі негізінде құрылған.
Бұл Ережемен акционерлік қоғамдардың жəне жауапкер-
шілігі шектеулі серіктестіктердің (Ltd.) жағдайы реттелмеген
болатын. Олар үшін арнайы заңдар қабылданды, бұл заңдар
155
аталған заңды тұлғаларды құрудың ерекше тəртібін орнық-
тырған болатын. Шаруашылық емес ферейндер үшін де
құрылудың өзіндік тəртібі бекітілді. Тек кейбір шаруашылық
одақтар үшін ғана құрылудың рұқсат етушілік тəртібі
орнықтырылды.
Азаматтық құқықтық қатынастардың субъектілерінің ішінде
бұл Ереже жұмысшылар одағын — құқық қабілеттігі жоқ
қоғам деп таниды, олар заңды тұлғалардың сипаттарын иелене
тұра, ондай құқықтық мəртебеге ие болмады. Мұндай құқық
қабылеттігі жоқ одақтар серіктестіктер ережесі негізінде жұ-
мыс істеді.
Германиядағы
құқық
заттарды
жылжитын
жəне
жылжымайтын деп бөлді. Жылжитын мүлік — бұл жер учас-
кесі жəне оған тиесілі заттардан басқа мүліктер. Бағалы қағаз-
дар жылжитын мүлікке жатқызылған.
Германдық Ереже бірқатар заттық құқықтарды атап өтеді:
меншік құқығы, бөтеннің мүлкін иелену жəне пайдалану
құқығы, аң аулау жəне балық аулау құқығы. Негізгі заттық
құқық болып меншік құқығы табылды. Жер учаскесінің иесінің
меншік құқығына екі түрлі шектеу қойылады: біріншіден,
меншік иесі басқа учаскеден келетін газдың, түтіннің, шаңның
кері əсерін шыдауға тиіс, себебі, мұндай жағдайлар бұл
жерлерде шектен тыс құбылыс емес (§ 906); екіншіден, жер
учаскесі иесінің жерінің үстіндегі ауа кеңістігі мен жер
қойнауына меншік құқығы шектеледі, меншік иесі бұларға
қолсұғушылыққа қарсы тұра алмайды, себебі, бұл əрекеттердің
жер учаскесіне тікелей зияны жоқ (§ 905).
Міндеттемелік құқық.
Достарыңызбен бөлісу: |