Булгакова Д. А



Pdf көрінісі
бет2/16
Дата18.01.2017
өлшемі1,67 Mb.
#2136
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16

Жаңа дəуірдегі Франция 
 
Жирондистер — провинциялық  сауда-өнеркəсіптік  буржу-
азияның  мүдделерін  білдірген  саяси  қозғалыс  (оның  көптеген 
басшылары  Жирондэ  провинциясының  депутаттары  болып 
табылды). 
Фельяндар  (фейяндар) — конституциялық-монархиялық 
буржуазия  мен  либералдық  дворяндардың  мүдделерін  білдір-
ген саяси қозғалыс. 
Якобиндер —  ұсақ, жартылай орта буржуазияның, қолөнер-
шілердің,  шаруалардың  мүдделерін  білдірген  саяси  қозғалыс 
 
15

(Қасиетті Якоба монастырының кітапханасының атауымен, бұл 
жерде олардың жиналысы өтетін).   
  
 
Жаңа дəуірдегі Қытай 
 
Синьхай  революциясы — ескі  қытайлық  Синь  Хай  күнтіз-
бесіндегі жыл  — 1911 ж. бойынша. 
Тяньван — тайпин мемлекетінің басшысының титулы. 
 
Жаңа дəуірдегі Жапония 
 
Мэйдзи  революциясы — жапон  тарихында  Мэйдзи  Рес-
таврациясы деген атқа ие (Мэйдзи — император Муцухитоның 
билік ету кезеңі). 
 
Латын  Америкасының  мемлекеті  жəне  құқығының 
тарихы 
 
Асьенда — жеке  жер  иелену  нысаны,  асьендаларда  баты-
рақтардың еңбегі қолданылатын. 
Каудильо — əскери диктатор. 
Креолдар — ақ (испан) колонистерінің ұрпақтары. 
Метистер — ақ  (испан) колонистер мен үндістердің аралас 
некесінен туған ұрпақтар.  
Пеон — басыбайлы шаруа. 
Пеонаж — басыбайлы тəуелділік жүйесі. 
 
Жаңа дəуірдегі құқықтың негізгі сипаттары 
 
Ұлыбританияның құқығы 
 
Сот прецеденті — қазіргі кездегі ұқсас сот шешімі (əрекеті) 
үшін  үлгі  болып  табылатын  бұрынғы  сот  шешімі  немесе  əре-
кеті. 
Траст  (трэст) — сенімгерлік  меншік  институты,  бір  тұлға 
(сенімгерлік меншік иесі) оған үшінші тұлғаның (бенефциант) 
пайдасына  екінші  тұлға  (құрылтайшы)  берген  мүлікке  билік 
ететін  жəне  басқаратын  меншік  нысаны.  Мүлікті  пайдалану-
дың мақсаттары мен табыстарын құрылтайшы анықтайтын. 
 
 
16

Францияның құқығы 
 
Жариялық  құқық  —  билік  жəне  басқару  органдарының 
ұйымдастырылуының жəне қызмет етуінің тəртібін анықтайды 
жəне бүкіл қоғам мен мемлекетті əртүрлі қолсұғушылықтардан 
қорғауды қамтамасыз етеді. 
Жеке құқық — жеке тұлғалардың (заңды тұлғалардың) мүд-
делерін  мемлекет  пен  басқа  тұлғалардың  тарапынан  қол  сұғу-
дан қорғауды қамтамасыз етеді. 
 
Германияның құқығы 
 
Кодекстің (ереженің) құрылымының «пандекттік» жүйесі — 
бұл жағдайда осы сала үшін ортақ институттардың нормалары 
жалпы бөлімде көрініс табады. 
«Каучуктық»  параграфтар — кеңейтілген  түсіндіруді  көз-
дейтін параграфтар 
  
Қазіргі замандағы мемлекет жəне құқықтың тарихы 
 
Қазіргі замандағы Жапония 
 
Дзайбацу — ірі өнеркəсіптік концерндер. 
 
Қазіргі замандағы Италия 
 
Дуче — көсем, диктатор. 
Подеста — фашистік  партияның  өкілі  болып  табылатын 
жергілікті əкімшілік старостасы. 
Фашизм — аса реакциялық саяси қозғалыс, ал билік нысаны 
бойынша — сыртқы саясаттағы жаулап алушылық стратегияны 
ұстанған ашық террористік əскери-полициялық  диктатура. 
 
Қазіргі замандағы Германия 
 
Рейхсрат  (империялық  кеңес) — герман  мемлекеттерінің 
өкілдік органы. 
Фюрер — халық (ұлт) көсемі. 
 
17

 
Қазіргі замандағы АҚШ 
 
«Жаңа  бағыт» — мемлекетті  экономикаға  араластыру  ар-
қылы  экономиканы  тұрақтандыруға  жəне  елді  тоқыраудан 
шығаруға  бағытталған  президент  Ф.Д.  Рузвельт  ұсынған  бағ-
дарлама. 
 
Қазіргі замандағы Қытай 
 
Гоминьдан — Сунь Ятсен ұйымдастырған ұлттық партия. 
«Мəдени  революция» —  партиялық  жəне  мемлекеттік 
органдарда  тазалау  жүргізумен  сипатталған,  өздерінің  саяси 
қарсыластарына бағытталған Мао Цзедун үкіметі жүзеге асыр-
ған кампания. 
 
 
 
 
 
 
 
 
18

Бірінші бөлім 
 
ҚҰЛИЕЛЕНУШІЛІК МЕМЛЕКЕТ  
ПЕН ҚҰҚЫҚТЫҢ ТАРИХЫ 
 
1.
 
Ежелгі Египеттің мемлекеті жəне құқығы 
 
Египетте  мемлекеттің  пайда  болуы  шамамен  б.э.д. V мың-
жылдықта  рулық  құрылымның  ыдырауы,  ру  ақсүйектерінің 
бөлініп  шығуы  (көсемдер,  ақсақалдар)  жəне  құлдықтың  пайда 
болуы нəтижесінде жүзеге аса бастады. Б.э.д. V мыңжылдықта 
Египетте бірнеше құрылымдар — номдар пайда болды, олар ІV 
мыңжылдықта  екі  патшалыққа — жоғарғы  Египетке  жəне 
Төменгі  Египетке  бірікті,  ал  содан  кейін,  ІV  мыңжылдықтың 
соңында  бір  орталықтанған  мемлекет  құрылды.  Бұл  таптық 
бөліністің  дамуымен  жəне  орталықтанған  басшылықтың  қа-
жеттігімен байланысты болды.  
Ежелгі  Египеттің  мемлекет  жəне  құқығының  тарихының 
кезеңдері: 
1 кезең — Ерте патшалық (б.э.д. 3110 — 2880 ж.ж.), Жоғар-
ғы  жəне  Төменгі  Египеттің  бірігуінің  нəтижесінде  пайда  бол-
ды. Оған  тəн  сипат  болып  елдің  біртұтас  мемлекетке  айналуы 
табылды.  
2 кезең — Ежелгі немесе Ескі патшалық (б.э.д. 2880 — 2550 
ж.ж.). басты ерекшелігі: Египеттің алғашқы, айқын көрініс тап-
қан орталықтануы жүзеге асты.  
Бұл пирамидаларды салу уақыты. 
1 ауыспалы кезең. (б.э.д. 2160 — 2134 ж.ж.). Египет бірнеше 
өзара қас номдар мен ұсақ мемлекеттерге бөлінді. Бұл кезеңнің 
соңында,  Фива  қаласының  билеушілерінің  жеңісі  нəтижесінде 
Египеттің бірігуі жүзеге асты.  
3  кезең — Орта  патшалық  (б.э.д. 2050 — 1700 ж.ж.).  Еги-
петтің əрі қарай бірігуі жүзеге асады.  
2  ауыспалы  кезең — (б.э.д. 1700 — 1530 ж.ж.).  Мемлекет 
қайтадан ұсақ мемлекеттерге бөлінді, ал оның басым көпшілік 
бөлігін гиксостар тайпасы жаулап алды.  
4 кезең — Жаңа патшалық (б.э.д. 2575 — 1087 ж.ж.). Ерек-
ше белгісі болып Египеттің ХҮІІІ династия перғауындарының 
 
19

билігі астына бірігуі табылады. (барлығы отыз перғауын). Еги-
пет ірі империяға айналады.  
Бұл кезеңнің соңында Египет мемлекеті құлдырай бастайды. 
Оны  парсылар,  одан  кейін  Александр  Македонскийдің  əскер-
лері  жаулап  алады,  ал  б.э.д. 30 жылы  Египет  Рим  империя-
сының провинциясына айналады.  
 
Қоғамдық құрылым 
1.
 
Египеттік  қоғамның  жоғарғы  тобын  абыздар,  шене-
уніктер мен əскери ақсүйектер құраған. Абыздар Египеттегі əр-
түрлі діндердің санына қарай таптарға бөлінген. Əрбір топтың 
басында жоғарғы абыз тұрған. 
2.
 
Египеттік  қоғамның  артықшылықты  тобына  рулық — 
тайпалық  ақсүйектердің  ұрпақтарынан  құралған  египеттік 
аристократия  мен  мемлекеттің  жоғары  əскери  жəне  азаматтық 
шенеуніктері жатқан. 
3.
 
Ерекше  орынды  хатшылар  иеленген,  олардан  жоғарғы 
шенеуніктер шыққан. 
4.
 
Еркін  шаруалар — олардың  кейбіреулері  мемлекеттік 
жерде өмір сүрді, өз жерлері болды жəне сол үшін рента-салық 
төлеген;  кейбіреулері  шенеуніктің  немесе  əскери  тұлғаның 
жерінде  жұмыс  істеп,  күндізгі  тамақтарын  ішіп,  өте  ауыр  жұ-
мыстарды орындаған.  
5.
 
Қолөнершілер — мемлекеттік қазбаларда жұмыс істеген. 
Ерекше басқарушылардың бақылауындағы 10 адамнан тұратын 
топтарға біріккен. 
6.
 
Қоғамдық баспалдақтың төменгі буынын құлдар құраған. 
Құлдықтың  негізгі  қайнар  көздерін  əскерге  тұтқындық  пен 
борышкерлік қарыздың нəтижесіндегі құлдық табылған.  
Мемлекеттік  құрылым.  Египеттегі  мемлекет  деспотия 
нысанында  болған,  мұнда  биліктің  барлығы  тек  бір  адамға — 
патша-перғауынға  тиесілі  болатын.  Перғауындардың  барлығы 
бір  рудан  тарайтын  жəне  бір-бірін  тақты  мұрагерлікпен  ием-
дену  тəртібі  нəтижесінде  ауыстыратын.  Египеттегі  деспотия-
ның  ерекше  белгісі  болып  мемлекет  басшысы — патша-
перғауынның діни культы табылатын. 
Лауазымды тұлғалар: 
 
20

1)  перғауынан  кейін  басты  лауазымды  тұлға  болып  уəзір, 
патшаның жақын көмекшісі табылды, оның өкілеттіктер ауқы-
мы  өте  кең  болған:  мемлекетті  басқарған,  сотта  басқарушы 
болған,  жоғарғы  сот  органы  болып  табылатын  ондық  кеңесті 
басқарған, шаруашылықты басқаруға қатысқан, əскери күштер-
дің басында тұрған, нотариустың міндеттерін орындаған; 
2) келесі лауазымды тұлға — мөрді сақтаушы немесе бас қа-
зынашы — табиғи  сыйлықтар  сақталатын  мемлекеттік  қойма-
ларды меңгерген; 
3)  барлық  патшалық  жұмыстардың  басшысы — еркін  ха-
лыққа  жүктелген  міндеттердің  орындалуын  бақылаушы  жəне 
сəулетшінің лауазымын орындаған.  
Жергілікті  басқару.  Египеттің  бүкіл  аумағы  номдарға 
бөлінген,  олардың  басында  перғауынға  тəуелді  лауазымды 
тұлғалар — номархтар  басқарған.  Номарх  жоғарғы  сот  жəне 
əкімшілік билікті иеленген. Əкімшілік өкілеттіктерді, сонымен 
қатар, шіркеулер де иеленген. Жергілікті жерлерде басқарудың 
төменгі органдары болып ауылдық общиналар табылған.  
Əскер.  Алғашқыда  тұрақты  əскер  перғауынның  жеке  кү-
зетімен  жəне  мемлекет  ішіндегі  көтерілістерді  басуға  міндетті 
топтармен  ғана  шектелген.  Соғыс  болған  жағдайда  рекруттың 
жүйе  бойынша  жинақталған  əскер  жиналатын.  Жаңа  патша-
лықта жалданбалы əскер жүйесі кеңінен дамыған.  
Сот  өндірісі.  Ежелгі  Египеттегі  сот  өндірісі  алқалы  түрде 
жүзеге  асырылатын.  Жаңа  патшалық  кезеңінде 30 судьядан 
құралған  орталық  соткенбет  құрылған  болатын.  Жергілікті 
жерлерде округтер мен жекеленген  қалалардың  кенбеттері ен-
гізілген.  
 Ежелгі  Египеттегі  сот  əкімшіліктен  бөлінбегендіктен,  лау-
азымды тұлғалар мен номархтар бір мезетте жоғарғы судьялар 
болып  табылатын.  Жоғарғы  сот  инстанциясы  перғауын  бола-
тын. 
Құқықтың  негізгі  сипаттары.  Ежелгі  Египеттің  құқығы 
белгілі бір дəрежеде алғашқы қауымдық құрылымның қалдық-
тарын сақтап қалған болатын, сол себепті де құқықтың негізгі 
қайнар  көзі  болып  əдет-ғұрып  табылатын.  Алғашқы  жазбаша 
заңдарды жазу б.э.д. 3000 жылы жүзеге аса бастаған.  
 
21

Менес перғауын дін мəселелері бойынша қылмыстық заңна-
маны  құрастырса,  Бокхорис  перғауын  қаржы  мен  сауда  сала-
сындағы кодексті қабылдаған, ал Амасис пайғамбар жергілікті 
əкімшілікті заңнамалық түрде реттеуді жүзеге асырған. 
Отбасы-некелік  заңнаманың  ерекшелігі  болып  матриархат-
тың қалдықтарының сақталуы табылады. Əйелдер еркектермен 
тең құқықтарды иеленген. Неке шарт ретінде жүзеге асты, мұн-
да əйелдер өз атынан қатысатын. 
Қылмыстық құқықта аса ауыр қылмыстар ретінде перғауын-
ның  билігіне  қол  сұғу  мен  мемлекеттік  төңкеріс  жасау  табы-
латын. 
Жазалар айрықша қатаңдықпен ерекшеленген. Өлім жазасы 
екі  нысанда  қолданылатын:  жай  түрі  басты  шабу  жəне  дарға 
асу, ерекше түрі — отқа өртеу, ағашқа керу жəне тірідей көму. 
Сонымен қатар, талион түріндегі жазалар да қолданған: бірінші 
түрі — кінəлінің қылмыс жасаған мүшесіне зақым келтірілетін, 
екінші  түрі — кінəлінің  жəбірленушіге  зиян  келтіруі  өзіне 
қатысты жасалатын.  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
22

2. Ежелгі Вавилонның мемлекеті жəне құқығы 
 
Ежелгі  вавилондық  мемлекет  Тигр  мен  Ефрат  өзендерінің 
аралығындағы  жердің  оңтүстік  бөлігінде  пайда  болған:  бұл 
жердің  ежелгі  халқы  болып  шумерлер  табылған,  ал  оңтүстік 
бөлігінде аккадтар өмір сүрген. 
Б.э.д.  ІІІ  мыңжылдықтың  басында  қоғамның  таптарға  бө-
лінуі жəне мүліктік теңсіздіктің пайда болуы нəтижесінде «қа-
ла-мемлекет»  нысанындағы  алғашқы 40 мемлекет  пайда  бол-
ған,  олардың  əрқайсысында 40-50 мың  адамдай  өмір  сүрген. 
Бұлар  ежелгі  шумерлік  мемлекеттер  болып  табылатын,  олар-
дың  ішіндегі  ең  əйгілілері — Эриду,  Ур,  Ларса,  Лагаш,  Киши 
жəне  Умма.  Бұл  мемлекеттердің  пайда  болуының  негізгі 
факторы  болып  көршілес  қауымдастықтардың  бірлескен 
күштерін  қажет  ететін  ирригациялық  жəне  мелиоративтік 
жұмыстарды ұйымдастыру қажеттігі табылды. 
Ежелгі  шумерлік  қоғамдағы  билеуші  топ  мемлекеттердің 
билеушілерінен,  олардың  отбасыларының  мүшелерінен,  ру-
лық-тайпалық  жəне  шіркеулік  ақсүйектерден,  сонымен  қатар, 
патшалық  жəне  шіркеулік  шаруашылықты  басқарушы  тұлға-
лардан құралған. Халықтың қаналушы тобына құлдар мен тəу-
елді  тұлғалар  жатқан.  Қоғамның  жоғарғы  тобы  мен  тəуелді 
тұлғалардың  арасында  халықтың  негізгі  бөлігі — аумақтық 
қауымдастықтармен өмір сүрген еркін шаруалар болған.  
Басқару  нысаны  бойынша  ежелгішумерлік  мемлекеттер 
рулық-тайпалық  ұйымдастықтың  қалдықтарын  сақтап  қалған 
аристократиялық  мемлекеттер  болған.  Əрбір  қала — мем-
лекеттің басында барлық еркін шаруалардың жиналысымен не 
ақсақалдар  кеңесімен  сайланған  билеуші — энси  болған. 
Билеушінің  билігі  халық  жиналысымен  не  ақсақалдар  кеңе-
сімен  шектелген;  бұл  органдар  билеушілердің  қызметіне  ба-
қылау  жүргізген,  сонымен  қатар  сот  функцияларын  жүзеге 
асырып, қауымдық мүлікті басқарған.  
Алайда,  көптеген  мемлекеттер  тұрақты  түрде  билік  үшін 
өзара соғыстарды жүргізген. Б.э.д. ІІІ мыңжылдықтың басында 
соңында жаңа орталық — аккадтық қала Вавилонның үстемдігі 
басталады.  Б.э.д.  ІІ  мыңжылдықтың  басында  Вавилон  аморей 
тайпаларының  басып  кіруімен  құрылған  жаңа  мемлекеттің 
 
23

астанасына  айналады.  Вавилон  Аккад  пен  Шумерді  жаулап 
алады,  нəтижесінде  ірі  қуатты  Ежелгівавилондық  мемлекет 
пайда болды.  
Вавилонның мемлекеті мен құқығы тарихының кезеңдері: 
1 кезең — бұл ежелгі вавилондық мемлекеттің ерекше гүл-
денген  кезі,  бұл  кезде  Халемурапи  патша  билік  құрады  (б.э.д. 
1792-1750  ж.ж.),  бұл  мемлекет  таулық  тайпа-касситтермен 
жауланған болатын. 
2  кезең — б.э.д.  ХҮІІ  ғасырдың  соңына  келеді,  бұл  кезде 
Вавилонның  жаңа,  бірақ  уақытша  өрлеуі  орын  алады  (Жаңа-
вавилондық патшалық). Б.э.д. 539 ж. бұл мемлекетті парсылар 
жаулап алады.  
Қоғамдық құрылым. Елдің негізгі халқын еркін адамдар мен 
құлдар  құраған.  Еркін  адамдар,  өз  кезегінде,  екі  сословиеге 
бөлінген: авииум (тура мағынасы «күйеу», «адам») жəне муш-
кенум (тура мағынасы «табынушы»). Бұлардың екеуі де бай да, 
кедей  де  болуы  мүмкін  еді,  кейбіреулерінде  құлдары  да  бола-
тын,  алайда  қауымдағы  жерді  иеленуі  оларды  толыққұқылы 
қылатын.  
Қоғамның  қаналушы  табына  құлдар  жататын,  олар  мемле-
кеттік  (патшалық),  ұжымдық  (шіркеулік)  жəне  жеке  меншікте 
де  болатын.  Олар  өз  иесінің  мүлкінің  құрамына  енетін,  яғни, 
оларды сатуға, мұрагерлікке беруге болатын.  
Мемлекеттік құрылым. Мемлекеттік құрылым нысаны бой-
ынша  Ежелгівавилондық  мемлекет  қатысты  түрде  орталық-
танған мемлекет, оны басқару нысаны бойынша — шығыстық 
диспотия болып табылатын.  
Жоғарғы билік патшаға тиесілі болатын патшалық биліктің 
материалдық  негізін  шіркеулердің  жерлері  мен  патша  ша-
руашылығы  құрайтын.  Сонымен  қатар,  патша  ирригациялық 
шаруашылық  пен  ирригациялық  жұмыстарға  жоғарғы  басшы-
лықты жүзеге асыратын. 
Мемлекеттік  істерді  басқару  патшалық  билікпен  тағайын-
далатын  жəне  оның  алдында  жауап  беретін  күрделі  орталық-
танған  шенеуніктік-бюрократиялық  аппарат  арқылы  жүзеге 
асатын.  Əкімшілік  биліктің  орталығы — патша  сарайы  мен 
шенеуніктер,  олар  сарай  шаруашылығына  басшылық  жасап, 
мемлекеттің  жоғарғы  лауазымды  тұлғалары  болып  табылады. 
 
24

Су  шаруашылығын  өзендерді  басқарушы  басқарды.  Оған 
қадағалаушылар,  қараушылар,  бақылаушылар,  қоймашылар 
жəне есепшілер бағынды.  
Жергілікті  басқару.  Бүкіл  мемлекет  облыстарға  бөлінді, 
олардың басында патшаның сенімді адамдары тұрды. Олардың 
ішінде  ең  басты  екеуі  болды:  солтүстікте  Сиппар  қаласында 
жəне оңтүстікте Ларс қаласында. Бұлардың қызметтеріне бақы-
лау  жүргізу  үшін  жергілікті  жерлерге  көптеген  өкілеттіктерді 
иеленген патшаның шабармандары жіберіліп отырды.  
Қауымдық  басқарудың  органы  болып  қауымдық  кеңес 
табылды,  алайда,  оның  басшысы — рабианумды  патша  та-
ғайындайтын болған.  
Сот жүйесі. Патша мен патша шенеуніктері əкімшілік жəне 
сот істеріне де басшылық жасайтын болған.  
Жоғарғы судья ретінде патша танылған, ол азаматтық жəне 
қылмыстық  істерді  қарауда  жоғарғы  инстанция  болып  табы-
латын. Жергілікті жерлерде сот функциялары патша өкілі мен 
рабианумның қолында болған. Ірі қалаларда сот функцияларын 
арнайы патша судьялары жүзеге асырған.  
Əскер.  Қарулы  күштердің  негізгі  түрі  болып  еркін  шару-
алардың  жиналған  əскері  табылған,  олар  соғысқа  өз  қару-жа-
рақтарымен қатысқан. Соғыс біткен соң мұндай əскер тараты-
латын болған. 
Құқықтың негізгі сипаттары. Ежелгівавилондық құқықтың 
маңызды  ескерткіші  болып  Хаммурапи  патшаның  заңдары 
табылған. Заңдардың мəтіні базальт қабырғада ойып жазылған, 
оның  жоғарғы  жағында  тізесі  бүгілген  Хаммурапиға  бұл 
заңдардың  мəтінін  ұсынушы  күн  құдайы  Шамаштың  бейнесі 
бейнеленген,  бұл  патша  заңдарының  құдайлық  бастамасын 
білдірген.  Хаммурапи  заңдарын  алғашқы  аудармашы  француз 
ғалымы  В.Шейл  барлық  жинақты 282 бапқа  бөлген: 1— 15 
баптарда іс жүргізушілік сипаттағы ережелер көрініс тапқан; 6 
— 126 баптар мүліктік қатынастарды реттеуге арналған; 127 — 
195 баптар атбасылық жəне мұрагерлік құқыққа арналған; 196 
— 214 баптар  тұлғаны  қорғауды  көздейді; 215 — 282 баптар 
жалға алу шарттарын реттейді.  
Хаммурапи  заңдарының  басым  көпшілік  баптары  мүліктік 
қатынастарды  реттеуге  арналған.  Меншік  обьектісі  ретінде 
 
25

жер, мал, еңбек құралдары, құлдар жəне басқа да мүлік таныл-
ған.  Бөтен  мүліккке  зиян  келтіру  міндетті  түрде  зияндарды 
өтеуді көздеген. 
Міндеттемелік  құқыққа  шарттардың  келесі  түрлері  тəн 
болған: 
  заем  шарты,  бұл  шарт  тек  қарызды  қайтаруды  ғана 
емес, сонымен қатар, пайыздарды төлеуді білдірген; 
  сату-сатып алу шарты, бұл шартты бекіту кезінде шарт-
тың барлық жағдайлары көрініс тапқан балшық таблетка түрін-
дегі жазбаша шарт жасалған; 
—  сақтау шарты, бұл шартқа сəйкес, сақтауға берілген мү-
лікті  сақтаушы  мүлік  жоғалған  жағдайда  оны  иесіне  екі  есе 
мөлшерде қайтарып беруге міндетті болған; 
—   жерді  жалға  алу  шарты — жалға  алушы  жалға  алған 
жері  үшін  алдын-ала  белгіленген  мөлшердегі  ақыны  немесе 
болашақта  алынатын  астықтың  бір  мөлшерін  беруге  міндет-
тенеді; 
—  жеке  жалға  алу  шарты  негізінен  ерекше  дағдылар  мен 
қабілеттері бар жұмысшыларға қатысты болған. 
Неке  жəне  мұрагерлік  құқыққа  заңдар  жинағының 70-тен 
астам  бабы  арналған.  Отбасы  өз  отағасы  арқылы  қауыммен 
жəне мемлекетпен байланысқа түсетін аса маңызды əлеуметтік 
құрылым  ретінде  танылған.  Отбасы  иесінің  билігі  отбасы 
мүшелерінің  жұмыс  күшін  басқарушының  билігі  ретінде 
көрініс тапқан.  
Хаммурапи патшаның заңдарында қылмыс пен жаза сияқты 
түсініктердің  нақты  анықтамасы  болмаған.  Жинақта  патша 
билігіне  қарсы  қылмыс  жасаушы  тұлғалар  туралы  айтылған 
баптар жоқ, керісінше, мұнда жеке меншікке қарсы қылмыстар 
мен  адамның  өміріне  жəне  денсаулығына  нұқсан  келтіруші 
əрекеттер  туралы  баптар  көп.  Жəне  жаза  мүліктік  жағдайға 
қарай  тағайындалған.  Өлім  жазасы 30-дан  астам  жағдайда 
қолданылған.  Сот  процесі  Хаммурапи  заңдары  бойынша  жеке 
сипатта  болған,  яғни,  барлық  істер  мемлекеттің  емес,  жеке 
тұлғалардың  ынта  білдіруі  арқылы  қозғалған.  Процесте  та-
раптар өз істеріне өздері жүргізетін болған. Сот шешімі жазба-
ша  түрде,  арнайы  балшықтан  жасалған  таблеткада,  мөрмен 
бекітіле отырып шығарылған жəне ол өзгертуге жатпайтын. 
 
26

3. Ежелгі Үндістанның мемлекеті жəне құқығы 
 
Алғашқы  мемлекеттік  құрылымдар  Үндістанда  Үндістан 
түбегінің  солтүстік  бөлігінде,  Үнді  жəне  Ганг  өзендерінің 
аймағында  пайда  болып,  ауыл  шаруашылығы  мен  қолөнердің 
дамуының  жоғары  деңгейімен  ерекшеленген.  Б.э.д.  ІІ  мың 
жылдықтың  ортасында  Үндістанның  аумағына  арийлер  көш-
пенді  тайпалары  жаулап  кірді,  олар  біртіндеп  бүкіл  аумақты 
жаулап алды да, ежелгіүндістандық өркениетті құртты. Жаулап 
кірген  арийлерде  рулық  құрылым  сақталған  болатын,  оның 
негізгі буыны болып қандық туыстыққа негізделген рулық одақ 
— ғана табылатын, кейін оның орнына ауылдық қауымдастық 
— вишас келді, бұған жергілікті халық та енетін болған.  
Жер  өңдеудің  одан  əрі  дамуы  мен  қолөнердің  оқшаулануы 
қауымдастықтардағы  еңбек  бөлінісіне  алып  келді,  ал  бұл,  өз 
кезегінде,  жеке  меншіктің  пайда  болуына  жəне  қоғамның 
таптарға бөлінуіне негіз болды. Осылай мемлекет пайда болды. 
Ежелгі  Үндістанның  мемлекеті  жəне  құқығы  тарихының 
кезеңдері: 
1 кезең — алғашқы қауымдық құрылымның ыдырауы жəне 
кұлиеленуші  мемлекеттердің  пайда  болуы  (б.э.д.  ІІ  мың-
жылдықтың екінші жартысы); 
2  кезең — Үнді  мен  Ганг  аймақтарында  құлиеленуші 
мемлекеттердің құрылуы (б.э.д. ІІ мыңжылдық — б.э.д. ІҮ); 
3  кезең — Маурийлердің  орталықтанған  мемлекетінің 
құрылуы жəне гүлденуі (б.э.д. ІҮ — ІІ ғ.ғ.) 
4 кезең — үнділік құлиеленушілік қоғамның шиеленісі жəне 
шаруашылықтың феодалдық жүйесінің бекітілуі (б.э.д. ІІ ғ.) 
Қоғамдық  құрылым.  Ежелгі  Үндістандағы  қоғамдық  құры-
лымның  өзіндік  сипаты  варналар  (касталар)  жүйесінің  болу-
ымен анықталды, олар өзінің құқықтық жағдайы бойынша тең 
емес  тұйық  əлеуметтік  топтар  ретінде  қалыптасты.  Қоғамның 
таптарға  бөлінуінен  кейін  қауым  төрт  варнаға  бөлінді: 
брахмандар  варнасы  (абыздар);  кшатрийлер  варнасы  (əскери 
тұлғалар);  вайшийлер  варнасы  (жер  өңдеушілер);  щудралар 
варнасы (қаналушы батырақтар). 
Мемлекеттік құрылым. Мемлекет басында патша — раджа 
немесе магараджа тұрды. Маурийлер дəуірінде маңызды орган 
 
27

ретінде  патшаның  билігін  шектеуші  жəне  брахмандар  мен 
құлиеленуші аристократтардан құралған паришад танылды.  
Мемлекеттік  аппаратта  шенеуніктер  екі  топқа  бөлінді — 
орталық  жəне  жергілікті  басқару  шенеуніктері  жоғарғы 
шенеуніктердің  арасында  мыналар  ерекше  орынды  иеленді: 
пурохита — патшаның  басты кеңесшісі жəне абызы; сенапати 
—  əскер  қолбасшысы;  ахармадьякша — сот  істері  бойынша 
жоғарғы шенеунік. Басқарудың орталық аппараты үш мекемеге 
бөлінеді: əскери, қаржылық жəне көпшілік істер бойынша. 
Жергілікті  басқару.  Маурийлер  мемлекетінде  мыналар 
ерекше  бөлінді:  патшаның  басқаруы  мен  бақылауындағы  об-
лыстар мен белгілі бір автономияға ие жерлер (провинциялар), 
провинциялар,  өз  кезегінде,  округтерге,  округтер  аудандарға 
бөлінген. Ең төменгі аумақтық бірлік қауым — ғана болған.  
Əскер.  Маурийлер  дəуірінде  əскерді  алты  алқаға  бөлген 30 
мүшеден  құралған  əскери  кеңес  басқарған.  Олар  үнділік 
əскердің  төрт  түріне  жетекшілік  жасаған:  жаяу  əскерге,  атты 
əскерге,  пілдер  мен  арбалы  əскерге,  əскери  флот  пен  көліктік 
əскерге. 
Құқықтың негізгі сипаттары. Ежелгі Үндістанның құқығы 
дінмен,  діни  моральмен  тығыз  байланысты  болған.  Құқықтың 
негізгі  қайнар  көзі  ретінде  Ведалар — діни  кітаптар  мен 
дхармашастралар — діни-құқықтың,  ережелердің  жиынтығы 
саналған,  олардың  ішінде  аса  маңызды  болып  Манудың  дхар-
машастралары табылған. Ману заңдары 12 тарау мен қоссөздер 
(шлок)  түрінде  жазылған 2685-баптан  құралған.  Құқықтық 
материал ІҮ, ҮІІ, ҮІІІ жəне Х тарауларда мейлінше толық кө-
рініс тапқан. 
Ежелгі  Үндістанда  жеке  меншік  ерекше  дамыған,  оның 
объектілері  ретінде  құлдар,  мал,  астық  жəне  үй  жабдықтары 
саналған.  Ал  жерге  деген  жеке  меншік  аса  дамымаған.  Х — 
тарауда мүлікті иемденудің жеті заңды тəсілдері аталып өткен: 
мұрагерлік,  сыйға  алу  немесе  тауып  алу,  жаулап  алу,  сауда-
герлік, жұмыс орындау, қайырымдылықты қабылдау.  
Міндеттемелік  құқыққа  (Ману  заңдары  бойынша)  келесі 
шарт  түрлері  тəн  болған:  сату-сатып  алу,  заем,  сыйға  беру, 
тасымалдау, сақтау. 
 
28

Отбасы құқығында касталық қағида негізге алынған: аралас 
некелерге  тыйым  салынған  немесе  олар  шектелетін  болған, 
шудра  мен  брахманның  некесінен  туған  бала  чандал  деп 
танылған, олардан қоғам бет бұрған. 
Мұрагерлік құқықта əкенің мүлкін мұраға алудың екі тəсілі 
аталған:  не  ол  ұлдардың  арасында  теңдей  бөлінген,  не  оны 
үлкен  ұлы  толығымен  иемденіп,  қалғандары  сол  ұлдың  жа-
нында  өмір  сүрген.  Қыздар  мұраға  ие  болмаған,  бірақ  оларға 
жасау берілетін.  
Ману  заңдарында  қылмыстық-құқықтық  нормалар  жалпы 
тыйымдардың  ішінен  бөліп  қарастырылмаған.  Сонымен  қатар 
заңдарда  патшаға  немесе  мемлекеттік  билікке  қарсы  бағыт-
талған  əрекеттерді  жазалайтын  баптар  болмаған.  Ал  жеке 
меншікке,  жеке  тұлғаға  нұқсан  келтірушілік  пен  отбасылық 
ережелерге қарсы бағытталған əрекеттер өте қатаң жазаланған. 
Мұндай  жағдайда  касталық  ерекшеліктерге  ерекше  мəн 
берілген.  Жасалған  қылмыстар  үшін  негізгі  жазалардың 
қатарынан  өлім  жазасы,  тілді  кесу,  қолды,  аяқты  кесу,  таңба 
салу, құлдыққа салу орын алған.  
Сот  процесі.  Ежелгі  Үндістанның  сот  өндірісіндегі  қыл-
мыстық  жəне  азаматтық  іс  жүргізудің  арасы  ажыратылмаған. 
Сот  істері  мүдделі  тұлғалардың  ынтасы  бойынша  қозғалған. 
Сотта істі қарау жарыспалылық сипатына ие болған.  
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет