§ 241 міндеттемелерге толығымен анықтама береді: “Мін-
деттеме арқылы несие беруші борышқордан ұсыныстарды
талап етуге құқылы. Ұсыныс белгілі бір əрекетті жасаудан
тартынудан да көрініс табады”.
Шарттық қатынастар Ереже бойынша шарт еркіндігі
қағидасына сəйкес жасалынады. Алайда, Ереже шарт еркіндігі
қағидасына “адал ар-ұят”, “адамгершілік” түсініктері арқылы
түзетулер енгізеді. Мұндағы шарт жасасуға қабілетті тұлға-
лардың шеңбері Наполеон кодексіне қарағанда анағұрлым
156
ауқымды, бұл Ереже бойынша əйелдер мен балалар да шартқа
қатысушылар ретінде танылады, Ережеде тек 7 жасқа дейінгі
балалар ғана толық əрекетқабілеттігі жоқ деп аталған.
Деликтілер де (құқықбұзушылықтар) міндеттеменің пайда
болуына негіз болып танылған.
Отбасы құқығында Ереже заңды некенің жалғыз нысаны
ретінде азаматтық некені таныған. Ер адамдар үшін некеге
тұру жасы ретінде 21 жас, ал əйелдер үшін 16 жас бекітілген.
Кəмелетке толмағандардың некеге тұруына ата-анасының
рұқсаты қажет етілген. Некеге тұруға кедергілер ретінде жақын
туыстық немесе құдалық қатынастар жəне де бірінші некеден
айырылыспағандығы танылған. Некеге тұрмастан бұрын қыз
айттыру міндетті болып табылатын, бұл процесс шарт жасасуға
теңестірілген, оған сəйкес екі жақтың өз сөзіне берік болуы
жəне некеге тұру міндеті анықталатын. Ажырасуға тек мына
жағдайларда ғана рұқсат етілетін: жұбайының өміріне қауіп
төндіру; жұбайын əдейі тастап кету; біреуінің есі дұрыс
болмауы; некелік міндеттерді дөрекі түрде бұзу жəне басқа да
адамгершілікке қарсы əрекеттер. Ерлі-зайыптылардың мүліктік
қатынастары неке шартымен анықталатын. Отбасы əкенің билі-
гіне бағынатын, бірақ оған өз құқықтарын асыра пайдалануға
жол берілмеді. Балалары əкесінің, ол болмаса, анасының
билігінде болған. Некеден тыс туылған балалар өз анасы мен
оның туыстарына қатысты заңды некеден туған балалардың
құқықтық мəртебесін иеленген (§ 1705). Некеден тыс туылған
бала мен оның əкесі туыстық қатынаста емес деп танылған (§
1589).
Мұрагерлік заң бойынша жəне өсиет бойынша жүзеге асы-
рылатын. Заң бойынша мұрагерлікке қатысты Ереже парантел-
лалар жүйесін бекіткен, бұл жүйе ортақ ата-бабадан тараған
туыстар тобын білдірген. Бірінші парателланы тікелей мұра-
герлер, екінші парателланы — ата-аналары мен олардың жа-
қын туыстары, үшінші парантелланы — атасы мен əжесінің
жақын туыстары құраған. Өсиет бойынша мұрагерлік
тағайындауда өсиет еркіндігі қағидасы басшылыққа алынған.
Өсиетті 16 жастан бастап қалдыруға болатын, ал 21 жастан
бастап ол жариялы түрде жүзеге асырылған.
157
1897 ЖЫЛҒЫ САУДА КОДЕКСІ 1861 жылғы Сауда
кодексінің қайта өңделген сипатында болған. Жаңа Германдық
Сауда Ережесі 1897 жылғы 10-мамырда қабылданып, 1900
жылғы 1-қаңтардан күшіне енді. Сауда Ережесі төрт кітаптан
тұрды. Бірінші кітап сауда қызметкерлері (саудагерлер,
маклерлер), сауданың нысаны жəне құжаттары туралы, екінші
кітапта — сауда серіктестіктері туралы: акционерлік қоғамдар
жəне сенімгелік серіктестіктер туралы, үшінші кітапта — сауда
шарттары туралы, төртінші кітапта — теңіз құқығы туралы
айтылған.
Кейінгі жылдары Сауда Ережесінің номаларына көптеген
өзгерістер еңгізілді.
1877 ЖЫЛҒЫ АЗАМАТТЫҚ ІС ЖҮРГІЗУ КОДЕКСІ 10
кітап, 1048 параграфтан тұрған. Алайда, германдық азаматтық
іс жүргізу кодексі француздардікіне қарағанда, архаизмдері
(ескі ережелері) жоқ жəне құрылуы бойынша қарапайым болып
келеді. Ол бойынша тараптарға дəлелдемелер жинауда көп
мүмкіндіктер берілген. Сот тараптар ұсынған материалдарды
тек қабылдап жəне бағалап отырған.
1871 ЖЫЛҒЫ ҚЫЛМЫСТЫҚ ЕРЕЖЕ үш бөлімнен тұрды.
Бірінші бөлімінде қылмыс, теріс қылық жəне полиция қызмет-
керлерінің құқықбұзушылықтары арасындағы айырмашылық-
тар туралы; германдық азаматтардың шетелде құқықбұзушы-
лық жасаған жағдайындағы жауапкершілігі туралы ережелер
көрініс тапты. Екінші бөлімінде қылмыстық құқықтың жалпы
мəселелері қарастырылды, олар: қылмыстың сатылары, қыл-
мысқа қатысушылық, жеңілдететін жəне ауырлататын мəн-
жайлар. Үшінші бөлім жекелеген қылмыстардың түрлеріне
қатысты нормалардан тұрды, яғни ерекше бөлім болып табыл-
ды.
Сонымен қатар, Қылмыстық Ереженің Сауда дəрменсіздігі
(жалған банкроттық) мəселесіне қатысты ерекше бөлімі болды.
1877 ЖЫЛҒЫ ҚЫЛМЫСТЫҚ ІС ЖҮРГІЗУ КОДЕКСІ 1871
жылы қабылданған қылмыстық кодекске толықтыру ретінде
табылды. Қылмыстық іс жүргізу тергеу сотының прокурату-
радан дербестік жəне тəуелсіздік қағидасына негізделіп
құрылды, жəне де алдын ала тергеу кезінде қорғаушыны
158
пайдалануға рұқсат етілді. Айыптаушы мен сотталушы теңдей
процессуалдық құқықтарға иеленді. Германияның қылмыстық
сотөндірісінің өзгешелігі ретінде прокурор іске жəбірлену-
шінің айыптаушысы ретінде іске қатысуы табылды. Сотта
дəлелдемелерді еркін бағалау қағидасы сақталынды.
БУРЖУАЗИЯЛЫҚ ЕЛДЕРДІҢ
КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ ҚҰҚЫҒЫ
Бір жүйелендірілген актіге жинақталған жазбаша консти-
туцияның алғашқы үлгісін (О.Кромвельдің кезіндегі “Басқару
қаруы”) Англия көрсетті. Алайда, біріңғай жазбаша акті
ретінде конституцияға тəн жағымды жақтарымен көріне ал-
мады. Англияның конституциясын, қазіргі кезде де бірнеше
актілер құрайды, ол: 1679 жылғы Хабеас корпус акт; 1689 жыл-
ғы Құқық туралы билль; 1701 жылғы Тақты мұраға қалдыру
туралы акт; белгілі бір дəрежеде Ұлы еркіндік хартиясы; 1911
жəне 1949 жылдардағы парламент туралы заңдар жəне т.б.
актілер.
ХІХ ғасырдың 30-жылдарына дейін жазбаша конституциялар
тек АҚШ, Франция жəне Латынамерика елдерінде ғана болды.
1830 жылы жазбаша конституция Бельгия мен Швейцария-
ның негізгі заңы болып бекітілді. Бельгияда парламентарлық
(шектелген) монархия режимі, ал Швейцарияда — буржуаз-
дық-демократиялық конфедеративтік республика орнады. 1848
жылы жəне содан көп ұзамай жазбаша конституциялар Дания,
Нидерланда, Пьемонт, Пруссия, Оңтүстік германдық мемлекет-
тер, Австрия, Сербия, Румыния, Болгария жəне соңғы болып
Жапония мемлекеттерінде қабылданды.
159
Еуропа конституцияларының басым көпшілігі Англия,
Франция, АҚШ сияқты мемлекеттердің мемлекеттік басқару
тəжірибесінде тексерілген институттарды енгізді, ол: патша
немесе президент, халықтың сайлауға қатысу құқығының
болуы, төменгі палатаның алдында кабинеттің ұжымдық
жауапкершілігі, соттардың ауыстырылмайтындығы. Жоғарғы
палатаның мүшелері көбіне тағайындалған жəне мұрагерлік
жолмен келген тұлғалардан құрылды. Бірпалаталық парламент-
тер жаңадан құрылған үш мемлекетте Сербия, Греция жəне
Болгарияда қабылданды.
Саяси (партиялық) оппозиция парламенттік жүйенің құрам-
дас элементі ретінде танылады. Көбіне үкімет парламентте
көпшілік дауысқа ие партиядан құрылатын. Мұндай жағдайда
парламент үкіметтің ұсынысын орындап отыратын жəне де ол
екі жаққа да тиімді болатын. Егерде парламент пен үкіметтің
арасында белгілі бір мəселеге қатысты келіспеушілік туындаса,
олар саяси тығырыққа тіреліп, дау көбіне үкіметтің пайдасына
шешілетін (əскердің көмегімен).
Мемлекеттің конституционализмінің дамуында екі тенден-
ция байқалатын, онда президент немесе патша мемлекеттің үш
билік тармағының арбитры ретінде жəне атқарушы биліктің
басшысы ретінде көрініс табатын. Үкімет қүшті жерде
парламент əлсіз, ал парламент күшті жерде үкімет əлсіз болып
келетін. Сонда да, билік тармақтарының қызметінде тепе-тең-
дік жəне тежемелік жүйесі тəжірибе жүзінде қолайлы болып
табылды.
Сайлаушыларға жəне дауыс берудің нысандарына (құпия,
тікелей немесе ашық түрде) ценздер бекіту маңызды мəселе-
лердің бірі болды. Сонымен қатар, буржуазиялық елдердің
көпшілігінде екі турда дауыс беруде мəселені көпшілік дауыс-
пен шешу кең орын алған.
Екінші турға сайлаудың бірінші турында абсалюттік көпші-
лік дауыс жинай алмаған депутаттар қатысқан.
Жалпы алғанда, қазіргі кезге дейін еуропалық елдердің
негізгі мемлекеттік институттары іс жүзінде өзгермеген.
160
Бесінші бөлім
ҚАЗІРГІ ЗАМАННЫҢ МЕМЛЕКЕТ
ЖƏНЕ ҚҰҚЫҚ ТАРИХЫ
1.
Жапония
ЖАҢА САЯСИ ҚҰРЫЛЫМ
Бірінші дүниежүзілік соғыста Жапония өзінің колониалдық
иеліктерін Тынық мұхиттағы германдық колонияларды жаулап
алып кеңейтті. Ірі концерндердің (“Мицуи”, “Мицубиси” жəне
т.б.) позицияларының күшеюі өнеркəсіптің, соның ішінде
əскери өнеркəсіптің де дамуы негізінде жүзеге асырылды. Бұл
концерндер “дзайбацу” деп аталынды.
Сонымен қатар, селода əлеуметтік шиеленістің өсуіне
жағдай жасайтын феодалдық қатынастар да сақталынып келді.
20-жылдардың соңы — 30 жылдардың басындағы тоқырау
əлеуметтік-экономикалық жəне саяси қайшылықтарды өршіте
түсті. Бұл жағдайдан шығудың жолы ретінде мемлекет бас-
шылары милитаризация мен əскери полицейлік режимнің
күшейтілуіне ден қойды. 1933 жылы Жапония Ұлттар лигасы-
нан шықты. 1937-1939 жəне 1940-1941 жылдары министр-
президенттің лауазымын тоталитаризмнің жақтаушысы —
ханзада Коноэ иеленді. Ол милитаристтік топтар мен “дзай-
бацудың” өкілі болып табылды. Оның үкіметі “жаңа саяси
құрылымды” құру туралы жариялады. Барлық партияларға
ерікті түрде таратылуға ұсыныс жасалды. Олардың орнына
жартылай қоғамдық-жартылай мемлекеттік ұйым — Таққа
көмек беру ассоциациясы. Кəсіподақтардың орнына “отанға
қызмет ету қоғамдары” құрылды. Аса милитаризацияланған
əскери-полициялық режим орнады. Халықты идеологиялық
жəне ұйымдастырылған түрде соғысқа дайындады (жалпы
əскери дайындық пен əскери іске оқыту курстары енгізілді).
Экономикада барлық кəсіпорындарды аумақтық-салалық
қағида бойынша біріктіруді көздеген “Жаңа экономикалық
құрылым” енгізілді. Ереуілдер жасауға тыйым салынды. Жұ-
мыс уақыты өсіп, əскери техника мен қару-жарақ өндірісі ана-
161
ғұрлым жылдам күшейе түсті. Экономика соғыстық жағдайға
икемделе бастады.
1941 жылғы желтоқсанда Қытаймен соғысып жатқан Жапо-
ния американдық əскери-теңіздік база Перл-Харборға (Інжулі
жағалау) шабуыл жасап, АҚШ-пен, содан кейін антигитлерлік
коалицияның басқа да мемлекеттерімен соғыс бастады.
ЖАПОНИЯНЫҢ СОҒЫСТАН КЕЙІНГІ ДАМУЫ
Жапония соғыстан жеңіліс тапты. 1945 жылы Жапонияға
американдық əскерлер келді, елде генерал Д.Макартур басшы-
лық еткен əскери əкімшіліктің оккупациялық режимі орнықты.
Əскер мен флот қайта құрылып, əскери қылмыскерлер Халы-
қаралық трибуналдың сотына тартылды. Мемлекеттік аппа-
ратта тазалаулар жүргізіліп, милитаристік органдар мен қоғам-
дар таратылды.
1946 жылы аграрлық реформа туралы заңмен ірі поме-
щиктік жер иелену жойылды. Өңдеуге берілетін жердің көлемі
3 те-ден (9 га-дан) аспауы тиіс болды.
Кəсіподақтар қайта қалпына келтірілді, 8 сағаттық жұмыс
уақыты жəне ұжымдық шартқа деген құқық енгізіліп, ереуілдер
жасауға рұқсат етілді.
Жаңа үкіметтің құрамын американдық əскери əкімшілік
анықтады. Бұл əкімшілік Жапонияның жаңа конституция-
сының жобасын жасады.
1946 жылы жаңа сайлау заңының негізінде парламентке
сайлау жүргізілді, бұл заңға сəйкес, əйелдер де сайлау құқығын
иеленіп, жасқа қойылған ценз 5 жылға қысқарды. Конституция
дамыған елдердің конституцияларында көзделген көптеген
либералдық-демократиялық бостандықтарды ескерді. Соған
қарамастан, монархия ұлттың рəмізі ретінде сақталып қалды.
1947 жылы конституция өз күшіне енді.
1947 ЖЫЛҒЫ КОНСТИТУЦИЯ
1947 жылғы 3 мамырда күшіне енген жапон конституциясы
императорды ұлт пен мемлекеттің рəмізі ретінде жариялайды
(1 бап). Императордың мемлекеттік істер бойынша барлық
əрекеттері Кабинетпен (үкіметпен) келісіліп отыруы тиіс
болған.
162
Сонымен қатар, бұл конституция жапон халқының соғыстан
бас тартуын ұлттың егеменді құқығы ретінде жəне əскер мен
əскери флоттың болмауын жариялады. Формальды теңдік пен
қандай да болмасын нысанда, қандай да болмасын белгісі
бойынша (жынысы, нəсілі, діні жəне т.б.) кемсітуге жол бермеу
танылды. Тең жалпыға ортақ сайлау құқығы (тікелей құпия
дауыс берумен) жарияланды. Заңшығарушы билікті екі
палатадан тұрған парламент жүзеге асырды, оның палаталары:
Өкілдер палатасы жəне Кеңесшілер палатасы. Екі палата да
сайланбалы болды: біріншісі 4 жылға, екіншісі 6 жылға сайлан-
ды. Парламент сессиялары жылына бір рет шақырылатын.
Өкілдер палатасы қабылдаған заң жобасына байланысты
Кеңесшілер палатасы басқа шешім шығарған болса, бұл жоба
Өкілдер палатасының қатысушы мүшелерінің кем дегенде
үштен екі бөлігі қайта қабылдағанада ғана заңға айналатын.
Атқарушы билікті премьер-министр мен мемлекеттік
министрлерден құралған Кабинет жүзеге асырды. Ерекше атап
өтетін жайт, конституция барлық министрлердің азаматтық
тұлғалардан болуын талап етті. Мемлекеттік министрлердің
басым көпшілігі сияқты Премьер-министр да Парламент
мүшелерінен қатарынан ұснылатын. Кабинет парламенттің
алдында ұжымдық жауапкершілікте болды.
Сот билігін басында Жоғарғы сот тұрған соттардың біртұтас
жүйесі жүзеге асырды. Судьялар 10 жылға сайланатын, ал егер
заңмен белгіленген жасқа (отставка жасы) жетпесе, қайтадан
сайлана алатын. Сонымен қатар, Жоғарғы сот кезкелген заң
мен актінің Конституцияға сай, немесе емес екендігі жөніндегі
мəселені шеше алатын.
163
2. Италия
КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ МОНАРХИЯНЫҢ ТОҚЫРАУЫ
Италия ХХ ғасырды конституциялық монархиялық
мемлекет ретінде аттады. Бұл кезде Италияда дамыған банкілік
капитал мен өнеркəсіптік өндіріс болған. ХХ ғасырдың
басында “Фиат”, “Монтеатини”, “Пирелли” сияқты концерндер
мен “Банка ди Рома”, “Қасиетті рух банкі” сияқты банкілер
құрылды.
Солтүстік Италия өнеркəсіптік сипатты, ал Оңтүстік Италия
(Сицилия аралын қосқанда) ауылшаруашылық сипатты иеленді.
Италияның негізгі заңы болып 1848 жылғы Пьемонт (Аль-
бертиндік) статут сақталып қалды. Оған сəйкес, заңшығарушы
билікті патша мен парламент жүзеге асырды. Патша күшті
президенттік билік орын алған мемлекеттегі президенттің
функцияларына тең келетін функцияларды жүзеге асырды
(заңдарды бекіту, үкіметті құру жəне т.б.).
Парламент Сенат пен 5 жылға сайланатын Депутаттар пала-
тасынан тұрды. Сенат (патша сияқты) ұснылатын заң жоба-
ларына қатысты вето құқығын иеленді. Депутаттар палатасы
мемлекеттің бюджетін құру мен салық жинаумен байланысты
өкілеттіктерді иеленді. Үкімет Депутаттар палатасының алдын-
да жауап берді.
Бірінші дүниежүзілік соғыста Италия жеңген мемлекеттер-
дің (Антанта) жағында болды жəне аграрлық мемлекеттен
аграрлық-индустриялық мемлекетке айналды. Мұндай даму
барысында қоғамның əлеуметтік белгілер бойынша түрге бө-
лінуі орын алды.
Жұмысшылар қозғалысы күшейе түсті, 1919 жылғы сайлау-
да Итальяндық социалистік партия сайлаушылардың үштен бір
дауысын иеленді. Ірі кəсіподақтық бірлестік — Жалпыитальян-
дық еңбек конфедерациясының қызметі ерекше маңызға ие
болды. 1921 жылы социалистік партияның сол қанаты Италь-
яндық коммунистік партияны құрады.
ФАШИСТІК ИТАЛИЯ
ХХ ғасырдың 20-жылдарында оң жəне сол күштердің
арасындағы саяси күрестің нəтижесінде шовинистік көзқа-
164
расты ұстанған офицерлер мен солдаттарды, ұсақ буржуазияны
құраған итальяндық фашистік қозғалыс пайда болды. Олардың
басында Б.Муссолини тұрды. Фашистік партия қызметінің
идеологиялық негізін антисемитизм мен расизм құрады, ал
оның ұраны болып “Ұлы Италия” табылды.
1922 жылғы қазан айының соңында фашистердің қарулан-
ған тобы патшаның, əскердің жəне Ватиканның жақтауымен
Римге шабуыл жасады, бұл əрекеттің нəтижесінде 1922 жылғы
қарашада Б.Муссолини билігінен айырылды да, оны патша
премьер-министр етіп тағайындады.
1925 жылы “Үкімет басшысының құқықтары мен артық-
шылықтары туралы” заңға сəйкес мемлекеттегі бүкіл атқару-
шылық билік премьер-министрдің қолына шоғырланды.
1923 жылғы сайлау заңына сəйкес орнықтырылған сайлау
жүйесіне өзгертулер енгізілді. Бүкіл мемлекет біртұтас сайлау
округі ретінде жарияланды. 1928 жылғы сайлау заңына сəйкес
жалпыға ортақ, тең, пропорционалды дауыс берудің (1919
жылғы заң бойынша) орнына үміткерлерді фашистік кəсіпо-
дақтардың ұсынуы енгізілді, жəне бұл үміткерлерге 1922
жылғы 15 желтоқсанда құрылған Жоғарғы Фашистік кеңес
міндетті түрде келісім беруі тиіс болатын. Жоғарғы Фашистік
кеңес парламенттің заңшығарушылық функцияларын қайталап,
тіпті, оның орнына өзі заң қабылдап отырды.
1939 жылы парламенттік жүйе жойылды. Депутаттар
палатасының орнына партиялық-мемлекеттік органға айналған
фашалар мен корпорациялар палатасы құрылды. Оның құрамы
сайланбалы емес, тағайындаушылық сипатты иеленді, мүше-
лерді дуче (көсем) Б.Муссолини тағайындайтын. Сенатпен
(бұрынғыдай патша тағайындайтын) бірлесе отырып жаңа
палата жоғарғы заңшығарушы органды құрады.
Жергілікті əкімшілік фашистік партияның құрамынан
тағайындалатын префекттер мен подесттердің басқаруына
берілді. 1926-1927 жылдардағы “Мемлекетті қорғау туралы”
заңдармен фашистік партиядан басқа барлық саяси партия-
лардың жəне фашистерге қарсы барлық газеттердің қызметіне
тыйым салынды. Фашистік кəсіподақтардан басқа барлық
кəсіподақтар таратылды.
165
Қуғын-сүргіндік аппарат белсенді түрде қалыптасты. 1923
жылы Жоғарғы Фашистік кеңестің шешімімен ұлттық қауіп-
сіздікті қорғаумен айналысатын ерікті милиция құрылды, оның
мүшелерінің саны елдің қарулы күштеріндегі əскердің санынан
асып кетті. Милиция тек дучеге бағынатын.
1926 жылы мына органдар құрылды: ұлттық қауіпсіздік
полициясы; фашистерге қарсы қозғалыстардан қорғау ұйымы;
саяси тергеудің ерекше қызметі. Қарулы күштер үкімет басшы-
сына бағынды, жəне оған ішкі істер министрі ретінде караби-
нерлер корпусы да бағынды.
Сот жүйесіне төмендегідей өзгерістер енгізілді: арнайы ко-
миссиялар (полициялық соттар); режимге қарсы қылмыстарды
реттеуге арналған ерекше саяси трибунал; мемлекетті қорғау
бойынша арнайы фашистік трибунал ерекше өкілеттіктерді
иеленді.
Партия бюрократиялық, əскерилендірілген аппаратқа айнал-
ды. 1927 жылы Жоғарғы Фашистік кеңес Еңбек хартиясын
қабылдады, оған сəйкес, фашистік мемлекеттің негізін кəсіп-
керлер мен жұмысшыларды біріктірген корпорациялар құрады,
ереуілдер мен қозғалыстарға тыйым салынды.
Фашистік режим Корпорациялардың арнайы министрлігін
жəне Корпорациялардың ұлттық кеңесін қалыптастырды. Елде
өнеркəсіптің əртүрлі салаларында 22 корпорация құрылды,
Корпорациялардың ұлттық кеңесі экономиканы басқару
органына айналды.
Фашистік режим Ватиканмен одақтасты. 1929 жылы Вати-
канды Рим папасы басқаратын мемлекет ретінде тану туралы
келісім бекітілді. Католик діні Италияның жалғыз діні ретінде
танылды.
Сыртқы саясатта, фашистік Германиядағы сияқты, агрессия
ерекше сипатты иеленді. 1936 жылы Эфиопия (Абиссиния)
жауланып алды, ал 1939 жылы Албания оккупацияланды. 1940
жылы Италия əскерлері Грецияға басып кірді. 1937 жылы
Италия “Антикоминтерндік пактқа” Жапония мен Германия-
мен бірлесе отырып қосылды. 1940 жылғы шілдеде Италия
Англия мен Францияға соғыс жариялады, содан кейін Италия
КСРО-ға қарсы (Қырымда) соғысқа қатысты.
166
ФАШИСТІК РЕЖИМНІҢ ҚҰЛАУЫ
ЖƏНЕ РЕСПУБЛИКАНЫҢ ОРНАУЫ
Елдегі жағдай нашарлай түсті. Соғыстағы жеңілістер əскер-
дің ұйымдастырылуын əлсіретті. 1943 жылы итальяндық əскер
тарады. 1943 жылғы 24 шілдеде Жоғарғы Фашистік кеңес
патшадан қарулы күштерге басшылық жасауды сұрады, бұл
дучеге сенімсіздіктің көрінісі еді.
Жаңа премьер-министр П.Бадольо сөзсіз жеңілу шарттары-
на қол қойып (1943 жылғы 3 жəне 29 қыркүйек), антигитлерлік
коалиция елдерінің жағына өтті. 1943 жылғы қазан айындағы
Москвада өткен конференцияда АҚШ-тың, КСРО-ның жəне
Ұлыбританияның сыртқы істер министрлері фашистік партия-
ны, фашалар жəне корпорациялар палатасын, Жоғарғы Фашис-
тік кеңесті, фашистік трибуналдарды, фашистердің басқару
органдары мен қуғын-сүргін аппаратын тарату туралы шешім
қабылдады.
1943 жылғы күзде қарсылық білдіру қозғалыстары мен
ағылшын-американдық əскер Италияның аумағынан фашис-
терді қуып жіберді.
1946 жылғы 20 наурызда үкімет Құрылтай жиналысы тура-
лы заңды бекітті, бұл орган демократиялық сайлаудың
негізінде құрылуы тиіс болатын. 1947 жылғы 16 наурызда
сайлау мен референдум өтті, мұнда итальяндықтар “Сіз рес-
публиканың орнағанын қалар ма едіңіз?” деген сұраққа жауап
берді. 11 миллион сайлаушы монархия үшін, 13 миллион
сайлаушы республика үшін дауыс берді.
Құрылтай жиналысы конституцияны 1947 жылғы 22
желтоқсанда қабылдады, ол 1948 жылғы 1 қаңтарда күшіне
енді. Конституция тараулар мен бөлімдерге біріктірілген 139
баптан жəне 18 өтпелі жəне қорытынды ережелерден тұрды.
Конституция Италияны демократиялық парламенттік респуб-
лика ретінде жариялады.
Парламент екі теңқұқылы палаталардан тұрды. Депутаттар
палатасы жалпы жəне тікелей дауыс беру арқылы бес жылға
сайланатын болды. Сенат алты жылға сайланатын. Айырма-
шылықтар депутаттар (21-25 жас) мен сенаторлар (25-40 жас)
үшін белсенді жəне бəсең сайлау құқығынан байқалады.
Парламент үкіметті құрап, бақылайды. Үкімет парламенттің
167
алдында жауап береді жəне парламенттің сенім вотумына тəуел-
ді болып табылады.
Президент мемлекеттің басшысы болып табылады жəне
ұлттың біртұтастығының кепілі болып табылады. Ол парла-
мент палаталарының біріккен отырысы арқылы 7 жылға
сайланады. Президентке тəн барлық міндеттерден бөлек ол
өмір бойғы 5 сенаторды тағайындау құқығына ие. Ол
референдум туралы жариялайды, халықаралық шарттарды
ратификациялайды, дипломатиялық корпусты құрайды, соғыс
жəне бейбітшілік жағдайы туралы хабарлайды (бұл жөнінде
парламентте шешім қабылданған соң). Оның функцияларына,
сонымен қатар, рақымшылық ету жəне кешірім жасау жатады.
Үкімет парламенттің алдында жауап береді. Ол жергілікті
жерлердегі атқарушы билік жүйесіне басшылық жасайды.
Жаңа институт үкіметтік комиссар институты енгізілді, оның
функцияларына облыстағы барлық азаматтық əкімшілікке
басшылық жасау жəне оның қызметін облыстық өзін-өзі бас-
қару органдарымен үйлестіру кірді. Сонымен қатар, префек-
тура кеңесінің қызметіне басшылық жасайтын префекттің
лауазымы, арнайы қызметтер жəне жергілікті басқарудағы по-
лициялар сақталып қалды.
Қарулы күштерде қарулы күштердің бас инспекторы ин-
ституты енгізілді, ол бас қолбасшының (республика прези-
дентінің) билігіне бағынды. Кеңесуші органдар — Аэронавтика
бойынша жоғарғы кеңес жəне Қорғаныс бойынша жоғарғы
кеңес (бұл кеңеске президент төрағалық етті) құрылды.
50-жылдары Италияда полицияның 5 түрі қалыптасты:
қоғамдық қауіпсіздік күштері (Франциядағы республикалық
қауіпсіздік отрядтарына ұқсас), карабинерлер корпусы, қаржы
(салық) полициясы, орман қорғау қызметі, провинциялық
полиция.
Құқыққорғау органдары 1931 жылғы Қылмыстық кодекстің
жəне 1941 жылғы Қылмыстық іс жүргізушілік кодекстің негі-
зінде жұмыс жасады.
Жаңадан құрылған мекемелердің бірі болып Конституция-
лық сот табылды, оның функцияларына мыналар кірді:
Конституцияға ресми түсіндірме беру, заңдардың конституция-
168
ға сəйкестігін тексеру, мемлекеттік органдар арасындағы
дауларды шешу, азаматтардың құқықтарына кепілдік беру.
Сот өкілеттік мерзімі 9 жылдан тұратын 15 судьядан
құралды, олардың құрамы біртіндеп өзгертіліп отыратын.
Конституциямен əділдіктің келесі жүйесі бекітілді: Мем-
лекеттік кеңес; Есеп палатасы; əскери трибуналдар; апел-
ляциялық жəне кассациялық соттар; преторлар; əкімшілік
джунттар (атқарушы органдарға ұқсас).
1947 жылғы конституцияға сəйкес Италия біртұтас
орталықтандырылмаған (яғни, автономиялық облыстары көп)
мемлекет ретінде жарияланды, мемлекет 20 облысқа, 95
провинцияға жəне 8068 коммуналарға бөлінді. Облысқа
Облыстық Кеңес басшылық жасайтын болды, атқарушы орган
болып облыстық джунта табылды. Облыстық Кеңестің
өкілеттіктеріне мыналар жатты: облыстық деңгейдегі орган-
дарды, оның ішінде полицияны, құру; жергілікті сауда, денса-
улық қорғау; мəдениет жəне əлеуметтік қамтамасыз ету;
облыстық салықтар жəне провинциялық жəне коммуналық
өзін-өзі басқару органдарының қызметіне бақылау жасау. Бес
облыстық кеңестен құралған топ заңнама мəселелері бойынша
референдум өткізуді талап ете алатын. Облыстар президентті
Сенаттағы өздерінің делегаттары арқылы сайлайтын. Облыстар
мен мемлекет арасындағы даулар Конституциялық сотта
шешілетін.
Облыстар провинциялардан тұрды, оларды провинциялық
жиналыс басқаратын. Бұл жиналыс провинция джунтасын
атқарушы орган ретінде сайлайтын. Коммуна да осындай жүйе
бойынша басқарылатын.
Жергілікті жерлерде орталық биліктің өкілдері болып
мыналар табылды: облыстарда үкіметтік Комиссарлар; провин-
цияларды префекттер; коммуналарда мэрлар.
1975 жылы сайлау жүйесін демократизацияландыру жүзеге
асырылды. Азаматтарға, Сенатқа сайлауды қоспағанда, бел-
сенді сайлау құқығы 18 жастан, бəсең сайлау құқығы 25 жастан
бастап берілетін болды (фашистердің тұсында сайлау құқығы
21 жастан бастап пайда болатын).
1947 жылғы 10 желтоқсанда антигитлерлік коалиция
мемлекеттері Италиямен бейбіт келісімге келіп, оған еркін
169
демократиялық мемлекет ретінде даму құқығын берді. Италия
өзі жаулап алған Албанияның жəне Эфиопияның егемендігін
таныды, Грецияға аумағын қайтарып берді, Африкадағы өз
колонияларынан (Ливия, Итальяндық Сомали, Эритрея) бас
тартты.
Қазіргі кезде Итальян республикасы — дамыған мемлекет,
НАТО-ның жəне Еуропалық Одақтың мүшесі.
Достарыңызбен бөлісу: |