Булгакова Д. А



Pdf көрінісі
бет9/16
Дата18.01.2017
өлшемі1,67 Mb.
#2136
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   16

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
111

2. Германия 
 
“Герман  ұлтының  қасиетті  рим  империясын” 1804 жылы 
Наполеон  Бонапарт  құлатты. 1814 жылы  Наполеон  Париж 
трактатын  талқандаған  соң  Герман  одағы  құрылды.  Оның 
құрамына 34 патшалық-мемлекеттер,  княздықтар,  герцогтық-
тар жəне біраз еркін қалалар енді. Бұл мемлекеттердің барлығы 
император  мен  импер  сейміне  бағынысты  деп  есептелді, 
алайда, іс жүзінде олардың барлығы толық тəуелсіздікке ие еді.  
Герман  одағының  басқарушы  органы — одақтық  сейм 
барлық  герман  мемлекеттерінің  өкілдерінен  құралды.  Одаққа 
кірген  əрбір  мемлекет  тəуелсіз  болды  жəне  түрліше  басқа-
рылды:  бір  мемлекеттерде  өзіндік  держава  сақталып  қалса, 
басқаларында  жиналыстар  (парламентке  ұқсас)  құрылды. 
Барлық  мемлекеттердегі  əлеуметтік  құрылым  ұқсас  болып 
келді.  Дворяндар  не  князьға,  не  императорға  тəуелді  болды. 
Қала  тұрғындары  өкілдік  қалалардағы  мекемелерді  басқарған 
патрицийлік  отбасыларынан,  бюргерлерден  жəне  қолөнерші-
лерден  тұрды. Шаруалардың  басым  көпшілігі  басыбайлы  бол-
ды.  
Барлық  герман  мемлекеттерінің  ішінен  Пруссия  мен  Ав-
стрия  ең  консервативті  болды.  Бұл  кезде  консерватизмнің 
идеологиялық негізі болып құқықтың тарихи мектебі табылды 
(Гуго,  Пухта,  Савиньи),  бұл  мектеп  құқықты  кодификация-
лауға жəне жалпы либералдық заң шығаруға қарсы тұрды.  
Германиядағы жалпы саяси жағдайға наполеондық соғыс өз 
ізін  қалдырып  кетті:  Наполеон  Кодексінің  əсері  бірқатар 
реформалардан  айқын  көрінді.  Мысалы,  Штейннің  есімімен 
байланысты 1808-1810 жылдардағы  реформа  Пруссиядағы 
мемлекеттік басқаруды қайта реттеді. Ескі, басқарылуы нашар 
“алқалардың” орнына бес министрлік келді ( қорғаныс, сыртқы 
істер,  қаржы,  ішкі  істер  жəне  əділет  министрліктері).  Қала-
ларда жергілікті кеңестер құрылды. Басыбайлық құқық жойыл-
ды,  бірақ  шаруалар  толық  бостандық  алу  үшін  өзіне  тиесілі 
жерді помещикке беруге тиіс болатын. 
Шарнхорст  реформасынан  кейін  елде  жалпы  əскери  мін-
деттілік орнады. 
 
 
112

1848 ЖЫЛҒЫ РЕВОЛЮЦИЯ. 
Германиядағы  революцияның  болуына 1848 жылы  Фран-
цияда  болған  революциясы  түрткі  болды. 1848 жылғы  наурыз 
айында Берлин қаласында қарулы көтеріліс өтті. Патшалар мен 
кңязьдар  уақыт  жеңу  үшін  Франкфурт-на-Майне  қаласында 
федералдық Конституцияны қабылдауға байланысты бүкілгер-
маниялық  Құрылтай  жиналысын  шақыруға  келісім  берді.  Де-
мократиялық  конституцияның  жобасы  іс  жүзінде  енгізілмеді, 
ал 1849 жылы жиналған делегаттар Вюртемберннің үкіметімен 
таратылды.  
1850  жылы  қабылданған  конституция  феодалдық  басшы-
лардың  мүддесіне  сəйкес  келді.  Елде  екі  палаталық  заңшыға-
рушы  орган  құрылды.  Парламенттің  (ландтаг)  заңшығарушы 
билігі абсалюттік вето құқығы арқылы патшаның билігін шек-
теді.  Үкімет  құрамындағы  министрлер  Ландтагқа  бағынысты 
емес  еді,  сол  себептен  оларға  сенімсіздік  вотумы  қорқыныш 
тудырмайтын.  
Пруссия  канцлері  Отто  Бисмарк  өз  əскеріне  бюджеттің 51 
ден 22 млн.  талерін  жұмсап  отырды.  Алайда,  канцлердің  бұл 
əрекеттері 1866 жылы  Пруссияның  Австриямен  соғыста 
жеңіске жетуімен кешірілді. Соғыстың нəтижесінде Пруссияға 
бірқатар  солтүстік-германдық  мемлекеттер  қосылды,  соның 
ішінде: Ганновер, Гессен-Кастель, Ниссау, Франкфурт-на-Май-
не  мемлекеттері  болды.  Шлезвиг  пен  Гольштейн 1864 жылы 
Даниямен  соғысқаннан  кейін  қосылды.1866  жылы  Герман 
одағының орнына Мемлекеттердің солтүстік-германдық одағы 
құрылды.  Жаңа  мемлекет 1867 жылы  жаңа  конституция 
қабылдады. Оған сəйкес, Одақты басқару пруссиялық патшаға 
(президентке),  канцлерге  жəне  екі  палатаға  берілді.  Төменгі 
палата жалпы сайлау құқығының негізінде сайланды. 
Одаққа  келесі  оңтүстік-германдық  мемлекеттер  енбеді: 
Бавария,  Саксония,  Вюртемберг.  Оларды  күштеп  біріктіруге 
Франция  кедергі  жасады,  себебі,  Франция  үшін  Германияда 
қуатты біртұтас мемлекеттің құрылуы тиімсіз еді. 
1870  жылы  Пруссия  Франциямен  соғыстың  басталуына 
себепкер  болды.  Франция  жеңілді,  ал  Пруссияға  оңтүстік-
герман  мемлекеттерін  біріктіруге  мүмкіндік  туды.  Осылай, 
 
113

Еуропаның орталығында жаңа мемлекет — Герман империясы 
пайда болды. 
 
ГЕРМАНИЯНЫҢ 1871 ЖЫЛҒЫ КОНСТИТУЦИЯСЫ 
Жаңа  конституцияға  сəйкес  империяның  құрамына 22 мо-
нархия мен бірнеше еркін қалалар енді. Империяның билеушісі 
болып пруссиялық патша табылды, бұл Германиядағы жағдай-
ға  сай  болып  келді,  себебі,  империя  аумағының  жартысынан 
астамы жəне халықтың 60 %-і Пруссияның үлесінде еді. Патша 
мемлекеттің  басшысы  жəне  бас  қолбасшы  болып  табылды,  ол 
үкімет басшысын — импер канцлерін тағайындайтын.  
Парламенттің жоғарғы палатасы Одақтық кеңес (бундесрат) 
деп  аталды.  Төменгі  палата  (рейхстаг) алғашқыда 3 жылға,  ал 
1887  жылдан  бастап 5 жылға  сайланатын.  Рейхстагтың  іс  жү-
зіндегі  билігі  бундесраттың  өкілеттіктерінен  аздау  болатын. 
Рейхстагтың  үкіметке  бақылау  жасауға  талпыныстарын  бірне-
ше рет бундесрат басып тастаған болатын.  
1871 жылғы  конституцияның 20 бабы  ерлердің  жалпы  сай-
лау  құқығын  енгізуді  көздеді,  алайда,  құпия  дауыс  берудің 
орнына  империяның  қоғамдық  қауіпсіздігін  қамтамасыз  ету 
мақсатында ашық дауыс беру енгізілді. 
Төменгі  палатаны  мерзімінен  бұрын  тарату  бундесраттың 
қаулысымен  жүзеге  аса  беретін,  мұндай  жағдай  жиі  орын 
алатын.  
Жалпы  алғанда,  өзінің  əлеуметтік-саяси  мазмұны  бойынша 
1871  жылғы  конституция  феодалдық-юнкерлік  жер  иелену-
шілік пен жылдам дамушы пруссиялық-германдық капиталдың 
арасындағы үйлесімділіктің көрінісі болып табылды.  
 
ГЕРМАНИЯНЫҢ АЛҒА ШЫҒУЫ 
ХІХ  ғасырдың  екінші  жартысынан  бастап  Германияда 
өндірістік  өнеркəсіптің  жылдам  дамуы  байқалды. 1882 жылы 
біріккен  Германияда 9,5 мың, 1895 жылы — 18 мыңдай, 1907 
жылы — 30 мыңнан  астам  кəсіпорындар  құрылды.  Аталған 
кезеңде  жұмысшы  табының  саны  да  жылдам  қарқынмен  өсті 
— 6 миллионнан 11 миллионға  дейін.  Жұмысшы  табының 
жылдам  өсуі  оны  жаңа  саяси  күш  ретінде  алға  тартты,  оның 
ұйымдастырушылық  орталығы  болып  əлеуметтік-демокра-
 
114

тиялық  партия  табылды. 1875 жылы  Гот  қаласында  съезде 
қабылданған  Гот  бағдарламасында  көрініс  тапқандай,  социал-
демократтар  өз  мақсаты  ретінде  демократиялық  парламент 
үшін  күресті,  ал  парламенттің  өзінде — жұмысшы  табының 
жағдайын  жақсартушы  заңдар  үшін  күресті  таңдады.  Социал-
демократтардың  əсерінің  күшеюіне  жауап  ретінде  Бисмарк 
үкіметі рейхстаг арқылы оларға қарсы заң қабылдады. Алайда, 
1890  жылы  бұл  заң  өз  күшін  жойды,  ал  Отто  Бисмарк  от-
ставкаға кетті.  
Өз колонияларынан айырылған Германия бейбітшілікті сақ-
тауға  тырысты.  Фрнциямен  жəне  Ұлыбританиямен  шиеліністі 
қарым-қатынастар  бірінші  дүниежүзілік  соғысқа  алып  келді. 
Соғыстың  басталуына  себеп  болып 1914 жылы  Сараево 
қаласында  австрия-венгриялық  тақтың  мұрагері  эрцгерцог 
Фердинандтың  өлімі  табылды.  Алайда,  Германия  соғыстан 
ойсырата жеңілді, империя құлады. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
115

3. Америка Құрама Штаттары 
 
АҚШ-тың ҚҰРЫЛУЫ 
Солтүстік  Американың  Атлант  жағалауындағы  бірінші 
ағылшын  колониясы  ХVІІ  ғасырдың  басында  құрылды.  ХVІІ-
ХVІІІ  ғ.ғ. аралығында  Солтүстік  Америка  жағалауының  ортаң 
белінде тағы да 12 калония орналасты. Ағылшындар жергілікті 
тұрғын  халықты  жойып  олардың  орнына  Африкадан  құлдар 
алып  келді.  Оңтүстік  жəне  солтүстік  калониялардың  эконо-
микалық  ахуалы  əртүрлі  болды,  оңтүстік  колониялар  ауыл 
шаруашылық плантаторлық қызметпен айналысты жəне оларда 
құл  жұмсау  кең  орын  алды.  Солтүстік  колониялар  негізінен 
мануфактуралық-өнеркəсіптік  капиталистік  қатынастары  да-
мыған  сипатта  болды.  ХVІІІ  ғасырдың 70-жылдары  колония-
лардың  тұрғылықты  халқы 3,5 млн.  адамға  жетті,  сонымен 
қатар 500 мыңға жуық құлдар болды.  
Колонияларды  басқару  түрлі  нысанда  жүзеге  асырылды: 
жеке  меншіктегі  (Мэриленд,  Пенсильвания), “халық  басқа-
ратын” (Коннектикут, Род-Айленд)  жəне  орталықтан  тағайын-
далатын  (Англиядан)  губернаторлар  басқаратын  “патша  коло-
ниялары”.  Колониялық  тұрғындар  өздерін  англия  патшалы-
ғының  еркін  азаматтары  ретінде  таныды  жəне  оларға  метро-
полии  құқығы:  Ұлы  еркіндік  хартиясы,  Құқық  туралы  билль, 
“жалпы құқық”, “əділдік құқығы” таралды.  
Алайда,  колонияларды  метрополиидің  шикізатпен  қамта-
масыз  етуші  базасы  ретінде  ұстау  жəне  оларды  тонау  саясаты 
халықтың  ашуын  тудырып,  ашық  түрде  үкіметке  қарсы  кө-
теріліс жасауға əкеп соқты. 
 
ТƏУЕЛСІЗДІК ҮШІН СОҒЫС 
Күресу  координациясының  тəуелсіздік  үшін  қозғалысы  не-
гізінде  “корреспонденция,  қауіпсіздік  жəне  байқау  комитет-
тері” құрылды. 1774 жылы Филадельфия қаласында құрамы 55 
делегаттан тұратын ең алғашқы континетальдық конгресс өтті. 
Ол  жерде  метрополиидің  кедендік  жəне  салықтық  саясатына 
қатысты  наразылық  білдіретін  Құқық  декларациясы  бекітілді. 
Осы  Декларациямен  қатар,  сол  кезде  корольға  петиция  жа-
зылды,  онда  колонистер  метрополиидің  қысым  жасауын 
 
116

тоқтатуды  сұранды.  Ал  ағылшын  үкіметі  оларға  қарсы  соғыс 
əрекеттерін  жүргізуді  бастады.  Сонда, 1775 жылы  мамыр 
айында  Екінші  континенталдық  конгресс  жиналды.  Ол  жерде 
Англияға қарсы соғыс жағдайына баға беріліп, жəне американ-
дық əскерді  құру туралы шешім қабылданды. Ол əскердің бас 
қолбасшысы болып Джордж Вашингтон тағайындалды. Тəуел-
сіздік  үшін  соғыс  басталды.  Əрбір  колония  өзін  тəуелсіз  мем-
лекет — штат ретінде жариялады. 
Американдықтарды  қорғау  талпыныстарының  сəтсіздігіне 
көзі  жеткен,  азаттық  үшін  күрестің  көрнекті  идеологтары  Д. 
Адамс,  Т.  Джефферсон,  Т.  Гамильтон  ағылшын  құқығының 
нормаларына сілтеме жасай отырып, табиғи құқық идеяларына 
жүгінді. Бұл идеялар адамның құқықтары тумысынан беріледі 
жəне  олардан  айыруға  ешкімнің  құқығы  жоқ  деп  таныды, 
мемлекет оларды бұзуға емес, керісінше, қорғауға міндетті. 
Бұл идеялар 1776 жылғы 4-шілдеде қайта шақырылған Кон-
тиненталдық конгрессте қабылданған “Тəуелсіздік декларация-
сының” негізі болды. Томас Джефферсон жасаған бұл құжатта 
метрополий  тарабынан  колониялардың  табиғи  құқықтары 
бұзылып  отырғандықтан  метрополиймен  байланысты  түбірі-
мен үзу жəне тəуелсіз Америка Құрама Штаттарын құру тура-
лы шешім қабылданды. Табиғи-құқықтық теорияның негізінде 
өз  аумағында  ұлттың  ұлттық  егемендігі  жарияланды.  Халық-
тың  революция  жасауға  құқығы  бекітілді.  Алайда,  өзінің  ішкі 
сипаты  бойынша  демократиялық  болып  табылатын  бұл  Дек-
ларацияда  құлдық  пен  үндістер  туралы  ештеңе  көрініс  тап-
пады. 
1778  жылы  штаттардың  өкілдерімен  өткізілген  Конгрессте 
“Конфедерацияның  баптары”  атты  құжат  бекітілді.  Штаттар 
АҚШ  деп  аталатын  “мəңгі  одаққа” — конфедерацияға  аяқ 
басты.  Штаттар  Конгресс  қарайтын  ортақ  істерден  басқа  мем-
лекет  ішіндегі  мəселелерді  шешуде  тəуелсіздікке  ие  болған. 
Конгресс  əр  штаттан 2-7 делегаттан  қалыптасты  жəне  шешім 
қабылдауда  əр  штатқа  бір  дауыстан  берілді.  Конгресстің 6 
айдан  ұзаққа  созылмайтын  сессияаралық  кезеңдерінде  оның 
кейбір  өкілеттіктерін  Штаттар  комитеті  жүзеге  асырған,  ол  өз 
кезегінде  əр штаттан бір делегаттан  жиналған құрамда  жұмыс 
 
117

істеді. Сонымен, бұл жерде біртұтас мемлекет емес, мемлекет-
тер одағын құру көзделген. 
1783  жылы  АҚШ  толығымен  тəуелсіз  болып  танылуы 
туралы бейбіт келісім жасалған. 
Соғыс  аяқталған  соң  штаттарда  билікті  плантаторлар, 
буржуазия жəне саудагерлер иемденіп алған. Соғысты басынан 
кешкен  қатардағы  американдықтар  өткен  соғыстың  барлық 
зиянды  салдарын  өткерді  (шаруашылықты  қалпына  келтіру, 
салықтың  мөлшерін  көтеру  жəне  т.б.).  Елде  халықтың  қоз-
ғалысы басталды. Отставкадағы капитан Д. Шейсптың басшы-
лығымен  ең  ірі  қарулы  көтеріліс  өткізілді.  Көтерілісті  басып 
тастады,  бірақ  сондада  билік  басындағылар  конфедерациядан 
басқа мықты бірлестік құру керек екендігін мойындады.  
1787  жылы  Филадельфия  қаласында 12 штаттан  (Род-
Айленд  штатынан  басқалар) 55 делегат  қатысқан  Конститу-
циялық  конвент  жиналды.  Конституцияның  жобасын  даяр-
лауда Дж.Вашингтон, Д.Мэдисон, Э.Рандольф, Д.Уилсон сияқ-
ты  көрнекті  мемлекет  қайраткерлері  мен  заңгерлер  қатысты. 
Төрт  айлық  жұмыстың  нəтижесінде  Американың  қазіргі  кезге 
дейін жеткен Конституциясы қабылданды. Бұл актінің негізіне 
алынған маңызды бастамалар ретінде мемлекеттік биліктің заң 
шығарушы,  атқарушы  жəне  сот  билігі  тармақтарына  бөлінуін 
атап  кетуге  болады.  Биліктің  тармақтарға  бөлінуі  туралы  тео-
рия  ең  алғаш  рет  Аристотельдің  жəне  Марсилия  Пуадонский-
дің  еңбектерінде  көрініс  тауып,  кейін  ХVІІІ  ғасырда  француз 
ғалымы Ш. Монтескьемен анғұрлым терең зерттелді.  
Заң  шығарушы  билік  екі  палатадан : Сенат  жəне  өкілдер 
палтасынан  тұратын  Конгресске  берілді.  Қос  палаталармен 
қабылданған  заң  жобасы  президент  қол  қойғаннан  кейін 10 
күннің ішінде заңды күшіне енетін (ол мерзім өткеннен соң заң 
жобасы  қабылданды  деп  есептелетін).  Егер  президент  заң 
жобасын  қайтарып  жіберсе,  Конгрес  оны 2\3 дауысымен 
бекітетін,  яғни  жобаны  қайтарып  жіберу  билігі  президент 
қолында  болған.  Сонымен  қатар,  президент  үкімет  жəне  мем-
лекет  басшысы,  қарулы  күштердің  жоғарғы  қолбасшысы 
болып  табылған.  Ол  сенаттың  келісімімен  елшілер  мен  басқа 
да  мемелкеттің  жоғарғы  лауазымды  тұлғаларын  тағайындап, 
өзінің əкімшілігін басқарған.  
 
118

Сот  билігі  АҚШ-тың  жалпыфедералдық  Жоғарғы  сотына 
тиесілі болды. Аса маңызды істер бойынша халық соттары (суд 
присяжных)  тағайындалған.  Конституцияда  ,сонымен  қатар 
мемлекеттік  биліктің  қалыптастыру  тəртібі  көрініс  тапқан. 
Өкілдер  палатасының  депутаттары  штаттар  бойынша  сайла-
натын болған (30 мың тұрғыннан бір депутат), Сенат– əр штат-
тың  заң  шығарушы  жиынынан  екі  депутаттан  алынып 
құрылатын  болған,  Президент — екі  дəрежелі  сайлау  жүйесі 
бойынша  сайланатын  болған  (штаттардың  тұрғындары  “сай-
лаушыларды”, ал олар президентті сайлаған). Жоғарғы соттың 
мүшелерін  сенаттың  келісімімен  президент  тағайындаған. 
Өкілдер  палатасы  екі  жылға,  сенат 6 жылға  сайланған,  сенат-
тың 1\3 құрамы əрбір екі жыл сайын кайта сайланып отыратын 
болған.  Президент  төрт  жылға,  Жоғарғы  соттың  судьялары 
өмір бойына сайланатын болған. 
Конституция бойынша федеративтік құрылым еңгізілді. Со-
ның нəтижесінде, жалпыфедералдық органдар мен штаттардың 
органдарының  өкілеттіктері  шектелді.  Федерацияға  мынадай 
қатынастарды  шешу  құқығы  берілді:  соғыс  жəне  бейбітшілік, 
сыртқы қатынастар, ақша шығару, өлшеу жүйесі, əскерді жəне 
теңіз  əскерін  басқару.  Федералдық  құқық  штат  құқығына 
қарағанда үстемдікке ие болды. 
1791  жылы  “Құқық  туралы  билль”  қабылданды,  ол  мəні 
бойынша  АҚШ-тың  Конституциясына 10 түзету  енгізді.  Түзе-
тулер саяси мəселелерге қатысты демократияландыру сиаптын-
да  болды.  Алайда,  оңтүстік  штаттарда  сақталған  құлдық 
туралы  қайтадан  ештеңе  айтылмады.  Үндістердің  жерлерін 
жаулап  алудың  жəне  европалық  колонияларды  сатып  алудың 
нəтижесінде штаттар саны көбейе түсті. Жаңа штаттарды құру 
тəртібі 1787 жылы  қабылданған  Конституциямен  реттелді. 
Конгресс штаттардың аумағын өзінің (штаттық) заң шығарушы 
жиынымен автономиялық деп жариялады. Штаттың басшысын 
—  губернаторын,  сенаттың  келісімімен  президент  тағайында-
ды. 
 
САЯСИ ПАРТИЯЛАР 
Саяси  партиялардың  пайда  болуына  А.Гамильтон  мен 
Т.Джефферсон  басқарған  саяси  топтар  түрткі  болды  (ХVІІІ 
 
119

ғасырдың 80-жылдары).  Гамильтонның  жақтастары  ірі  меншк 
иелері  болатын,олар  “Құқық  туралы  билльсіз”  Конститу-
цияның  алғашқы  кездегі  түрін  қолдады.  Джефферсонның 
жақтастары  шағым  кəсіпкерлер  мен  фермерлер  болатын,  олар 
керісінше “Құқық туралы билльды” қолдады. Ақырында “Бил-
льды”  қолдаушылар  жеңіп  шықты.  Жоғарыда  аталған  саяси 
қарама қайшылықтың нəтижесінде 1828 жылы АҚШ-тың демо-
кратиялық  партиясы,  ал 1854 жылы — АҚШ-тың  республи-
калық  партиясы  құрылды.  Екі  партияда  құрамы  бойынша 
əртүрлі  халықтардан  болды,  алайда,  біреуі — оңтүстік 
штаттарға, екіншісі — солтүстік штаттарға жақын болды.  
Көп ұзамай республикалық партияда екі ағым байқалды: оң 
жақтық  (ірі  буржуазия)  жəне  либералдық-демократиялық  (фе-
мерлер) мен шағым буржуазия). 
Сайлаушылардың  дауысына  деген  партиялардың  күресі 
сайлау  жүйесінің  демократиялану  үрдісін  жандандыра  түсті. 
Штаттардың көпшілігі мүліктік цензді жоя отырып еркектердің 
жалпы сайлау құқығын енгізді. 
 
АЗАМАТТЫҚ СОҒЫС 
ХІХ  ғасырдың  ортасында  өнеркəсіптік  солтүстік  пен  құ-
лиеленушілік  оңтүстіктің  арасында  шиеліністі  қатынастар 
туындады. 1860 жылы  президент  болып  республикалық 
партияның  либералдық-демократиялық  қанатының  өкілі 
А.Линкольн  сайланды.  Бұған  жауап  ретінде  оңтүстік  штаттар 
бөлініп  шығу  жəне  Оңтүстік  штаттар  конфедерациясын  құру 
туралы шешім қабылдады. 1861 жылы соғыс басталды.  
1862  жылғы  мамырда  А.Линкольн  “Гомстед-актқа”  қол 
қойды, бұл заң батыста  фермерлықпен айналысуға ниет білді-
руші əрбір адамға 160 акрден (1 акр 
= 1017 шаршы метр) жер 
учаскесін  алу  құқығын  бекітті. 1862 жылғы  қыркүйекте 
Құлдықты жою туралы прокламация жарияланды. 1863 жылғы 
қаңтардың  бірінен  бастап  көтеріліс  болған  аумақтардың  негр-
лері  еркін  деп  жарияланды.  Бұл  шаралар  солтүстікшілдердің 
беделін  жоғарылатып,  олардың  əскеріне  өз  еркімен  келу-
шілердің  санын  көбейтті. 1865 жылғы  ақпан  айында  Конгресс 
АҚШ-тың Конституциясына бүкіл елде құлдықты жою туралы 
 
120

ХІІІ  түзетуді  енгізді. 1865 жылғы  көктемде  оңтүстіктің 
əскерлері талқандалды.  
1865  жылғы 14-ақпанда  оңтүстікшілдердің  жіберген 
жалданбалы кісі өлтірушісі А.Линкольнды өлтірді. 1867 жылы 
Конгерсс қабылдаған жоспар бойынша бүлік көтеруші оңтүстік 
əскери  басшылықтағы  бес  əскери  округтерге  бөлінді.  Əскери 
əкімшілік  жетекшілік  етуде  Конституцияның  ХІV (1868 ж.) 
жəне  ХV (1870 ж.)  түзетулерін  басшылыққа  алды.  Біріншісі 
АҚШ-тың  барлық  азаматтарының  (бүлік  көтерушілер  мен 
үндістерді  есептемегенде)  заң  алдындағы  теңдігін  жариялады, 
ал  екіншісі — бүкіл  еркектерге  оладың  түсіне  карамастан 
сайлау құқығын беруді жариялады.  
1872 жылы оңтүстіктегі  əскери əкімшілік қысқара бастады, 
ал 1877 жылы бүлік көтеруші оңтүстік штаттардан федералдық 
əскерлер  шығарылды. 1881 жылы  Теннеси  штатында  Джим 
Кроудың  заңы  ретінде  танылған,  ақ  адамдар  мен  қара 
адамдарға  болек  вагондар  бекітетін  нормативтік  акт 
қабылданды.  Осы  жəне  басқа  да  осындай  нəсілдік  сегрегация 
бойынша  актілерді  АҚШ-тың  Жоғарғы  соты  Конституцияға 
сəйкес деп танып, бұл “ақ адамдар мен қара адамдарды бөлек, 
бірақ  тең  құқылы  етеді”  деп  түсіндірді.  Бұл,  əрине, 
əділетсіздіктің көрінісі болып табылды. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
121

4. Жаңа дəуірдегі Франция 
 
ХVІІІ  ғасыр  Франция  үшін  Ұлы  француз  буржуазиялық 
революциясымен  ерекшеленді.  Оның  түбірлі  себебі  болып 
өндірістік  күштер  мен  феодалдық  өндірістік  қатынастардың 
арасындағы  шиелініскен  қарама-қайшылықтардың  өршуі 
табылды. Феодализм елдің объективтік тарихи дамуын тежеді. 
Жаңа  формацияның  ауқатты  топтары — өнеркəсіп  иелері, 
саудагерлер, банкирлар өздерінің жағдайына көңілі толмады. 
Ішкі  нарық  өнеркəсіп  үшін  өте  тар  болды. 1788 жылы 
Францияда айрықша экономикалық тоқырау орын алды. Село-
лардағы  астықтың  шықпауы  шаруалардың  көтерілісіне  түрткі 
болды.  Француздың  ұлы  ағартушылары  Ш.Монтескье,  Воль-
тер,  Ж.-Ж.Руссо  бұл  мəселеге  қатысты  түбегейлі  реформалар-
ды  жүзеге  асыру  қажеттігін  негіздеді.  Ш.Монтескье  өзінің 
“Заңдардың  рухы  туралы”  еңбегінде  былай  деп  жазды: “Заң 
шығарушы, атқарушы жəне сот билігінің бір тұлғаның немесе 
органның  қолында  шоғырлануы  жағдайында  бостандықтың 
болуы мүмкін емес”.  
Патша  үкіметі  аталған  талаптарды  орындауға  мəжбүр 
болды. Ол бір жарым ғасырдан астам уақыт шақырылмаған Бас 
штаттарды шақыру туралы жариялады. Бас штаттарды шақыру 
1789  жылғы 5-мамырда  өтті.  Бұдан  соң  бірден  мына  мəсе-
лелерге  қатысты  даулар  басталды:  депуттардың  өкілеттігін 
тексеру  тəсілдері,  біріккен  жəне  бөлек  отырыстар,  Бас 
штаттардың  мақсаттары,  үшінші  сословиенің  (буржуазияның) 
құқықтары  туралы.  Патшаның  қолдауын  тапқан  алғашқы  екі 
сословие — дворяндар  мен  дін  қызметкерлері  дауыс  берудің 
ескі  тəртібін  жақтады:  əр  сословиеден  бір  дауыс  берілді.  Бұ-
нымен  үшінші  сословиенің  өкілдері  келіспеді.  Олар  отырыс-
тардың сословиелер бойынша бөлек емес, бірге өтуін жəне осы 
отырыстардағы шешім көпшілік дауыспен қабылдануын талап 
етті.  Үкімет  дауыс  берудің  мұндай  тəрітібін  қабылдаудан  бас 
тартты.  Бұған  жауап  ретінде  үшінші  сословиенің  өкілдері 17-
маусымда  өздерін  Ұлттық  жиналыс  деп,  ал 1789 жылғы 9 
шілдеде француз халқының атынан заңдарды қабылдауға жəне 
жоюға құқығы бар Құрылтай жиналысы деп жариялады. Патша 
мен  ақсүйектер  Версальға  (бұл  жерде  Құрылтай  жиналысы 
 
122

орналасқан болатын) əскер жинай бастады. Парижде патшаның 
бұл  шаралары  туралы  мəлім  болған  соң,  халық  қарулы 
көтеріліске  шықты. Көп  ұзамай  көтеріліске  шыққан  халықтың 
жағына əскердің басым көпшілігі өтті, сөйтіп, қала толығымен 
көтерілісшілердің  қолына  өтті. 1789 жылғы 14 шілдеде  халық 
патшаның абсолюттік билігінің рəмізі — қорған-түрме — Бас-
тилияны  басып  алды.  Бұл  күн  француз  халқының  ұлттық 
мерекесі болып саналады.  
Революция  бүкіл  елге  тарады.  Провинцияларды  ескі 
органдардың  орнына  жаңадан  өзін-өзі  басқару  органдары — 
муниципалитеттер  құрылды.  Революцияның  қарулы  күштері 
—  ұлттық  гвардия  қалыптаса  бастады,  алайда,  əскери  қару-
жарақтың  қымбаттығынан  бұл  əскерге  тек  ауқатты  адамдар 
алынды. Ұлттық гвардияның басына маркиз Лафайет тағайын-
далды. 1789 жылғы 5 тамызда феодалдық режимді жою туралы 
декрет  жарияланды.  Сонымен,  революцияның  қозғаушы  күші 
болып ірі буржуазия мен халықтың одағы табылды.  
1789  жылғы 26 тамызда  Құрылтай  жиналысы  ең  алғашқы 
конституциялық  акт — “Адам  жəне  азаматтың  құқықтары 
туралы  декларацияны”  қабылдады.  Декларацияның  кіріспе 
бөлімінде  үкіметтің  кемшіліктерінің  себептері  болып  адам-
дардың  білімсіздігі,  адамның  табиғи,  ажыратылмайтын  жəне 
қасиетті құқықтарын ұмыту табылады деп жазылды: 
1) “Адамдар  өз  құқықтары  бойынша  тең  жəне  еркін  болып 
туылады”. 
2) “Əр  мемлекеттік  бірлестіктің  (одақтың)  мақсаты  болып 
адамның  табиғи  құқықтарын  қамтамасыз  ету  табылады. Олар: 
бостандық, меншік, қауіпсіздік, қанауға қарсылық”. 
Декларация  адамдардың  заң  алдындағы  теңдігін,  ұлттың 
егемендігін, биліктің тармақтарға бөліну қағидасын жəне тағы 
да басқа маңызды ережелерді салтанатты түрде жариялады.  
Декларацияны  жасаушылардың  ішіндегі  Лафайет,  Мирабо, 
Сиейс,  Мунье,  Дюпор  сияқты  ұлы  тұлғалар  ХVІІ  ғасырдағы 
Франциядағы  алдыңғы  қатарлы  саяси  ойлардың  басты  тұжы-
рымдарын айқын, ашып көрсетіп өтті. Бұл еңбек Вольтер, Дид-
ро, Гельвеций, Монтескье, Руссо, Мабли, ағылшын ойшылдары 
—  Локк,  Мильтон,  Блэкстон  сияқты  атақты  ғалымдардың 
еңбектеріне сүйенді.  
 
123

Декларацияда  тұлға  құқықтарының  маңызды  кепілдіктері 
мен  заңдылық  қағиадалары  бекітілді:  қылмыс  жоқ  болса — 
жаза да жоқ (nullum crimen — nullum poena sine lege), кінəсіздік 
презумпциясы  (сот  дəлелдемейінше  ешкімді  де  кінəлі  деп 
санауға  болмайды),  қылмыстарды  жазалаудың  əділдігі.  Бұл 
жағдайлар  Декларация  авторларының  демократиялық  жəне 
алдыңғы  қатарлы  көзқарастарын,  олардың  жақсы  теориялық 
базасы мен дайындығын көрсетеді.  
Декларацияда  жалпы  теңдік  бекітілді,  алайда,  Декларация-
ны  қабылдағаннан  кейін  бірнеше  ай  өткен  соң, 1789 жылғы 
желтоқсанда,  Құрылтай  жиналысы  Сайлаушылар  үшін  мүлік-
тік  жəне  басқа  да  ценздер  енгізу  туралы  декрет  қабылдады. 
Барлық  азаматтар  мүліктік  ценз  бойынша  “белсенділер”  жəне 
“бəсеңдер”  деп  бөлінді.  Белсенді  азамат  деп  танылу  үшін  мы-
надай  талаптар  қойылды: 1) ұлты  француз  болуы  керек; 2) 
жасы 25-ке  толуы  керек; 3) бір  кантонда 1 жылдан  кем  емес 
уақыт  тұруы  керек; 4) үш  күндік  жалақы  мөлшерінде  тікелей 
салық  төлеуі  керек; 5) малай  жағдайында  болмауы  керек. 
“Бəсең” азаматтар сайлауға қатыстырылмайтын.  
1790  жылдың  басында  бірқатар  маңызды  декреттер  күшіне 
енді.  Шіркеу  меншігін  мемлекет  ұлттандырды.  Шіркеуден 
азаматтақы хал актілерін жазу құқығы алынды. Ол мемлекеттің 
бақылауына көшті.  
Жаңа  əкімшілік-аумақтық  бөлініс  енгізілді.  Франция 83 
департаменке бөлінді, олардың əрқайсысына дистрикттер, кан-
тондар,  коммундар  енді.  Салық  салу  жүйксі  біртұтас  сипатты 
иеленді, дворяндық титулдар мен шендер жойылды.  
Феодалдық  режимді  жойып,  революция  кəсіпкерлік  қыз-
метке жол ашты, бұл буржуазия үшін тиімді болды. Өз жағдай-
ын күшейту үшін буржуазия Құрылтай жиналысы арқылы 1791 
жылы 21 қазанда халық көтерілістерін басу үшін қарулы күш-
терді қолдануға рұқсат беру туралы декретті қабылдады. 1791 
жылғы 14 маусымда  көтерілістер  мен  ереуілдерді  жүргізуге 
тыйым салған Ле Шапелье заңы күшіне енді. 
 
КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ МОНАРХИЯ 
17  шілдеде  монархияға  қарсы  шыққан  бейбіт  демонстрат-
тарды  ұлттық  гвардияның  атып  өлтіруі  көптеген  адамдарды 
 
124

буржуазияның  контрреволюциялық  сипатта  екендігіне  көзін 
жеткізді.1791 жылғы 13 қыркүйекте Құрылтай жиналысы кон-
ституциялық  монархияны  заңдастыру  үшін  конституцияны 
бекітті.  Бұл  конституцияға  сəйкес  жоғарғы  заң  шығарушы 
орган  ретінде 2 жылғы  сайланатын  бір  палаталы  ұлттық  жи-
налыс ( заң  шығару  корпусы)  танылды,  бұл  органды  патша 
тарата  алмайтын.  Атқарушы  билік  патша  мен  оның  алдында 
жауап  беретін  министрлерге  берілді.  Патша  қабылданған  заң-
дарға  вето  құқын  қолдана  алатын.  Сот  билігі  сайланбалы  су-
дьяларға берілді. Кассациялық жəне жоғарғы соттар құрылды. 
Консервативтік  бағыты  ұстанған  депутаттар  революцияны 
аяқталды  деп  санады,  себебі,  олардың  ойынша  негізгі  нəтиже 
болып  абсолютизмді  конституциялық  монархияға  жеткізу  та-
былды. 
1791-1792 жылдары ұлттық жиналыс атқарушы билікпен бір 
қатар  мардымсыз  мəселелер  бойынша  шиеліністі  қатынас-
тарды орнатты. Осы кезде дворяндық-монархиялық контррево-
люция өз қызметін белсендете түсті. Антифеодалдық лагерьде 
де  ішкі  қарама-қайшылықтар  мен  келіспеушіліктер  байқалды. 
1791 жылы негізгі үш топ бөлініп шықты:  
1)  фельяндар  (фейяндар)  констуциялық-монархиялық  бур-
жуазия мен либералды дворяндардың мүдделерін білдірді; 
2)  жирондистер  (көптеген  басшылары  Жирондэ  провин-
циясының  депутаттары  болып  табылды)  провинциялық  сауда-
өнеркəсіптік буржуазияның мүдделерін білдірді; 
3)  якобиндер  (қасиетті  Якоба  монастыры  кітапханасының 
атауымен)  ұсақ,  орта  буржуазияның,  қолөнершілердің,  шаруа-
лардын мүдделерін қорғады. 
1789-1791 жылдары саяси өмірде фельяндар үстемдік құрды. 
 
ЖИРОНДИСТІК РЕСПУБЛИКАНЫ ЖАРИЯЛАУ 
1792  жылы  революциялық  Франция  Еуропаның  ірі  монар-
хияларының  Францияға  қарсы  əскери  коалициясын  сезінді, 
олардың  басты  мақсаты  болып  революциялық  Францияны 
əскери тұрғыдан құлату табылды. Контрреволюция патша мен 
сөз байласып, елді соғысқа дайындады. Халық фельяндарға қа-
рағанда əлдеқайда революциялық болып саналған якобиндерге 
өз  үмітін  артты. 1792 жылғы 10 тамызда  Парижде  халық  кө-
 
125

терлісі  басталды,  патша  сарайы  басып  алынды  жəне  ХVІ 
Людовик қамауға алынды. Билік біраз уақытқа Париж Комму-
насының  қолына  көшті.  Ұлттық  конвентті  шақыру  туралы 
декрет қабылданды. 
1792 жылғы 17 тамызда қабылданған декретпен контррево-
люционерлерді  жазалау  үшін  Төтенше  қылмыстық  трибунал 
құрылды.  
Қыркүйек айында Конвентке сайлау аяқталды. Нəтижесінде, 
783  депутат  сайланды  (соның  ішінде  колониялардан 34 депу-
тат),  олардың  ішінен 200-і  жирондистер, 100-ге  жуығы 
якобиндер болды, қалған депутаттар “болот” деп аталды.  
21  қыркүйекте  Ұлттық  конвент  монархияның  жойылуы  ту-
ралы  жариялады.  Конвенттің 1792 жылғы 25 қыркүйектегі 
декретімен  Франция  республика  ретінде  жарияланды.  Алайда, 
революцияның  басты  мəселесі — деревнядағы  феодалдық 
қатынастардың  толық  жəне  түбегейлі  жойылуы  өз  шешуін 
таппады. Азық-түлік мəселесі де күрделі жағдайда болды.  
21  қаңтарда  ХVІ  Людовик  өлтірілді.  Якобиндер  монархия-
ның қайта орнауын болдырмау үшін оның өлімін қалады. 1793 
жылғы наурызда Вандейде роялистік көтеріліс басталды, жəне 
сонымен  бір  мезетте  соғыстағы  жағдай  да  нашарлады.  Яко-
биндердің  абыройы  түсе  бастады. 1793 жылғы 2-маусымда 
Париж  Коммунасының  революциялық  комитеті  басшылық 
еткен париждықтар мен ұлттық гвардия Жирондистік үкіметті 
құлатты.  
10  маусымдағы  декретпен  ауылдағы  феодалдық  тəртіп 
жойылды.  Ал 17 маусымдағы  декретпен  бүкіл  феодалдық 
құқық  жойылды.  Шаруалардың  көпшілік  бөлігі  бөлек  жер 
алып,  жер  иелеріне  айналды. 1793 жылғы 24-маусымдағы 
Конвентпен конституция қабылданды. Ол өзінің ішкі мазмұны 
бойынша 1791 жылғы  “Адам  жəне  азамат  құқықтары  туралы 
декларациядан”  жəне 1793 жылғы  Конституциялық  актіден 
тұрды.  Якобиндердің  конституциясы  анағұрлым  демократия-
лық сипатта болған еді, ол басқарудың республикалық режимін 
бекітті. 1793 жылғы  Адам  жəне  азамат  құқықтары  туралы 
декларацияда  халық  егемендігінің  əлдеқайда  радикалдық 
қағидалары  көрініс  тапты.  Бұл  акт 21 жасқа  толған  барлық 
француз  азаматтары  үшін  жалпы  сайлау  құқығын  бекітті. 
 
126

Сайлаушыларды  “белсеңділер”  жəне  “бəсеңдер”  деп  бөлу 
жойылды.  Мемлекеттік  басқару  функциялары 24 мүшеден 
құралған  Атқарушылық  кеңеске  жүктелді,  ол  қабылданған 
декреттер мен заңдардың шегінде жұмыс істеуге тиіс болды.  
Жаңа  конституцияны  контрреволюцияны  толығымен  жой-
ғанға  дейін  енгізгілері  келмеді,  оған  мыналар  қарсы  тұрды: 
Конвент — заңдарды шығару мен түсіндіру құқығын иеленген 
жоғарғы  мемлекеттік  билік  органы;  мемлекетті  басқару  жəне 
қорғау бойынша айрықша өкілеттіктері бар Қоғамдық құтқару 
комитеті.  Оның  құрамында 14-15 мүше  болатын,  оның  ішінде 
М.Робеспьер,  Сен-Жюст,  Кутон  сияқты  көрнекті  якобиндер 
болған.  Бұл  комитеттің  басшылығында  жəне  бақылауында 
Атқарушы  кеңесті  қосқанда  барлық  министрліктер  мен 
ведомстволар  болды.  Қоғамдық  құтқару  комитетінің  айрықша 
қызметі  ретінде  əскерді  қайта  құру  жəне 1793 жылғы 23-
тамыздағы Декретпен жалпы əскери міндетті енгізуін атап өтсе 
болады. Мұндай шаралар Революциялық Францияға жауларын 
жеңу  үшін  аса  қажет  болды.  Қоғамдық  қауіпсіздік  комитеті 
республиканың  қауіпсіздігін  қамтамасыз  етуші  бірден-бір 
орган болып табылды. 
Комитетте  қаралған  соң  істер  Революциялық  трибуналға 
жіберілетін  (бұрынғы  Төтенше  қылмыстық  трибунал),  онда 
жылдамдатылған  сот  өндірісі  жүзеге  асырылып,  кінəлі  тұл-
ғаларға  қатысты  өлім  жазасы  қолданылатын.  Полиция  мен 
түрме Қоғамдық қауіпсіздік комитетіне бағынатын.  
Төтенше өкілеттіктерге иеленген Конвент комиссарлары да 
маңызды роль атқарған. Олар революцияға жоғары қауіп төніп 
тұрған жерлерге жіберілетін (əскер, ведомство, провинция). 
Жүзеге  асырылған  шаралардың  нəтижесінде, 1793 жылғы 
күз айларында əскердің саны бір миллионға жуық адамға жет-
ті,  олар  əскери  тəртіп  жəне  дайындықтан  өткен  жауынгерлер 
еді. Командирлыққа абыройлы жəне ержүрек офицерлер тағай-
ындалды. (24 жастағы  артилериялық  офицер  Н.Бонапарттың 
жоспары  бойынша  Тулон  басып  алынды,  сол  сəттен  бастап 
оның лауазымы өсе бастады).  
Елдегі  саяси  өмірде  Коммунаның  (Париждік)  маңызы  зор 
болды.  
 
127

1793 жылғы қыркүйек айында спекулянттармен күресу жəне 
Парижды  азық-түлікпен  қамтамасыз  етіп  отыру  үшін  ерекше 
революциялық  əскер  құрылды.  Спекуляция  мен  көлеңкелі  на-
рықтың дамуын тежеу үшін Конвент 1793 жылғы 11-қыркүйекте 
бидай,  ұн,  фураждың  ең  жоғарғы  бағасын  бекіткен  декрет 
қабылдады. 1793 жылғы 29-қыркүйекте  барлық  алғашқы  қа-
жеттілікегі  негізгі  тауарларға  тұрақты  бағалар  бекіткен  жəне 
еңбек ақының ең жоғарғы шегін анықтаған “Жалпы максимум 
туралы” декрет қабылданды. Соның арсында, 1794 жылғы жаз 
айында  революцияның  алдына  қойған  негізгі  мақсаттары 
орындалды.  М.Робеспьердің  басшылығымен  якобиндіктер 
революциялық  күштен  жазалаушы  күшке  айналды.  Револю-
циялық  трибунал  террор  жүргізуші  органға  айналды. 1794 
жылғы 10-маусымда  қабылданған  декрет  “халық  жауы”  деген 
түсінікті  енгізді,  ондай  адам  болып  революцияның  жаулары 
емес  көбіне  М.Робеспьердің  саясатымен  келіспеген  жеке 
жаулары табылды.  
Ле  Шапель  заңының  сақталуы,  сол  жақтық  ағымдардың 
күйреуі  М.Робеспьердің  əлеуметтік  тірегі — бұқара халықтың 
одан  теріс  қарауына  əкелді.  Саяси  террор  халықтың  жаппай 
көңіл  толмаушылығына  əкеп  соқты. 1794 жылғы 27-шілдеде 
(немесе  республикалық  календарь  бойынша  ІІ  жылғы 9-
термиінде)  якобиндік  режим  (республика)  алдын-ала  сөз 
байланысқан топтың қарулы көтерілісінің нəтижесінде құлады. 
 
ДИРЕКТОРИЯ (ТЕРМИДОРИАНДЫҚ РЕСПУБЛИКА) 
Термидориандықтар билікке келісімен М.Робеспьер, Кутон, 
Сен-Жюст жəне сол кездерде жойылған Париждік коммунаның 
(100 ден астам адамы) мүшелері өлтірілді. “Максимум туралы” 
заң мен байларға салынатын салық жойылды. 
Термидориандық  конвент 1795 жылғы  Конституцияны 
қабылдады.  Ол  “Адам  жəне  азаматтардың  құқықтары  мен 
міндеттері  туралы  декларациямен”  басталды.  Оның  ішінен 
мынадай революциялық сипаттағы ережелер қысқартылды, ол: 
халықтың  көтеріліске  құқығы,  басылым  жəне  жиналыс  өткізу 
еркіндігі, мемлекеттік қызметке алынудағы құқықтық теңдігі. 
1795  жылғы  Конституцияға  сəйкес,  жоғарғы  заңшығарушы 
жиналыс  ретінде  екі  палатадан  тұратын  заңшығарушы  корпус 
 
128

табылды.  Ол:  жоғарғы — Ақсақалдар  кеңесі;  төменгі — 
Бесжүздік кеңесі. Төменгі палата заң жобаларын дайындаумен 
айналысты, ал жоғарғы палата оларды бекітіп немесе қайтарып 
отырды.  
Заңшығарушы корпусқа сайлау екі дəрежелі сипатта болды. 
Алдымен,  сайлаушылар  сайлайтын  тұлғаларды — 25 жасқа 
толған, азаматтығы  бар  жəне  жұмыскердің 200 күндік  еңбека-
қысының көлемінен кем емес мүлкі бар азаматтарды сайлады. 
Сайлайтын  тұлғалар  Заңшығарушы  корпус  пен  жоғарғы  сот 
органдарына мүшелерді сайлады.  
Атқарушы  билік  құрамында  Ақсақалдар  кеңесі  тағайын-
дайтын бес мүшесі бар Директорияға берілді.  
 
КОНСУЛДЫҚ ЖƏНЕ ИМПЕРИЯ 
Директория  “əткеншек  саясатын”  жүргізді,  яғни,  халықтан 
да, дворяндардан да қорқып, саяси күштердің сол қанатынан оң 
қанатына ауысып отырды. Басқарушы топ жаңа революциядан 
құтылудың  жолы  ретінде  əскери  диктатураны  көрді.  Италия 
жəне Еуропадағы соғыс əректтерінен кейін атағы шыққан гене-
рал Н.Бонапарт осы кезде ерекше қолдау тапты. 
1799  жылы (9-10 қарашада  немесе  республикалық  күнтізбе 
бойынша  VІІ  жылдың 18-19 брюмерінде)  Бонапарт  əскердің 
көмегімен  Заңшығару  корпусын  таратып  жіберіп,  Директо-
рияны  жойды.  Мемлекетті  басқару 3 консулдың  қолына  өтті. 
Айрықша билікті бірінші консул (Бонапарт) иеленді.  
1799 жылғы конституция заңды түрде жаңа режимді бекітті. 
Үкімет  үш  консулдан  тұратын  болды.  Барлық  билік  бірінші 
консулдың  қолына  жинақталды,  ал  екінші  жəне  үшінші 
консулдар тек кеңесу дауысына ие болды. 
Заңшығарушы  билік  органы  ретінде  Мемлекеттік  кеңес, 
Трибунат, Заңшығарушы корпус жəне Қорғаушы сенат құрыл-
ды. 
Бірінші  консул  заң  жобасын  ұсынатын,  Мемлекеттік  кеңес 
оларға  түзетулер  енгізетін,  Трибунат  оларды  талқылайтын, 
Заңшығарушы  корпус  оларды  жарыссөзсіз  қабылдайтын 
немесе қабылдаудан бас тартатын, ал Қорғаушы сенат оларды 
бекітетін. Сонымен, бұл органдар дербес мағынаға ие болмады, 
 
129

тек  бірінші  консулдың  жалғызілікті  билігінің  көлеңкесінде 
қалды. 
1802  жылы  Бонапарт  өз  мирасқорын  тағайындау  құқығына 
ие өмір бойғы консул атына ие болды. Көп ұзамай ол Франция-
ның императоры болып жарияланды.  
1814  жылы  империяны  одақтық  əскер  (орыс,  ағылшын, 
австриялық жəне пруссиялық) құлатты. 
ЛЕГИТИМДІК МОНАРХИЯ 
ХVІІ  Людовик  патша  (өлтірілген  патшаның  бауыры) 
революция  болайын  деп  тұрған  жағдайда  абсалюттік  билікке 
қолы  жетпейтінін  түсініп  конституциялық  басқаруға  келісім 
берді. 1814 жылы  бұл  жағдай  Хартиядан  өз  көрінісін  тапты. 
Елде  легитимді  конституцялық  монархия  орнады  (легитимді , 
яғни  “заңды”  Бурбон  династиясы  басқарды).  Патшаға  бүкіл 
атқарушы  билік  берілді.  Заңшығарушылық  саласында  ол  жар-
лықтар шығаруға құқықты болды. Сондай-ақ, оған пэр титулын 
сұрау  құқығы  берілді,  ол  өмірлік  немесе  мұрагерлік  жолмен 
берілді.  Пэр  болу  құқығын  туылған  кезінен  бастап  тек  патша 
отбасының мүшелері жəне қандас ханзадалар иеленген. 
Сайлау  ценздерін  енгізудің  нəтижесінде, 31 миллиондық 
халықтан таңдау құқығына тек 50 мың адам иеленді, ал таңдал-
ғандардың саны 15 мыңнан аспау керек еді. 
Легитимді  монархия,  негізінен,  Наполеонның  кезінде 
құрылған  əскери-бюрократиялық  жəне  сот  аппаратын  сақтап 
қалды. 
 
ШІЛДЕЛІК МОНАРХИЯ. 1830 ЖЫЛПЫ РЕВОЛЮЦИЯ  
ЖƏНЕ ХАРТИЯ
 
1830 жылғы маусымда Х Карл патшалығының үкіметі 1814 
жылғы  Хартиямен  бекітілген  конституциялық  режимді  жою 
туралы  шешім  қабылдады.  Негізгі  төрт  құжат  қабылданды: 
депутаттар  палатасын  тарату  туралы;  төменгі  палатадағы 
депутатардың санын екі  есе  азайту туралы; прессаға қосымша 
цензура еңгізу туралы; жиналыс жəне көтеріліс жасауға тыйым 
салу туралы. Бұл құжаттарды ел ішінде көңіл толмаушылықпен 
қабылдады. 1830 жылы  шілдеде  париждықтар  қарулы  көтері-
ліске шықты. Астана көтерілісшілердің қолына көшті, Х Карл 
мемлекеттен қашты, легитимдік монархия құлады.  
 
130

Патша ретінде Луи-Филиппті (Бурбондардың кіші тармағы-
нан), ірі буржуазия өкілін сайлады.  
1830  жылғы  хартия  жаңа  режимнің  конституциясы  болып 
табылды. Парламенеттің  рөлі кеңейе  түсті, заңшығарушы бас-
тама  патшаға  жəне  қос  палатаға  берілді.  Мүліктік  ценздің 
төмендеуі  таңдаушылар  санының  өсуіне (240 мыңға  дейін) 
алып  келді.  Алайда,  мемлекеттік  аппараттың  маңызды 
буындары өзгеріссіз қалдырылды. 
 
ЕКІНШІ РЕСПУБЛИКА 
1848  жылғы  ақпан  айындағы  бейбіт  демонстранттардың 
атылуы  париждықтардың  көтеріліске  шығуына  түрткі  болды. 
Луи-Филипп  тақтан  бас  тартты.  Елде  уақытша  үкімет  жəне 
мобильді  жалданбалы  əскер  құрылды. 1848 жылғы  көктемде 
Құрылтай  жиналысына  сайлаулар  өтті.  Жиналыстың  басым 
көпшілігін  ірі  буржуазия,  жер  иеленушілер,  генералдар  жəне 
жоғарғы дін қызметкерлері құрады. Еңбеккерлердің жағдайын 
жақсартатын актілердің барлығы жойылды.  
1848 жылғы 22-маусымда жұмысшылар көтеріліске шықты, 
алайда,  бұл  көтерілісті  төрт  күннен  соң  тұрақты  əскер  мен 
мобильді гвардия басып тастады.  
Қайтадан  енгізілген 1848 жылғы  Конституциямен  басқа-
рудың  республикалық  нысаны,  биліктің  тармақтарға  бөлінуі 
жарияланды.  Жоғарғы  заңшығарушы  орган  ретінде  депутат-
тары 3 жыл  мерзімге  сайланатын  Ұлттық  жиналыс  құрылды. 
Атқарушы  биліктің  басшысы  болып  жиналыспен  емес,  депар-
таменттердің  сайлаушылары  арқылы  таңдалатын  Президент 
тағайындалды. 
Заңдардың қолданылуын бақылайтын кеңесуші орган болып 
Мемлекеттік  кеңес  табылды.  Оның  құрамы  Ұлттық  жиналыс-
пен 6 жыл мерзімге тағайындалатын. 
 
ЕКІНШІ ИМПЕРИЯ 
Алғашқы  сайланған  президент  болып  Луи  Наполеон  (На-
полеон Бонапарттың туысы) табылды. Бұл шаруалардың дауыс 
беруінің  арқасында  жүзеге  асырылды.  Алайда,  оның  канди-
датурасы  ірі  буржуазия  мен  банкирлерді  қанағаттандырды. 4 
жылдық сайлау мерзімі мен қайта сайлануға салынған тыйымға 
 
131

қанағаттанбаған Луи-Наполеон 1851 жылғы желтоқсанда  Ұлт-
тық жиналысты таратып жіберіп, 1848 жылғы конституцияның 
күшін жойды.  
1852  жылғы  конституция  Луи-Наполеонның  мемлекеттік 
төңкерісін заңдастырды.  
Жаңа конситуцияға сəйкес, барлық билік толығымен прези-
дентке берілді. Заңшығарушы билікті Мемлекеттік кеңес, Заң-
шығарушы  корпус  жəне  Сенат  президентпен  бірлесе  отырып 
жүзеге  асыратын  болды.  Ол  Мемлекеттік  кеңес  пен  Сенаттың 
мүшелерін  тағайындады.  Президент 10 жыл  мерзімге  сайла-
натын болды.  
1852  жылғы  қарашада  империя  заң  жүзінде  қалпына  келті-
рілді.  Луи-Наполеон  француздардың  императоры — ІІІ  Напо-
леон болды. Елде əскери-полициялық диктатура орнады.  
1870 жылы жазда Луи-Наполеон Пруссияға қарсы соғыс ашты.  
 
1870 ЖЫЛҒЫ ҚЫРКҮЙЕК РЕВОЛЮЦИЯСЫ ЖƏНЕ  
РЕСПУБЛИКАНЫҢ ҚАЛПЫНА КЕЛТІРІЛУІ 
Седан  қаласының  түбіндегі  шешуші  соғыста  француздар 
жеңіліс  тапты.  Бұл  жөніндегі  хабар  Парижге  жеткенде (1870 
жылғы  қыркүйек)  мұнда  көтеріліс  басталды.  Пруссия  О.Бис-
марктың  басшылығымен  Франциядан  Эльзас  жəне  Лотарин-
гияны  тартып  алуды  шешті.  Соғыс  азаттық  сипатты  иелене 
бастаған соң халықты патриоттық сезім биледі. Парижде Ұлт-
тық  гвардияға  көптеген  жұмысшылар  енді,  олардан  Пруссия-
ның  Парижге  шабуылын  тойтарып  отырған 200 батальонды 
құрады.  Париждықтардың  қысымымен 1870 жылғы 4 қыр-
күйекте үшінші республика жарияланды. Билік Тьер үкіметінің 
қолына көшті. 
 1871  жылдың  басында  халықтың  қозғалысының  ауқы-
мынан қорыққан Тьер үкіметі Эльзас пен Лотарингияны беріп, 
жəне 5 млрд. франк төлеп Пруссиямен бейбіт келісім жасады.  
  
1871 ЖЫЛҒЫ ПАРИЖ КОММУНАСЫ 
1871  жылғы 18 наурызға  қараған  түнде  үкімет  əскерінің 
отрядтары  Париждық  Ұлттық  гвардияның  зеңбіректерін  тар-
тып алуға əрекет жасады, алайда, бұл жүзеге аспады, солдаттар 
халықпен  бауырласып  кетті.  Үкімет  Версальға  қашып  кетті, 
 
132

қаладағы билік Ұлттық гвардияның Орталық Комитетіне көш-
ті.  Көтеріліске  шыққандардың  басшылық  құрамы  жаңа  яко-
биндерден (1793-1794 жылдардағы  якобиндік  республика 
идеясын 
жақтаушылар), 
бланкистерден 
(революционер 
О.Бланктың  ізбасарлары)  тұрған  “көпшіліктен”  жəне  “азшы-
лықтан”  тұрды.  Бланкистер  революцияны  кішігірім,  жақсы 
ұйымдасқан  ұйымның  күшімен  жасауға  болады  деп  санады. 
“Азшылыққа” прудонистер (П.Ж.Прудонның ілімін жақтаушы-
лар)  енді,  олар  қоғамның  жекелеген  щаруашылықтарға  негіз-
делген мемлекеттік емес өмірін жақтады.  
Жаңа  биліктің  басқарушы  органы  болып  Ұлттық  гвар-
дияның  Орталық  Комитеті  табылды.  Жоғарғы  өкілдік  орган 
Париждік  Коммуна  кеңесі  болды.  Ол  əртүрлі  мəселелерге  қа-
тысты 10 комиссиядан тұрды.  
Сот  əділдігін  əділет  комиссиясы  жүзеге  асырды.  Соттар 
былай бөлінді: версальдықтардың ісі бойынша айыптаушы ал-
қадан тұрған жалпыазаматтық соттар; келісім соттары; азамат-
тық  сот  палаталары  жəне  батальондардағы,  легиондардағы 
тəртіптік соттардың құрамындағы əскери соттар, жалпыəскери 
сот.  Сот  жүйесінің  басында  Париж  Коммунасының  Кеңесі 
тұрды,  ол  басқа  соттар  үшін  кассациялық  инстанция  болып 
табылды.  
1871  жылғы 19 сəуірде  Париж  Коммунасы  “Француз  хал-
қына  арналған  декларацияны”  жариялады.  Декларация  бүкіл 
мемлекетті Париж Коммунасы үлгісі бойынша, яғни, республи-
калық  режимді  ауыстырмай,  коммуналарға  бөлуді  ұсынды. 
Орталық  үкімет  Коммуналардың  депутаттарының  жиналысы 
ретінде жұмыс жасады. 
1875 ЖЫЛҒЫ КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ ЗАҢДАР 
Мемлекеттің  конституциясын  құраған  үш  заң  қабылданды: 
Мемлекеттік  билікті  ұйымдастыру  туралы  конституциялық 
заң,  Сенатты  ұйымдастыру  туралы  заң  жəне  Мемлекеттік 
биліктердің өзара қатынасы туралы заң.  
Президент  Сенат  пен  депутаттар  палатасының  көпшілік 
дауысымен 7 жыл мерзімге сайланатын, оған атқарушы билік-
тің толық ауқымы берілді. Заңшығару билігін Сенат пен депу-
таттар палатасы жүзеге асырды. 
 
133

Жалпы  алғанда, басқарудың  республикалық  режимі  жария-
ланды,  алайда,  бұл  режимде  монархияның  кейбір  элементтері 
сақталып  қалды.  Бұны  Францияның  саяси  өміріндегі  респуб-
ликалық  жəне  монархиялық  ағымдардың  өзара  күресімен  тү-
сіндіруге болады. 
1877  жылы  үш  монархиялық  топ  (легитимистер,  бонапар-
тистар жəне орлеанистер) республикаға қарсы бүлік шығаруға 
бірікті.  Президент  Мак-Магон  (бонапартист)  бүлік  шығару-
шылардың  басында  жүріп,  мемлекеттік  төңкеріліс  жасауға 
ұмтылды,  алайда,  республикандықтардың  қайтпас  қарсылық-
тарынан кейін отставкаға кетуге мəжбүр болды. 
Екінші  рет  мұндай  əрекетті  əскери  министр  Буландже  қай-
талады.  Алайда,  париждіктердің  көтерілісінен  қауіптеніп,  ол 
ашық  əскери  шабуыл  жасауға  бармады. 1884 жылы  демо-
кратиялық  қозғалыстың  жандануына  байланысты 1875 жылғы 
конституцияға  маңызды  түзетулер  енгізілді.  Бұл  жерде  мына-
дай мəселелер қарастырылды:  
1)  Депутаттар  палатасы  мен  Сенат  мемлекеттік  биліктің 
негізгі буынына айналды; 
2) Президент билігінің ауқымы шектелді; 
3)  Үкімет  парламенттің  бақылауына  берілді  (парламенттің 
ең  болмаса  бір  палатасының  білдірген  сенімсіздік  вотумы 
үкіметтің отставкаға кетуіне негіз болды). 
Бұдан  біраз  уақыт  бұрын, 1879-1880 жылдары,  ұлттық 
əнұран  ретінде  Париждік  Коммунаның  əнұраны  “Марсельеза” 
болуына  республикандықтар  қол  жеткізді,  ал 14 шілде  (Бас-
тилияны  алған  күн)  Францияның  ұлттық  мерекесіне  айналды. 
Республика  негізінен  бұрынғы  əкімшілік-аумақтық  бөлінісін 
(бірінші  империядан  қалған)  сақтап  қалды.  Кейбір  министр-
ліктер  департаменттерде,  тіпті,  кейбір  кантондарда  өзінің 
бөлімшелерін иеленді. Департаментке префект, ал округке суп-
рефект  басшылық  жасады.  Жергілікті  сайлау  органдары  мы-
налар  болды:  департаменттің  бас  кеңесі,  округтіқ  кеңес,  ком-
муналардағы  муниципалитет.  Коммунаның  басшысы  болып 
сайланбалы  мэр  табылды.  Бұл  органдар  салық  мəселесін, 
жергілікті  жерлерді  көркемдеу  жəне  т.б.  мəселелермен  айна-
лысты.  Префектті  ішкі  істер  министрінің  ұсынысымен  Прези-
дент тағайындайтын, супрефектті ішкі істер министрі тағайын-
 
134

дайтын. Бұл тұлғалар округтар мен департаменттерде орталық 
биліктің өкілі болып табылды. 
 
ФРАНЦУЗДЫҚ КОЛОНИАЛДЫҚ ИМПЕРИЯ 
Өзінің  ауқымы  бойынша  екінші  орынды  иеленген  коло-
ниалдық империя салыстырмалы түрде қысқа мерзімде құрыл-
ды: 1880-1918 ж.ж.  оның  құрамына  мына  елдер  кірді:  Батыс 
Африка — Сенегал,  Гвинея,  Судан,  Мавритания,  Нигерия; 
Экваторлық  Африка — Конго,  Чад,  Габон,  Жоғарғы  Вольта 
(Буркина Фасо); Солтүстік Африка — Тунис, Алжир, Марокко; 
аралдар — Таити,  Мадагаскар,  Маркиздік  аралдар,  Гвиана; 
Солтүстік  Америка — Канадалық  Квебек;  Үндіқытай — 
Вьетнам, Камбоджа, Лаос.  
Француз  колонияларының  негізгі  бөлігі  төрт  генерал-
губернаторлыққа  бөлінді:  Франсуздік  Батыс  Африка,  Фран-
суздік  Экваторлық  Африка,  Мадагаскар,  Үнді-Қытай.  Үнді-
Қытай  басқаруға  қолайлы  болу  үшін  мынадай  тəртіпте 
бөлінген:  Кохинхин  (Оңтүстік  Вьетнам),  Аннам  (Орталық 
Вьетнам), Камбоджа, Лаос. Камбоджа жəне Аннамда жергілікті 
династиялар  тікелей  басқаруға  жіберілді.  Алжирдың  аумағы 
үш  департаменттің  арасында  бөлінді.  Азаматтық  басқару  пре-
фектілердің,  ал  əскери — дивизион  генералдарының  қолында 
шоғырланды.  Туниста  жергілікті  монархты,  Мароккода — 
сұлтанды сақтап қалды, бірақ олардың билігі шектелген болды. 
  

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   16




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет