Булгакова Д. А



Pdf көрінісі
бет3/16
Дата18.01.2017
өлшемі1,67 Mb.
#2136
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
29

4. Ежелгі Қытайдың мемлекеті жəне құқығы 
 
Б.э.д.  ІІІ  мыңжылдықтағы  Қытайдың  ежелгі  тұрғындары 
Хуанхэ  өзенінің  орта  жəне  төменгі  ағыс  тұстарын,  Бохай 
шығанағының жанындағы жазықтықты, жəне Қытайдың басқа 
аумақтарының  кең  жазықтарын  мекендеген.  Бұл  аумақтарда 
өмір  сүрген  тайпалар  түрліше  аталған:  солтүстікте — «ли», 
шығыста — «и»,  батыста — «цзян»  немесе  «жун»,  оңтүстікте 
— «мань». Ежелгі халықтар тайпаларға біріккен рулық қауым-
дармен өмір сүрген жəне ортақ шаруашылықты жүргізген.  
Б.э.д.  ІІІ  мыңжылдықтың  соңында  өндірістік  күштердің 
одан  əрі  дамуы,  жеке  меншіктің  пайда  болуы  жəне  қоғамның 
таптарға  бөлінуі  рулық  құрылымның  ыдырауына  жəне  оның 
орнына мемлекеттің пайда болуына алып келді. Шамамен б.э.д. 
1600  ж.  шығыс  «и»  тайпалары  Солтүстік  Қытайдың  үлкен 
аумағын  жаулап  алып,  өз  қарсыластарын  жеңді  де,  Шан  (инь) 
мемлекетін құрды.  
Ежелгі  Қытайдың  мемлекеті  мен  құқығы  тарихының  ке-
зеңдері: 
1  кезең — Шан  «Инь»  кезеңі  (б.э.д.  ХҮІІІ-ХІ  ғ.ғ.) — 
құлиеленушілік  қоғамның  қалыптасуы  жүзеге  асады.  Бұл 
кезеңде, сонымен қатар, екі кезең көрініс табады: а) ерте Шан 
(б.э.д.  ХҮІІІ — ХҮ  ғ.ғ.) — таптардың  пайда  болуының  бас-
тапқы кезеңдері ғана тəн; ə) кейінгі Шан (б.э.д. ХІҮ— ХІ ғ.ғ.) 
— таптық қоғам толығымен қалыптасып бітеді.  
2 кезең — Чжау кезеңі (б.э.д. ХІ — ІІІ ғ.ғ.) — иерархиялық 
əлеуметтік жүйе пайда болады; 
3 кезең — Цинь кезеңі (б.э.д. 221-201 ж.ж.) жəне Хань кезе-
ңі (б.э.д. ІІІ ғ.— б.э. ІІІ ғ.) — жаңа, феодалдық қатынастардың 
негізі пайда болады. 
Қоғамдық  құрылым.  Кейінгі  Шан  кезінде  халықтың  жалпы 
санынан  артықшылықты  топ  бөлініп  шығады,  оның  құрамына 
билеуші — ван  жəне  оның  туыстары,  билеушіге  жақын 
адамдар  абыздар,  шенеуніктер  жəне  бағынышты  тайпалардың 
ақсүйектері  кірген.  Чжоулық  Қытайда  бірнеше  разряд — 
əлеуметтік  ранглер  пайда  болды.  Ранг  тұрғын  үй  мен  жердің 
мөлшерін,  құлдардың  саны  мен  жалақының  мөлшерін  анық-
таған.  Цинь  кезеңінде  Шан  янның  жүргізген  өзгертулері  не-
 
30

гізінде  ақсүйектіліктің  ранглері  туралы  жаңа  ереже  енгізілді, 
оған сəйкес ранглер ақсүйектік тегіне емес, билеуші алдындағы 
жетістіктері үшін берілген. Барлығы 20 ранг енгізілді, ал б.э.д. 
ІІІ  ғасырдан  бастап  оларды  сатып  алуға  рұқсат  етілген.  Со-
нымен,  жаңа  ақсүйектер  пайда  болды:  мүліктік,  əскери,  қыз-
меттік жəне саудагерлік. 
Ең  төменгі  сатыда  құлдар  болған.  Құлдықтың  қайнар  көз-
дері  түрліше  болған:  əскери  қамау, қарыздық  құлдық, сый  ре-
тінде алу, қылмыскерлер, шығынға ұщыраған шаруалар. 
Қоғамның үстем тобы мен құлдардың арасында жер өңдеу-
мен айналысатын еркін қауым мүшелері болған. 
Мемлекеттік  құрылым.  Құлиеленушілік  Қытайда  оның 
тарихының  барлық  кезеңінде  басқарудың  монархиялық  ныса-
ны болған. Билеуші — ванның қолында билік толығымен бол-
ған.  Патша  билігі  құдайдың  билігіне  теңестірілетін  Монархия 
мұрагерлік сипатта болған. Ежелгі Қытайда басқарудың сарай-
лық жүйесі болған, яғни, нақты анықталған құзіреті бар тұрақ-
ты  түрде  қызмет  ететін  мемлекеттік  мекемелер  болған  жоқ, 
олардың орнына арнайы тапсырмаларды орындайтын тұлғалар, 
күңдер болған. 
Шан  дəуірінде  патшаға  жақын  тұлғалардың  арасында 20 
жуық ресми титулдар болған, олар функциялары бойынша үш 
топқа  бөлінген:  біріншісі — азаматтық  лауазымды  тұлғалар, 
екіншісі — əскери  лауазымды  тұлғалар,  үшіншісі — əртүрлі 
кеңесшілер,  бал  ашушылар  мен  көріпкелдер.  Чжоу  кезеңінде 
ванның  ең  жақын  көмекшісі  болып  сян  табылған,  ол  барлық 
шенеуніктерге  басшылық  жасап,  билеушінің  əртүрлі  тапсыр-
маларын  орындаған.  Сонымен  қатар,  үш  гундер — патшаның 
басты  кеңесшілері  лауазымы  болған.  Цинь  дəуірінде  импера-
тордың  жақын  көмекшілері  болып  екі  бірінші  кеңесшілер — 
екі  ченсина  табылады,  олар  аппарат  жұмысын  басқарады, 
тайвэй — империяның қарулы күштерін басқарады жəне юйши 
дафу — барлық  мемлекеттік  аппаратты  басқарады.  Ченсяна, 
тэйвей жəне юйши дафу аса лауазымды тұлғалар болатын жəне 
«үш гун» атауын иеленді.  
Жергілікті  басқару.  Шан  жəне  Чжоу  дəуірінде  Қытай  өз 
көсем — билеушілері — чжухоулары бар көптеген иеліктердің 
жиынтығынан  құралған  болатын.  Чжухоулар  ванның  жоғарғы 
 
31

билігіне  бағынған.  Цинь  дəуірінде  Шан  Янның  əкімшілік 
реформасына  сəйкес  патшалықтың  аумағы 41 цездке  бөлінді, 
олар  валостар  мен  тиналарға  бөлінді,  ал  алар,  өз  кезегінде,  өз 
басқару  органдары  бар 10 қауымдастықтан  құралды.  Қауым-
ның  тұрғындары  фулаоны  (ақсақал)  сайлаған,  ал  олардың 
арасынан староста — личжен сайланған. 
Əскер.  Шан  патшалығында  тұрақты  əскер  болған  жоқ. 
Қажет  болған  жағдайда  чжухоулар 3000, 5000, 6000 əскер-
лерден  құралған  отрядтарды  ұсынған.  Жиналған  əскер  əскер-
басы — қолбасшыға берілетін жəне  жорыққа шығатын. Əскер 
екі бөлікке бөлінетін: жаяу əскер жəне арбалы əскер. Сонымен 
қатар,  халық  мал  мен  арбаларды  беретін.  Əскердің  үш  түрі 
болған: жаяу əскер, атты əскер жəне қарулы арбакештер. Цинь 
империясында  əскер  бестіктер  мен  ондықтарға  бөлінген. 
Жоғарғы қолбасшы болып императордың өзі табылған.  
Сот жүйесі. Сот функцияларын тармақтарға бөлінген мем-
лекеттік  аппараттың  көптеген  өкілдері  жүзеге  асырған. 
Мемлекеттегі  жоғарғы  судья  болып  ван  табылған.  Жергілікті 
жерлерде сот істерін қараумен болыстықтың бастығы айналыс-
қан.  
Құқықтың  негізгі  сипаттары.  Б.э.д.  Ү—  ІІ  ғ.ғ.—  да 
бірқатар  жинақтар  жасалған,  олардың  ішінде  ең  əйгілі 6 
тараудан  құралған  «Заң  кітабы» (Фацзин).  Мұнда  Қытайдағы 
қолданыстағы  қылмыстық  іс  жүргізушілік  заңнама  көрініс 
тапқан.  
Шан  мемлекетінде  меншік  құқығының  обьектілері  ретінде 
мал,  құлдар,  еңбек  құралдары,  құнды  асыл  бұйымдар  жəне 
басқа  да  мүлік  танылған.  Тек  б.э.д.  І  мыңжылдықтың  екінші 
жартысында  ғана  жерге  деген  меншік  құқығы  пайда  болады. 
Қытайлық заңнамаға мына шарт түрлері тəн болған: сату-сатып 
алу, заем, кепіл, несие беру, жерді жалдау. 
Шан  кезеңінің  отбасы  құқығында  матриархаттың  элемент-
тері болған, туыстар арасындағы некеге рұқсат берілетін, алай-
да,  Чжоу  мемлекетінде  патриархатты  отбасы  орнығып,  көп 
əйел алуға рұқсат етіледі.  
Мұрагерлік  құқықта  əке  мүлкін  бірінші  əйелдің  үлкен  ұлы 
иемденетін  тəртіп  орныққан.  Ұлы  болмаған  жағдайда  мұра-
герлікті күйеуінің басқа туыстары иеленетін. 
 
32

Қылмыстық  заңнамада  мемлекеттік  қылмыстарға  ерекше 
мəн  берілген,  олар  үшін  мынадай  жазалау  жүйесі  қолданыл-
ған:  таңба  салу,  мұрынды  кесу,  аяқты  шабу,  еркектердің  жы-
ныс мүшесін кесіп тастау жəне өлім жазасы. 
Ежелгі  Қытайдағы  сот  əкімшіліктен  ажыратылмайтын.  Ал-
дын-ала тергеу мен сот талқысын бір тұлға жүргізе беретін. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
33

5. Ежелгі Грецияның мемлекеті жəне құқығы 
 
Б.э.д. ҮІІІ — ҮІІ ғ.ғ.-да Грецияда рулық құрылым жойылып, 
құлиеленушілік  қоғам  мен  мемлекет  қалыптаса  бастаған. 
Греция  біртұтас  мемлекет  болмаған  жəне  мұнда  бірдей 
халықтар  өмір  сүрмеген.  Ол  дербес  қала — мемлекеттер — 
полистерден  құралған.  Ежелгі  Грецияның  құлиеленушілік 
қоғамына  тəн  негізгі  мемлекеттердің  қатарынан  Афины  мен 
Спартаны атауға болады.  
 
 
а) Спартаның мемлекеті жəне құқығы 
Спартаның  негізін  қалаушы  ретінде  Ликург  патша  сана-
лады. Спартада үстемдік құрушы класс ретінде спартиаттар — 
толық  құқылы  азаматтар  саналған,  олардың  саны 8 мыңдай 
болған  жəне  тек  Спартада  өмір  сүрген.  Оларда  жерге,  малға 
жəне  солардың  жерінде  жұмыс  істейтін  илоттарға  меншік 
құқығы болған.  
Спартиаттардың ұйымдасуы рулық сипатта болған. Барлық 
спартиаттар  үш  рулық  филге  бөлінген,  əрбір  фил — он 
«обаға»,  əрбір  оба — он  триакидке  бөлінген.  Спартада  қанау-
шы  тапқа  илоттар — жауланған  аумақтардың  бас  иген 
тұрғындары  мен  пэриектер — жеке  бостандығы  бар,  бірақ 
саяси  құқықтарды  иеленбейтін  жəне  Спартаға  төлем  төлейтін 
тұрғындар жатқан.  
Спартада мемлекеттік биліктің келесі органдары болған.  
1.
 
Халық жиналысы — апелла, ол герусияның ұсыныстарын 
қабылдаған немесе олардан бас тартқан.  
2.
 
Герусия — ақсақалдар  кеңесі, 30 геронттан  құралған, 
олардың  ішіне  екі  патша — басилевстер  «архагеттер)  енген, 
бұл Спартаның мемлекеттік құрылымының өзіндік ерекшелігі. 
Архагеттер  герусияға  бағынған  жəне  оның  келісімінсіз  ешбір 
маңызды шешімді қабылдай алмаған. 
3.
 
Эфарат — архагеттер  мен  герусияны  бақылау  функ-
циясын жүзеге асыратын бес адамнан құрылған комиссия.  
Спартадағы  құқықтың  негізгі  қайнар  көзі  ретралар 
табылған.  Бұл — Ликург  патша  шығарған  Спартаның  негізгі 
заңдары. Олардың ішінде ең маңыздысы — «Ликург ретрасы». 
 
 
34

ə) Афины мемлекеті жəне құқығы 
Афины  мемлекетінің  пайда  болуы — б.э.д.  ҮІ  ғ.  аяқталған 
ұзақ процесс. Оның алғашқы кезеңі ретінде басивелс Тесейдің 
реформаларын атауға болады, ол синойкизм деп аталатын төрт 
тайпаның  бірлестігін  ұйымдастырған  жəне  Афинының  еркін 
халқын сословиелерге бөлген: эвпатридтер — ақсүйектер, гео-
морлар — жер өңдеушілер, демиургтер — қолөнершілер жəне 
феттер — кедейлер. 
Біртіндеп эвпатридтер басилевстің билігін шектей бастайды, 
оның  лауазымын  мұрагерлікке  алу  аяқталады,  ал  оның 
функциялары  жаңа  сайланбалы  лауазымды  тұлғаларға — 
архонттарға  ауысады.  Архонттра  алқасын  архонт — эпиним 
басқарған,  ол  мемлекетті  басқарып,  сот  функцияларын  атқар-
ған; екінші архонт — архонт-басилевс, ол абыздың міндеттерді 
атқарып, діни істер бойынша сотты жүзеге асырған; үшінші — 
архонт-полемарх əскери басшылықты жүзеге асырған; архонт-
тар алқасының қалған алты мүшесі — архонттар-фосмофеттер 
əділдікті жүзеге асырған. 
Екінші  жаңа  басқару  органы  Ареопаг  ақсақалдар  кеңесінің 
орнына  келді.  Ареопаг  жоғарғы  сот  органы  болды,  сонымен 
қатар архонттарды сайлап, бақылаған. Осы кезде, б.э.д. ҮІІ ғ., 
мемлекет бірқатар округтар-навкрарийлерге бөлінеді, олар сол 
кездегі  тайпалардың  шегінде  ұйымдасады — əр  тайпада 12-
ден. 
Афиныдағы  мемлекеттің  пайда  болуының  екінші  кезеңі 
Солонның реформаларымен байланысты: олардың біріншісі — 
сисахфия — қарыздық  құлдықты  жою;  екіншісі — саяси 
құқықтар  мен  міндеттерді  бөлуде  мүліктік  цензді  орнықтыру, 
барлық  азаматтар  мүліктік  ценз  бойынша 4 топқа  бөлінді; 
бесжүздіктер,  атқамінерлер,  зевгиттер  жəне  феттер;  үшіншісі 
—  жаңа  сот  органы  гериэя  құрылды;  төртіншісі — жаңа 
басқару  органы  төртжүздік  кеңесі  құрылды,  ол  əрбір  жыл 
сайын  алғашқы  үш  топтың  азаматтары  қатарынан  əрбір 
тайпадан 100 адамнан сайланған.  
Афины  мемлекетінің  құрылуының  соңғы,  үшінші  кезеңі 
болып  Клисфеннің  реформалары  табылды,  олар  Афиныдағы 
рулық құрылымның қалдықтарын толығымен жойды. Клисфен 
халықты бұрынғыша төрт тайпаға бөлудің саяси мəнін жойды. 
 
35

Енді Афины 10 аумақтық филге (округтерге) бөлінді, олардың 
əрқайсысы  əртүрлі  аумақтарда  орналасқан  жерлерден — 3 
триттийден  құралды:  қалалық,  теңіз  жағасындағы  жəне  жер 
өңдеушілік,  бұл  қаланың  селолық  жерлерден  үстемдігін 
қамтамасыз етті. Екінші реформаға сəйкес, тайпалық бөлініске 
негізделген  төртжүздік  кеңестің  орнына  Клисфен  бесжүздік 
кеңесін құрды. Ол 10 филдің əрқайсысынан 50 өкілден құрал-
ды. Үшінші реформа арқылы тағы да бір басқару органы — 10 
стратег  (əскер  басшысы)  алқасы  құрылды,  ол 10 филдің  əр-
қайсысынан 1 адамды  жинау  арқылы  құрылатын  болған  жəне 
қалыптасқан  құрылымға  қолсұғушылықты  болдырмау  мақ-
сатында Клисфен халық жиналысында остракизм деп аталатын 
үрдісті  енгізді (остракон — сайлаушы  құрылымға  нұқсан  кел-
тірушінің  есімін  жазатын  бас  сүйек).  Бұл  Клисфеннің  соңғы 
реформасы болды.  
Клисфеннің 
реформалары 
Афиныдағы 
мемлекеттің 
қалыптасуының  ұзақ  үрдісін  саудагерлердің,  қолөнершілердің 
жəне  шаруалардың  демостың  рулық-тайпалық  ақсүйектерді 
жеңуімен аяқтады. Бұл Афиныда б.э.д. Ү ғ.-да құлиеленушілік 
демократиялық  мемлекеттің  қалыптасуына  негіз  болды.  Бұл 
мемлекеттің  негізгі  сипаты — еркін  құлиеленушілердің,  еркін 
кедейлердің  жəне  люмпендердің  (өндірістік  құралдардан 
айырылған  адамдардың)  құлдар  мен  етектердің  (Афиныда 
орныққан  шетелдіктердің)  үстінен  бірлескен  үстемдігі.  Афи-
нылық демократияның гүлдену кезеңі — б.э.д. V — IV ғ.ғ. 
Мемлекеттік  құрылым.  Афиныдағы  мемлекеттік  биліктің 
жоғарғы  органы  болып  халық  жиналысы  табылды,  ал  анық-
талған  нақты  мерзімде — жылына 40 рет  шақырылатын.  Ха-
лық  жиналысына  тек  жиырма  жасқа  толған  толық  құқылы 
афиндік азаматтар ғана қатыса алатын. Шешім қабылдау үшін 
6 000 адамның болуы міндетті болатын. 
Басқарудың  жоғарғы  органы  болып  бас  жүздік  кеңесі 
табылған,  оған  əрбір  аумақтық  он  фильден  бір  жылға  жеребе 
арқылы сайланатын, 30 жасқа толған 50 азамат кіретін. Ағым-
дағы істерді шешу үшін он комиссияға бөлінген, бұл комиссия 
əрбір фильден 50 өкілден құралған. 
Жоғарғы сот органы болып гелиэя табылды, ол 6 000 адам-
нан  құралады,  оны  əрбір  фильден  жеребе  арқылы  бір  жылға 
 
36

сайланатын 30 жасқа  толған 600 адам  құрады.Гэлия 501 
мүшеден тұратын 10 алқаға бөлінген (қалған мүшелері қосым-
ша  деп  саналатын).  Заң  жобаларын  қарастыру  үшін  гелиэяда 
номафеттердің — гелиэяның 1 000 мүшесінің  ерекше  алқасы 
құрылатын. 
Мемлекетті  басқаруда  лауазымды  тұлғалар  маңызды  роль 
атқарған. Олардың ішінде: 

 
стратегтер алқасы — 10 адамнан құралған; бұл лауазым-
ды тек үйленген жəне жылжымайтын мүлкі бар азаматтар ғана 
иелене алатын; 

 
архонттар алқасы — 9 адамнан құралған; олардың əрқай-
сысының нақты функциялары болған; 

 
аполектер — мемлекеттік қазынаны басқарған; 

 
элленоттар — афиналық  теңіз одағының  қазынасын  бас-
қарған;  

 
полеттер — мемлекеттік мүлікті басқарған; 

 
логистер — лауазымды  тұлғалардың  ақшалай  есептерін 
қабылдаған; 

 
астиномактар — көшелердегі  тəртіпті  бақылаған  жəне 
т.б. 
Сот  жүйесі  келесі  сипатты  иеленген:жоғарғы  сот  органы 
гелиэя  қасақана  адам  өлтіру  жəне  мемлекеттік  қылмыстар 
туралы  істерді  қарастырған; эфеттер  соты  абайсыз  қылмыстар 
туралы  істерді;  онбірлік  алқасы — ұрлық,  тонауды;  диэтеттер 
соты — мүлік  туралы  азаматтың — құқықтық  дауларды  жəне 
қырықтар алқасы — ұсақ істерді. 
Əскер.  Бейбіт  кезінде 18 бен 20 жас  арлығындағы  барлық 
афиндық  азаматтар  əскери  оқудан  өтетін  болған.  Соғыс 
жағдайында 18 бен 50 жас  аралығындағы  азаматтардан  əскер 
жинақталған.  Əскер  атты  əскерден,  ауыр  жəне  жеңіл  қарулы 
жаяу əскерден құралған. 
Құқықтың негізгі сипаттары. Афиныдағы құқықтың ежелгі 
қайнар  көзі  ретінде  əдет-ғұрып  орын  алған.  Заңдар  б.э.д. 621 
жылы пайда болған. Алғашқы заңдар — драконт заңдары əдет-
ғұрып  жазбасы  түрінде  болған  жəне  ерекше  қатаңдықпен 
ерекшеленген  (қылмыстардың  басым  көпшілігі  үшін  өлім 
жазасы  кесілген).  Кейіннен  жүріс-тұрыстың  жалпы  ережелері 
болып халық жиналысының қаулылары табылған. 
 
37

Жеке  меншік  институты  Афиныда  аса  дамыған  болатын. 
Меншік мемлекетпен берілетін игілік ретінде қарастырылған. 
Шарттардың  мына  түрлері  афиндық  құқыққа  тəн  болған 
сату-сатып  алу,  жалға  алу,  серіктестік,  тапсырма  жəне 
комиссия шарттары. 
Отбасы жəне неке құқығында əйелдердің толық құқылыққа 
ие  емес  екендігі  байқалған  əйел  əкесінің  немесе  күйеуінің 
қамқорлығында  болған  жəне  əрекет  қабілетсіз  деп  саналған. 
Неке  азаматтардың  міндеті  болып  табылған,  ал  оның  басты 
мақсаты ретінде бала туу саналған.  
Қылмыстық  құқықта  құлдар  мен  еркін  адамдарға  қолда-
нылатын  жазалар  ажыратылған.  Құлдарға  тек  дене  жазасы 
қолданылатын,  ал  еркін  адамдарға  өлім  жазасы,  аластау, 
азаматтық  құқықтардан  айыру,  айыппұлдар  мен  тəркілеу 
қолданылатын.  
Сот өндірісінде істі қозғаудың екі тəртібі болған: 1-сі — іс 
жүргізуді тек жəбірленушінің ынтасы бойынша ғана қозғау; 2–
сі — кезкелген азаматтың немесе лауазымды тұлғаның ынтасы 
бойынша қозғау. Іс бойынша шешім құпия дауыс беру арқылы 
шығарылатын,  ал  дауыстар  тең  болған  жағдайда  сотталушы 
ақталған деп саналатын. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
38

6. Ежелгі Римнің мемлекеті жəне құқығы 
 
Рим мемлекетінің тарихи кезеңдері: 
1  кезең — алғашқы  қауымдық  құрылымның  ыдырау  жəне 
құлиеленушілік  мемлекеттің  құрылу  кезеңі  (б.э.д. 753 ж.  Рим 
қаласының негізін қалаудан б.э.д. 509 ж. соңғы патша тəкаппар 
Тарквинийдің қудалауға дейінгі кезең); 
2 кезең — республика кезеңі (б.э.д. 509 — 27 ж.ж.); 
3  кезең — монархия  кезеңі  (б.э.д. 27 ж.—  б.э. 476 ж.),  бұл 
кезең өз ішінде екі кезеңге бөлінген:  
а) принципиат — б.э.д. 27 ж.— б.э.284 ж.;  
б) доминат — б.э. 284 — 476 ж.ж. 
Рим құқығы тарихының кезеңдері:  
1 кезең — цивильдік (квириттік) немесе азаматтық құқықтың 
қалыптасуы  жəне  даму  дəуірі.  Ол  кездегі  рим  құқығының 
азаматтық  деп  аталатын  себебі — бұл  құқық  тек  римдік 
азаматтарға ғана таралатын. 
2  кезең — рим  құқығының  гүлдену  кезеңі.  Бұл  кезде 
цивильдік  құқықпен  қатар  преторлық  құқық  пайда  болады, 
оның ішінен жалпы халықтық немесе халықтар құқығы бөлініп 
шықты,  бұл  құқық  римдік  азаматтар  мен  шетелдік  азаматтар 
арасындағы, сонымен қатар Рим мемлекетінің аумағында өмір 
сүруші шетелдіктердің өз расындағы қатынастарды реттеген. 
 
а) Рим мемлекетінің құрылуы 
Рим  мемлекеті  қалалық  қауымнан  қалыптасқан.  Римнің 
негізін қалаған сəттен бастап б.э. 509 жылға дейін римдіктерде 
рулық  құрылым  болған,  алайда  ол  ыдырау  кезеңінде  болған. 
Рулық  ұғымының  негізі  əлеуметтік  бірлігі  ретінде  экзогамды 
əкелік  ру  табылған.  Рулар  отбасыларына  бөлінген,  оларға  тəн 
сипат  болып отбасы иесінің жанұя мүшелеріне үстінен шексіз 
билігі табылған. 
Қоғамдық  құрылым.  Римде  жалпы  алғанда 300 ру  болған. 
Он  ру  əскери  жəне  діни  бірлік  болып  табылатын  курияны 
құраған. Курияның басында курион тұрған. Он курия трибуды-
тайпаны құраған. Рим халқы үш тайпадан құралған. 
Халық  патрицийлерге,  клиенттерге  жəне  плебпийлерге 
бөлінген.  Патрицийлар — бұл  қалалық  қауымның  толық 
 
39

құқылы  азаматтары,  клиенттер  патрицийлерге  жеке  жəне 
мұрагерлік тəуелділікте болған, плебейлердің жеке бостандығы 
болғанымен, саяси құқықтарға иеленбеген. 
Мемлекеттік  құрылым.  Римдік  қауымның  басында  патша 
—  Рекс  тұрған.  Ол  əскер  басы,  жоғарғы  абыз  болған  жəне 
ерекше маңызды істер бойынша сотты жүзеге асырған. Рекстің 
лауазымы  сайланбалы  болған.  Патшаның  жанындаы  кеңесуші 
орган  сенат  болған,  ол  үш  жүз  рудың  ақсақалдарынан  құрал-
ған.  Сенат  қоғамдық  істерге  басшылық  жасаған,  маңызды  мə-
селелерді  талқылаған,  мұндай  мəселелерге  байланысты  ше-
шімдерді  халық  жиналысы  қабылдаған.  Сонымен  қатар,  сенат 
патшаны  сайлауға  да  əсер  еткен.  Аса  маңызды  органдардың 
бірі халық жиналысы болған, ал рим руларының толық құқылы 
мүшелері — əскери  қызметті  орындай  алатын  ер  адамдардан 
құралған;  ал  сенаттың  ұсыныстарын  қабылдаған  немесе  олар-
дан бас тартқан, барлық лауазымды тұлғаларды, соның ішінде 
патшаны да сайлаған. Римдік қауымдағы тағы да  бір орган — 
бұл  абыздық  алқалар  олардың  ішіндегі  ең  ежелгілері  болып 
авгурлар,  понтификтер  жəне  фициалдар  алқалары  табылған 
(авгурлар тұлғалардың  əрекеттері туралы өз қорытындыларын 
əртүрлі  белгілер  мен  жорамалдардың  негізінде  берген,  понти-
фиктер  əдет-ғұрыптарды  сақтаушы  жəне  түсіндіруші  болған, 
фециалдар соғыс жариялау актісін жүзеге асырған). 
Римдік  рулық  қауымның  мемлекетке  айналуын  үрдісінің 
аяқталуына Сервий Тулийдің реформалары əсер етті, олардың 
мəні мынада болды: 
А)  барлық  еркек  адамдар  жердің  мөлшерімен  анықталатын 
мүліктік  жағдайына  қарай  бес  топқа  бөлінген,  бұл  бөлініс 
плебейлер үшін де, патрицийлер үшін де ортақ болған; 
Ə)  Римде  жоғарғы  органның  жаңа  түрі  пайда  болды — 
центуриаттық комициялар; 
Б) плебейлер центуриаттық комициялардың құрамына енгі-
зілді,  яғни, «рим  халқының»  бөлігіне  айналды  жəне  қоғамдық 
жердің бөлінісіне иеленетін болды; 
В) Рим қаласы төрт аумақтық округтерге — трибаларға, ал 
қала  шеті — он  жеті  селолық  трибаға  бөлінді.  Трибуттық 
комициялар  плебейлер  үшін  міндетті  жалпы  сипаттағы  қау-
лыларды шығару құқығына иеленді. 
 
40

 
ə) Республика кезеңіндегі Рим 
Римдегі республика кезеңі 500 жылға созылды (б.э.д.509-27 
ж.ж.). Римнің даму тарихын екі кезеңге бөлуге болады: респуб-
ликаның  қалыптасу  жəне  нығаю  кезеңі  (б.э.д. VI-IV ғ.)  жəне 
римдік  құл  иеленушілік  мемлекеттің  гүлдену  жəне  құлдырау 
кезеңі,  оның  орнына  монархиялық  басқару  нысанының  келуі 
(б.э.д. III-I ғ.ғ.). 
Қоғамдық  құрылым.  Өзінің  таптық  табиғаты  бойынша 
римдік  қоғам  мен  мемлекет  құлиеленушілік  болған,  алайда 
құлдарды қанау монархия кезеңіндегі сияқты дəрежеге жеткен 
жоқ, сол себепті құлдық патриархалдық сипатта болған. 
Еркін  халықтың  негізгі  бөлігі  болып  патрицийлер  мен 
плейбейлер  қала  берген,  олардың  арасында  өзара  күрес  өрши 
түскен.  Плейбейлер  патрицийлер  мен  саяси  жəне  азаматтық 
құқықтары  бойынша  тең  болуға  ұмтылған,  осы  жағдай  Рим 
республикасының құлауының негізгі себебі болған.  
Мемлекеттік  құрылым.  Рим  республикасында  орталық 
органдар — халық  жиналыстары  болған,  олар  центуриаттық, 
трибуттық  жəне  куриаттық  комициялар  түрінде  ұйымдасты-
рылған.  Сонымен  қатар,  сенат  пен  магистратуралардың  да 
мемлекетті басқарудағы орны ерекше болған.  
Центуриаттық  комициялар  халық  жиналыстарының  негізгі 
түрі болып табылады, олар заң жобаларын қабылдап, жоғарғы 
магистрат — консулдардың,  преторлар  мен  цензорлардың 
сайлауын  жүзеге  асырды,  сот  билігіне  ие  болды.  Трибуттық 
комициялар  екі  нысанды  қызмет  етті:  патрицийлер  мен  пле-
бейлер  үшін  жалпы  жиналыс  (олардың  қаулылары  “популис-
цит” деп аталды) жəне арнайы плебейлік жиналыстар (олардың 
қаулылары  “плебисцит”  деп  аталды).  Куриаттық  комициялар 
тек рулық құрылымының қолдағы ретінде ғана сақталады жəне 
уақыт өте келе бұрынғы 30 курияның өкілдері болып табылған 
30 ликторлың жиналысымен ауыстырылды.  
Сенат  формальды  түрде  магистраттардың  жанындағы 
кеңесуші орган ретінде саналған, алайда өте үлкен маңызға ие 
болған. Сенат халық жиналысы қабылданған заңдары бекітетін 
жəне  қаржыларды  басқарған.  Сенаттың  шешімдері  “сенатус— 
консульт” деп аталған.  
 
41

Магистратуралардың  жүйесіне  Рим  мемлекетінің  өкілі  бо-
луға  жəне  оның  атынан  сот  өндірісі  мен  басқару  саласында 
мемлекеттік  əрекеттерді  жүзеге  асыруға  өкілетті  лауазымды 
тұлғалар  кіретін.  Магистратуралардың  қызметі  мен  оны 
ұйымдастырудың келесі қағидалары болған:  
— сайланбалылық (магистраттарды сайлау халық жиналыс-
тарында жүзеге асатын); 

 
алқалық  (бір  лауазымға  бірнеше  магистрат  сайланатын, 
олардың  əрқайсысы  толық  билікті  иелене  отырып,  өздеріне 
қарасты мəселелерді шешкен); 

 
жауаптылық  (диктатор,  цензор  мен  плебейлік  трибун-
дардан  басқа  магистраттар  өз  лауазымының  мерзімі  біткенде 
халық жиналысының сатына тартыла алатын);  

 
мерзімділік  (барлық  магистрлер 1 жыл  мерзімге, ал  цен-
зорлық 5 жылға сайланатын); 

 
ақысыздық  (магистраттар  өз  жұмысы  үшін  жалақы  ал-
майтын). 
Магистратуралар  ординарлық  жəне  экстраординарлық  бо-
лып  бөлінеді.  Ординарлық  магистратуралардың  басында  екі 
консул  тұратын.  Ординарлық  магистратуралардың  құрамында 
келесі лауазымдар болған: 
Преторлар — консулдардың көмекшілері, цензорлар— Рим 
азаматтарын триболарға, разрядтарға жəне центурияларға бөлу 
мақсатында  ценздерді  орнықтыратын, эдилдер — полициялық 
міндеттерді  жүзеге  асырған,  квесторлар — консулдардың 
арнайы  мамандануы  жоқ  көмекшілері,  плебейлік  трибуналар 
—  плебейлердің  мүдделерін  қозғаушылар  жəне  төменгі 
магистраттар — қылмыстарды тергеумен айналысқан. 
Не  соғыспен,  не  топтық  күрестің  өршуімен  байланысты 
қандай да бір төтенше қиындықтар  уақытында сенат консулға 
алты айдан аспайтын мерзімге диктаторды тағайындау туралы 
тапсырма  беретін.  Диктатор  тағайындалған  соң  барлық  ор-
динарлық  магистратуралар  экстраординарлық  магистратура-
ларға  айналып,  диктатордың  өкілеттіктері  мерзімінде  толы-
ғымен оған бағынатын. Бұл кездегі диктатордың билігі шексіз 
болатын.  
Рим  əскері.  Əскери  қызметті  бес  разрядқа  енген  барлық 
азаматтар  өтейтін.  Оған  тек  толыққұқылы,  кем  дегенде 11000 
 
42

асс  мүліктік  цензге  ие  азаматтар  жіберілетін,  əскерлер  өзде-
рінің  мүліктік  цензіне  сəйкес  əскердің  əртүрлі  түрлеріне  бөлі-
нетін.  Əскерді  консулдар  цензорлардың  құрастырған  тізімде-
рінің  негізінде  жинақтайтын.  Соғыс  əрекеттері  аяқталған  соң 
əскер таратылатын.  
Жергілікті  басқару.  Римнің  жауап  алған  Италиядан  тыс 
жерлері, провинциялардың барлығын Римнен тағайындалатын, 
бұрын  консул  мен  претор  болып  табылған  магистраттар  бас-
қаратын.  Олардың  жергілікті  жерлердегі  билігі  шексіз  бо-
латын. 
 
б) Монархия кезеңіндегі Рим 
Римдегі  құлиеленушілік  монархияның  тарихын  екі  кезеңге 
бөлуге болады: принципат жəне доминат.  
Принципат  кезеңінде  əлі  де  республикалық  мекемелер 
қызмет етеді, алайда олар өздерінің бұрынғы мəнін жоғалтады. 
Барлық  магистратуралардың  басына  жаңа  лауазымды  тұлға 
принцепс  келеді.  Бұл  шексіз  мерзімге  (өмір  бойына)  сайла-
натын  жоғарғы  республикалық  магистрат  төтенше  билікке  ие 
болатын.  
284 жылдан  бастап Римде шексіз монархия — доминат ор-
нығады. Ескі республикалық органдар толығымен таратылады, 
император  заңнан  да  жоғары  тұратын  шексіз  монарх  деп 
танылады,  барлығы  оның  билігіне  бағынушыларға  айналады, 
императордың  билігі  құдайдың  билігіне  теңестіріледі.  Импе-
рияны басқару негізгі екі ведомствоға негізделеді: 
1)
 
императордың жанындағы мемлекеттік кеңеске; 
2)
 
император  тағайындайтын  шенеуніктер  басқаратын  қар-
жылық ведомствоға.  
Доминатты  орнықтыру  Диоклетиянның  реформаларымен 
тығыз  байланысты.  Ол  мынадай  реформаларды  жүзеге  асы-
рады: 
1)
 
əкімшілік реформа — империя екі провинцияға бөлінген 
12  диоцезге  жаңа  əкімшілік  бөлуді  көздеген.  Италияның 
барлық аумағы екі доцезге бөлінген: Шығыс жəне Батыс. Əрбір 
империяның басында император — Август тұрған, ол өзіне кө-
мекші-ізбасарын — Цезарьді сайлап алатын; 
 
43

2)
 
əскери  реформа — əскер  үш  сенатқа  бөлінетін:  ше-
каралық  əскер, кешенді  əскер  жəне  преторлық  гвардия,  əскер-
дің  құрамы  үлкейтіліп,  алғашқы  рет  рекруттық  қабылдау  ен-
гізілді; 
3)
 
салықтық  жəне  қаржылық  реформалар — заттай  жəне 
ақшалай салықтар, сонымен қатар тиын енгізілген. 
Жергілікті басқару. Империяның əрбір бөлігі — диоцездер 
екі  префектураларға  бөлінген,  олардың  басында  приторийдің 
префекті тұрған. Əрбір префектура екі диоцезден тұрған, олар-
дың басында викарийлер тұрған, əрбір дионез провинцияларға 
бөлінген, провинцияларды ректорлар басқарған. Провинциялар 
ұсақ  бірліктерден — қауымдардан  тұрған.  Қауымдарда  жер-
гілікті өзін-өзі басқару органдар — сенаттар (декуриондар) бо-
лады. 
Сот.  Қылмыстық  істерді  қарау  тұрақты  комиссиялардан 
император  мен  оның  шенеуліктеріне  ауысады.  Римнің  шет 
аймақтарында  қылмыстық  юрисдикция  қаланың  префектісінің 
қолында болған, Италияда — преторий префектісінің қолында, 
провинцияларда — провинция  басшыларының  қолында  бол-
ған.  
 
в) Рим құқығы 
Рим құқығының негізгі қайнар көздері: 
1)
 
бірінші  римдық  құқық  кодификациясы — əдет  құқығы 
жазбасы түріндегі XII кесте заңдары; 
2)
 
б.э. III ғ-ның  соңында  екі  кодекс  құрастырылды:  гре-
гориян жəне гормогениан кодекстері; 
3)
 
б.э. 483 ж. алғашқы ресми жүйелендіру — Фиодосий ко-
дексі  қабылданды,  мұнда  б.э. IV ғ.  бастап  императорлардың 
конституциялары жинақталды; 
4)
 
б.э. XII ғ.  рим  құқығының  соңғы  жүйелеуі  аяқталды,  ол 
Юстиниан 
императордың 
тұсында 
жүзеге 
асырылып, 
«азаматтық құқық жинағы» — Корпус Юрис — Цивилис деген 
атқа ие болды, бұл жинақ келесі негізгі бөліктерден құралды: 

 
 институциялар — рим құқығының қарапайым курсы, бұл 
оқу мақсаттарына арналған, олардың негізгі қайнар көзі болып 
рим  заңгері  Гайдың  шығармасы  саналды,  өз  күшіне 533 
жылдың 21 қарашасында күшіне енді; 
 
44


 
 дигестлер — ескірген түсініктер мен қарама-қайшылық-
тарды  жою  мақсатында  редакциялық  өңдеуден  өткен  рим 
заңгерлерінің  шығармаларының  үзінділерінің  жинағы, 533 
жылдың 30 желтоқсанында күшіне енді; 

 
 юстинианның кодексі — 12 кітаптан құралған император 
конституцияларының  жинағы.  Бірінші  кітапта  шіркеулік  құ-
қыққа  қатысты  конституциялар  енген; 2-8 кітаптар  азаматтық 
құқыққа  арналған; 9 кітап — қылмыстық  құқыққа; 10 кітап 
мемлекет басқару туралы ережелерге арналған; 

 
 новеллалар — жинақтың басқа үш бөлігі жасалуы уақы-
тында шығарылған Юстиниан конституциялары оларды негізі-
нен мұрагерлік құқықтың нормалары көрініс тапқан.  
Құқыққабілеттілікті  иелену  үшін  статус  деп  аталатын  үш 
жағдай  (шарт)  қажет  болды:  бостандық  статусы,  яғни,  Римнің 
тек  еркін  азаматтары  ғана  құқыққабілеттілікті  иелене  алатын 
(құлдар  құқықтың  субъектісі  емес,  объектісі  болып  табы-
латын); азаматтық статусы — римдік қалалық қауымға тиесілі 
тұлғалар  ғана  толыққұқылы  жəне  жалғыс  өкілі  болып  үй  иесі 
табылатын.  
Меншік құқығы тұлғаның иелену, пайдалану жəне билік ету 
түріндегі затқа деген толық жəне айрықша үстемдігін білдірді. 
Барлық  заттар  бірқатар  сенаттарға  бөлінеді:  азаматтық 
айналымнан алынған заттар (діни табыну заттары, мемлекеттік 
меншік  обьектілері  жəне  жалпылай  пайдалану  заттары:  теңіз, 
ауа,  ауыз  су  жəне  т.б.)  жəне  азаматтық  айналымдағы  заттар 
(жылжитын  жəне  жылжымайтын,  бөлінетін  жəне  бөлінбейтін, 
жеке  дара  анықталған  жəне  топтық  белгілері  бойынша 
анықталған, тасымалданатын жəне тасымалданбайтын). 
Рим  құқығында  меншікті  иеленудің  екі  түрі  ажыратылған: 
цивильдік  құқыққа  негізделген  иелену  (меншік  құқығын 
жаудан  жаулап  алынған  меншік  туралы  жалған  процесс 
арқылы  беру,  мүлікті  бөлу  туралы  процесстегі  иелену,  жыл-
житын  мүліктің  бөлігін  бөлу;  мұндай  меншік  квириттік  деп 
аталған)  жəне  «халықтар  құқығына»  негізделген  иеленулер 
(мүлікті  берудің  қарапайым  түрі,  аккупация,  ескіру  мерзімі 
бойынша мүлікті иелену).  
Рим  құқығы  бөтен  мүлікке  қатысты  келесі  құқықтарды 
таныған: сервитуттар (меншік иесінің мүдделеріне зиян келтір-
 
45

меген  жағдайда,  басқа  тұлғаларға  да  оның  меншігін  пайда-
лануға рұқсат етілген); суперфициялар (бөтен жерде салынған 
құрылысты  пайдалану  құқығы)  жəне  кепіл  құқығы—  ипотека 
(кепілге  қойылған  зат  борышкердің  иелігінде  міндеттемені 
орындау мерзімі туындағанға дейін қалдырылатын).  
Римде  міндеттемелердің  екі  қайнар  көзі  болған:  деликті-
лерден  (құқықбұзушылардан)  туындаған  міндеттемелер  жəне 
шарттардан  туындаған  міндеттемелер.  Шарттардың  келесі 
түрлері белгілі болған: вербальды шарттар — ауызша нысанды 
бекітілетін,  литеральды  шарттар — жазбаша  нысанды  бе-
кітілген,  шынайы  шарттар — міндеттемелер  затты  берген 
сəттен бастап туындаған жəне консенсуалды шарттар — тарап-
тардың  қарапайым  жəне  ресми  емес  келісімен  негізделген 
шарттар.  
Неке — отбасы  құқығы  бастапқы  кезеңдерінде  үй  иесінің 
отбасы  мүшелерінің  үстінен  шексіз  үстемдігімен  сипатталған. 
Екінші  кезеңде  некенің  жаңа  нысаны  пайда  болды,  бұл  кезде 
əйел  біраз  мүліктік  жəне  жеке  дербестікке  ие  болды.  Үшінші 
кезеңде  некеден  тыс  байланыстар — конкубинаттар  кең 
таралды.  
Мұрагерлік  құқықта  заң  бойынша  мұрагерлік  жəне  өсиет 
бойынша мұрагерлік орын алған. Заңды мұрагерлер ретінде тек 
огнаттар,  яғни,  қандық  туыстығына  қарамастан  үй  иесінің 
билігінде болған тұлғалар танылған.  
Қылмыстық  құқықта  жариялылық  сипаттағы  (Рим  мемле-
кетіне қарсы қылмыстар, өртеу, адам өлтіру, жалған куə болу, 
егіндікті  ұрлау  жəне  дуалау  өлім  жазасымен  жазаланатын) 
жəне  жеке  сипаттағы  (ұрлық,  тұлғаға  нұқсан  келтіру,  бөтен 
мүліктерді жою жəне зақымдау — дене жазалары мен өлім жа-
засы қолданылатын) қылмыстар ажыратылған. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
46


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет