Булгакова Д. А



Pdf көрінісі
бет14/16
Дата18.01.2017
өлшемі1,67 Mb.
#2136
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16

Алтыншы бөлім 
 
ҚАЗІРГІ ЗАМАНДАҒЫ ҚҰҚЫҚТАҒЫ НЕГІЗГІ 
ӨЗГЕРІСТЕР 
 
1. Азаматтық жəне сауда құқығы 
 
Ғылыми-техникалық  прогресстің  дамуы  жəне  соған  байла-
нысты жаңа нысандағы қатынастардың пайда болуы құқықтың 
жаңа  салаларының  пайда  болуына  жəне  бұрынғы  құқық 
салаларының  жаңалануына  əсер  етті.  Жаңа  салалар  (мысалы, 
авторлық,  патенттік,  халықаралық  əуе  жəне  космос  құқығы, 
еңбек,  экологиялық  құқықтары  жəне  т.б.)  құқықтың  жаңа 
институттары мен қайнар көздерін талап етті.  
Құқықтың  дамуында  бірқатар  жалпы  заңдылықтар  байқал-
ды.  Ең  алдымен,  жариялық  құқық  пен  жеке  құқықтың  ара-
сындағы  шекара  жойылды.  Бұл  континенталдық  құқық  жүйе-
сінде  ерекше  көрініс  тапты (ағылшын-саксондық  құқық  жүйе-
сінде  мұндай  шекара  бұрын  да  болмаған),  бұл  жағдай 
мемлекеттің  экономиканы  реттеуге  ерекше  қарқындылықпен 
араласуымен  байланысты  болды.  Жеке  құқықтың  негізгі 
белгісі болып диспозитивтік (тараптардың теңдігі жəне таңдау 
мүмкіндігі),  ал  жариялы  құқықтың  негізгі  белгісі  болып 
императивтік  (тараптардың  құқықтық  теңсіздігі  жəне  тандау-
дың  мүмкінсіздігі)  табылды.  Бұл  жариялы  құқықтық  қатынас-
тарға  мемлекеттің  араласуымен  байланысты  болды  (мысалы, 
əкімшілік қатынастар). Əлемдік шаруашылық байланыстардың 
жəне əлемдік нарықтың дамуымен байланысты азаматтық жəне 
сауда  құқығының  ұлттық  нормаларын  мемлекетаралық  уни-
фикациялау  байқалды.  Көптеген  мемлекеттердің  қоғамдық 
өмірін гумнизациялаумен байланысты негізгі құқық салаларын 
демокртизацияландыру орын алды. 
Азаматтық  жəне  сауда  құқығында  жоғарыда  аталған  жаңа-
лықтардан басқа құқықтың қайнар көздерінде де құрылымдық 
өзгерістер  жүзеге  асты.  Континетеалдық  құқық  жүйесі  елде-
рінде  құқықтың  негізгі  қайнар  көзі  болып  заң  қалған  мен,  сот 
тəжірибесі  (жоғары  тұрған  соттардың  ұқсас  істері  бойынша 
шешімдері)  ерекше  маңызға  ие  болды.  Ағылшын-саксондық 
 
196

елдерде  сот  прециденті  бұрынғыдай  негізгі  орынды  иеленге-
німен, заңға ерекше мəн беріле бастады. 
Құқықтың  субъектілеріне  қатысты  өзгерістер  демократиза-
цияландыру  сипатын  иеленді.  Құқық  қабілеттікті  барлық 
азаматтар  ешбір  кемсітусіз  иеленді.  Көптеген  елдерде  əрекет 
қабілеттіктің жасы 21-ден 18-ге дейін төмендетілді. 
Заңды  тұлғалар  туралы  заңнамада  даму  байқалды.  Бұрың-
ғыдай  жеке  заңды  тұлғалар  мен  жариалық  заңды  тұлғалардың 
арасындағы  айырмашылықтар  сақталып  қалды.  Олардың 
біріншісіне  жеке  тұлғалар  құратын  коммерциялық  жəне  өнер-
кəсіптік  ұйымдар  жатса,  екіншісіне  жариялық-құқықтық  акті-
нің негізінде мемлекет құратын заңды тұлғалар (əртүрлі орган-
дар, мемлекеттік кəсіпорындар жəне т.б.) жатты.  
Жеке  заңды  тұлғалардың  арасында  акционерлік  қоғамдар 
жəне жауапкершілігі шектелген серіктестіктер туралы заңнама 
аса дамыды. Мысалға Нью-Йорк штатының 1963 жылғы  жəне 
Делавэр  штатының 1967 жылғы  кəсіпкерлік  корпорациялары 
туралы  заңын, 1966 жылғы  Францияның  сауда  серіктестіктері 
туралы  жəне 1965 жылғы  Германияның  заңын  атауға  болады. 
Акционерлік қоғамның негізгі (жарғылық) капиталы шығарыл-
ған бағалы қағаздар-акциялардың сатылуы есебінен құрылады. 
Акцияларды  сатып  алған  тұлғалар-акционерлер  дивидендтер 
(пайда алуға құқық) алады. Олар акционерлік қоғамның жарғы-
лық  қорындағы  өз  үлесі  мөлшерінде  материалдық  жауапкер-
шілікте болады. 
Акционерлік қоғамдардың қызметімен байланысты олардың 
құқықтық режимін орнықтыратын бағалы қағаздар нарығы мен 
арнайы  заңнама  ерекше  дамыды.  Заңға  сəйкес  бағалы  қағаз-
дардың  қасиеттерін  иеленген  акциялар  жекеменшік  құқығы-
ның объектілері болып табылады. Бағалы қағаздарды сатумен, 
сатып  алумен  байланысты  операцияларды  акционерлік  қоғам 
(АҚШ, Англия) немесе мемлекеттік мекеме нысанында құрыл-
ған қор биржалары жүзеге асырады. Бағалы қағаздар саласын-
дағы  операциялардың  компьютеризациялануымен  байланысты 
олардың  “дематеризациялануы”  байқалды.  Құжатталған  ны-
сандағы  акцияларды  шығарудың  орнына  олармен  жүзеге 
асырылатын операцияларды компьютер арқылы орындау кеңі-
нен таралды (қолма қолсыз есептесуге ұқсас). Осы жаңалықты 
 
197

алғаш  енгізген  мемлекеттердің  бірі  болып  Франция  табылды, 
мұнда 1984 жылдан бастап бағалы қағаздарды “дематеризация-
ланған” нысанда шығаруға рұқсат етілген. 
Құрылымы бойынша акционерлік қоғамдардың екі түрі кең 
таралған:  АҚШ  пен  Англияда — акционерлердің  басқармасы 
жəне  жалпы  жиналысы;  Германияда — басқарма,  бақылаушы 
кеңес  жəне  акционерлердің  жалпы  жиналысы.  Ал  Францияда 
мұның  барлығы  құрылтайшылардың  қалауы  бойынша  жүзеге 
асырылады.  Əдетте  басқарма  мүшелері  ағымдағы  басқаруды 
жалданбалы іскер-менеджерлерге береді.  
Акционерлік  қоғамдармен  қатар  жауапкершілігі  шектеулі 
серіктестіктер  де  кеңінен  таралды.  Бұларға  қатысты  бір  қатар 
заңдар  қабылданған.  Мысалы, 1981 жылғы  Германияның 
жауапкершілігі  шектеулі  серіктестіктер  туралы  заңы, 1966 
жылғы  Францияның  сауда  серіктестіктері  заңы.  Жауапкер-
шілігі  шектеулі  серіктестік  бір  фирмаға  бағынатын  тұлғалар 
бірлестігі  (жарғылық  серіктестік)  түрінлде  құрылады.  Əр 
қатысушының  жауапкершілігі  оның  салымына  қарай  анық-
талады. 
Мүліктік  айналымға  қатысушы  жариялық  заңды  тұлғалар 
(мемлекеттік  кəсіп  орындар)  азаматтық  заңнаманың  нормала-
рына  бағынады.  Олардан  салық  алу  əдеттегі  тəртіп  бойынша 
жүзеге  асырылады  жəне  бұл  кəсіп  орындар  акционерлік 
қоғамдар мəртебесін иелене алады.  
Қазыналық кəсіпорындар толығымен мемлекеттік меншікте 
болады  жəне  салықтық  жеңілдіктерді  иеленеді.  Олар  мем-
лекеттік  басқару  жүйесіне  кіреді  жəне  шаруашылық  авто-
номияны (почта, телеграф жəне т.б.) иеленбейді. 
 
2.
 
Заттық құқық 
 
Заттық  құқық  аса  өзгермеген  жəне  мүліктік  қатынастарды 
реттейтін  құқықтық  нормалардың  жиынтығы  ретінде  қарас-
тырылады.  Құқықтың  континенталдық  жүйесінде  оны  рим 
құқығынан  бері  сақталып  қалған  иелік  ету,  меншік  құқығы 
жəне  сервитуттар  деп  қарастыру  орын  алған.  Алайда,  меншік 
құқығын қорғау əртүрлі тəсілдермен жүзеге асырылады. 
 
198

Қазіргі кездегі француз құқығында иелік ету талаптарының 
үш  түрі  бар:  иеліктің  өзіне  тікелей  əсер  етпейтін,  бірақ  оны 
бұзатын  əрекеттерді  тоқтату  туралы;  иелікті  болашақта 
бұзудың  алдын  алу  туралы;  күштеп  алынған  мүлікті  қайтару 
туралы. Осыған ұқсас талаптар герман құқығында да кездеседі. 
Ағылшын-саксондық  құқық  жүйесінде  барлық  мүліктік 
құқықтар  меншіктің  түрі  ретінде  қарастырылады.  Мүліктік 
құқықтарды  қорғау  зиян  келтіруге  байланысты  жалпы  азамат-
тық талаптармен жүзеге асырылады. 
Əдеби  жəне  көркем  меншік  саласында  авторлық  құқықтың 
кеңеюі  байқалады.  Бұл  қатынастарға 1886 жылғы  əдеби  жəне 
көркем шығармаларды қорғау туралы Берн конвенциясы жəне 
1952 жылғы Бүкілəлемдік (Женевалық) Конвенция, оның 1971 
жылғы жаңа (Париждік) редакциясы ерекше əсер етті.  
Сервитуттар.  Жер  иелерінің  құқықтарын  шектеу  көп 
жағдайда  жариялық-құқықтық  сервитуттардың  негізінде 
жүзеге  асырылады,  яғни  олардың  пайдаланушылары  болып 
үлкен жер аумақтарында, кейде тіпті бүкіл мемлекет аумағын-
да жұмыс жасайтын жариялық заңды тұлғалар табылады. 
3.
 
Міндеттемелік құқық 
 
Лицензиялық  келісімдердің  (автордың  өз  құқықтарын 
пайдалану  лицензиясы,  патентке  құқықты  пайдалану  лицен-
зиясы жəне т.б.) өсуімен байланысты шарттардың жаңа түрлері 
пайда болды. 
Шарттың  өзгермейтіндігі  қағидасына  қатысты  көзқарас 
өзгерді.  Тəжірбие  көрсеткендей,  шикізаттың  қымбаттауы,  оны 
тасымалдаудың қымбаттауы шарт жағдайларына əсер етеді. 
Икемді  заңды  түсінікті  енгізу  қажеттілігі  туды.  Бұл  жағ-
дайда “болжамаған жағдайлар” термині қолданылатын болды. 
 
4.
 
Антитрестілік (антимонополиялық) заңнама 
 
1890  жылы  АҚШ-та  кейбір  концерндердің  монополиялық 
қызметін  шектеуге  бағытталған  Шерман  заңы  қабылданды. 
Кейін 1914, 1950, 1955 жылдары  антитрестілік  заңдар  қабыл-
данды.  Еуропада  да  мұндай  заңдар  қабылданған  болатын: 
 
199

Ұлыбританияда 1948, 1956, 1965 жəне 1976 жылдары;  Фран-
цияда 1945 жəне 1986 жылдары. 
Қазіргі  кезде  антитрестілік  заңнама  құқықтың  ерекше 
саласы  ретінде  қалыптасқан.  Алайда,  əр  елдегі  антитрестілік 
заңнаманың мақсаттары түрліше. Қазіргі кезде бұл заңнаманың 
шартты  түрде  бөлінген  екі  жүйесі  бар:  американдық  жəне 
еуропалық.  Антитрестілік  заңнаманың  американдық  жүйесі 
нарықтық  шаруашылықтың  қандай  да  бір  секторында 
монополияны  құруға  тыйым  салу  қағидасын  басшылыққа 
алады.  Екінші  жүйе  фирмалардың  қызметін  заңды  түрде 
тексеру  жəне  олардың  монополиялық  құқықбұзушылықта-
рының алдын алу қағидасын қолданады. 
 
5.
 
Отбасылық құқықтағы өзгерістер 
 
Ерлі-зайыптылардың құқықтарының теңестірілуі анағұрлым 
демократизацияланды. Некеге тұрушылардың басым көпшілігі 
мүліктік  мүдделерін  заңды  режимде  шешетін  болды.  Режим-
дердің  келесі  түрлері  дамыды: 1) бөлек  мүлік  (Ұлыбритания, 
Германия,  АҚШ-тың  басым  көпшілік  штаттары); 2) ортақ 
мүлік (Франция, Швейцарияның бөлігі, АҚШ-тың сегіз штаты) 
—  неке  кезінде  алынған  мүліктердің  барлығы  ерлі-зайып-
тылардың  ортақ  мүлкі  болып  саналады,  жеке  болып  некеге 
дейінгі  мүлік  жəне  неке  кезінде  сыйға  жəне  мұраға  алынған 
мүлік  саналады; 3) кейінге  қалдырылған  ортақ  мүлік  (Дания, 
Норвегия) — бөлек  мүлік  режимі  сақталады,  ажырасу  кезінде 
бірге  тапқан  мүлік  тең  жартысынан  бөлінеді,  жəне  аталған 
мүліктен  жалпы  мүлік  режимімен  қарастырылатын  ережелер-
дің бəрі алынып тасталады.  
 
 
6.
 
Еңбек жəне əлеуметтік заңнама 
 
Еңбек  заңнамасы  ХХ-ғасырдың  басынан  бастап  құқық 
саласы ретінде біртіндеп қалыптасты. Еңбек заңнамасы жалпы 
алғанда  мына  мəселелерді  реттеді:  жалақы;  жұмыс  уақыты; 
еңбекті  қорғау;  кəсіподақтардың  қызметі,  олардың  жұмыс 
берушімен  ұжымдық  шарт  жасасу  құқығы;  ереуіл  жасауға 
құқық; еңбек дауларын əділ шешуге құқық. 
 
200

1918-1920  жылдары  көптеген  дамыған  елдерде 8-сағаттық 
жұмыс  уақытын,  кейінірек  аптасына 40-46 сағат  жұмыс 
уақытын орнықтырған заңдар қабылданды. Кəсіподақтар заңды 
түрде  құрылатын  болды  жəне  ұжымдық  шарттар  жасасу 
құқығын  иеленді.  Ұжымдық  шарт  туралы  заң 1918 жылы 
Германияда, 1919 жылы  Францияда, 1935 жылы  АҚШ-та 
қабылданды. Қазіргі кезде жоғарыда аталған талаптар əлемнің 
көптеген елдерінде (Қазақстанда да) сақталады. 
Əлеуметтік  заңнаманың  дамуы  еңбек  заңнамасына 
қарағанда əлсіздеу болды, себебі зейнетақымен қамтамасыз ету 
механизмі  тиісті  дəрежеде  жетілмеген  болатын.  Əлеуметтік 
сақтандыру,  медициналық  сақтандыру  жəне  қызмет  көрсету, 
білім  жəне  тұрғын  үйлер  салу  əлеуметтік  салаға  жатады, 
сондықтан, олар əлеуметтік заңнама арқылы анықталады жəне 
əлеуметтік  қамтамасыз  ету  қорларын  құру  арқылы  жүзеге 
асырылады. 
Əлеуметтік  қамтамасыз  ету  қоры  “əмбебаптық”  жүйені 
бюджеттік қаржыландырудың əлеуметтік сақтандыруы арқылы 
қалыптасады. Əлеуметтік сақтандыру жұмысшылардың салым-
дарынан  (жалақының 1-1,5 %-ы)  жəне  жұмыс  берушілердің 
салымдарынан  (төленген  жалақының  жалпы  сомасының 1-1,5 
%-ы)  құралады.  Əлеуметтік  сақтандыруға  жұмыссыздыққа, 
мүгедектігіне,  еңбек  қабілеттілігін  уақытша  жоғалтуына,  асы-
раушысынан айырылуына байланысты төленетін жəрдемақылар 
жатады. 
Тұлғаның  өмір  сүруге  жағдайы  жоқ  екендігі  дəлелденген 
жағдайда ғана бюджеттік қаржыландыру жүзеге асырылады. 
“Əмбебаптық”  жүйе  зейнетақылық  қордың  ерекше  салық 
есебінен  қалыптасуын  көздейді,  бұл  салық  барлық  жұмыс 
істейтін азаматтардан олар кəмелеттік жасқа толғаннан бастап 
зейнет  ақылық  жасқа  жеткенге  дейін  алынады.  Бұл  жағдайда 
зейнетақының  мөлшері  барлық  азаматтар  үшін  бірдей,  ал 
зейнетке шығу жасы жоғары болып келеді. 
7.
 
Қылмыстық құқық жəне іс жүргізу 
 
Қылмыстық  құқық  басқа  құқық  салаларына  қарағанда  жиі 
өзгеріп  отырды.  Германияда  Веймар  мемлекеті (1919-1933 
жылдар) 1871 жылғы  конституцияны  жаңартылған  күйде 
 
201

(пруссиялық  феодалдық  құқықтың  архаимдарынан  ажыратыл-
ған) пайдаланды.  
Фашистік режим тұсында (1933-1945 жылдар) либералдық-
демократиялық  заңдылық  жүйесі  жойылды. 1933 жылғы 4 
ақпандағы  “Неміс  халқын  қорғау  туралы”  жарлық  баспа  жəне 
жиналыс  бостандықтарын  жойды. 1933 жылғы 28 ақпандағы 
“Халықты  жəне  мемлекетті  қорғау  туралы”  жарлық  рейхстаг 
депутаттарын  қолсұқпаушылықтан  айырды.  Гитлерлік  Герма-
ния  жеңіліс  тапқан  соң 1871 жылғы  Қылмыстық  кодекс  қайта 
қолданысқа енді. 1969-1975 жылдары 1871 жылғы Қылмыстық 
кодексті  демократизацияландыруға  бағытталған  реформалар 
жүргізілді.  
60-жылдардың  соңында  АҚШ-тың  қылмыстық  заңнама-
сында  демократизм  күшейе  түсті. 1962 жылы  американдық 
құқық  институты  жекелеген  штаттардың  қылмыстық  заңна-
масына  арналған  үлгілік  Қылмыстық  кодекс  жасалды.  Жалпы 
федералдық  деңгейде  АҚШ-тың 1909 жылғы  Қылмыстық  ко-
дексі  қолданысқа  ие,  оның  негізгі  бөлігі 1948 жылы  қайта 
жаңартылып.  АҚШ-тың  заңдар  жинағына  енгізілді.  Феде-
ралдық  жəне  штаттық  қылмыстық  жүйелер  белгілі  бір  түрде 
өзара  бəсекелестікті  құрайды  жəне  құқықшығармашылық 
процесті күшейте түседі.  
Францияда 1994 жылғы  қазіргі  кезде  кең  таралған  қыл-
мыстарды  (адам  ұрлау,  компьтерлік  қылмыстар  жəне  т.б.) 
ескеріп өткен жаңа Қылмыстық кодекс қабылданды. 
 
8.
 
Қылмыстық іс жүргізу 
 
Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін көптеген дамыған мем-
лекеттерде,  əсіресе,  ағылшын-саксондық  құқық  жүйесіндегі 
елдерде  жарыспалы  іс  жүргізу  қалыптасты.  Іс  жүргізудің  бұл 
нысаны  тараптардың  іс  жүргізушілік  теңқұқылығына  негіз-
деледі,  жəне  “дəлелдеу  ауыртпалығы”  айыптаушыда  болады 
(ешкім  де  өзінің  кінəсіздігін  дəлелдеуге  міндетті  емес).  Дауда 
арбитр болып сот табылады (нəтижесінде сот процесі айыптау 
мен  қорғаудың  арасында  жарыспалылық  сипатты  иеленеді). 
Айыптаушы мен қорғаушы жақ судьяға өздері жинаған дəлел-
 
202

демелерді  ұсынады,  ал  судья  заңға  жəне  өзінің  ішкі  сеніміне 
негізделе отырып шешім шығарады.  
Аралас  іс  жүргізу  континенталдық  құқық  жүйесіндегі  ел-
дерде  кең  таралды  (Франция,  Германия,  Италия  жəне  т.б.).  іс 
жүргізудің  бұл  нысанына  сотқа  дейінгі  (алдын  ала)  жəне  сот 
тергеуіндегі  (талқысы)  қағидалардың  əртүрлілігі  тəн.  Бірінші 
бөлімде  айыптаушыны  қорғау  құралдар  шектелген;  екіншісі 
жариялыққа,  жарыспалылыққа  негізделеді.  Аралас  іс  жүргі-
зудің қазіргі кездегі түрі Францияның 1958 жылғы Қылмыстық 
іс  жүргізушілік  кодексінде  айқын  көрініс  тапқан. 1958 жылғы 
Қылмыстық  іс  жүргізу  кодексі  бойынша  қылмыстық  іс  жүргі-
зудің  ресми  мақсаты  болып  “жариялық”,  яғни,  мемлекеттік 
мүдде  табылады.  Бұдан  прокуратураның  айыптауды  білдіру 
мен ұсынуы, алдын ала тергеудің барысына, полициялық анық-
тамаға бақылау  жасауы  туындайды.  Полициця,  тіпті, қылмыс-
тық  істі  қозғағанға  дейін  (яғни,  қатаң  іс  жүргізушілік  нысан-
сыз),  сезіктілер  мен  куəларды  ұстауға,  олардан  жауап  алуға, 
тінтуге,  алуға  жəне  т.б.  құқылы.  Жəне  осындай  əрекеттер 
арқылы алынған мəліметтердің дəлелдемелік күші танылады.  
Қазақстан  Республикасы  да  континенталдық  құқық  жүйе-
сіндегі  елдер  қатарына  жатады,  сол  себепті  де,  мұндағы  қыл-
мыстық іс жүргізу аралас нысанға жақындау болып келеді. 
 
  
 
 
 
 
 
 
 
203

НЕГІЗГІ ЗАҢ ҚҰЖАТТАРЫНЫҢ  
ХРОНОЛОГИЯЛЫҚ КЕСТЕСІ 
  
 Б.э.д. 1792-1750 ж.ж. 
Ежелгі Вавилондағы Хаммурапи 
патшаның заңдары. 
Б.э.д 10 ғ. 
Жазалар туралы чжоу ережесі 
(Ежелгі Қытай). 
Б.э.д. 403 – 221 ж.ж.  
Легистер мектебінің өкілі Ли Куй 
жазған «Заңдар кітабы». 
Б.э.д. 2 ғ. –  б.э. 2 ғ. 
Ежелгі үнділік Ману заңдары. 
 
Б.э.д. 621 ж. 
Ежелгі Спартадағы «Драконт 
заңдары».  
Б.э.д. 451-450 ж.ж. 12 
кесте заңдары (Рим). 
Б.э.д. 117-180 ж.ж. 
Гай «Институциялары»  (Рим). 
507 – 511 ж.ж. «Сали шындығы»- франктардың 
əдет құқығының ережелер жинағы. 
6 ғ. 
Юстинианның «Корпус юрис 
цивилис» кодексі (Византия). 
7 ғ. 
Император Ли Ши-Миннің  
«Қылмыстық құқықтағы 
қылмыстар жинағы».  
726 ж.  
Эклога (Византия). 
872 ж. 
Прохирон (Византия). 
888 ж. 
Базиликтер (Византия). 
1215 ж. 
Ұлыбританияның конституциялық 
актілерінің бірі – «Еркіндіктің ұлы 
хартиясы». 
13 ғ. 
Саксон жəне Шваб зерцалолары – 
Германияның əдет құқығының 
жинақтары. 
1345 ж. 
Алтыкітаптық  – азаматтық жəне 
қылмыстық құқық жинағы 
(Византия). 
1349 ж. 
Стефан Душанның законнигі 
(Сербия). 
13 ғ. екінші жартысы. «Польша шындығы» - поляктардың 
 
204

əдет құқығының жинағы. 
15 ғ. 
Чехтық жер құқығының ережесі. 
16 ғ.  
Чех заңгері Викториан 
Корнелиштің  «Чех жеріні» 
құқықтары туралы тоғыз кітабың. 
1532 ж.  
«Каролина» - жалпыгермандық 
қылмыстық жəне қылмыстық іс 
жүргізушілік құқық. 
1628 ж.  
Ағылшын парламентінің «Құқық 
туралы петициясы». 
1653 ж. 
Генерал О.Кромвель қабылдаған 
конституция – «Басқару қаруы» 
(Англия). 
1679 ж. «Хабеас корпус акт» немесе 
«Азаматтардың бостандықтарын 
қамтамасыз ету жəне теңіздің ар 
жағында қамауға алудың алдын алу 
туралы акт» – Ұлыбританияның 
конституциялық актілерінің бірі. 
1689 ж. 
Вильгельм Оранскийдің «Құқықтар 
туралы биллі» (Англия). 
1701 ж. «Құрылым туралы акт» немесе 
«Тақты мұраға алу туралы заң» – 
Ұлыбританияның конституциялық 
актілерінің бірі. 
1742 ж. 
Феодалдық Жапонияның  «Жүз заң 
жиынтығы». 
1776 ж. 4 шілде. 
АҚШ-тың тəуелсіздік 
декларациясы. 
1787 ж. 
АҚШ Конституциясының 
қабылдануы. 
1789 ж. 5 тамыз  
Францияда феодалдық режимді 
жою туралы декрет. 
1789 ж. 26 тамыз 
«Адам жəне азамат құқықтары 
туралы декларация» (Ұлы 
француздық буржуазиялық 
революцияның негізгі құжаты). 
 
205

1791 ж. «Құқықтар 
туралы билль» 
АҚШ-тың Конституциясына 
алғашқы 10 түзетуді енгізген 
конституциялық құжат. 
1791 ж. 13 қыркүйек 
Францияда конституциялық 
монархияны заңдастырған 
Конституция. 
1792 ж 25 қыркүйек. 
Конвенттің Францияны республика 
ретінде жариялаған Декреті. 
1793 ж. 24 маусым 
Республикалық режимді 
заңдастырған Франция 
Конституциясы. 
1795 ж. 
Директориялық режимді 
заңдастырған Франция 
Конституциясы.  
1799 ж. 
Консулдық (империялық) режимді 
заңдастырған Франция 
Конституциясы.  
1804 ж. 
Француздық Азаматтық кодекстің 
(Наполеон кодексі) қабылдануы. 
1806 ж. 
Француздық Азаматтық-іс 
жүргізушілік кодекстің 
қабылдануы. 
1808 ж. 
Француздық Қылмыстық-іс 
жүргізушілік кодекстің 
қабылдануы. 
1810 ж. 
Француздық Қылмыстық кодекстің 
қабылдануы. 
1814 ж. 
Легитимді конституциялық 
монархия режимін орнықтырған 
хартия. 
1830 ж. 
Францияда Шілделік монархия 
режимін орнықтырған хартия (Луи-
Филиптің билік ету уақыты). 
1848 ж. 
Францияны қайтадан республика 
ретінде жариялаған Конституция. 
1848 ж. 
Италиядағы Пьемонт статуты. 
1850 ж. 
Герман Конституциясы 
 
206

(республикалық). 
1852 ж. 
Луи-Наполеон режимін (екінші 
империя) заңдастырған Франция 
Конституциясы. 
1862 ж. мамыр 
«Гомстед – акт» - АҚШ-тың 
батысында фермерлікпен айналысу 
құқығы туралы. 
1862 ж.  қыркүйек 
АҚШ-та құлдықты жою туралы 
прокламация. 
1865 ж. ақпан 
АҚШ Конституциясына құлдықты 
жойған 13 түзетуді енгізу. 
1867 ж. «Британдық  Солтүстік Америка 
туралы» акт (Ұлыбритания жəне 
Канада). 
1871 ж. 
Герман (империялық) 
Конституциясы.  
1871 ж.  
Германияның Қылмыстық кодексі.  
1875 ж. 
Республикалық  режимді (Үшінші 
республика) қайта заңдастырған 
Франция Конституциясы. 
1877 ж. 
Германияның Қылмыстық-іс 
жүргізушілік жəне Азаматтық-іс 
жүргізушілік кодекстерін 
қабылдау. 
1889 ж.  
Жапония Конституциясы 
(пруссиялық үлгідегі). 
1890 ж. 
Жапонияның Қылмыстық-іс 
жүргізушілік кодексі. 
1891 ж. 
Бразилия Конституциясын 
қабылдау. 
1896 ж. 
Германдық азаматтық ереже. 
1897 ж. 
Германияның Сауда кодексі. 
1911ж. «Парламент туралы акт» – 
Ұлыбританияның конституциялық 
актілерінің бірі. 
1914 ж. 
Ирландияға автономия берген 
«Гомрул туралы заң». 
 
207

1919 ж. 
Германияның Веймар 
конституциясы. 
1925 ж. 
Италиядағы «Үкімет басшысының 
құқықтары мен артықшылықтары 
туралы» заң (Б.Муссолиниге 
премьер-министрдің көптеген 
өкілеттіктерін берді). 
1926-27 ж.ж. 
Италиядағы «Мемлекетті қорғау 
туралы»  заң (фашистердің билігін 
бекіткен). 
1933 ж. ақпан-наурыз 
«Герман халқы мен мемлекетін 
қорғау туралы» жəне «Герман 
халқын қорғау туралы» фашистік 
режим декреттері (фашистік 
Германияның нормативтік 
актілері). 
1939 ж. 
Ұлыбританиядағы Үкіметтің 
мемлекеттік қауіпсіздік пен 
қоғамдық тəртіпті қамтамасыз ету 
саласындағы төтенше өкілеттіктері 
туралы акт. 
1946 ж. қазан 
Франция Конституциясы (Төртінші 
республика режимі). 
1947 ж. 
Конституциялық монархия 
режимін орнықтырған Жапон 
Конституциясы. 
1947 ж. 10 желтоқсан 
Антигитлерлік коалиция мен 
Италияның арасындағы бейбіт 
келісім. 
1947 ж. 22 желтоқсан 
Италия Конституциясы 
(республиканы жариялаған). 
1949 ж. 
ГФР Конституциясын қабылдау. 
1958 ж. 
Генерал де Голльдің 
Конституциясы (Бесінші 
республика режимі). 
1990 ж. 31 тамыз 
Германияның  (ГФР жəне ГДР) 
бірігуі туралы шарт бекіту. 
 
208


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет