Резюме
Бабашев А.М. - к.б.н., профессор, Abdrazak55@mail.ru
Кайнарбаева А.Т. - ст. преподаватель, магистр, kaynarbaeva1978@mail.ru
Казахский национальный педагогический университет имени Абая
Увеличение вегетационного периода осенной пшеницы
Целью наших исследований было изучить продолжительность вегетационного и межфазных периодов и их
корреляционные взаимосвязи с урожайностью в зависимости от условий года и генотипа озимой мягкой пшеницы.
Продолжительность вегетационного периода в большой мере означает не только уровень урожайности сорта, но и
его устойчивость к засухе, болезням и другим стрессовым факторам. Известна общебиологическая закономерность:
с увеличением в благоприятных условиях потенциальная продуктивность генотипов повышается. В селекционных
программах лежат две сложные задачи: создать сорта которые бы в максимальной степени соответствовали
динамике главных климатических факторов (влага, температура, продолжительность дня) и реализации
потенциальных возможностей генотипа; создание скороспелых сортов с достаточно высоким уровнем урожайности
в сочетании других хозяйственно полезных признаков. В определении продолжительности периода всходы-
колошение, основную роль играют гены, контролирующие фотопериодическую чувствительность, но существуют
гены, контролирующие скороспелость в узком смысле и их эффект сказывается на темпах прохождения отдельных
этапов онтогенеза. Растения пшеницы до колошения особенно чувствительны к различной длине дня, температуре,
влажности. Темп развития от прорастания до колошения контролируется многими генами с различным эффектом их
взаимодействия. Одним из главных показателей пригодности сорта для основных зон выращивания озимой
пшеницы продолжительность вегетационного периода. Этот важный показатель имеет достаточно большую
амплитуду колебания, что обусловлено как генетическими особенностями, так и совокупностью внешних условий
выращивания.
Ключевые слова: онтогенез, вегетационный период, генотип, фактор, устойчивость, колошение, амплитуда,
темп развития.
Абай атындагы ҚазҰПУ-нің ХАБАРШЫСЫ «Жаратылыстану - география гылымдары» сериясы №3(49), 2016 ж.
Summary
Babashev A.M. - professor, Abdrazak55@mail.ru
Kainarbaeva A.D. -Art.the teacher, kaynarbaeva1978@mail.ru
Kazakh National Pedagogical University named after Abai,
Effect of temperature on winter wheatgrow in period
The aim of our study was to investigate the length of the growing and interphase periods and their correlations with the
yield depending on the conditions of the year and genotype winter wheat. The duration of the growing season to a large extent
is not only the level of productivity of varieties, but also its resistance to drought, disease and other stress factors. Known
general biological rule: with the increase in favorable conditions, potential productivity increases genotypes. The breeding
programs are two challenges: to create varieties that would be most appropriate to the dynamics of the major climatic factors
(humidity, temperature, duration of the day), and realize the potential of the genotype; creation of early ripening varieties with
high levels of productivity in a combination of other economically useful traits. In determining the length of time earing-
shoots, the main role is played by genes controlling photoperiodic sensitivity, but there are genes that control ripening in the
narrow sense and the effect of impact on the rate of passage of the individual stages of ontogeny. Wheat plants are especially
sensitive to heading to different day length, temperature, humidity. The pace of development from germination to the heading
is controlled by many genes with different effects of their interaction. One of the main indicators of the suitability of the
variety for the main areas of cultivation of winter wheat growing season. This is an important indicator has a sufficiently large
amplitude vibrations, due to both genetic characteristics, and a set of external conditions of cultivation.
Keywords: ontogeny, the growing season, genotype, factor stability, earing, amplitude, rate of development.
ӘОЖ 612.766.
ҚАЗІРГІ К Е З Д Е С Т У Д Е Н Т Ж А С Т А Р Д Ы Ң Ө М І Р С Ү Р У С А Л Т Ы Н Д А Ғ Ы
Д Е Н Е Б Е Л С Е Н Д І Л І Г І Н І Ң О Р Н Ы
Балғынбеков Ш.А. -м.г.д, профессор,
анатомия, физиология, зоология және тіршілік қауіпсіздігі кафедрасының меңгерушісі
balgimbekov@inbox. ru
Жарылқасынова Ж.М. - 6М011300-Биология мамандыгының 2-курс магистранты, _jonsi_94@mail. ru
Абай атындагы Казақ ұлттық педагогикалық университеті
Алматы қаласы, Қазақстан Республикасы
Мақалада қазіргі заманауи білім беру жағдайында жоғары оқу орындарындағы білім алушы студент жастарда
саламатты өмір салтын қал^іптаст^іруд^ің мащ1здъш>пъ1 мен тиімді жолдары жөнінде баяндалған. Бүгінде
жстардың басым көпшілігі жоғары білім алуды алдындағы үлкен мақсаттың бірі деп қарастъірғанымен, күнделікті
өмірінде саламатты өмір сүру салтын үстанып, өз денсаулығын ныайтып, жақсартуға жеткілікті көңіл бөлмейді.
Студенттердің 20-40%-да әр түрлі созылмалы аурулар анықталады, ал жоғары оқу орнын бтрунгілердің 40%-ы
университет нашар денсаулық көрсеткіштерімен аяқтап шығуда. Осыған байланысты қазіргі оқу үрдісінде студент
жастардың денсаулығын сақтау мен жақсарту мақсатымен тиімді деңгейде дене белсенділігін қалыптастыра отырып,
саламатты өмір салтын үстануды қалъттастъіру үшін үсыныстар жасалған.
Түйін сөздер: дене белсенділігі, денсаулық, білім беру, студент, саламатты өмір салты
Қазақстан Президенті - Елбасы Н.Э. Назарбаев «Қазақстан білім қоғамы жолында» тақырыбында
Назарбаев Университеті студенттері алдында сөйлеген сөзінде «ХХІ ғасырда қазақстандықтар үзақ
жасаушылар Ұлты болуы тиіс. Денсаулықты бірінші кезекте адамның өзі қалыптастыруы керек. Мен
сіздерді және барлық студенттерді зиянды әдеттерден бас тартуға шақырамын, спортпен айналысыңыз-
дар, саламатты өмір салтын үстаныңыздар» - деп атап көрсетті [1]. Нүрсүлтан Әбітттүлының осы тарихи
маңызды дәрісінде алға қойылған міндетті орындауда қазіргі кезде жүзеге асырылып жатқан Қазақстан
Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасында
негізгі мақсаттардың бірі ретінде «білім беруші үйымдарда Қазақстан Республикасының зияткерлік, дене
бітімі және рухани дамыған азаматын қалыптастыру» болып отыр [2].
61
ВЕСТНИК КазНПУ им Абая Серия «Естественно-географические науки» №3(49),2016 г.
Студенттік өмір - білім алушы жастың тек өзінің таңдаған болашақ мамандығын шебер меңгеру мен
ірі қала жағдайында төрт жыл уақытын құрбы-құрдастарымен бірге өткізу ғана емес, сонымен қатар, өз
бетімен өмір сүру бастамасы, қоршаған әлемге жеке көзқарасының, денсаулығы мен өмір сүру салтына
өзіндік критерийлерінің қалыптасу кезеңі болып табылады. Жас организмнің университеттік жаңа ортаға,
оның жағдайларына, білім алудың қиындықтарына бейімделуінің сәтті болуы алдымен оның денсаулы-
ғының мықты болуын қажет етеді. Саламатты өмір салтының аса маңызды құрамды бөлігі болып
есептелетін қимыл белсенділігі нақты сапалы және сандық көрсеткіштерімен сипатталатын жоғары
деңгейдегі денсаулықты қалыптастырудың алғышарттарының бірі болып саналады.
Соңғы жылдары студенттердің 20-40%-да әр түрлі созылмалы аурулар анықталады, ал жоғары оқу
орнын бітірушілердің 40%-ы университетті нашар денсаулық көрсеткіштерімен аяқтап шығуда. Студент
жастардың өз денсаулықтарына деген жауапкершілігі төменгі дәрежеде, ал денсаулыққа теріс әсер етуші
факторлардың (темекі шегу, ішімдік ішу, наша және т.б.) таралуы олардың арасында жиілеп бара жатыр.
Сондықтан, жоғары оқу орындарында білім алушы студент жастардың денсаулығын сақтау және нығайту
мақсатында әлеуметтік-педагогикалық және профилактикалық-емдеу шаралары қарастырылған кең
көлемді бағдарлама дайындап, тез арада жүзеге асыру керек.
Жалпы, дене қозғалысы адамның дамуы мен өсуі барысында зат алмасу мен организмдегі энергияны
белсендіреді, жүрек пен тыныс алуды жоғарылатады, сонымен қатар ішкі ортаның үнемі өзгеріп
отыратын жағдайларына адамды бейімдеуде маңызды рөл атқаратын кейбір басқа да мүшелердің
қызметтерін арттырады. Сөйтіп, қозғалыс белсенділігі адам қызметінің таптырмайтын факторы бола
отырып, өсіп келе жатқан ағзаға жағымды әсер етеді. Бірақ дене белсенділігі өте жоғары да болып кетпеуі
тиіс. Егер, адамның қозғалыс белсенділігі жоғары болса, жүрек соғуының жиілігі жоғарылайды, тыныс
алуы қиындайды, несеп жолдары, тершеңдік күшейеді.
Қазіргі уақытта заманауи білім беру жағдайында студент жастардың организмінің функционалдық
мүмкіндіктері мен жұмыс істеу қабілетін жоғарылату үлкен мәселелердің бірі болып отыр. Инновациялық
білім беру жүйесі бойынша ұйымдастырылған оқу үрдістеріндегі студент жастар үшін қойылған әр түрлі
күрделі талаптардың әсері қозғалыс тәртібінің бұзылуына, организмнің жұмыс істеу қабілеттілігінің
төмендеуіне, шаршағыштықтың жоғарылауына алып келуде. Бұл мәселені зерттеуіміздің де
мақсаты
осымен байланыста, яғни оқу үрдісінде студент жастарға қандай күрделі талап қойылса да, өзінің
белсенділігін жоғалтпай, саламатты өмір салтын ұстана алатын, дені сау, саналы ұрпақ тәрбиелеуіміз
керек.
Осы мақсатты жүзеге асыру үшін қойылатын
міндеттер ретінде мынадай негізгі бағыттарды алсақ
болады:
а) қозғалыс белсенділігінің әсерінен ағзадағы функционалдық өзгерістерді оқып білу;
ә) әр түрлі жастағы жастар үшін қалыпты қозғалыс белсенділіктерін анықтау;
б) қозғалыс белсенділігінің энергетикалық ерекшеліктерін білу.
Қимыл-қозғалыс әрекеттері адам организмі үшін өмірінің алғашқы күндерінен бастап физиологиялық
қажеттілік болып табылады. Организмнің дамуы мен өсуі кезеңінде қимыл-қозғалыс іс-әрекеті ағзада
заттар мен энергия алмасуын жақсартады, жүрек қызметі мен тыныс алуды жоғарылатады. Осымен қатар
үнемі ішкі ортаның өзгермелі жағдайларына организмді бейімдеуде маңызды рөл атқаратын кейбір басқа
мүшелердің қызметтерін де арттырады. Осындай қажеттіліктің ұзақ уақыт бойына қанағаттандырыл-
мауы денсаулық жағдайына өте қатты әсерін тигізеді, әсіресе жылдам қартаю мен өлімге алып келуі
мүмкін.
Қимыл-қозғалыс белсенділігінің жеткіліксіздігі біздің елімізде де халықтың басым көпшігіне тән,
әсіресе, ақыл-ой жұмыстарымен айналысатындарда жиі байқалады. Бұл қатарға тек ақыл ой еңбегінің
жұмысшылары ғана жатпайды, сонымен қатар негізгі жұмысы білім алу, оқу-үйрену болып табылатын
оқушы жастар да кіреді. Қазіргі кезде студент жастар уақытының басым бөлігін ұялы телефонмен,
компьютер алдында және Интернет желісінде өткізіп, жеткіліксіз қимыл белсенділігі басым өмір салтын
бастан кешіруде.
Бүгінде елімізде барлық жоғары оқу орындарында студент жастардың өмір сүру салтында дене
белсенділіктерінің жоғары дәрежеде болуы үшін арнайы дене шынықтыру сабақтары ұйымдастырылған.
Барлық білім ордаларының бұл пәнді оқытудағы негізгі мақсаты - студент жастарды өзінің болашақ
мамандығына даярлаумен қатар, олардың әр түрлі дене жаттығуларын күнделікті әдетке айналдырып,
дене белсенділіктерін қалыпты көрсеткішке жеткізу, ал бұл өз кезегінде саламатты өмір салтын
қалыптастырудың тиімді жолы. Бірақ, қазіргі кезде ЖОО-да білім алушылардың дене мәдениеті сабағына
62
Абай атындагы ҚазҰПУ-нің ХАБАРШЫСЫ «Жаратылыстану - география гылымдары» сериясы №3(49), 2016 ж.
қатысуын зерттеу, студент жастардың біршама бөлігінің денсаулығының нашарлауына байланысты дене
шынықтыру сабақтарынан босатылуы немесе бүл пәнді арнайы медициналық топтарға қатысу арқылы
өтуі кеңінен орын алып отыр. Көптеген зерттеулер көрсеткендей, мүндай сабақтан босатылу немесе
арнайы медициналық топтарға қатысу арқылы дене шынықтыру пәнін өткізу - қозғалыс белсенділігінің
айтарлықтай төмендеуіне алып келеді. Мысалы, денсаулық жағдайына байланысты дене шынықтыру
сабақтарынан босатылған студент жастардың қозғалыс белсенділігі қалыпты денсаулық жағдайындағы
студент жастармен салыстырғанда 2 есеге төмендегенін көруге болады.
Студент жастардың өмірінде білім алумен байланысты іс-қимыл әрекеттері маңызды орын алады, ал
қозғалыс белсенділігі осы оқу әрекеттерімен өзара байланысты. Дене белсенділігінің жетіспеушілігі
салдарынан жас ағзаның ақыл-ой қабілеттілігі, зейіні, ойлауы, есте сақтау сияқты когнитивті функцияла-
рында кері өзгерістер орын алатынын білеміз. Көптеген студент жастар әр түрлі себептердің әсерінен
(уақыттың жетіспеушілігі, оқу үрдісіндегі әр түрлі қиындықтар т.б.) дене жаттығуларымен айналыспай-
тындықтарын айтады. Бірақ, бүл өте қате шешім, себебі жастардың көпшілігі дене жаттығуларымен
көшеде жүргенде, үйде немесе лекция, лаборатория сабақтарында орындай беруге де болатынын ескер-
мейді. Мысалы, таңертең - гимнастика немесе жаттығу жасаса, университетке барар жолда әр түрлі
транспорт түрлерін қолдануды азайтып, жаяу жүрсе, ал кешкісін кешкілік гимнастикамен немесе
жаттығулармен айналысып отырса, денсаулықтың нығайып, берік болары анық. Ал, демалыс күндері
дене жаттығуларымен айналысуға уақыт та, мүмкіндік те көп. Яғни, әр уақытта дене жаттығуларымен
айналысуға уақыт бөле білу керек.
ЖОО-да заманауи оқыту үрдісі тек қана оқу іс-әрекеттері үшін ғана емес, сонымен қатар студент
жастардың қабілеттіліктеріне қарай үйымдастырылуы тиіс. Мысалы, білім алудағы өте жоғары деңгейде
қойылған талаптар студент жастардың әлі дамып, қалыптасып үлгермеген организміне күшті психо-
физикалық әсерін тигізеді. Сонымен қатар, қозғалыс белсенділігінің жетіспеушілігі жіті және созылмалы
аурулардың пайда болуына алып келетін гипокинезияның пайда болуына жағдай жасайды [3,118-119 б.]
Соңғы жылдары жүргізілген көптеген зерттеулер қазіргі кездегі студенттердің тек 2-3%-да ғана
жоғары дәрежелі жалпысоматикалық денсаулық сақталғаны, көптеген студенттер психоэмоционалдық
стрессті басынан өткізетіндігі, салауатты өмір салтының қарапайым негіздерінің өзін дүрыс үстанбай-
тындығын көрсетті. Студент жастардың көпшілігі өз денсаулықтарына жауапкершіліксіздікпен қарап,
денсаулықтың тәуелді факторларының таралуына (темекі шегу, ішімдік ішу, наша және т.б.) жол беріп
жатады. Мүндай немқүрайлылық салдарынан жас ағзаның бойында әр түрлі келеңсіз жағдайлар болып,
денсаулығы нашарлайды. Сондықтан әрбір студент салауатты өмір салтын қалыптастыру және оның
негізі дене белсенділіктерімен тығыз байланысты екенін жете түсінулері тиіс.
Гигиена саласындағы зерттеулердің нәтежиелері бойынша, студент жастардың басым көпшілігінің
күндізгі уақыты 82-85%-ға дейін статикалық жағдайда болады. Яғни, қозғалыссыз бір орында отырып оқу
немесе жүмыс жасау т.б. Жүмыс үстелі мен партада отырып аз қозғалыста болу көптеген ағза жүйелері-
нің қызметіне әсер етеді, әсіресе тыныс алу мен жүрек қан тамырлар жүйесіне. Ұзақ уақыт бойы отыру
кезінде тыныс алу тереңдеу келеді, зат алмасу төмендейді, ақыл ой жүмысының төмендеуіне алып келеді:
зейіні төмендейді, есте сақтау әлсірейді, қозғалыс координациясы бүзылады, ойлау операциясының
уақыты үзарады, яғни барлық ағза мүшелерінің жүмыс істеу қабілеттілігі төмендейді.
Жас ағзаның физикалық дамуына қозғалыс белсенділігінің жетіспеушілігінің әсері өте қызықты
ақпаратты көрсеткен. Спортпен шүғылданып жүрген жастардың спортпен шүғылданбайтын қүрдас-
тарымен салыстырғанда, даму мен өсуінің орташа көрсеткіштері мен функционалды көрсеткіштері
жоғары болып келеді: 16-17 жастағы жастардың дене үзындығы 5,7-6 см.ге, ал дене салмағы 8-8,5 кг.,
кеуде жасушасының айналасы 2,5-5 см.ге, қолының қысу күші 4,5-5,7 кг.ға, өкпенің тіршілік сыйым-
дылығы 0,5-1,4 литрге көп. Бүған нақты түсініктемені келесі тәжірибеден көруге болады. Жануардың
бүлшықет бөлігін микроскоппен қарау барысында, бір мм шаршы бүлшықетте, тыныштық жағдайында,
30-дан 60-қа дейін қылтамырлар бар. Дәл сол бөлікте дене жаттығуларын күшейткеннен кейін 30 000-ға
дейін қылтамырлар болған, яғни ондаған есеге көбейген. Одан бөлек, әрбір қылтамырдың диаметрі екі
есеге үлкейген. Бүл тыныштық жағдайында олар қан айналымға қатыспайтынын көрсетеді, ал
бүлшықетке күш түскенде қылтамырлар қанға толып, бүлшықетке қоректік зат ретінде түсуге қатысады.
Осылайша, бүлшықет жүмысы кезінде зат алмасы тыныштық кезіндегімен салыстырғанда көптеген есеге
өсетінін көруге болады. Бүлшықеттер адамның 40-тан 56%-ға дейін салмағын алады және егер ағза
жасушасы өзіне қажетті қоректік заттарды алып отырмаса және жақсы жүмыс қабілеттілігі болмаса
денсаулықтың қалыпты болмайтыны анық.
63
ВЕСТНИК КазНПУ им Абая Серия «Естественно-географические науки» №3(49),2016 г.
Дене жаттығулары жүйке жүйесінің мынадай қызметтерінің дамуына әсер етеді: жүйке үдерісінің
күші, жылжымалығы және теңестірмелі. Тіпті күш түскен ақыл-ой әрекеті қозғалыссыз жүзеге аспайды.
Ақыл-ой еңбегі бұлшықет күшін жұмылдыруды қажет етеді, өйткені бұлшықеттен келген сигнал ми
әрекеттерін белсендіреді. [7, 136 б.]
Жастарда қозғалыс режимінің азаюынан 15-40%-да артық салмақтың пайда болуымен, дамып келе
жатқан ағзаның көптеген мүмкіндіктерінің төмендеуімен тығыз байланысты.
Білім алушылардың үлгерімі мен олардың физикалық дамуы арасында тікелей байланыстың болатын-
дығы анықталған [4, 178 б.]. Зерттеушілер ЖОО-да студент жастардың оқу үлгерімі мен физикалық
дамуы арасында өзара байланысты таппаса да, ол байланыс бар екені байқалады. Өйткені, үнемі дене тәр-
биесі пен спортпен айналысу - стресске тұрақтылық, ақыл ой әрекетінің қабілеті сияқты жақсы қасиет-
терді жинақтайды. Мұның бәрі ЖОО-да оқытудың тиімділігінің жоғарылауына алып келеді. [5,232-234 б.]
Ал, қозғалыс белсенділігін елемеу, спортпен шұғалданбау әр түрлі тәуекел факторлар (темекі шегу,
ішімдік ішу т.б.) жинақталуына септігін тигізе отырып, бұл ерте ме кеш пе әр түрлі аурулардың пайда
болуына алып келеді де, ақыл-ой және физикалық жұмысқа қабілеттілік төмендеп, оқудың қиындауына
алып келеді.
Студент жастардың көпшілігі дене шынықтыру мен спортпен шұғылдануға ерік күші жетпейтінін
айтса, ал кейбірі өз денсаулықтарының жағдайына байланысты екенін алға тартады. Тіпті, кейбір студент
жастардың дене шынықтыру мен спорттың маңыздылығы жөніндегі қандай да бір спорт түріне қатысты
бағытының жоқтығын да жасырмайды.
ЖОО-да оқитын студент жастардың қозғалыс белсенділіктерін зерттеу нәтижелері жастардың көпші-
лігінде аз қозғалысты өмір салтына қарай бейімделгіштігін көрсетіп отыр. Студенттердің қозғалыс бел-
сенділігі жағдайын бір-бірінен қозғалыс режимінің сипаты бойынша ерекшеленетін 3 деңгейге бөлуге
болады:
1. Қозғалыс белсенділігінің бірінші деңгейі. Бұл деңгейде студенттердің қозғалыс белсенділігі тек
күнделікті білім алу мен тұрмыстық әрекеттермен ғана шектелетін қарапайым қозғалыс белсенділігі
болып табылады. Мұнда мақсатқа бағытталған қандай да бір дене жаттығулары болмайды. Бұл гипоки
незия жағдайы болып табылады. Ол, әрине, «қозғалыс белсенділігінің төмен деңгейімен» түсіндіріледі.
2. Қозғалыс белсенділігінің екінші деңгейі. Мұнда студенттердің күнделікті әрекеттерімен қоса, қоз-
ғалыс белсенділігінің міндетті формалары қатысады, ол көбінесе дене шынықтыру сабақтарына қаты-
суымен байланысты болады. Бірақ, аптасына 2 рет қана болатын дене тәрбиесі бойынша жүргізілетін са-
бақтар өсіп келе жатқан жас ағза үшін жеткіліксіз, ол өзіндік жаттығулармен де толықтырылып отыруы
тиіс.
3. Қозғалыс белсенділігінің үшінші деңгейі. Бұл деңгей алдыңғы 2 деңгейді өзіне қосып алады да,
онымен қоса өздігінен жасалатын жаттығуларды және спортттың белгілі бір түрімен айналысумен
байланысты қозғалыс әрекеттерін де қамтиды. Яғни, спорттық секцияларға, демалыс күндері әр түрлі іс-
шараларға немесе жаттығулар жасау тәрізді дене жаттығуларының әсерінен қозғалыс белсенділігі жоғары
деңгейде орын алады.
Байқап отырсақ, студент денсаулығы үшін ең пайдалы және қолайлы - қозғалыс белсенділігінің
үшінші деңгейі болып табылады. Дене шынықтыру (қозғалыс белсенділігінің үшінші деңгейі) жалпы,
заманауи жағдайда студенттердің денсаулығын сақтау мен нығайтудың күшті құралы болып табылады.
Университет қабырғасында студенттердің қозғалыс белсенділігінің ерекше өзгешеліктері бар, яғни ол
оқу аптасы режиміндегі дене тәрбиесі бойынша сабақтармен түсіндіріледі. ЖОО-да дене тәрбиесі үрді-
сінде студенттердің қозғалыс белсенділігін жоғарылату мүмкіндіктерін жүзеге асыру - жастардың
физикалық және интеллектуалдық қабілеттіліктерінің дамуына жол ашады. [6, 216 б.]
Студент жастар ағзада қандай үрдістер болып жатқанын, адам ағзасы ненің әсерінен жұмыс жасай-
тынын, психоэмоционалдық жүктерден құтылудың жолдары қандай екенін және денсаулықты сақтау
ережелерін дұрыс түсіне білуілері керек. Сондықтан ЖОО-дағы оқыту үрдісінде студенттердің қозғалыс
белсенділігін қалыпқа келтіруге және жастардың қозғалыс потенциалын жүзеге асыру үшін дене тәрбиесі
кафедрасының профессорлары, ұстаздары университте оқудың бірінші айынан бастап студенттердің
қозғалыс белсенділігі жөнінде үнемі зерттеулер жүргізіп отыру керек. Сонымен қатар, түрлі мамандық-
тарда оқитын студенттердің қимыл-қозғалыс белсенділіктерінің ерекшеліктерін анықтап, алынған
нәтижелерге талдау жасағаннан кейін жеке оқу - практикалық сабақтарда, семестрде, оқу жылында, яғни
барлық ЖОО-дағы оқу уақытында қозғалыс белсенділігін жоғарылататын және қозғалыс белсенділігіне
деген стимул беретін педагогикалық іс-шараларды ұйымдастыру қажет.
64
Абай атындагы Қаз¥ПУ-нің ХАБАРШЫСЫ «Жаратылыстану - география гылымдары» сериясы №3(49), 2016 ж.
65
1 Назарбаев Н.Э. Қазақстан білім қогамы жолында //Қазақстан Президентінің Назарбаев Университеті
студенттері алдында сөйлеген сөзі. - Астана, 5 қыркүйек 2012 ж.
2 Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарга арналган мемлекеттік
багдарламасы. Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылгы 7 желтоқсанындагы №1118 Жарлыгымен
бекітілген. //Егемен Қазақстан газеті, 14 желтоқсан 2010 жыл.
3 Рыбалко В.Е. Состояние двигательная активности студентов //Вестник Краснодарского Университета
МВД//Россия, 2014 №1(23).
4 Сәтбаева Х.Қ., Соколов А.Д., А бишева З. С. Валеология - наука о здоровье. - Алматы, 2010.
5 Габриелям, К.Г. Состояние здоровья студентов вуза и проблема курения / К.Г. Габриелям, Б. В. Ермолаев //
Здоровье, обучение, воспитание детей и молодежи вXXI веке. - М., 2004.
6 Синьков Д.В., Исаев Х.А. КазНТУим.Сатпаева, Шемкутова Е.Ю. КазНМУиимАсфендиярова, Двигательная
активность студентов и способы её повышения. - Алматы, 2012.
7 Сологуб Е.Б. Электрическая активность мозга в процессе двигательной деятельности. - СПб.: Питер, 2013.
Резюме
Достарыңызбен бөлісу: |