А.ВЕТЦЕЛЬ, руководитель районного управления статистики Авторизуйтесь на портале
Egov.kz;
Найдите через поисковик
услугу «Снятие с регистрации
по месту жительства населе-
ния Республики Казахстан»;
Запросите услугу онлайн;
Подтвердите адресные дан-
ные;
Выберите из списка пропи-
санных того, кого хотите снять
с регистрации;
С помощью ЭЦП подпишите
заявление;
Если есть совладельцы
жилья, то они должны подтвер-
дить ваши действия в личном
кабинете;
С результатом услуги мо-
жете ознакомиться в личном
кабинете портала.
Внимание, для подачи за-
явления онлайн вы должны
быть зарегистрированы в базе
мобильных граждан.
Через ЦОН: Забронируйте онлайн оче-
редь в ЦОН, и приходите за 20
минут до назначенного вре-
мени;
Напишите заявление на
услугу у оператора, указав
ИИН выписываемого чело-
века;
Результат будет готов в тече-
ние 5 мин.
Внимание, при оформле- нии услуги через ЦОН, вы должны заранее знать ИИН выписываемого человека, его можно узнать в личном кабинете Egov.kz. Оформляйте услуги он- лайн, и будьте с нами #втеме. Комиссия мəжілісі Қазан айының 30 жұлдызында «Zoom» платформасында төтенше жағдайлардың алдын алу жəне жою бойынша аудандық ко- миссияның кезекті мəжілісі өтті. Оны аудан əкімінің орынбасары С.Сатаев жүргізді. Күн тəртібінде үш мəселе қарастырылды. Өрт қауіптілігі жоғары
кезеңнің қорытындылары бойынша төтенше жағдайлар бөлімі,
жылыту кезеңінің өткізілуі туралы - мекемелер, 2020-2021 жыл-
дың қыс айларында төтенше жағдайлардың алдын алу жəне жою
жөніндегі мəселелер қарастырылды. Өр қауіптілігі жоғары кезеңі
бойынша Ерсін Жүнісбековтың баяндамасы тыңдалды.
Жылдың басынан аудан аумағында 37 дала өрті, бір орман өрті
тіркелген. 2019 жылы 146 табиғи жану, үш дала өрті жəне 43, 02
гектар жерді орман өрті шалған. 2020 жылы алты жану мемлекет-
тік өртке қарсы қызметкерлерсіз, он сегізі біріккен күшпен, он үші
– мемлекеттік өртке қарсы қызметтің күшімен жойылған. Аудан ау-
мағында табиғи өрттерді жою үшін 2020 жылы 68 ерікті өрт сөн-
діру құрылымдары, 1951 адам жəне 667 əртүрлі техника
жасақталған. Оларда 347 өрт сөндіру сөмкелері бар.
Аудан аумағында үш өрт постысы жұмыс жасауда. Олар –
«Киров атындағы ӨК» ЖШС базасындағы Ростовка ауылында,
«А.Ф.Христенко атындағы Кар СХОС» базасындағы Центральное
ауылында жəне Шешенқара ауылы əкімдігінің базасындағы Ше-
шенқара ауылында орналасқан. Қолда бар техника өрт-техника-
лық керек-жарақпен, жеке құрам нысанды киіммен қамтамасыз
етілген. Аталған постылардың əрекет ету аясында 9 елді мекен
жəне 7 000-ға жуық адам бар.
Бұқаралық ақпарат құралдары арқылы жəне əлеуметтік желілер
арқылы тұрғындармен жəне ауылшаруашылық құрылымдарымен
табиғи өрттерге ескірген шөптерді жəне жинаған егіннің орнын
өртеу кезінде жол бермеу туралы түсіндіру жұмыстары кіргізілген.
Ал жүзеге аспай жатқан мəселе болып Керней ауылында өрт
сөндіру постысының ашылмауы табылады. Ашылмау себебі – өрт
сөндіру техникасының жəне өрт депосын орналастыратын ғима-
раттың болмауында. 2021 жылы Бұқар жырау, 2022 жылы Тоғы-
зқұдық ауылында өрт сөндіру посттарын ашу жоспарда тұр.
Лауазымды қызметкерлерден Керней ауылында өртке қарсы по-
стының ашылуына жəне 2021-2023 жылдарда ашылуы жоспарда
тұрған постылардың уақытымен ашылуына көмек беруге осы кез-
ден тапсырма беруге өтініш білдірілді.
Жылыту кезеңі туралы коммуналды шаруашылық, жолаушылар
көлігі жəне автомобиль жолдары бөлімінің басшысы М.Жұманов-
тың баяндамасы тыңдалды.
От жағу, жылыту кезеңінде тұрғын үй секторларында өрт шығу
қаупі көбейіп, көмірқышқыл газымен улану фактілері тіркеледі.
Осындай жағдайлардың алдын алу үшін тек қана өрт сөндіру қыз-
меткерлері ғана емес, сонымен бірге жергілікті атқарушы орган-
дар, азаматтық қорғау қызметі, жұмыспен қамту жəне əлеуметтік
бағдарламалар бөлімі үн қосуы тиіс. От жағу кезеңінің алдында
өртке қарсы қызметте жүрген азаматтар ауданның əлеуметтік аз
қамтылған отбасыларының үйлеріне барып, олардың от жағу қа-
зандықтарын көріп, түсіндіру жұмыстарын жүргізген. Бұл жұмысты
тоқтатуға болмайтынын жəне үйлерді аралау жұмыстары барлық
жылыту науқаны кезінде жүргізілетінін айтты баяндамашы.
Өткен жылдарда аудан аумағында жергілікті атқарушы биліктің,
демеушілік көмек жəне тұрғындардың өз есебінен 254 үйде көмі-
рқышқыл газының құрылғысы қойылған. Ағымдағы жылдың 15
қыркүйегінен бастап аудан əкімінің орынбасары С.Сатаев көмірқы-
шқыл газының құрылғыларын ауданның тұрғын үйлері мен объ-
ектілеріне орнату туралы шаралар жоспарын бекіткен. Осы
жоспардың орындалу барысында тек қана Гагарин ауылдық окру-
гінде он құрылғы орнатылған, ал басқа елді мекендерде бұл жұ-
мысқа ешқандай назар аударылмаған. Дұрыс орнатылған
құрылғы үйде көмірқышқыл газының таралуын тез арада анықтап,
адамдардың өмірін сақтап қалуға əсерін тигізеді. Төтенше жағ-
дайлар Департаментінің жəне жоғары басшылықтың талабы –
пеш жағылатын үйде тұратын тұрғындардың осал топтарын жүз
пайыз осындай құрылғылармен қамту болып табылады.
Елімізде орын алып жатқан өрт фактілері əлі де болса түсіндіру
жұмыстарын жүргізу қажеттігін көрсетеді. Барлық ұйымдардың бү-
гінгі міндеті осы болып табылады. Үшінші мəселе болып 2020-
2021 жылдардағы қыс айларында төтенше жағдайлардың алдын
алу жəне жою мəселесі қарастырылды.
2020 жылдың 27 қазанынан бастап аудан əкімінің №179 өкімі-
мен азаматтық қорғау жүйесі күшейтілген дайындық режиміне
ауыстырылды. Оның мақсаты – қаһарлы қыс айларында адам-
дарды аман алып қалу. Ол үшін 28 пунктті орындау қажет. 10 қа-
рашаға дейін ауылдар, кенттер əкімдері, қызметтер басшылары
жəне ұйымдар басқару органдарын, күш пен қаражатты дайын-
дыққа келтіру, сонымен бірге азық-түлікпен, медикаменттермен,
жанар-жағар маймен жəне бірінші кезекте қажетті заттармен қам-
тамасыз ету қажет.
Ауданның сумен жəне жарықпен қамтамасыз ететін мекемелері
елді мекендердің тіршілік ету жүйелерінің тоқтаусыз жүруін қам-
тамасыз етулері керек. Жол жəне басқа да мердігер ұйымдар өз-
деріне бекітілген аудандық, облыстық, республикалық жолдарды
уақытымен тазалап, жанар жағар майдың, көктайғаққа қарсы ма-
териалдардың қажетті қорын жасап, жер-жердегі əкімдер ауыл
ішіндегі, ауылға кіретін жолдарды, əлеуметтік бағыттағы, тұрғын
үйлерді жəне сумен қамту көздерін қардан тазалау шараларын
уақытымен жүзеге асырулары қажет.
Сонымен бірге 10 қарашаға дейін жергілікті əкімдер өз ауылда-
рындағы басқа да мекемелермен бірлесіп адамдарды жылыту
пункттерін қажетті заттармен қамтамасыз етулері керек. Ауа-ра-
йының бұзылуына байланысты ескертулер келгенде ауылдардың
электронды почталарына да хабарламалар жазып, олардың
алғандарын бақылауда ұстайды. Бұл хабарлама ауылдық əкімдік-
тер арқылы алыс қыстақтарға, мал қыстаған жерлерге дейін жетуі
керек. Ауылшаруашылығы малдарының қырылмауы үшін оларды
қажетті азықпен қамтамасыз ету қажет.
С.Сатаев алдағы уақытта қандай жұмыстар атқару керектігіне
тоқталып, əрбір қызмет басшысына нақты тапсырмалар берді.