Бураева жанат бауыржановна бoлaшaқ информатика мұғалімдерінің педагогикалық креативтілігін қалыптастыру



Pdf көрінісі
бет49/67
Дата16.01.2023
өлшемі3,52 Mb.
#61524
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   67
«Креативтік мәселелердің стандартты емес тиімді шешімдерін алу 
әдістемесі» атты 3-ші модульде практикалық сабақтарды ұйыидастыруда 
келесі оқыту формалары мен тапсырмалары іске асырылды. 
Жоғарыда аталған жағдайларды жүзеге асырудың тиімді құралдарының 
бірі 

педагогикалық 
креативтілікке 
психологиялық 
дайындық. 
Психологиялық тренинг - бұл білім алушылардың топтық ӛзара 
әрекеттесуінде модельделген ӛмірлік тәжірибені алу және түсіну арқылы 
оқыту. Мұндай модельдеу ойын әдістері мен пікірталастар арқылы жүзеге 
асырылады. 
Тренинг білім мен дағдыларды ӛзгермейтін түрде берумен шектелмейді, 
ол зерттелген шындықпен тікелей байланыс орнатуға, ӛз тәжірибеңізден 
үйренуге мүмкіндік жасауды білдіреді. Болашақ информатика мұғалімдерінің 
педагогикалық креативтілігін қалыптастыруда оң нәтижеге қол жткізуге 
мүмкіндік беретін әр түрлі бағыттағы кӛптеген тренингтер бар: 
мотивациялық тренинг, коммуникативті дағдылар мен іскерліктер тренингі, 


115 
кӛшбасшылық тренинг, ӛзіне деген сенімділікті қалыптастыру тренингі, 
толеранттылық тренингі және басқалар. Әр тренингтің мақсаттары мен 
міндеттері бар. Мақсаттар мен міндеттерді нақты анықтау бізге оқу 
бағдарламасын дұрыс құруға, тиісті тапсырмалар мен жаттығуларды 
таңдауға мүмкіндік берді.
Болашақ информатика мұғалімдерінің педагогикалық креативтілігін 
қалыптастыру 
мақсатында 
ұйымдастырылған 
тренинг 
әдістемесін 
сипаттайық. 
Алдымен қатысушыларды бір-бірімен және жүргізушімен таныстыру 
іске асырылды. Мұнда әрі қарайғы жұмысқа кедергі келтіретін 
психологиялық қорғау тетіктерін қауіпсіз түрде жұмыс істеуге мүмкіндік 
беретін пәндік сәйкестендіру технологиялары қолданылды. Тақырыппен 
жұмыс сонымен қатар эмпатияның пайда болуына ықпал ететін кеңесші мен 
тұтынушының 
рӛлдік 
ұстанымдарын 
еңсеруге 
мүмкіндік 
беретін 
шығармашылық қорларды жандандыруға ықпал етті. Бұл кезеңде жұмыс 
негізінен жұпта жүргізілді, содан кейін топтағы жұмыс нәтижелері 
талқыланды. 
Ӛзара әрекеттесудің бұл формасы қатысушылардың ӛзара келісімі 
бойынша жұптар құруға мүмкіндік берді, бұл ӛз кезегінде қатысушылар мен 
топ ішіндегі бірлестік арасында оң қарым-қатынас орнатуға ықпал етеді. 
Тренингтердің екінші бӛлімі педагогикалық жағдайларды рӛлдік модельдеу 
технологияларын қолдану негізінде құрылды. Бұл бӛлімнің мақсаты болашақ 
информатика мұғалімдеріне педагогикалық байланыс орнатудың және 
ақпарат жинаудың негізгі дағдыларын қалыптастыру болды. Бұл кезеңде 
белсенді тыңдау мен қолдау кӛзқарасын қалыптастыруға ерекше назар 
аударылды. Бұл жұмыс түрінің ерекшеліктері білім алушыларды ашықтық 
пен ӛзін-ӛзі кӛрсету еркіндігінің болуын қамтамасыз етеді. Бұл ұстаным 
дұрыс байланыс формаларын құру технологияларын қолдана отырып 
жасалды. Сондай-ақ, осы кезеңде болашақ информатика мұғалімдерінің 
педагогикалық креативтілігін маңызды құраушысы болатын дидактикалық 
іс-әрекеттерді орындау технологиялары қолданылды, бұл оларды әрі қарай 
кәсіби қызметте тиімді пайдалану үшін маңызды ұстанымдарды қысқа 
мерзімде біріктіруге мүмкіндік береді.
Соңғы кезеңде орта мектепте оқытуды ұйымдастырудың әртүрлі 
формаларын қолдана отырып, білім беру үдерісін іске асыру дағдыларын 
дамытуға ерекше назар аударылды. Бұл жұмыс модельдендірілген 
педагогикалық жағдайлар түрінде ӛтті, оған топтың барлық мүшелері 
белсенді қатысып, әр тренинг соңында нәтижелерді талдады.
Сонымен қатар, тренингтер барысында ми шабуылы әдісі іске 
асырылды.
Миға шабуыл әдісі. 
Дұрыс ұйымдастырылған ми шабуылы үш міндетті кезеңнен тұрады. 
Кезеңдер оларды ұйымдастыру және жүргізу ережелерімен ерекшеленеді: 


116 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   67




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет