Бураева жанат бауыржановна бoлaшaқ информатика мұғалімдерінің педагогикалық креативтілігін қалыптастыру



Pdf көрінісі
бет46/67
Дата16.01.2023
өлшемі3,52 Mb.
#61524
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   67
Қалыптастыру экспериментінің мақсаты:
болашақ информатика 
мұғалімдерінің педагогикалық креативтілігін ағылшын тілінде меңгерілетін 
пәндерді оқытуда қалыптастыру әдістемесін іске асыру.  
Эксперименттің қалыптастыру кезеңінде тәжірибелік-эксперимент 
жұмысы ұйымдастырылып, оған келесі міндеттер белгіленді: тәжірибелік-
эксперимент жұмысының мазмұнын іріктеу; болашақ информатика 
мұғалімдерінің педагогикалық креативтілігін ағылшын тілінде меңгерілетін 
пәндерді оқытуда қалыптастырудың қызметтік-үдерістік моделін іске асыру; 


108 
болашақ информатика мұғалімдерінің педагогикалық креативтілігін 
қалыптастыру мақсатында оқу үдерісіне ендірілген әдістеме тиімділігін 
анықтау; аралық кесінді бақылаулар арқылы болашақ информатика 
мұғалімдерінің педагогикалық креативтілігінің қалыптасуы деңгейіндегі 
ӛзгерістерден мәліметтер жинау; тәжірибелік-эксперимент үдерісінде 
кездескен мәселелер мен кемшіліктерді айқындау және оларды жоюдың 
жолдарын іздестіру іске асырылды.
Болашақ информатика мұғалімдерінің педагогикалық креативтілігін 
ағылшын тілінде меңгерілетін пәндерді оқытуда олардың мотивациялық 
бағытын ескере отырып, жеке кӛзқарас жағдайында қалыптастыру маңызды. 
Қалыптастырушы эксперимент «Акмеология: жеке және әлеуметтік 
жетістіктер негізі» элективтік курсы, «Информатиканы оқыту әдістемесі» оқу 
пәндері шеңберінде педагогикалық креативтілікті қалыптастыратын дәрістер 
мен семинарлар ӛткізуді және сол арқылы тиісті құндылық бағдарларын 
қалыптастыруды, 
сондай-ақ, 
«Жаңа 
ақпараттық 
педагогикалық 
технологиялар» авторлық әдістемесі бойынша сабақтарды қамтиды. Осы 
элективтік курс шеңберінде теориялық (дәрістер) және практикалық 
(семинар-практикумдар, семинар-талқылаулар) бӛлімдердің ара қатынасы 1:2 
құрады. 
Жүpгiзiлгeн 
пeдaгoгикaлық 
экcпepимeнт 
бapыcындa 
болашақ 
информатика мұғалімдерінің педагогикалық креативтілігін қaлыптacтыpудa 
«Жаңа ақпараттық педагогикалық технологиялар» элeктивтiк куpcтapын 
oқыту кeлeci мaқcaттapды кӛздeдi: болашақ информатика мұғалімдерінің 
педагогикалық креативтілігін қалыптастыруда жүйeлi бiлiм меңгерулеріне 
қoл жeткiзу; кәсіби ортада болашақта бәсекеге қабілеттілігінің басты 
кӛрсеткіші ретінде болашақ информатика мұғалімдерінің педагогикалық 
креативтілігін қалыптастыру.
Қалыптастырушы 
кезең 
«Жаңа 
ақпараттық 
педагогикалық 
технологиялар» атты элективті курсын іске асырумен сипатталады, бұл курс 
болашақ информатика мұғалімдерінің кәсіби әрекетінде педагогикалық 
креативтілік ретінде кӛрініс табатын қажетті білім, білік, дағдыларының 
жиынтықтарын меңгеруге ықпал етеді. Сонымен қатар, курстың 
педагогикалық мәселелерді шешудегі ӛзіндік ерекшеліктері бар, атап айтсақ, 
креативті бағытталғандығы, ақпараттық технологиялардың тақырыптық 
мазмұнына икемділігі. 
Болашақ информатика мұғалімдерінің педагогикалық креативтілігін 
қалыптастыруда келесі дәріс түрлері іске асырылды: 
Модуль 1. Жаңа ақпараттық-педагогикадық технологиялар креативті 
педагогиканың философиялық және әдіснамалық негіздері.
Тақырыбы:Креативті педагогиканың зерттеу пәні мен нысаны. 
1. Визуалдандырылған дәріс – ауызша ақпаратты визуалды түрде ұсыну. 
Дәрістер барысында пайдаланылған кӛрнекіліктер ауызша ақпаратты 
толықтырды, әрі ӛздері маңызды ақпараттың тасымалдаушысы ретінде 
кӛрініс тапты (сурет 11). 


109 
Сурет 11 – Визуалдандырылған дәріс материалының мысалы:
R.A.Beghetto, J.C.Kaufman ұсынған креативтіліктің деңгейлері 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   67




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет