Бураева жанат бауыржановна бoлaшaқ информатика мұғалімдерінің педагогикалық креативтілігін қалыптастыру



Pdf көрінісі
бет57/67
Дата16.01.2023
өлшемі3,52 Mb.
#61524
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   67
Болашақ информатика мұғалімдерінің педагогикалық креативтілігін 
қалыптастыруда педагогикалық практика барысында ұсынылған жеке 
тапсырмалар кешені 
Жеке тапсырма 1. 
Зерттеу іс-әрекеті: 
Ӛз қалауыңызбен 3 заманауи креативті оқыту технологиясын 
сипаттаңыз. Әрқайсысы үшін осы технологияны мектеп информатикасын 
оқытуда ұйымдастырылатын сабақтың қай кезеңінде және қандай мәселені 
шешу барысында қолдануға болатындығын жазыңыз.
Жобалау іс-әрекеті: 
Жоғарыдағы тапсырма аясында сипатталған технологияларының бірін 
қолдана отырып, 7-сыныпқа арналған информатика сабағының қысқа 
мерзімді жоспарын әзірлеңіз. 
Информатика сабағында креативті оқыту технологиясын қолдануды 
кӛрнекі түрде кӛрсете отырып, сипатталған креативті оқыту әдістері туралы 
презентация әзірлеңіз. 
Аналитикалық іс-әрекет: 
Ӛткізілген сабақтың ӛзін-ӛзі талдауын жасаңыз. 
Оқушылардың информатиканы оқуы үшін әр сипатталған технологияны 
қолданудың орындылығына талдау жасаңыз. 
Жеке тапсырма 2. 
Зерттеу іс-әрекеті: 
Информатика сабағында заманауи инновациялық білім беру және білім 
беру технологиялары туралы жаңа әдебиеттер тізімін және электронды 


133 
кітапханалар тізбесін жасаңыз. 
Жобалау қызметі: 
Инновациялық технологиялардың біріне сәйкес оқу видеосын 
дайындаңыз және оқушылардың креативтілігін дамыту үшін оны жүзеге 
асырудың тиімділігін дәлелдеңіз. 
Аналитикалық іс-әрекет: 
Информатика сабақтарында тәжірибе базасы - білім беру мекемесі 
мұғалімдерінің креативті технологияларды қолдануына талдау жасаңыз 
(сауалнама, деректерді талдау арқылы). 
 
Жеке тапсырма 3. 
Зерттеу іс-әрекеті: 
Креативті сабақтың негізгі сипаттамаларын әзірлеңіз. 
Жобалау іс-әрекеті: 
Информатика сабағының қысқа мерзімді жоспарын дайындаңыз және 
сабақтың қандай кезеңдері креативті сабақтың сипаттамаларына сәйкес 
келетінін анықтаңыз. 
Аналитикалық іс-әрекет: 
Педагогикалық практика барысында топ студенттерінің 5 сабағына 
қатысыңыз және олардың сабақтарында креативті оқыту әдістерін іске 
асыруы сәйкестігі тұрғысынан талдау жасаңыз. 
Жаттығу 3. 
Педагогикалық практика барысында орын алған айрықша жағдайды 
сипаттаңыз және оны дамытудың кем дегенде 5 нұсқасын модельдеңіз. 
Жағдайдың мысалдары:
- мұғалім 6 сынып информатика пәнін оқытуда «Есептеу техникасының 
дамуы тарихы» тақырыбында Непер таяқшалары туралы оқу материалын 
түсіндіреді.
Тапсырма: материалды түсіндіргеннен кейін оқушылар қоя алатын 
түсіндірілген тақырыпқа қатысты кем дегенде 10 ықтимал сұрақты 
модельдеу; 
- мұғалім педагогикалық кеңесте/ата-аналар жиналысында сынып 
үлгерімі бойынша есеп береді.
Тапсырма: әріптестер/ата-аналар қоя алатын 10 ықтимал сұрақты 
модельдеу. 
 
Ӛзіндік жұмыс тапсырмалары 
Тапсырма 1. «Заманауи мұғалімнің кәсіби және жеке қасиеттері» 
кластерін құрыңыз және оны таныстырыңыз. 
Тапсырма 2. Лотерея қағидаты бойынша таңдалған сапаны қорғауға 
дәлелдер келтіріңіз, содан кейін оны таныстырыңыз: икемділік, эрудиция, 
авантюризм, креативтілік, адамгершілік, кӛшбасшылық, ВКонтакте, тренд, 
жер адамы және т.б. 


134 
Тапсырма 3. «Жанжалсыз болу - мұғалімнің педагогикалық шеберлігінің 
белгісі ме, әлде мінезсіздіктің кӛрінісі ме?» 
Болашақ информатика мұғалімдерінің педагогикалық креативтілігін 
қалыптастырудағы оқытуды ұйымдастыру формаларына дәрістер мен 
практикалық сабақтар, зертханалық жұмыстар, білім алушының ӛзіндік 
жұмыстары, соның ішінде эссе, реферат жазу, жоба жұмыстар т.б. жатады.
Оқыту құралдары. 
Білім алушылардың педагогикалық креативтіліктерін қалыптастыру 
мақсатында «Креативті педагогика» атты электронды оқу құралы әзірленіп, 
оқу үдерісіне ендіріліп, практикалық сабақтарда кеңінен пайдаланылды 
(сурет 20). 
Сурет 20 - «Педагогика. Креативті педагогика» электронды оқу 
құралының бастапқы беті 
Электронды оқу құралында кіріспе, лекция мәтіндері, жаттығулар мен 
авторлар туралы мәлімет берілген (сурет 21). 


135 
Сурет 22 - Электронды оқу құралындағы жаттығулар мен 
педагогикалық жағдайлар парағы 
Болашақ мұғалімдердің педагогикалық креативтілігін қалыптастыруды 
дұрыс ұйымдастыру мақсатында «Болашақ информатика мұғалімдеріне 
арналған ағылшын тілі», «Креативті педагогика» атты оқу құралдары 
дайындалды [204], [205] (сурет 23).
Сурет 23. «Болашақ информатика мұғалімдеріне арналған ағылшын 
тілі», «Креативті педагогика» оқу құралдары 
Бұл оқу құралдарында оқыту және тәрбиелеу үдерісін креативті 
басқарудың теориясы мен практикалық әдістемесі кӛрсетілді. 


136 
Жоғарыда аталған оқу құралдары, электронды оқу құралымен қатар 
болашақ информатика мұғалімдерінің педагогикалық креативтілігін 
қалыптастыруда оқытудың техникалық құралдарының мүмкіндіктері де
тиімді пайдаланылды. Олар: оқу нәтижелерін бақылауға кӛмектесетін 
құрылғылар. 
Болашақ 
информатика 
мұғалімдерінің 
педагогикалық 
креативтілігін қалыптастырудағы цифрлық техникалық құралдар (цифрлық 
теледидар, гаджеттер, DVD ойнатқыштар, мультимедиялық проекторлар, 
компьютерлік оқыту құралдары, интерактивтік тақта және т.б.) оқытудың 
кӛрнекі әдістерінің мүмкіндіктерін кеңейтіп қана қоймай, оларға жаңа сапа 
берді. Сонымен қатар, оқыту құралдарының келесі түрлері де кеңінен 
пайдаланылды: ақпараттық, бағдарламаланған оқыту, білімді бақылаудың 
бағдарламалық жабдықтары, жаттықтырғыштар.
Болашақ информатика мұғалімдерінің педагогикалық креативтілігін 
қалыптастырудың әзірленген әдістемесінде: оқыту мазмұны, оқытудың әдіс-
тәсілдері мен формалары және оқыту құралдары, оқу талаптары, 
оқытушының кәсіби біліктілігі, білім алушылардың кәсіби даярлық 
ерекшеліктері мен олардың мүмкіндіктерінің қойылған міндеттерге сәйкес 
келуімен айқындалатын біртұтас жүйе құрды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   67




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет