41
1. Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған бала, оны отбасында тәрбиелеуге беруге
мүмкіндік болмаған жағдайда, тәрбиелейтін, емдейтін немесе сол сияқты өзге де балалар
мекемелеріне орналастырылуға тиіс.
2. Балаға тиесілі алимент, жәрдемақы және басқа әлеуметтік төлемдер оның жеке
шотына аударылады және Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен
төленеді.
3. Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған тәрбиелейтін, емдейтін
және сол сияқты өзге де мекемелердегі балаға отбасылық тәрбиеге жақындатылған жағдай
жасалады. Баланы күтіп-бағуды пайдалануға, тәрбие, білім алуға, жан-жақты дамуға, ар-
ожданы мен қадір-қасиетінің құрметтелуіне, өз мүдделерінің қамтамасыз етілуіне, ана
тілінің, мәдениетінің, ұлттық әдет-ғұрпы мен дәстүрінің сақталуына құқығы бар.
4. Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған тәрбиеленетін,
емделетін және сол сияқты өзге де мекемелердің аталған мекемелердегі балаларға қатысты
педагогикаға жат немесе азғындық әрекеттер жасаған қызметкерлері Қазақстан
Республикасының заң актілеріне сәйкес жауаптылықта болады
(РҚАО-ның ескертуі:
қараңыз (131,132,137-баптар); (111-бап).
5. Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған тәрбиелейтін, емдейтін
және соған ұқсас басқа да мекемелердегі баланың құқықтары мен мүдделерін қорғауды,
оның жұмысқа орналасуына жәрдемдесуді жергілікті атқарушы органдар жүзеге асырады.
Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айрылған жетім балаларға Қазақстан
Республикасының тұрғын үй заңдарына сәйкес пайдалануға мемлекеттік тұрғын үй
қорынан тұрғын үй беріледі
(РҚАО-ның ескертуі: қараңыз 9-10 тараулар).
Достарыңызбен бөлісу: