Бузаубакова к. Д., Бупетаева с. Ж


-тарау. МҮГЕДЕК БАЛАНЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ



Pdf көрінісі
бет32/100
Дата14.09.2022
өлшемі3 Mb.
#39055
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   100
 
6-тарау. МҮГЕДЕК БАЛАНЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ 
 
31-бап. Мүгедек баланың толымды өмірге құқықтары 
1. Мүгедек баланың қоғам өміріне белсене араласуына ықпал ететін өз қадір-қасиетін 
қамтамасыз ету жағдайындағы толымды өмірге дені сау балалармен бірдей құқығы бар. 
2. Мүгедек бала өзінің дене бітіміне, ақыл-ес қабілетіне және тілегіне сай білім алуға, 
қызмет түрі мен кәсіпті таңдауға, шығармашылық және қоғамдық қызметтерге қатысуға 
құқылы. 
3. Ақыл-есінің немесе дене бітімінің дамуында кемістігі бар балаларды қоса алғанда, 
мүгедек балалар мамандандырылған балалар ұйымдарында медициналық-әлеуметтік көмек 
алуға құқылы. 
32-бап. Мүгедек баланы жұмыспен қамту саласындағы мемлекеттік кепілдіктер 
1. Мемлекеттік органдар және жергілікті өзін-өзі басқару органдары мүгедек баланың 
денсаулық жағдайын, қажеттері мен мүмкіндіктерін ескере отырып, оны оқыту, кәсіптік 
даярлау, лайықты жұмыс тауып беру және жұмысқа орналастыру үшін қажетті жағдайлар 
жасауға міндетті. 
2. Мүгедек балалардың жұмысқа орналасуын қамтамасыз ету, оларды кәсіби даярлау 
мен қайта даярлауды ұйымдастыру жөніндегі қызметті жеке жүзеге асыратын және заңды 
тұлғалар үшін Қазақстан Республикасының заң актілері мен жеңілдіктер белгіленуі мүмкін. 
33-бап. Мүгедек балаларға мемлекеттік көмек 
1. Мемлекет мүгедек балаларды қолдауға бағытталған медициналық, құқықтық, 
әлеуметтік-экономикалық шаралар кешенін жүзеге асырады. 
2. Мүгедек балаларға көрсетілетін мемлекеттік көмек Қазақстан Республикасының 
заң актілерімен белгіленеді (РҚАО-ның ескертуі: қараңыз). 
3. Мүгедек балаларды тәрбиелеуші және оларды күтіп-бағуды жүзеге асырушы ата-
аналардың және басқа да заңды өкілдердің мемлекеттік көмек алуға құқығы бар.
7-тарау. БАЛА ЖӘНЕ ҚОҒАМ 
 
34-бап. Ұлттық және әлемдік мәдениетке баулу 
1. Мемлекет балалардың Қазақстан халқының тарихымен, дәстүрлерімен, рухани 
қазыналарымен және әлемдік мәдениет жетістіктерімен танысуына мүмкіндік жасайды. 
2. Мемлекет балалардың шығармашылық және ғылыми қабілетін дамыту үшін 
ұйымдар құруды, кино және бейнефильмдер, теледидар және радио хабарларын шығаруды 
көтермелейді. Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен оларға 
қолжетімділікті қамтамасыз етеді. 
3. Порнографияны, қатыгездік пен зорлық-зомбылықты дәріптейтін, адамның қадір-
қасиетін қорлайтын, балаларға зиянды әсер ететін және құқық бұзушылыққа ықпал ететін 
бұқаралық ақпарат құралдарын, әдебиетті, ойын-сауық және басқа іс-шараларды пайдалану 
заң бойынша қудаланады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   100




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет