Бузаубакова к. Д., Бупетаева с. Ж



Pdf көрінісі
бет33/100
Дата14.09.2022
өлшемі3 Mb.
#39055
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   100
35-бап. Бала және дін 


43 
1. Мемлекет баланың ата-анасының немесе олардың орнындағы адамдардың діни 
дүниетанымына негізделген тәрбиеге араласпауға, білім беру, тәрбиелеу, емдеу 
ұйымдарының және өзге де сол сияқты мекемелердің шегінен тыс жерлерде баланың 
қатысуымен діни жоралардың жасалуына, аталған әрекеттер баланың өмірі мен 
денсаулығына қатер төндіретін, оның құқығын бұзатын және жауапкершілігін шектейтін 
жағдайларды қоспағанда, кепілдік береді. 
2. Кәмелеттік жасқа толмаған балаларға қатысты діни жоралар ата-анасының немесе 
олардың орнындағы адамдардың келісімімен жасалады. Балаларды дінге тарту жөніндегі 
мәжбүрлеу шараларына жол берілмейді. 
36-бап. Баланы әлеуметтік ортаның теріс ықпалынан қорғау 
1. Мемлекеттік органдар, жеке және заңды тұлғалар баланы оның денсаулығына, 
имандылық жағынан және рухани дамуына зиян келтіретін әлеуметтік ортаның, 
ақпараттың, насихат пен үгіттің теріс ықпалынан қорғауға міндетті. 
2. Салауатты өмір салтын насихаттау мен балаға құқықтық білім беруді мемлекет өз 
саясатының басым бағыттарының бірі деп таниды. 
3. Қылмыстың, зорлық-зомбылықтың немесе өзге де заңсыз әрекеттің салдарынан тән 
немесе жан жарақатын алған балаға денсаулығын қалпына келтіру және әлеуметтік 
бейімделу үшін қажетті көмек көрсетілуге тиіс. 
 37-бап. Баланы алкогольді өнімдер мен темекі бұйымдарының зиянды әсерінен 
қорғау 
1. Баланың ата-анасы, басқа да заңды өкілдері, мемлекеттік органдар, сондай-ақ 
баланы тәрбиелеу мен оған білім беру функциясын жүзеге асыратын ұйымдар салауатты 
өмір салтын және алкогольді өнімдер мен темекі бұйымдарының зиянды екенін 
насихаттауға міндетті. 
2. Балаға алкогольді ішімдіктерді, темекіні және темекі бұйымдарын сатуға тыйым 
салынады. 
3. Алкогольді өнімдер мен темекі бұйымдарын өндіруде немесе сатуда бала еңбегін 
пайдалануға тыйым салынады. 
4. Балалар тауарларын сататын сауда ұйымдарында және мәдениет мекемелерінде
сондай-ақ балаларға арналған іс-шараларды жүргізу кезінде шылым шегуге, темекі 
бұйымдарын сатуға тыйым салынады. 
5. Балалар мекемелерінде, білім беру ұйымдарында және оларға іргелес жүз метр 
радиустегі аумақта алкоголь өнімдерін сатуға тыйым салынады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   100




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет