Бузаубакова к. Д., Бупетаева с. Ж



Pdf көрінісі
бет50/100
Дата14.09.2022
өлшемі3 Mb.
#39055
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   100
Байланысты:
Эл.портф. Бузаубакова Бупетаева ПОСЛ ВАР 1 курс 2018-2019

Тоғызыншы ереже. Пікірталастырушыны қарым-қатынастың ең басынан «ия» деп 
жауап беруге мәжбүр ете біл. 
Оныншы ереже. Пікірталастырушының ойын, сөзін бұзбай толық тыңдап үйрен. 
Он бірінші ереже. Өз идеяңды толық жеткізе біл. Ол үшін өзіңнің мүмкіншілігіңді 
сынға сал (Бірден жеткізе аламын ба? Сөз қорым жеткілікті ме? Қандай сөз тіркестерді 
пайдаланғаным қолайлы?). Ал өз мүмкіндігіңе күмәндансаң, алдын ала ойша, не жазбаша 
(әсіресе телефонмен сөйлесер мәселе болса) өз идеяңды толық жеткізер сөйлемдерден тезис 
жаса. Ол көп сөзсіз, нақтылы болуы қажет. Әрбір сөзің толық мәлімет көтетер болсын, бос 
сөзден бас тарт, бірін айтып біріне кетпе, алаңдама, асығып-аптықпа (5-сурет). 
 
Сурет-5. Қарым-қатынасты дұрыс құру ережелері 
ОҚУ 
Сұлтанмахмұт Торайғыров 
Бүгіндегі жастарға оқу міндет, 
Тек қана оқуменен өнер білмек, 
Өнер – білім, адалдық, ар – намысты 
Жоятын надандық қой емсіз індет
 
Бар қиындықты тек қана ғылым жеңбек, 
Оқыса басқа елдердей қатарға енбек. 
Білімге ел боп аңсап құмарланса, 
Жетілмек аз-ақ жылда жоғары өрлеп. 
Көрші елдер өнерсізді қорлап күлмек, 
Оқу мен бірлік болса, көзіне ілмек. 
Қараңғы Қарынбайдай надан болсаң, 


61 
Байлығыңа иелік бермес күндеп. 
Өнерлі ел бар мұқтажын жерден ембек 
Өнермен техниканы жұмсап еңбек 
«А, құдай, өзің берден» түк шықпайды, 
Талаптанып, талпынсаң сонда бермек. 
Алдыңғы ел малға емес, жерге сенбек, 
Бар мұқтажы жерден өнбек. 
Басқаға малайлыққа жүккен күшті, 
Жұмсасаң өзің үшін шындап терлеп. 
Өнерге сай боп келсін бірлік, ерлік, 
Сонда ғана аларсың сен де теңдік. 
Надандықтан екенін білесіз бе, 
Көрінгенге болғаның семіз жемдік. 
Ел болуға алдымен білім тірек, 
Бір сөзді, бір ауызды намыс керек. 
Жалғыз ғана оқумен теңелмейсің, 
Алты ауыз азған болсаң қоян жүрек. 
Қажырлы ел жаннан арын артық көрмек, 
Өнерге ұмтылатын аңсап – шөлдеп. 
Қорғайды елін, жерін қаныменен, 
Болмайды жаннан қорқып басын имек. 
Наданды әркім жейді нандай илеп, 
Жыртқыш ілген үйректей тірі жүндеп. 
Өгей бала секілді тесік өкпе, 
Жалғанда теңдік көрмей жаны күймек. 
«Ел» дейтін адал басшы әзір сирек, 
Көпшілігі табансыз, қорқақ, күйрек. 
Ел үшін құрбанға шалса разы, 
Кім бар еді ту ұстаған елін сүйреп?! 
Ел үшін еңбек етсең, халқың сүймек, 
«Біз үшін отқа, суға түсіп жүр» деп. 
Ер өлсе де, ел өшірмес, 
Неше мың жыл өтсе де тарих білмек! 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   100




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет