61
Байлығыңа иелік бермес күндеп.
Өнерлі ел бар мұқтажын жерден ембек
Өнермен техниканы жұмсап еңбек
«А, құдай, өзің берден» түк шықпайды,
Талаптанып, талпынсаң сонда бермек.
Алдыңғы ел малға емес, жерге сенбек,
Бар мұқтажы жерден өнбек.
Басқаға малайлыққа жүккен күшті,
Жұмсасаң өзің үшін шындап терлеп.
Өнерге сай боп келсін бірлік, ерлік,
Сонда ғана аларсың сен де теңдік.
Надандықтан екенін білесіз бе,
Көрінгенге болғаның семіз жемдік.
Ел болуға алдымен білім тірек,
Бір сөзді, бір ауызды намыс керек.
Жалғыз ғана оқумен теңелмейсің,
Алты ауыз азған болсаң қоян жүрек.
Қажырлы ел жаннан арын артық көрмек,
Өнерге ұмтылатын аңсап – шөлдеп.
Қорғайды елін, жерін қаныменен,
Болмайды жаннан қорқып басын имек.
Наданды әркім жейді нандай илеп,
Жыртқыш ілген үйректей тірі жүндеп.
Өгей бала секілді тесік өкпе,
Жалғанда теңдік көрмей жаны күймек.
«Ел» дейтін адал басшы әзір сирек,
Көпшілігі табансыз, қорқақ, күйрек.
Ел үшін құрбанға шалса разы,
Кім бар еді ту ұстаған елін сүйреп?!
Ел үшін еңбек етсең, халқың сүймек,
«Біз үшін отқа, суға түсіп жүр» деп.
Ер өлсе де, ел өшірмес,
Неше мың жыл өтсе де тарих білмек!
Достарыңызбен бөлісу: