Бузаубакова к. Д., Бупетаева с. Ж


Абай  V бөлім: Өзіңді - өзің бағалай біл!



Pdf көрінісі
бет97/100
Дата14.09.2022
өлшемі3 Mb.
#39055
1   ...   92   93   94   95   96   97   98   99   100
Абай 
V бөлім: Өзіңді - өзің бағалай біл! 
Өз күшіңе сенудің өзі күш береді 
Л.Вовенарг 
Тест. Өзіңді-өзің бағала! 
р/с 
Іскерлікте 
нені 
ұнатасыз? 
Ұнамайды 
0 балл 
Арнаулы 
мөлшерде 
ұнайды 
2 балл 
Жай ғана 
ұнайды 
1 балл 
Өте қатты 
ұнайды 
3 балл 
1. 
Қызықты іс 
2. 
Әр түрлі адамдармен 
әңгімелесу 
3. 
Жолдастық көмек 
4. 
Біліміңмен бөлісу 
5. 
Шығармашылық 
6.
Жаңа біліктілік пен 
білімділік үйрену 
7. 
Өзгелерді басқару 
8.
Ұжымдық жұмыстарға 
қатысу 
9. 
Жолдастарының 
құрметіне 
бөлену 
мүмкіндігі 
10. 
Өзгелерге 
жақсылық 
жасау 
11. 
Белгілі мөлшерде мінез-
құлқыңды 
қалыптастыру 
Қорытындысы: 
3, 4, 8, 10 сұрақтарға максимал балл -ұжымдық мотив. 


125 
1, 2, 5, 6 сұрақтарға максимал балл -жеке тұлғалық мотив. 
3, 4, 7,9 11 сұрақтарға максимал балл -ұжымшылдық мотив. 
 
Жалпы қорытынды: Қолыңа іс алған екенсің - аяқсыз қалдырма, қайта қалауын 
табуға ұмтыл, табандылық таныт, сәл сәтсіздікке ұнжырғаң түспесін. 
Ж. Қуанышбаев 
 


126 
Тараз мемлекеттік педагогикалық университетінің 
Химия-биология факультеті «Биология және биологияны оқыту
әдістемесі» 
кафедрасының 4-курс студенті 
Тлепалдиева Әсем Батыршақызының 
 
РЕФЛЕКСИВТІ ЕСЕБІ 
(2000 сөз) 
Мен, Тлепалдиева Әсем Батыршақызы, Тараз Мемлекеттік Педагогикалық 
Институтының «Химия-Биология» факультетінің Б-13-1 тобының 4-курс білімгерімін. 10- 
апталық кәсіби практиканы Тараз қаласы физика-математика бағытындағы Назарбаев 
Зияткерлік мектебінде өттім. Кураторлық қызметті атқару үшін 8 «А» сыныбы бекітілді. 
Тәлімгер ретінде биология пән мұғалімі Мамырова Гүлмира Айсарықызы және куратор 
ретінде Қожаханова Жанат Серикбекқызы бекітілді. Практиканың алғаш күнінен бастап, 
берілген тапсырмаларды дұрыс орындап, тынғылықты жұмыс істеуге тырыстым. Алғашқы 
апта белсенді емес практика болғандықтан, мектеп ғимаратымен, мектептің ішкі тәртібімен, 
білім беру жүйесімен танысып, бекітілген сыныбымнын биология сабағынан басқа да 
сабақтарына қатыса отырып, сынып оқушыларын жақсы тану үшін бақылап жүрдім. 
Кураторым Жанат Серикбекқызы сынып туралы толық мәлімет берді. Алайда, 
оқушылармен әрмен қарай жақсы қарым-қатынас орнату үшін, практика барысында
бірнеше сауалнамалар алдым. Сауалнама барысында, оқушылардың қызығушылықтарын, 
қызығатын спорт түрлерін, сүйіп оқитын кітаптарын және тағы да басқа көп мәлімет алдым. 
Бірінші аптада ата-аналар жиналысын өткіздік. Жиналыста 2-тоқсандағы оқушылардың 
білім сапасы, атқарылған жұмыстардың нәтижесі, оқушылардың жетістіктері мен белсенді 
оқушылар анықталды. Ата-аналар толықтай қатысты. Жиналыс барысында алдағы 
уақыттағы білім сапасына берілетін тапсырмалар мен өтілетін іс-шаралармен (8-наурыз, 22-
наурыз) танысып, өзара келісімге келді. Жиналыста басқа да пән мұғалімдері келіп, 
оқушылардың талпынды алу себептерін атап кетті және мед.бике келіп оқушылардың 
денсаулығы жайлы ақпарат берді.
Кураторлық қызмет барысында, 8 «А» сыныбына екі іс-тәжірибеден өтуші 
практикант беру есебінен, кураторлық сағатты кезекпен өтуді келісіп, мен үш куратор 
сағатын және екі шаңырақ сағатын өттім. Сабақты ұйымдастыру барысында мен 
оқушылардың дарындылығына, жылдамдығына қарай тайм-менеджментке мән бере 
отырып, оқушыларды теңдей топқа болдім. Оқушылардың деңгейіне байланысты 
мәселелер талқыланды және жарыс түрінде өтілген сағаттарда көбіне оқушыларды сыни 
ойлауға үйреттім. Кураторлық сағатта топтық, жұптық және жеке тапсырмалар орын алды. 
Әрбір өтілген кураторлық сағаттан соң, куратормен бірлесе отырып, өтілген сабақты 
талқыладық. Сағатты жүргізу барысында менің жетістіктерім де кем тұстарым да болды. 
Мысалыға, топқа бөліп жарыс сабағы тиімді болды. Оқушылар өзара белсенді сұрақтарға 
жауап бере отырып, топ ішінде тапсырманы талқылап, ойларын ашық, еркін айтып, қарым-
қатынастарын нығайтуға үлесін тизізді. Алғашқы куратор сағатым «Егемен елдің болашағы 
жарқын» деп аталынады. Жарыс түрінде өтілді. Сыныпты 3 топқа бөліп, «ертедегі 
Қазақстан, қазіргі таңдағы Қазақстан және Болашақты Қазақстанды қалай елестетесіздер?» 
деген кезеңдер берілді. Оқушылар топ ішінде постер құрастырып, қорғап шықты. Ең 
керемет айтылған кезең ол болашақтағы Қазақстанды талқылау кезі. Себебі, оқушылар өз 
ойларын толықтай айтты. Мәселен, роботтар құрастыру, Тараз қаласы Қазақстанның 
астанасы болса екен, Қазақстанның әлеуметтік және экономикалық жағдайы жақсарып, 
халық саны көбейсе екен, әлемге танымал футбол командасы болса, көптеген қажетті 
технологиялар, жаңа ғимараттар салынса, Тараз қаласында археологиялық заттар табылу 
есебінен, туристтер көп келіп, Тараз қаласы әлемге әйгілі қала болса деген секілді көптеген 
өз армандарын айтты. Кері байланысқа «Үміт ағашы» әдісін қолдандым. Тақтада тұрған 


127 
ағашқа өздерінің сабақтан алған әсерлерін жазды. Екінші куратор сағатынын тақырыбы 
«Темперамент және кәсіп» деп аталынады. Бұл сағаттың өтілу барысында оқушылардың 
алдымен темпераментін анықтайтын тест құрастырдым. Олар өздерінің мінездеріне сай 
темпераментті тауып, сол арқылы топқа бөлінді. Әр темпераментке байланысты 
мамандықты зерттеп, оқушылардың өз ойларымен салыстырдық. Әрі қарай топ арасында 
жарыс болды. Мәселен, іс-қимыл арқылы топ мүшесі, өз тобына қағазда жазылған 
мамандықты көрсетуі қажет болды. Оқушылар өте зеректік танытып, бұл сыннан да 
мүдірмей өтті.
Келесі берілген тапсырма, оқушыларға тәттілер тарата отырып, сыртынан түрлі-түсті 
қағазбен орап, төрт мамандықты жасырдық. Кімге сол жасырынған тәтті түссе сол ойынға 
шығуы керек болды. Ойынның шарты слайдта көрсетілген мамандық бойынша аңгіме 
құрастыру. Берілген мамандық бойынша көптеген суреттер беріледі. Оқушы барлығын 
кезегімен қарай отырып, сол мамандыққы қорғап шықты. Бұл сағаттың мақсаты, 
оқушылардың қазірден бастап өз темпераментін біліп, онымен қоса болашаққа бір қадам 
болсын нық қарап, өзінің кім болғысы келетініне ой қозғау болды. Оқушылар қазірден 
бастап өз ойларын айтып, көптеген мамандықтарды зерттеп, сұрастырып қызығушылық 
танытты. Кері байланыс жазбаша түрінде болды. Бастапқысында менде уақыт жетпеуі 
мүмкін деп ойлағанмын. Бірақ барлығын уақытымен орындап, барлығына толық үлгерлік. 
Тайм-менеджмент сақталды.Үлгілі сабақ ретінде өтілген практика жетекшісі, педагогика 
ғылымдарының докторы, профессор К.Ж.Бұзаубақованың жетекшілігімен «Іздегенде 
табылатын қасыңнан» атты Республикалық онлайн-семинар түрінде өтілді. Кураторлық 
сағат жүргізудегі менің мақсатым, оқушыларды татулыққа, шынайылыққа, қамқорлыққа, 
адалдыққа баулу және адам бойындағы жат қылықтардан, өзімшілдіктен, менмендіктен, 
арамдықтан аулақ болуға үйрету болды. Мен Мақсатыма жеттім деп ойлаймын, себебі 
оқушылардың бойынан адамгершілік пен бауырмашылық қасиеттерін сабақ барысында 
байқадым. Әсіресе топтық жұмыстарда. Кураторлық сағатымызды басқа да облыстар көріп 
отырған есебінен, сабақты өте жақсы дайындауға тырыстым. Бізбен байланысқа 
шыққандар: Алматы қаласы физика-математика Абай атындағы Қазақ Ұлттық 
Педагогикалық Университеті, Қазақ Мемлекеттік қыздар Педагогикалық Университеті, 
Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік Университеті, Алматы қаласы физика-
математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі, «Назарбаев Зияткерлік 
мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығының Тараз қаласындағы филиалы, 
Тараз Мемлекеттік Педагогикалық Институты және де кабинет ішінде кураторлар ұжымы 
мен іс-тәжірибеден өтушы білімгерлер. Барлығының көңілдерінен шығып, жүргізген 
сабағыма жоғары баға берді. Оған қоса оқушыларым да сабақтың онлайн болып өтілуінен 
сескенбей, сабақта өте белсенді болып, өздерін көрсете алды. Сабақ жарыс түрінде өтілді. 
Өзіме ұнаған тұстары ол алғашқы сергіту сәті, «тұз терпаиясы». Оқушылардан бұрын, өзіме 
де жаңалық болды. Түрлі түске боялған тұздарды қолдана отырып, стақанға кезегімен 
салып, тұз қабаттарын шығарып, оны қосымша таяқшамен астыға ығыстыру арқылы неше 
түрлі бейне шығару. Тұз - адам бойындағы күйзелістен арылтуға және көңіл күйді берік 
қылуға әсерін тигізеді. Сабағымызды әрмен қарай түрлі түстер секілді ашық жарқын өткізу 
мақсатында осы әдісті қолдандым. Оқушыларға ситуациялық жағдаяттар бердім. Бұл 
сынақтан сүрінбей өту үшін, жағдаяттан шығатын үш қадам жасап өз ойларын жеткізді. 
Кері байланыс түрінді жүрек пішінді стикер таратылды. Сол стикерге жанында тұрған 
досының ең жақсы қасиетін жазып, кеуде тұсына жапсырды. Сабақ өті қызық, түсінікті 
және оқушылардың да бағалаушылардың да көңілінен шықты деп ойлаймын.
Сыныпты зерттеу мақсатында үш сауалнама жүргіздім. Соның екеуі бізге бекітілген 
электронды портфолио тарапынан ұсынылды. Меніңше, бұл сауалнамалар өте тиімді. 
Себебі алғаш алған сауалнама, яғни сынып оқушыларын зерттеу социометриясының 
көмегімен оқушылар арасындағы қарым-қатынас жайлы тереңірек білдім. Екінші 
сауалнама оқушының оқу түрткісі диагностикасы: «Мен не үшін және неліктен сабақ 
оқимын?» болды. Бұл сауалнамаға сыныптан екі оқушыны таңдап алдым. Сауалнама 


128 
нәтижесі маған қызықты болды. Оқушылардың оқуға деген зейіні өте жоғары деңгейде 
екені көрінді. Соңғы алынған сауалнама ол оқушылардың кәсіби бағдарын анықтадым. 
Зерттеу нәтижесі бойынша оқушылардың 25 пайызы футбол саласына яғни спортқа, 25 
пайызы биология және биотехнология салаларына, 15 пайызы туризм, 15 дәрігер саласына, 
20 пайызы кәсіпкер саласына қызығушылығының бар екендігі анықталды.
Қаңтар айының соңғы аптасында шаңырақ сағатын өттім.Шаңырақпен танысу сағаты 
болды. Шаңырағымызда 11 «Н» орыс сыныбы мен 8«А» қазақ сыныптары бар. Шаңырақ 
сағаты 20 минут болуына байланысты, екі сыныпты бір-бірімен таныстыру мақсатында 
бірнеше ойындар ұйымдастырдық. Шеңбер құрып, кезек-кезек сыныптарды отырғызып, 
аттарын жаттау мақсатында әр оқушы өз атын айтып, келесі отырған оқушы өз атын және 
қасындағы оқушының атын атауы қажет болды. Осы ретпен 40 оқушының да аты 
толығымен аталып, шаңырақ сыныптары бір-бірімен танысты. Бұл таныстық, алдағы 
уақытта оқушылар арасындағы байланысқа қандай да бір көмегі тиеді деген оймен 
жасалынды. Келесі ойналған ойын ол «Сенің маған....(білімің, сымбаттылығың, өлең 
оқығанын, өнерлі болғаның..т.б) ұнайды» деп аталынады. Шеңбер бойымен отырған 
оқушылар өзінің ұнаған адамына допты лақтыра отырып, оның өзіне ұнайтын тұстарын 
айтты. Осы ретпен оқушылардың барлығы қамтылды.
Биология пәнін бекітілген сыныпқа өттім. Алғашқы екі аптасы белсенді емес практика 
болды. Тәлімгерімнің сабақ беру барысын бақылап, әдістерін үйреніп, оқушылармен жұмыс 
жасауын бақыладым. Алғашқы аптадан бастап тәлімгерім Мамырова Гүлмира Айсарықызы 
маған қысқа мерзімді сабақ жоспарын құруды, сабақтың тақырыбын ашу жолдарын, 
сабақтың мақсатын дұрыс қоюды, сабақтың мақсатына жету үшін берілетін жетістік 
критерийлерін дұрыс жазуды, уақытты үнемдеу жолдарын, ресурстарды дайындау тәртібін, 
қорытынды бағалау тапсырмаларын дайындауды, дарынды балаларға арналған 
тапсырмаларды дайындауды, оқушылардың қызығушылығын оятатын көптеген тәсілдерді, 
сабақты қоршаған ортамен байластыра отырып түсіндіруді, сабақтың әдістерін, кері 
байланыстың түрлері мен оның тиімділігін үйретті. Бірлесе отырып сабақ жоспарып құрып 
көрсетті. Бастапқыда қиынға түсті, себебі, Назарбаева Зияткерлік Мектептеріндегі 
бекітілетін сабақ жоспарлары мен сабақтын өтілу барысы, қарапайым мектептерге 
қарағанда мүлдем бөлек.
Алғашқы аптадан бастап сабақта алынған қорытынды бағалаудан, талпынды алған 
оқушылармен қосымша жұмыс жасадым. Оқушылар түстен кейін сабақтан бос кезінде 
келіп, сабақтың мақсатына жету үшін, мен оқушыларға түсінбеген тапсырмаларын 
түсіндірдім.
Үшінші аптадан бастап бекітілген 8 «А» сыныбымен team-taeching әдісін бақылап 
көрдік. Team-teaching әдісі яғни, сабақ барысындағы тапсырмаларды теңдей бөліп алуға 
болады немесе сабақта бір мұғалім пассивті түрде, ал екіншісі активті түрде болады. 
Үшінші аптадағы сабақтарымды тәлімгеріммен бірлесе отырып өттім. Кейінгі апталарда 
сабақтарды жеке өте бастадым. Сабақ өту барысында топтық, жұптық жұмыстар тиімділігін 
байқадым. Себебі топтық жұмыс жасау барысында оқушылар сыни тұрғыдан ойлай 
отырып, пікір алмасып, өз орталарында тақырыпты талқылап, берілген тапсырмаларды 
бірігіп орындайды. Алғашқы жеке берген сабағым «Көз бен есту гигиенасы» тақырыбында 
зертханалық жұмыс болды. Сабақтың мақсаты көз және есту гигиенасының ережелерін 
сипаттау. Ой шақыру кезінде оқушыларға көз және есту гигиенасы туралы видео көрсетілді. 
Оқушылармен видео талқыланып, сабақтың тақырыбы ашылды. Оқушыларға тақырыпқа 
сай мәтін таратылды. Оқушылар мәтінді оқып, тақырыппен танысты. Зертханалық 
жұмыстын барысы, алғашқы жұмыс жұптық жұмыс, көз бұлшықеттерімен жұмыс. Яғни 
қасында отырған оқушы жанындағы оқушыға қаламмен оңға, солға, жоғары және төмен 
бағыттайды, ал қарама-қарсы отырған оқушы басын қимылдатпай, көзін көрсетілген 
бағытта қимылдату болды. Екінші тапсырма ол Маритотто әдісі, яғни соқыр дақты анықтау. 
Соқыр дақты анықтауда оқушыларға аздап қиынға соқты, әйтсе де барлығы орындап 
шықты. Оқушылар көз және есту гигиенасын жеке түсіндіріп, сабақтың мақсатына жетті. 


129 
Келесі берген сабағым «сезім мүшелері», сабақтың мақсаты «тері құрылымын сипаттау». 
Ой шақыру үшін тері сөзіне ребус және жұмбақ құрастырған болатынмын. Оқушылар тез 
тауып, сабақтың тақырыбы ашылды. Оқушыларға терінің құрылымын, тері қабаттарын 
түсіндірдім. Есесіне оқушылар бұрын алған білімдерін қолдана отырып, сабақты еркін және 
тез меңгеріп алды. Оқушыларға терінің құрылымы бар суретті тараттым. Оқушылар жеке 
отырып терінің қабаттарымен, құрылымымен танысты. Сабақта бірнеше тапсырмалар 
берілді. Мысалы, кесте толтыру, сұрақтарға жауап жазу, тақтада жасырынған сөздерді табу 
және де терінің құрылысы жайлы видео көрсетілді. Сабақтың аяғында қорытынды бағалау 
алынды. Онда берілген тапсырма терінің маңызын түсіндіру және терінің құрылымын 
жазып шығу. Кей оқушыларда қателіктер болды, яғни талпынды алды. Сабақтан кейін 
келіп, қосымша сабақты тапсырып, мақсатына жетті. 
Кері байланыс «қызық, қиын, құнды», яғни оқушылар сабақта өздеріне қызықты 
болған жағын, қиын болған тұстарын жне құнды болған мағлұматтарын жазып берді. 
Оқушылардың көбісі қызық болған тұсы ол терінің құрылысы, құнды мағлұмат ол терінің 
адам өміріндегі маңызы деп жазған. Келесі өтілген сабағым, алдыңғы тақырыптың жалғасы, 
тек мақсаты бөлек. Сабақтың мақсаты бөліп шығару үдерісінде терінің рөлін түсіндіру. Бұл 
сабақта терінің бөліп шығарудағы маңызын түсіндірдім. Терінің қызметтеріне тоқталып, 
жеке тапсырмалар орындады. Келесі сабақ «Тері аурулары». Сабақтың мақсаты тері 
ауруларының алдын алу шараларын түсіндіру. Тері аурулары бар 3 суреттен, мозайка 
жасап, сол мозайка арқылы оқушыларды 3 топқа бөлдім. Берілген ауру түрлері қотыр, 
теміреткі және безеу. Оқушылар мозайканы құрау арқылы өз топ мүшелерін тауып, 
орындарына орнықты. Әр оқушыға тері аурулары туралы мәтін беріліп, оқушылар ауру 
түрлерімен жеке танысты. Келесы тапсырма, «Елге саяхат» постерін қорғау. Постер 
жасаудың өзіне тән критерийлері берілді, яғни аурудың түрі, алдын алу шарасы, емдеу 
жолы туралы толықтай түсіндіру. Оқушылар ауру түрлерімен танысты.
Кері байланыс 3 түрлі смайликтер арқылы оқушылар сабаққа қатысты өз ойларын 
білдірді. Келесі сабақ зертханалық жұмыс «терінің сезімталдығын зерттеу». Бұл 
тапсырмада алдымен оқушылармен терінің құрылымын қайталау есебінен, тері құрылымын 
апликация жасау арқылы, дәптерлеріне жапсырды. Сабақтың барысы сабақтың тақырыбын 
ашу үшін оқушыларға жалпы сұрақ қойылды: алақан терісі мен табан терісінің қайсысы 
кеңістіктегі заттарды сипап сезуге бейім болып келеды? Оқушылар ойланып дұрыс жауап 
беруге талпынды. Сабақтың тақырыбы ашылып, оқушыларға тері сезімталдығы туралы 
видео көрсетілді. Әрі қарай тақырыпқа сай кесте берілді. Оқушылар қол мен қолдың 
буынының әртүрлі бөліктеріндегі түйсіктің айырмашылықтарын анықтау үшін тәжірибе 
жүргізді. Қол мен қол буыны терісіндегі сезіну рецепторының тығыздылығы тұрғысынан
нәтижелерді талдады. Келесі сабақта жылықанды жануарлардың тұрақты температураны 
сақтауындағы терінің рөлін сипаттау. Оқушыларға проблемалық сұрақ берілді. Сол 
проблемалық сұрақты шешу арқылы оқушылар FILA кестесін толтырды. Кесте 
оқушыларға алғашқы рет берілген себептен, жұмысты орындау барысында оқушылардың
жан-жақты ойлауды талап етті. Кері байланыс ауызша алынды. Сабақта болған 
қиыншылықтар мен қызықты тұстарын атап кетті. Оқушыларға FILA кестесімен жұмыс 
жасаған қиынға соққанымен, қызық екенін ескеріп, келесі сабақта да осы кестені 
қолдануымызға ұсыныс тастады. Келесі сабақта жаңа бөлімді бастадық. Тақырып өте 
қызық, «бактериялар». Сабақтың мақсаты бактериялардың түрлі формаларын сипаттау. 
Оқушылар алдында алған білімдерін қолдана отырып, сабақты жеңіл және тез меңгерді. 
Сабақ барысында оқушылар 4 түрлі пішінді бактериялардың түрлерімен танысып, 
пайдалы және пайдасыз бактерия түрлерін анықтап, микроскоп астында бактерия 
пішіндерін ажыратты. Бактериялар туралы бірнеше видео көрсетілді. Кері байланыс 
«бағдаршам» әдісін қолдандым. Келесі сабақтың тақырыбы «бактерия», сабақтың мақсаты 
жұқпалы аурулардың ерекшеліктерін және алдын алу шараларын сипаттау. Топтық жұмыс 
болғандықтан оқушыларды 3 түрлі аурудың ережесі жазылған таратпа қағазды бөліктерге 


130 
бөліп, оқушыларға таратылды. Оқушылар сөйлемді құрастыру арқылы өз топ мүшелерін 
және берілген ауру түрін анықтады.
Оқушылар «Елге саяхат» әдісі арқылы постер қорғады. Ондағы тапсырма бактерия 
арқылы туындайтын ауру түрлерімен таныса отырып, аурудың алдын алу шараларымен, 
емдеу жолдарымен және сол ауру туралы мағлұмат бере отырып, постер қорғау. 
Оқушыларға сабақтын барысында мәтін берілді. Сол мәтінді қолдана отырып, тапсырманы 
орындады. Топтар бір-бірін бағалау үшін, бағалау критерийлері таратылды. Кері байланыс 
кезінде «қызық, қиын, құнды» әдісін қолдандым. Келесі сабақ зертханалық жұмыс «йогурт 
пен ірімшік өндірісін зерттеу». Оқушыларға үй жағдайындағы және өндіріс 
орындарындағы ірімшік жасау технологиясын түсіндіріп, видео арқылы көрсетілді. 
Оқушылар жасалу технологиясын толық меңгерген соң, техникалық қауіпсіздікті сақтай 
отырып, үй жағдайында йогурт және ірімшікті жасауға кірісті. Оқушыларға өте қызықты 
болды. Келесі сабақ жаңа бөлім «Генетикалық материал». Сабақтың тақырыбы 
«Генетикалық материал», сабақтың мақсаты генетикалық материал ДНҚ-ның 
хромосомадағы рөлін түсіндіру. Сабақтың барысында оқушыларға сабаққа қатысты жаңа 
терминдерді түсіндіріп, әр оқушыға жеке мәтін таратылды. Мәтінмен жұмыс істей отырып, 
бірнеше жазбаша тапсырмалар орындалды. Кері байланыс ретінде «жол сандық, 
еттартқыш, қоқыс жәшігі» әдісін қолдандым. Жол сандыққа өздеріне керек мәліметтерін 
жазды, еттартқышқа алдағы уақытта нені білгісі келетінін жазды және де қоқысқа қызық 
емес мәліметті жазып шықты.
Келесі сабақ зертханалық жұмыс «Әртүрлі ағза түрлеріндегі хромосомалардың санын 
салыстыру», сабақтың мақсаты әртүрлі ағза түрлеріндегі хромосомалардың санын 
салыстыру. Оқушыларға тақырыпқа сай мәтін таратылды. Мәтінді пайдалана отырып,
оқушылар келесі тапсырманы орындады. Ер адамның, жеміс шыбынының және астра 
гүлінің хромосомаларының суреті бар қағаз әр оқушыға таратылды. Оқушылар хромосома 
санын және пішінін ажырата отырып дәптерлеріне сәйкестендіріп жапсырды. Келесі 
сабақты жаңа «Көбею» бөлімімен бастадық. Сабақтың мақсаты, омыртқалы жануарлардың 
жыныс жүйесін салыстыру. Ой шақыруға омыртқалы жануарлардың барельефті 
модельдерін көрсетіліп, оқушылар омыртқалылардың жыныс жүйелерін анықтады. 
Оқушылар ұрықтанудың биологиялық маңызын, жынысты және жыныссыз көбеюдің 
айырмашылығын түсіндіре отырып, омыртқалы жануарлардың жыныс жүйелерін сызбада 
көрсетіп, кестені толтырды. Кестеде омыртқалы жануарлардың 3 түрі берілді, осыған 
сәйкес ұрықтану түрін, ұрықтың даму формасын, ұрық дамитын орнын тізіп жазып шықты. 
Кері байланысқа «Ойлаудың алты қақпағы» әдісін қолдандым.
Келесі сабақ «Өсімдіктердің тозаңдануы», сабақтың мақсаты өсімдіктердің 
тозаңдануындағы гүл құрылысының маңызын сипаттау. Оқушыларға сабақты түсіндіру 
жеңіл болды, себебі алдынғы жылғы білімдері де болды. Сабаққа қатысты, өсімдіктің 
көбеюге қатысатын мүшелерімен танысып, оның маңызына тоқталдық. Кері байланыста 
«Сиқырлы себет» әдісін қолдандым. Оқушылар гүлдің бөліктерінен жасалған қағазға, 
сабақта өте жақсы меңгерген мәліметін, қызықты болған тұсын, жаңа мәлімет алған болса 
жаңа ақпаратын және сабақтың түсініксіз болған тұстарын жазып, тақтада ілініп тұрған 
себетке салды. Оқушылардың көбісі сабақты толықтай өте жақсы меңгенгенін жазған.
Пән бойынша үлгілі сабағымның жоспарын тәлімгерімнің көмегімен жасадым. 
Сабақтың тақырыбы «Өсімдіктердің тозаңдануы», сабақтың мақсаты өсімдіктердің 
тозаңдану жолдарын салыстыру. Ой шақыруға тозаңдану түрлері бөлек 2 өсімдіктің суретін 
тақтаға шығардым. Оқушылардан сурет арасында айырмашылықтарды сұрау арқылы, 
сабақтың тақырыбы, мақсаты ашылды. Өсімдіктердің тозаңдану түрлерімен таныстырдым, 
түсіндірдім, қандай жолмен тозаңданатынын түсіндіре отырып, әр оқушыға жеке мәтін 
бердім. Мәтіннің көмегімен оқушылар жеке, жұптық және топтық жұмыстар орындады. 
Орындау барысында әр жұмысқа белгілі уақыт берілді. Жеке жұмысқа кесте толтыру 
тапсырмасы берілді. Жұмысты жасау барысында, кестеге белгілері берілген, оқушылар сол 
белгіге қарап тозаңдану түрлерін ажыратып жазу қажет болды. Толтырып болған соң 


131 
тақтадан дұрыс жауабы шығып, оқушылар өзін-өзі бағалады. Топтық тапсырмада 
оқушылар 2 топта айқас тозаңдану және өздігінен тозаңданудың артықшылығы мен 
кемшілігін ажыратып, сызбаға толтырды. Қорытынды бағалауда оқушыларға 1 міндетті, 1 
қосымша тапсырма берілді (дарынды оқушыларға). Міндетті тапсырмада өздігінен 
тозаңдану мен айқас тозаңдану ерекшеліктерін анықтап, салыстырды, ал қосымша 
тапсырмада өздігінен және айқас тозаңданудың артықшылығы мен кемшілігін жазып берді. 
Сыныптың 75 пайызы 2 тапсырманы да орындап , оқушылар сабақтың мақсатына жетті.
Кері байланыста «Сиқырлы себет» әдісін қолдандым. Оқушылар гүлдің бөліктерінен 
жасалған қағазға, сабақта өте жақсы меңгерген мәліметін, қызықты болған тұсын, жаңа 
мәлімет алған болса, жаңа ақпаратын және сабақтың түсініксіз болған тұстарын жазып, 
тақтада ілініп тұрған себетке салды. Сабақ түсінікті және жеңіл болды. Сабақ жақсы 
деңгейде өтті, оған дәлел ретінде сабақтың оң бағаларға ие болғандығы. Уакытқа 
байланысты аздаған кемшілік болды, бірақ болашақта ондай қателіктерге жол бермеймін 
деген ойдамын. Соңғы сабақ қайталау сабағы болды. Оқушылардың 3-тоқсандағы оқыған 
тақырыптарын еске түсіріп, сабақтар бекітілді. Соңғы сабақ болғандықтан ойын түрінде 
өтілді. Бастапқыда жалпы сұрақ қоя отырып, өткен тақырыптарға шолу жасадық. 
Оқушыларды тәттілер арқылы 2 топқа бөлінді.
Алғашқы «Kahoot» тест тапсырмалары. Интернет желісіне алдын ала тест 
тапсырмаларын енгізіп дайындап қойғанмын. Оқушылар осы сайтқа кіріп, өз топтарының 
атын және топ мүшелерінің аттарын енгізді. Сұрақтар 3-тоқсандағы өтілген сабақтар 
бойынша болды. Жауап беру шапшаңдығына және дұрыс жауаптарына байланысты ұпай 
беріліп, әр топтың ұпайлары автоматты түрде саналып, экранға шығарылып отырды. 
Оқушылар өте белсенді қатысып, жарыса сұрақтарға жауап беріп отырды.
Келесі ойын ол кестеде берілген шашыранды әріптер арасынан 3- тоқсандағы өтілген 
тақырыптар бойынша термин сөздерді табу. 2 топқа 2 кесте таратып, 10 минут уақыт 
бердім. Кестені беру мақсатым, оқушылардың есте сақтау қабілетін арттыру және термин 
сөздерді жаттатқызу болды. Оқушылар 10 минут ішінде 45-50 сөз арасында тауып 
белсенділігін көрсете білді. Әр топтың өзіне тән ұпайларын есептеп, келесі ойынға көштік. 
Келесі аукцион сұрақтары болды. Онда анализаторлар мен сезім мүшелеріне байланысты 
сұрақтар берілді. Аукционда сезім мүшелерінің терминін, анатомиясын, физиологиясын
гигиенасын, сандар мен фактілерін таңдап алу мүмкіндігі болды. Әр сұрақтың қиындығына 
байланысты ұпай сандары әр түрлі болды. Оқушылар бұл сыннанда сүрінбей өтіп, жақсы 
нәтиже берді. Барлық ұпайларды санап, жеңімпаз топты анықтап, ол топты шоколадпен 
марапаттадым. 
Назарбаев Зияткерлік Мектептері мен жалпы орта білім беретін мектептерді өзара 
салыстыруға келмейтініне көз жеткіздім. Бірақ НЗМ мектептерінің бағдарламасы мен білім 
беру жүйесін өзге мектептерге толықтай енгізу үшін уақытты, үлкен еңбек пен қаражатты 
қажет етеді.
НЗМ-нің оқушыларының ойлау қабілеті жоғары, академиялық шыншылдыққа 
бейімделген, ізпемпаз, ұқыпты. Мектеп оқушыларының көпшілік бөлігін дарынды, әрі 
талантты балалар құрайды. Тайм-менеджмент, яғни уақытқа қарай жұмыс жасауға 
бейімделген. Менің ойымша, осы қасиетті өзге де мектептерге енгізу қажет. Сабақ өту 
барысын жеңілдете отырып, жетілдіріп, қызықты әрі түсінікті етіп орта мектептерде 
қолдануға болады. 
Маған осында алған білімім мен тәжірибемнің алдағы уақытта көп көмегі тиеді 
деген ойдамын. 
«___»________201_ ж. ____________
(қолы) 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   92   93   94   95   96   97   98   99   100




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет