Кезекті қаржы жылының бірінші тоқсанына арналған республикалық қаржы жоспары ағымдағы жылдың 25 желтоқсанынан кешіктірілмей кезекті қаржы жылына арналған республикалық бюджет болжамының төрттен бір бөлігі көлемінде бекітіледі. - Кезекті қаржы жылының бірінші тоқсанына арналған республикалық қаржы жоспары ағымдағы жылдың 25 желтоқсанынан кешіктірілмей кезекті қаржы жылына арналған республикалық бюджет болжамының төрттен бір бөлігі көлемінде бекітіледі.
- Қаржы жоспары бекітілген жағдайда осы қаржы жылына арналған республикалық бюджет сол жылдың 1 наурызынан кешіктірілмей бекітілуге тиіс.
- Бюджет процесінде мынадай құжаттар пайдаланылады:
- 1) республиканың немесе өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы мен бюджеттік параметрлерінің болжамы;
- 2) республикалық бюджет туралы заң, жергілікті бюджет туралы мәслихат шешімі;
- 3) мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарлары;
- 4) операциялық жоспарлар.
Әлеуметтiк-экономикалық даму болжамы жоспарлы кезеңге арналған бюджеттік параметрлермен өзара байланыстырылған стратегиялық мақсаттарды ескере отырып, ҚР-ның, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың экономикалық даму параметрлерін және мемлекеттің бес жылдық кезеңге арналған экономикалық саясатын айқындайтын құжат болып табылады. - Әлеуметтiк-экономикалық даму болжамы жоспарлы кезеңге арналған бюджеттік параметрлермен өзара байланыстырылған стратегиялық мақсаттарды ескере отырып, ҚР-ның, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың экономикалық даму параметрлерін және мемлекеттің бес жылдық кезеңге арналған экономикалық саясатын айқындайтын құжат болып табылады.
Мемлекеттік органның стратегиялық жоспары ҚР-ның стратегиялық және бағдарламалық құжаттарының, - Мемлекеттік органның стратегиялық жоспары ҚР-ның стратегиялық және бағдарламалық құжаттарының,
- әлеуметтік – экономикалық даму болжамының негізінде әр үш жыл сайын бес жылдық кезеңге әзірленеді.
- Мемлекеттiк органның стратегиялық жоспары мемлекеттiк орган қызметiнiң стратегиялық бағыттарын, мақсаттарын, мiндеттерiн, нәтижелерiнiң көрсеткiштерiн айқындайды.
Достарыңызбен бөлісу: |