Бюджет процесі



бет3/9
Дата22.11.2022
өлшемі455 Kb.
#51905
түріРегламент
1   2   3   4   5   6   7   8   9

Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган әлеуметтік-экономикалық даму болжамын ескере отырып, бірыңғай бюджеттік сыныптаманың санаттары, сыныптары мен кіші сыныптары бойынша мемлекеттік және республикалық бюджеттерге, ҚР-ның Ұлттық қорына түсетін түсімдерді болжауды жүзеге асырады.

  • Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган әлеуметтік-экономикалық даму болжамын ескере отырып, бірыңғай бюджеттік сыныптаманың санаттары, сыныптары мен кіші сыныптары бойынша мемлекеттік және республикалық бюджеттерге, ҚР-ның Ұлттық қорына түсетін түсімдерді болжауды жүзеге асырады.
  • Бюджет түсімдерін болжау әдістемесін мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган әзірлейді және бекітеді.
  • Бюджет шығыстарын жоспарлау үшін бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органға:
  • 1) стратегиялық жоспарлардың жобаларын;
  • 2) өткен қаржы жылындағы стратегиялық жоспардың іске асырылуы туралы есептерді;
  • 3) бюджеттік өтінімдерді ұсынады.
  • Аталған құжаттар ағымдағы қаржы жылының 15 мамырына дейін беріледі.
  • Бюджеттік өтінім шығыстар көлемін негіздеу үшін кезекті жоспарлы кезеңге бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі жасайтын құжаттардың жиынтығы болып табылады.
  • Мемлекеттік жоспарлау жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган республикалық бюджет жобасын жасайды және оны Республикалық бюджеттік комиссияның қарауына енгiзедi.
  • Республикалық бюджет жобасының түпкілікті нұсқасын қарау және айқындау ағымдағы қаржы жылының 1 тамызынан кешiктiрiлмей аяқталады.

Мемлекеттік жоспарлау жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган республикалық бюджет туралы заңның жобасын Қазақстан Республикасы Үкiметiнің қарауына ағымдағы қаржы жылының 15 тамызынан кешiктiрмей ұсынады.

  • Мемлекеттік жоспарлау жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган республикалық бюджет туралы заңның жобасын Қазақстан Республикасы Үкiметiнің қарауына ағымдағы қаржы жылының 15 тамызынан кешiктiрмей ұсынады.
  • Облыстық бюджет, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттерi жобасының түпкілікті нұсқасын қарау және айқындау ағымдағы қаржы жылының 15 қыркүйегiнен кешiктiрiлмей аяқталады.
  • Мемлекеттік жоспарлау жөнiндегi жергiлiктi уәкiлеттi орган облыстық бюджеттiң, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттерiнiң жобасын облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергiлiктi атқарушы органдарының қарауына ағымдағы қаржы жылының 1 қазанынан кешiктiрмей ұсынады.
  • Республикалық бюджеттің атқарылуын ҚР Үкіметі қамтамасыз етеді. Жергілікті бюджеттердің атқарылуын жергілікті атқарушы органдар қамтамасыз етеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет